Арналған бұрғылау қондырғылары
Шығарылатын бұрғылау қондырғылары мезгілді түрде сенімді және өнімділігі жоғары, бұрғылаудың дамып жатқан қажеттіліктеріне және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне сай келетін модельдерімен жаңартылып отырылады. Бұрғылау қондырғысының сенімділігі және өнімділіктің жоғарылауы - бұрғылаудың үздіксіз артатын көлемі мен сәтті орындалуының басты көрсеткіші.
Бұрғылау қондырғысының жиынтығына бұрғылау жабдықтары, жуу ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің жабдықтары, лақтыруға қарсы жабдықтар, көтеріп-түсіру амалдарын автоматизациялауға арналған АСП механизмдерінің жинағы және қашаудың берілісін реттегіш және т.б. кіреді.
Уралмаш бұрғылау қондырғыларының негізгі жинақтық базасында бұрғылау қондырғылары кең таралған. Сонымен қатар Уралмаш зауыты теңізде бұрғылауға арналған ПБУ 6000/60ПЭМ және ППБУ 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдықтарын шығарады. Бұрғылау өндірісінен алынып тасталған БУ80Брд, БУ80БрЭ қондырғыларының орнына Уралмаш 3000ЭУК, Уралмаш 3000ЭУ, Уралмаш 4000Э-1, Уралмаш 4000Д-1, Уралмаш 6500Э, Уралмаш 6500ДГ және де солармен қатар басқа да жекелеген модельдер пайдаланылады.
Зауытта БУ80БрД және БУ80БрЭ-1 бұрғылау қондырғыларының орнына БУ2500ДГУ және БУ2500ЭУ бұрғылау қондырғылары жасалынған. Бұл қондырғылардың негізгі және қосымша жабдықтары жекеленген блоктарда жиналады және шынжыр табанды ауыр жүк тасымалдағыштармен тасымалданады.
Мұнаралы блокта мұнара, ауыспалы берілісті қорапшалы бұрғылау шығыры, ротор, ротор мен шығыр трансмиссиялары, көмекші жетек, АКБ-3М2 кілті, көмекші шығыр, бұрылмалы кран, бұрғылауды басқару пульті және аздаған басқа жабдықтар орналасады. Бұл блоктың негізі тірегі металдық платформа. Көмекші тежегіші және рамасы бар шығыр мұнаралы блоктың шығырлық секциясын құрайды. Мұнаралы блоктың рамалы көмекші жетегінің секциясына үзілісті беріліс қорапшасы, шығыр трансмиссиясы кіреді.
БУ2500ДГУ жетектік блогы үш секциядан тұрады; дизельді, трансмиссиялы және ауажинағыш. Дизельді секцияда қуаты карданды білік арқылы тізбекті көбейетін бәсеңдеткішке берілетін үш күштік агрегат қондырылған. Трансмиссиялы секцияда тізбекті жұпталған бәсеңдеткіш және екі компрессорлы станция орнатылған. Шынжырлы бәсеңдеткіш бұрғылау шығырына, сораптарға, роторға және бір компрессорлы станцияға (екінші компрессорлы станция электрлік жекеленген жетегі бар) күштік агрегаттар қуатын беруге мүмкіндік береді. Ауа жинағыш секциясында екі ауа жинағыш, ауа жылытқыш АПВ200/140 агрегаты, ылғал бөлгіш-фильтр және май бөлгіш орналасқан.
Сораптық блок пневмокомпенсаторларды қуаттандыратын жоғары қысымды компрессорлы-сорапты басқару пульті бар екі сораптық секциядан, қажетті коммуникациялардан тұрады. Әр сораптық секция НБТ-600 бір жақты әсерлі, үш поршеньді сорап және жетек рамасын қамтиды.
Дизель-генераторлы блок негізден, екі дизель-электрлік агрегаттан, басқару станциясынан, құю ыдыстарынан және аккумулятор батареялардан тұрады.
Секциялы конструкция бұрғылау қондырғысына қарайтын блокты жеке секциялардан тұратын ұсақ бөліктерді топтап тасымалдауға мүмкіндік береді.
Бес дизельді жетегі бар БУ3000БД қондырғысы электрленбеген аймақтардағы барлау және эксплуатациялық ұңғыларды бұрғылауда қолданылады. Ол өндіруші-зауыттан көтеріп түсіру операцияларын автоматтандыруға арналған АСП жиынтықты механизмімен, мұнарамен, негізбен, каркасты жабумен жабдықталынады.
БУ3000БД қондырғысы модификациялау барысында БУ3000БЭ1 қондырғысына айналып электрлік жетекпен жабдықталған, қондырғы қарапайым кинематикалық сұлбамен жоғары өнімділікке (жоспарланған бұрғылау көлемі жылына сәйкесінше 3540 және 5700 м.) ие.
БУ3000ЭУК әмбебап тасымалдану мен монтаждалуды (ірі және ұсақ блоктар және жеке агрегаттар) қамтамасыз ететін, бұрғылау жабдықтарымен жасақталады. Ал Батыс Сібір жағдайында ұңғыны көп тармақты бұрғылауға арналған. БУ-3000ЭУК-1 модификациясы жоғарыда аталған қондырғыдан блоктардың орналасуымен ерекшеленеді. Модернизацияланған БУ3000ЭУК-1М бұрғылау қондырғысы БУ3000ЭУК қондырғысы ілмегіндегі 1700 кН жүктемеге қарсы 2000 кН жүктемеге ие.
БУ3000ДГУ қондырғысында В2-450 дизелі орнына қуаты 475 кВт 6ЧН21/21 дизелі, немесе СА-10 дизель-гидравликалық күштік агрегаты қолданылады. БУ3000ЭУ шығырында гидродинамикалық қосымша тежегіштің
орнына электромагнитті көмекші тежегіш орнатылған. У8-6МА2 екі әсерлі екі поршеньді сораптың орнына одан тиімдірек УНБТ-950 біржақты үшпоршеньді сораппен жабдықталған. БУ3000ДГУ және БУ3000ЭУ қондырғылары БУ3000БД және БУ3000БЭ-мен салыстырғанда монтаждалуы әмбебап және транспорттық негізбен тасымалданады.
БУ4000ГУ-Т тропикалық климатты елдерге экспорттауға тағайындалған. Жинақтық орындалуы және жабдықталу құрамы тапсырыс берушінің сұранысына байланысты орындалады. Олардың параметрлері әлемдік стандартқа сай болу керек.
БУ4000Д-1 және БУ4000Э-1 бұрғылау қондырғылары Уралмаш 3ДЦ-76 және Уралмаш 4Э-76-дан айырмашылығы АСП кешенді механизмімен, қашау берілісін реттегішпен, қосымша қызмет көрсететін кранмен, тұтынуышының қалауына байланысты тәл механизмінің 5х6 немесе 6х7 жабдықталуымен, зауыт-өндірушінің бұрғылау жабдықтарымен бірге басқа да бұрғылау жабдықтарының барлығымен ерекшеленеді.
БУ5000-ДГУ және БУ5000ЭУ АСП жинақтық механизмімен, қашау берілісті реттегішімен, УНБ-600 сорабымен және әмбебап монтаждалуы мен тасымалдауға арналған бұрғылау жабдықтарымен жабдықталған. БУ5000ДГУ қондырғысы СА-10 күштік агрегат базасындағы дизель-гидравликалық жетекке ие.
Уралмаш 200Д-IV және Уралмаш 200Э-IV бұрғылау қондырғыларын алмастырған БУ6500Э және БУ6500ДГ АСП жинақтамасымен, У8-7, МА-2 сораптарымен, 1АДГ-1000 агрегаттық дизель-гидравликалық жетегімен, қазіргі заманғы электрожабдықтармен және ұсақблокты монтажға арналған бұрғылау жабдықтарымен қамтылған.
Уралмаш 6000ПЭМ бұрғылау қондырғысы топтамасы негізінде cу тереңдігі 60 м теңіз ұңғысын бұрғылауға арналған Уралмаш 6000/60 ПБУ типті қалқымалы өзі көтергіш бұрғылау қондырғысы тағайындалған. Топтаманың КТО механизациялау деңгейі 75%-ға жетуі, реттегіш электрлік шығыр, ротор, сораптар жетегі, АСП жинақтамасымен жабдықталуының арқасында жүзеге асырылады.
1.3-сурет. БҚ құрамы мен жинақталуы.
1 – кронблок; 2 – мұнара;
3 – балкон; 4 – тәл арқаны; 5 – тәл блогы; 6 – ілмек; 7 – ұршық;
8 – бұрғылау жеңі; 9 – тәл арқанын тұрақтандырғыш; 10 – автоматты бұрғылау кілті; 11– подсвечник; 12 – ротор; 13 – шығыр; 14 – беріліс қорапшасы; 15 – бағыт өзгерту қорапшасы; 16 – күштік агрегаттар;
17 – компрессор станциясы; 18 – циркуляциялық жүйе; 19 – бұрғылау сорабы; 20 – манифольд; 21 – күштік агрегаттардың қосылымдық редукторы; 22 – қашау берілісін реттеуші; 23 – гидродинамикалық тежегіш; 24 – гидроциклондар; 25 – виброелек; 26 – шығыр блогының негізі; 27 – қабылдау алаңшалары; 28 – консольды-бұрылмалы кран
1.4-сурет. Бұрғылау қондырғысының жұмыстық сұлбасы:
1 – аударма мен центратор; 2, 3 – жетек құбыры мен ұршық аудармасы; 4 – ілмек; 5 – арқанның жылжымалы тармағы;
6, 7, 9 – шығыр мен ротор трансмиссиясы; 8 – жоғары қысым желісі; 10 – ротор қыспақтары
Уралмаш 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдығының топтамасы қалқымалы жартылай батпалы бұрғылау қондырғыларына арналған.
Бұрғылау қондырғысы жабдықтама кешенінен, бұрғылау құбырларын ұстап тұратын механизмдерден, оның берілісін, жіберу, көтеру және ұзарту және ұңғыдағы бұрғылау сұйықтығы айналысын қамтамасыз ететін жабдықтар кешенінен, одан бұрғыланып шығарылған газдан тазалауға арналған және басқа қасиеттерін қайта қалпына келтіретін жабдықтардан, бұрғылау тізбегін айналдыруға арналған жабдықтардан тұрады.
Ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтар бітеу және өтпелі плашкалы превенторлардан, әмбебап, айналмалы превенторлар мен оны басқару жүйесінен тұрады.
Айналмалы бұрғылау әдісіне тәуелсіз, барлық жұмыстардың орындалуына бұрғылау қондырғысының басты сұлбасы және оның құрамы мен жабдықтары барлық жағдайда бірдей, тек параметрлері және конструкциясымен ғана ерекшелінеді.
Бұрғылау қондырғысы бұрғылау тізбегін ұстап тұратын мұнарадан, күштік жетектен, бұрғылау қашауына айналыс пен жүктеме беретін жабдықтан, бұрғылау сұйықтығын айдауға арналған сорапты кешеннен, бұрғылау сұйығын дайындауға және бұрғыланған жыныстар мен газдан тазартуға және қасиеттерін қайта қалпына келтіруге арналған жабдықтардан, тозған қашауды алмастыру үшін құбырларды көтеріп-түсіруге арналған жабдықтар кешені мен ұңғы оқпанын тығыздауға арналған жабдықтардан, бақылап-өлшеу аспаптары мен басқа да жабдықтар түрінен тұрады. Бұрғылау қондырғысының топтамасына жоғарыда айтылғандармен қатар монтаждау кезінде жабдықтарды жеткізетін негізі, аралық баспалдақтар, жағармайға, сұйықтыққа, суға, химиялық реагенттерге, ұнтақ материалдарға арналған ыдыстар да кіреді.
Ұңғыны шектік бұрғылау жылдамдығына қолданылатын жабдықтардың мінездемесі бұрғылау режимінің талаптарын толығымен қанағаттандырған кезде жетеді. Тау жыныстарының бұрғылануын анықтайтын физика-механикалық қасиеттері жоғары шектерде өзгереді, сондықтан бұрғылау қондырғысы жеткілікті жоғарғы диапазонда бұрғылау режимінің параметрлерінің өзгеруін қамтамасыз етуі керек. Бұрғылау режимін анықтайтын факторларға: бұрғылау шарттарына байланысты типтік қашау өлшемдері сәйкестігі, оған түсетін осьтік жүктеме, айналу жиілігі, айдалатын сұйықтық пен газдың көлемі мен сапасы, түптік қозғалтқыштың жұмыс уақыты кіреді.