А) Айнымалы және тұрақты шығындар
Айнымалы шығындар дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Мысал 2.
Компания теріден жасалған аяқ киімдер өндіреді; әрбір өнім бірдей шикізатты қажет етеді. Яғни әрбір шығарылған өнімге пропорционалды шығындар жұмсалып отырылады.
Шығын
(шикізат у.е.)
300
0
30 60 90 120 150 180 Көлем
шығын = А*көлем (А-шикізат құны)
Әрбір өнім көлемінің өсуіне байланысты шикізатқа шығында сол көлемге артып отырады.
Тұрақты шығындарға– қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б. Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттықшығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Мысал 3
Компания өзінің аяқ киім өнеркәсібін жүргізу үшін арендаға жер телімін алып отыр. Бұл аренданың төлемі 15000 у.е. құрайды. Бұл шығындар яғни өнім көлеміне қатысы жоқ болып табылады.
Шығын
(арендаға у.е.)
15000
0
30 60 90 120 150 180 Көлем
шығын = 15000 у.е.
Яғни бұл шығын өнім көлемі 30 немесе 180 болға нкезде де бірдей бола береді.
Өнімнің өндірістік өзіндік құнына қосылуына байланысты шығындар келесі екі топқа тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындарнақты шығарылған өнімнің түріне байланысты. Ол өнімнің өзіндік құнына тікелей апарылады. Бұл шығындарды өнім өндіруге қаншалықты қажеттігін және оның құрамын алдын-ала толық анықтауға мүмкіндік болады. Тікелей шығындарға жататындар: шикізат шығындары, өндірістік жұмысшылардың жалақысы мен материалдар, яғни бұлар бастапқы шығындар болып табылады.
Жанама шығындаржалпы өнеркәсіптегі бірнеше өнім түрлеріне қатысты шығындар. Бұл шығындарға әдеттегідей өндірістік үстеме шығындар жатады, яғни ол шығындарды бір өнім түріне тікелей апаруға келмейтін, сондықтан бұл шығындардың жалпы қосындысын белгілі бір арнайы қойылымдар арқылы шығарылған өнімнің өзіндік құнына қосады.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету – ұйымдардың жұмыс істеу тиімдлігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды ұйымдарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
· ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану ;
· өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
· экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндіргенін ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, ұйымдардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер ұйым ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып пйдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға таппыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлім тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапонық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.