Азақстанның экономикалық географиясы 9 сынып
1.ҚР жерінің - 9/10 бөлігін жазықтар алып жатыр
2.Респ. Климатының қатаң континентті болу себебі - д/ж мұхиттардан өте қашықта жатуы
3.Респ. солтүстігінде орташа жауын - шашыны - 300-400мм
4.Жер асты суларының пайдалануы - өнеркәсіпті, қалаларды, жайылымдарды, егістерді суландыру
5.Респ-ң ең ірі су қоймасы - Бұқтырма су қоймасы
6.Егістік пен жайылымдарды суаруға пайдаланады - Шардара су қоймасы
7.Энергетика мен ирригация үшін пайдаланады - Қапшағай су қоймасы
8.Металлургия заводы пайдаланады - Теміртау су қоймасы
9.Суландыру мен энергетикалық мақсатта пайдаланылады - Бұқтырма су қоймасы
10.Қаз-ң қара топырақты аудандары - Ақтөбе, Қостанай, Ақмола обл. Солтүстігі
11.Сарғылт және қоңыр топырақ көлемі - респ. территориясының шамамен 60%-і
12. Респ. территориясының басым бөлігін -дала, шөлейт, шөл алып жатыр
13.ҚР отын – энергетика байлығы - көмір, мұнай, табиғи газ, тақта тас және қатты ағынды сулар
14.Кенді Алтай басты кендері - қорғасын, мырыш, мыс, титан, магний, сирек және асыл металдар
15.Сарыарқаның басты кендері - көмір, мыс, темір, молибден, қорғасын, мырыш, алтын
16.Торғай қолатының басты кендері – темір, боксит, қоңыр көмір, т.б.
17.Мұғалжардың басты кендері – хром, никель, темір, марганец, кобальт, т.б.
18. Қаратау жотасының басты кендері – фосфорит, қорғасын,т.б.
19.Мұнай басты кен орны - Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау түбегі
20.Маңғыстаудағы ірі мұнай кен «алыптары» - Өзен, Жетібай
21.Орал-Ембі ірі кен мұнай «алыптары» - мақат, прорва, Құлсары
22.Арал теңізінің басты кендері – сульфат, ас тұзы
23.Сарыарқаның солт-де – алтын, никель, сынап, отқа төзімді саз, әктас, кварцит, минералды бояулар
24.Павлодар обл. – ас тұзының мол қоры бар
25.Табиғи орта – бұл табиғат жағдайлары мен табиғат байлығының жиынтығы
26.Табиғат жағдайлары – күн жылуы, климат,жер бедері
27. Табиғат байлықтары – минералдар, пайдалы қазбалар, су, өсімдік, жануарлар, жер,/топырақ/
28.Қазақстанда өте – мөте экологиялық лас қала - Өскемен қ.
29.Экологиялық лас өзен – Ертіс өз.
30.Оңт. Қаз-да ең көп ластанған өзендер – Бадам мен талас өз.
31.Нұра өзені мен Самарқан су қоймасын ластаушы – Қарағанды синтетикалық каучук заводы
32.Суды ең көп тұтынушы – ауыл шаруашылығы
33.Өндіргіш күштер - өндіріс құралдаы мен оларды іске қосатын адамдарды айтады
34.Өндірістік қатынастар – адамдардың жүмыс түрлерін өзара бөлісіп, өнімдерін алмасуы
35.Территориялық еңбек бөлінісі – аймақтардың жекелеген өнім түрлерін шығаруға
Мамандануы
36.1980ж. басында халықтың орташа тығыздығы – 5,5 адам
37.Қазақтар көп қоныс танған облыстар – респ-ң оңтүстігі мен батысы
38.Өзбектер көп тұратын облыстар – Оңт. Қазақстан, Жамбыл
39.Ұйғырлар қоныстанған – Алматы обл., Іле өзенң алабы
40.Дүнгендер қоныстанған – Жамбыл обл.
41.Кәрістер қоныстанған – оңтүстікте Жамбыл обл.Қаратал, Сырдария өзендері төменгі ағысында
42.Татарлар қоныстанған – Петропавл, Семей, Орал
43.Урбандалу – қалалардың өсуі, қала халқының санының өсуі
44.Субурбандалу –қала шекарасыеың қала жиегіне қарай қоныстанып жайылуы, кеңеюі
45.Ен көне қалалар – Тараз, Түркістан, Шымкент
46.Агломерация – үлкен қалалар жанында серіктес елді мекендердің жиыны
47.Респ-ғы ең ірі қала агломерациясы – Қарағанды мен Теміртау айналасы
48.Рес-ғы екінші қала агломерациясы – Алматы қаласы маңы
49.Халық шар-ғы - өнеркәсіп, ауыл шар., құрылыс, сауда, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өзара байланысты жиынтығы
50.Халық шаруашылығы - 2:өндірістік және өндірістік емес саладан тұрады
51.Кәсіпорын - өнім өндіретін немесе қызмет қөрсететін, экон.жағынан дербес және техникалық жөн аяқталған қоғамдағы еңбек бөлінісінің бірінші буыны
52.Өндірістік сала – материалдық игіліктер жасап оларды тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін өндіріс түрлері жатады
53.Өндірістік салалар - өнеркәсіп, ауыл шар, байланыс, құрылыс, көлік, сауда, қоғамдық тамақтандыру
54. Өндірістік емес салалар – тұрғын үй, коммуналдық шар – қ,тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, демалыс мекемелері, білім беру, мәдениет, өнер, ғылым, дене тәрбиесі мен спорт
55. Өндірістік емес сала – адамдардың әр алуан тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз етеді
56.Өнеркәсіп түрлерінің бөлінуі - «А» тобы – ауыр, «Б» тобы – жеңіл және тамақ өнеркәсібі
57. «А» тобы – электроника, отын, қара, түсті металлургия, машина жасау, химия мен мұнай, химия, орман, және ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, целлюлоза және қағаз
58. «Б» тобы – тоқыма, тігін, былғары, аяқкиім, полиграфия, тамақ өнеркәсіптері жатады
59.Материалды көп қажет ететін салалар – қара және түсті металдар
60.Энергияны көп қажет ететін салалар - түсті металлургия, химия өнеркәсібі
61.Суды көп қажет ететін салалар – химия, жеңіл өнеркәсіп, электр энергиясы, қара және түсті металлургия
62.Шоғырландыру – кәсіпорын көлемінің үлкеюі, жеке салалар өндірісін ірі кәсіпорындарға біріктіру
63.Мамандандыру - өнімнің жеке түрлерін немесе бөліктерін дербес кәсіпорындарда шоғырлау
64.Мамандыру түрлері – бұйымдық, бөлшектік, технологиялық
65.Кооперативтендіру – белгілі бір өнім жасап шығаруға бірлесе қатысатын кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыс / ынтымақтасу
66.Ауданаралық еңбек бөлінісі – бұл басқа аудандар үшін өнім өндіретін жекелеген территориялардың шаруашылық мамандануы
67.Құрамдастыру – бұл технологиялық процесі бойынша өзара байланысты бірнеше өндірістердің кейде өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын өндірістердің бір кәсіпорында жинақталуы
68.Халық шаруашылығы құрылымында жалпы өнім жөнінен бірінші орында - өнеркәсіп
69.Түсті металлургияда жетекші орында – мыс пен қорғасын – мырыш өндірісі
70.Полиметалл ірі кен орындары – Оңтүстік Қазақстан, Кенді Алтай
71.Отын - энергетика кешені - энергия мен жылу өндіру, тасымалдау, тарату және пайдалану жүйесі
72.Энергетиканың негізгі көзі – көмір, мұнай, газ, тақтатас
73.Көмір – химия өнеркәсібінің негізгі көзі
74.ЖЭС – калориясы аз, күлі көп қоңыр көмір пайдаланады/Екібастұз, Майкүбі, Торғай алаптары
75.Кокстелетін көмірден – азот тыңайтқыштары, пластмасса, синтетикалық талшық, каучук, бояу, қарамай
76.Республиканың ең ірі көмір алабы – Қарағанды алабы – 45процентін береді
77. Қарағанды көмір алабының қоры – 51 млрд тонна
78.Көмір қабаты қалыңдығы – 1,5 – 15м
79.Екібастұз қоңыр көмір алабы – Павлодар обл-да, қоры 12 млрд тонна, қалыңдығы 160 – 200м
80.Екібастұз кенінің ірі кесінділері - «Богатырь», «Центральный», «Восточный» жылына 30 млн тонна көмір
81.Қоңыр көмір бассейндері – Обаған – Торғай, Майкүбі, Ленгір
82.Мұнайлы аудандар – Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе обл.
83.Мұнай кен орындары шоғырланған – Орал – Ембі және Маңғыстау мұнай алабы
84.Мұнайды өңдегенде бөлінетін газдан – химия өнерк. Синтетикалық спирт, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар алынады
85.Ембі мұнайы – сапасы бағалы, күкірт, қарамай, парафині аз
86.Ембі бассеинінің ірі кен орындары – Доссор, Мақат, Құлсары, Прорва, т.б
87. 1911ж. Ең алғаш мұнай берген кен орны – Доссор бұрғысы
88.Атырау облысының ірі кен орны – Теңіз кені
89.Маңғыстау мұнайы – құрамында күкірті жоқ, қарамайы аз, парафині көп
90.Парафин – химия өнеркәсібінің шикізаты
91.Маңғыстау мен Ембі мұнайы – Атырау мұнай өңдеу заводында өңделеді / және Ақтауда/
92.Павлодар мен ?Шымкент мұнай өңдеу заводтары – Батыс Сібір мұнайын пайдаланады
93.Газ кен орындары – Каспий маңы ойпаты, Оңтүстік Маңғыстау және Үстіртте газ қоры бар
94.Газконденсатор заводы - Өзен қаласында
95.Маңғыстау мұнайы – Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ зауыттарына өңдеуге жіберіледі
96.Мұнай тасымалдау – Атырау-Ор-Мақат-Ақтау-Жетібай-Өзен темір жолы арқылы
97.Мұнай құбырлары – Ақтау-Самара құбыры ұз. 1700км
98.Электр энергиясы – энергияның әмбебаб түрі
99.Электр энергиясын басты тұтынушы - өнеркәсіп, 60-70 процент, оның ішінде ауыр өнеркәсіп салалары
100.Электр энергиясы көздері – ЖЭС, СЭС, АЭС
101.Электрэнергиясындағы жетекші сала – ЖЭС-84-90 процент жылу және электр энергиясын береді
102.ЖЭС шикізаты – сапасыз көмір, газ, мазут, жанғыш тақтатас
103.Жылыжайлық эффект – атмосферада көмір қышқыл газының көлемі артуынан, климаттың едәуір жылынуы
104.«Қышқыл жаңбыр» - күкіртті газ ауадағы су буымен әрекеттесіп күкіртті қышқыл түзіп, жаңбырмен бірге жер бетіне түсуі
105.БЭЖ/біріккен энергия жүйе/ - 2-у болады: 1.Солт, Орт. Қазақстан мен Оңт. Сібірді
2.Оңт. Қазақстан мен Орта Азияны қосады
106.Ірі ЖЭС-тер – Екібастұз, Ақсу, Қарағанды, Тараз, Алматы
107.Ірі СЭС-тер - Өскемен, Бұқтырма, Шардара, Қапшағай, Шүлбі
108.АЭС – 1973ж. Ақтау, д/ж шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін бірінші АЭС, теңіз суын тұщытады
109.М.А.Э.С – мемлекттік аудандық жылу электр станциялары
110.Машина кешені - х/ш барлық салалары үшін құрал - жабдық, халық тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы
111.Машина жасау – Қазақстан өндірісінің жаңа саласы
112.М/ж өнеркәсібінің салалары – ауыр м/ж, көліктік м/ж, ауыл шаруашылық м/ж, энергетикалық м/ж, құрылыс-жол м/ж, өнеркәсіп үшін техникалық құрал - жабдық жасау т.б
113.Ауыр м/ж заводтары – Қарағанды кеніш – шахта құрал-жабдықтарын жасау, Алматы түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі прокаттық құрал-жабдықтар және кеніш – шахта жабдықтарын жасау, Өскемен түсті металлургия мен электр станциялары үшін қажет машина, құрал-жабдықтар өндіреді
114.Мұнай-газ өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар – атырау, Ақтөбе, Павлодар қ. Заводтары
115.Шымкент – алып пресс-автоматтар, жоғары вольтті аппаратура, шағын литражды автомобиль заводы, шина заводы
116.Алматы – төмен вольтті аппаратура мен электр жабдықтар,автомобильдер мен тракторларға двигательдер құю механикалық заводы, қашықтықтан басқарылатын теледидар, тұрмыстық қажет техника бұйымдары заводы
117.Қарағанды – электр моторлар заводы
118.Семей – кабель заводы, арматура заводы
119.Павлодар – конденсатор заводы, трактор заводы «ДТ-75»
120.Талдықорған – конденсатор заводы
121.Кентау – күш трактор заводы
122.Петропавл – шағын литражды двигательдер заводы
123.Ақтөбе – механикалық завод, мединалық рентген аппаратура, нүктелі емдеу аппаратурасы заводы
124. Макинск – поршень сақиналарын жасайтын завод
125.Өскенмен – арматура заводы, прибор жасау
126.Қостанай – металл конструкция мен кеніш шахталары үшін металл бұйымдары
127.Көкшетау - өлшегіш аппаратура/таразылар / заводы
128.Ірі көлік жол тораптары – Алматы, Шымкент, Астана
129.Степногор – подшипник заводы
130.Вагон жөндеу, автомибль жөндеу, шина жөндеу – темір жол және автомибль жол тораптарында орн.
131.Машина жасау заводтарын орналастыру факторлары – шикізат пен тұтынушыға жақын
132.Металды көп қажет ететін салалар – кен комбаиндары, көп ожаулы роторлы экскаваторлар, қуатты самосвалдар, трансформаторлар жасау жатады
133.Қазақстанда машина жасау кешені негізі құрылған кезең – Ұлы Отан соғысы кезеңі
134.Темір қоры жөнінен Қазақстан ТМД-да - 3-орын алады
135.Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені
136.республикадағы темір кен орындары – 500 астам, 7-еуі іріккен орындары, 30-дан астамы барланған
137.Ірі темір кендері – Соколов – Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят, Қаражал, атасу
138.Ірі марганец кен орындары – Жезді, Қаражал, ?Ұшқатын, Үлкен Қытай
139.Қара металлургия кәсіпорындары типтері – 1.толық циклды-шойын, болат, прокат өндіретін;2.толық емес циклды-домна пештері, құбыр, ферроқорытпа шығарады
140.Ақтөбе ферроқорытпа заводы – 1943ж. салынған, феррохром шығарады
141.Қарағанды-Теміртау толық циклды заводы – шойын, болат пен прокат өндіретін бірінші завод
142.Ақсу ферроқорытпа заводы – ферроцилицуим /феррум+кремний/
143.Алматы қайта қорыту металлургия заводы – болат металл сынықтарын қайта қорыту
144.Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты – жоғары сапалы темір кені концентраттарын шығаратын жентектеу фабрикалары
145.Кен байыту комбинаттары – Лисаков, Аят,Қашар
146.Түсті металдар «Одақ» бойынша бірінші орында болған – мыс, қорғасын, мырыш өндіруден
147.Түсті металдар металлогендік аудандары – Орталық, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан
148.Көлік түрлері – теміржол, автомобиль, су, әуе, құбыр жолы
149.Көлік кешені - өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік түрлерінің жиынтығы
150.Көліктік тораптары – көліктің бірнеше түрі тоғысып, олар жүк алмасатын пункттер
151.Жүк айналымы – белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалдайтын жүк мөлшері
152.Көліктің еңбекті ең қажет ететін түрлері – автомобиль, әуе
153.«Қақпадан-қақпаға» дейін жеткізетін көлік түрі – автомобиль
154.Жүк айналымы үлкен көлік түрі – темір жол көлігі
155.Қазақстанның темір жол желісі жиі аймағы – Солтүстік Қазақстан, үш Сібір магистралы өтеді
1.Петропавл-Транссібір. 2.Магнитогор-Карталы-Астана-Петропавл-Баянаул
3.Қостанай-Көкшетау-Қайманашық-Қарасуық-Обьтағы Камень-Барнаул
156.Торғай алабының темір кенін тасу үшін салынған т/жол – Қарталы-Ақмола-Павлодар
157.Қарағанды көмірін тасу үшін салынған т/жол - Ақмола-Павлодар
158.Ақмола-Қарағанды т/жолы – Орталық Қазақстанда қуатты өнеркәсіп кешенін құру үшін салынған
159.Түркістан-Сібір т/жолы – Кенді Алтай металлургия өнеркәсібінің, Қаратау химия өнерк. дамыту үшін
160. Ақмола-Павлодар т/жолы – Бозшакөл мысын, Майкүбі көмірін, Екібастұз көмірін игеруге ықпавл етті
161.Үшінші Трансқазақстан магистралы – Петропавл-Қарағанды-Мойынты-Шу, Қарағанды көмірі, қара түсті металдар, тың астығы тасымалданады
162.«Мыс» темір жолы – Жезқазған,-Жарық-Қаражал
163.«Полиметалл»темір жолы - Лениногор-Зырян
164.«Мұнай» темір жолы – Атырау-Октябрь-Ор
165.атырау-Астрахань т/жолы – Батыс Қазақстанды Солт. Кавказ және сыртқы елдерімен жалғастырады
166.Мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын т/жол – Мақат-Бейнеу-Ақтау-Жаңа Өзен
167.Мемлекет аралық автомобиль жолдары – Алматы-Бішкек-Шымкент-Ташкент
168.«Шығыс шеңбері» авт.жолы - Өскемен-Алтай-Самар-Көкпекті-Георгиевка-Өскемен
169.Іле Алатауы етегіндегі маңызды авт.жолы – Алматы-Шелек-Нарынқол
170.Маңызды авт.жолдары – Қарағанды-Теміртау-Астана, Семей-Павлодар-Омбы, Атырау-Орал
171.Ірі автомобиль тораптары – Алматы, Өскемен, Қарағанды, Астана, Семей, Қостанай, Ақтөбе
172.Қатқыл табанды жол көлемі – барлық авт.жолдың 10проценті
173.Су көлігі - өзен және кеме көлігі
174.Өзен көлігімен тасымалданатын жктер – минерал, құрылыс, мұнай өнімдері, астқ көмір, тұз т.б
175. Ең ірі өзен порттары – Павлодар, Атырау, Орал, Өскемен, семей
176.Теңіз порттары – Атырау, Ақтау
177.Қазақстан тер.тұңғыш салынған мұнай құбыр жолы – Доссор-Ракуша ұз. 60км
178. 1936ж. салынған мұнай құбыры – Атырау-Ор ұз. 720км
179.Маңғыстау мұнайын тасымалдайтын мұнай құбыры - Өзен-Жетібай-Ақтау, және өзен-Атырау-Самара
180.Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу заводтарына мұнай – Туймазы-Иркутск құбыры арқылы келеді
181. 1960ж. салынған газ құбыры – Бұхар-Урал жалпы ұз. 2000км
182.Қазақстан территориясын кесіп өтетін газ құбырлары – Орта Азия, Бұхар-Урал
183.Ұз. 1317км газ құбыры – Мубарек-Ташкент-Шымкент-Жамбыл-Бішкек-Алматы
184.Әуе көлігі – жолаушы тасымалдау, халықаралық байланыс, санитарлық, ауыл шаруашылық авиация
185.Ауаны аса ластайтын көлік түрі – автомобиль көлігі
186.Н.Н.Баранский – Қазақстан территориясын 5 экономикалық аудандарға бөлген
187.Орталық Қазақстан – Қарағанды обл. жер көлемі – 428,0мың км
188.О.Қаз-н экон.ауданы мамандану салалары – көмір мен металлургия, машина жасау мен химия өнеркәсібі
189.Орт.Қаз-да көмір қоры - /Қарағанды, Байқоңыр, Қияқты, Самар, Завьялов/ кендері
190.Орт.Қазақ-ң мыс кен орындары – Жезқазған, Қоңырат, т.б
191. Орт.Қаз-ң темір кен орындары – Атасу, Қаражал, Үшқатын, Мыржық, Кеңтөбе, Қарсақпай т.б
192.Астұзы, натрий сульфаты кен орындары – Балқаш маңы
193.Орт.Қаз-ң отын энергетика өнеркәсібі – Қарағанды көмір алабы, кокстелетін көмір 100 процент
194.Орт.Қаз-ң қара металлургия өнеркәсібі – Қарағанды-Теміртау толық циклды сеталлургия заводы
195.Орт.Қаз-ң машина жасау өнеркәсібі – кен-шахта, электр энергетикасы жабдықтарын өндіру
196.Орт.Қаз-ң химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдар, азот тыңвйтқыштар
197.Орт.Қаз-ң түсті мет.өнеркәсібі – Жезқазған, Балқаш кен-металлургия комбинаттары
198.Халықаралық сапа эталоны – Балқаш кен мет. заводында өндірілетін мыс болып саналады
199.Қарағанды қаласында – ет комб., диірмен комб., кондитер фабрикасы, аяқкиім фабрикасы, жиһаз фабрикасы
200.Балық заводы – Балқашта
201.Орт.Қаз-ң су көзі – Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналы
202.Орт.Қаз-да өндірілетін сирек металдар – вольфрам мен молибден/Қайрақты, Көкпекті кен-байыту комб
203. Орт.Қаз-ң ірі өнеркәсіп тораптары - Қараганды-Теміртау, Балкаш, Жезказған
204.Қарағанды-Теміртау Ө.Т – қара металлургия, химия, машина жасау, металл өңдеу
205.Балқаш ӨТ - түсті металлургия, құрылыс материалдары, көкөніс шараушылығы/өзен аңғарларында/
206.Жезказған Ө.Т - түсті металлургия, Қарсақбай мыс корыту зав. Жезқазған ет комб, Жезқазган комб
207.Жезказған қаласына жақын су қоймасы - Кеңгір су коймасы /Кеңгір өзенінде/ 208.Орт.Қаз-ң өсімдік шаруашылығы - көбінесе жаздық дәнді дакылдар
209.Орт.Қаз-ң мал шаруашылығы - басты қой шар-ы, ірі қара, ешкі, жылқы, түйе, шошқа шар-ғы
210.Орт.Қаз-ң ірі ет комбинаты- Жезқазған қ
211.Орт .Каз-ң негізгі су артериясы - Сарысу өзені мен Кеңгір саласы
212.Шығыс Каз-ң - Шығыс Қазақстан облысынан тұрады
213.Ш.Қ географиялык орны - Ертістің жоғарғы ағысы алабы мен Қытай шекарасында орн.
214.Ш.Қ. территориясына - Кенді Алтай деп аталатын оңт бөлігі кіреді
215.Ш.Қ. пайдалы қазбалары – қорғасын, мырыш, мыс, сирек және шашыранды металдар
216.Ш.Қ. ірі су магистралы - Ертіс өзені жэне оның салалаы
217.Ш.Қ мамандану салалары - полиметалл өнеркәсібі мен су электр энергиясын өндіру
218.Ш.Қ. орман ресурсы - республика орман қорының 40 проценті орналасқан
219.Семей қаласы - 1728ж Семей бекінісі болып салынған
220.Өскемен каласы - 1768ж Өскемен бекінісі болып салынған
221.Ш.Қ. ірі су қоймалары - Бұктырма,Өскемен,Үльбі,Тишин,Үлкен Хариуз
222.Ш.Қ. ірі ЖЭС-тері - Семей,Өскемен,Зырян
223.Кенді Алтайда алғашқы игерілген кен – күміс,Ресейдің күміс қоры ретінде пайдаланылған
224.Күміс қорын пайдаланған шетел алпауыты - ағылшын Лесли Уркварт 1914-1917ж
225.Ш.Қ. ең ірі кәсіпорындары - Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл комбинаты
226.Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты шикізаты - Зырян, Лениногор, Глубокое, Текелі, Қарағайлы байыту комб-н келетін қорғасын,мырыш концентраттары
227.Комбинатта алынады - қорғасын, мырыш, алтын, күміс, кадмий, таллий, теллур 228.Лениногор полиметалл комб-н негізгі өнімі - тазартылмаған қорғасын мен мырыш 229.Лениногор өнімі - тазарту үшін Өскемен корғасын-мырыш комб-на жіберіледі 230.Лениногор пирит концентраты - күкірт қышқылын алу үшін Жамбыл суперфосфат заводына жібереді
231.Лениногор мыс концентраты- Ертіс мыс қорыту заводына жіберіледі
232.Зырян қорғасын комб-да - қорғасын-мырыш концентраттары өндіріледі,көбі Өскемен комб-на жіберіледі
233.Ш.Қ-да күкірт қышқылын өндіретін цехтар - Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор мырыш заводында
234.Ш.Қ басым еңбек түрі - әйелдер енбегі /ет, сүт, трикотаж, тігін, жібек мата тоқу т.б/ 235.Ш.Қ. Ірі цемент заводтары - Өскемен, Семей маңы
236.Орман және ағаш өңдеу - Ш.Қ. ағаш және ағаш өнімдерін сыртқа шығаратын бірден-бір аудан
237.Ағаш өңдеу комб.- Өскемен,Лениногор,Зырян,Шемонаиха,Семей 238.Республикадағы ең ірі жиһаз фабрикасы - Өскеменде
239.«Қазахкабель» заводы - Семей қ
240.Полимерлік машина жасау - Өскемен қ
241.«Шығысмаш» заводы - Өскемен қ-бұрғылау, жүк тиейтін машиналар, металлургия, байыту фабржабдыұт
242.«Большевичка» фабрикасы - Семей қ. /тігін-трикотожфабрикасы/
243.Батыс Қазакстан экон.облысы кұрамына - Орал, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді
244.Б.Қ - халық ең сирек қоныстанған шөлді аймақ, климаты өте құргақ, кыс аса суық 245.Б.Қ.мамандану саласы - мұнай өндіру жэне өңдеу, балық аулау және өндеу
246.Б.Қ. мұнайлы аудандары - Атырау,Маңғыстау, Ақтөбе обл.
247.Б.Қ.никель, хром, феррокорытпа, минералды тыңайтқыштар өндірісі - Ақтөбе обл. 248.Б.Қ. жеңіл және тамак өнеркәсібі - Орал, Ақтөбе обл.күшті дамыған
249.Б.Қ. ірі кен орындары- хромит, никель, темір, марганец, кобальт, кемір кендері Мұғалжар тауында
250.Б.Қ. кұрылыс материалдары - әктас,гипс,мергель, ұлутас т.б.
251.Б.Қ. жекелеген энергетика тораптары - Атырау, Маңғыстау, Актөбе /Оңтүстік Оралдан алады/
252.Б.Қ. ең арзан мұнай өндіру көзі - Маңғыстау мұнайы жер бетіне жақын орналасқан 253.Б.Қ.Манғыстау мұнайы тасымалданады - Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырымен 254.Мұнай қалдығы мазут - энергетикалык мақсатта пайдаланылады
255.Б.Қ. кара металлургия саласы - Ақтөбе ферроқорытпа заводы/ Дөң хром кені базасында жұмыс істейді/
256.Б.Қ. метал өңдеу өнеркәсібі - Атырау машина жасау заводы /мұнай өнерк.жабдыктары/,Ақтөбе рентген заводы, Орал механикалық арматура, жел двигательдер заводы
257.Химия енеркәсібі - Алға химия комб. Актөбе химия комб-/суперфосфат,бор қышкылы, тыңатқыштар, улы химикаттар, күкірт қышқылын шы,арады
258.Полиэтилен заводы - Атырау қ./республикадағы ірі завод/
259.Ұлутас карьерлері - Маңғыстауда /ақ және қызғылт ұлутас/
260.Б.Қ. балық өндірісіндегі бағалы балык - бекіре балығы /қара уылдырық/
261.Балық өңдеу заводтары - ең ірісі Атырау, Баутино қалашығы, Ералиев қ. балық-консерві заводы
262.Б.Қ. ұн-жарма кәсіпорындары – Орал, Ақтөбе қ
263.Б.Қ. өнеркәсіп тораптары - 4-еу
264.Ембі Ө.Т. - басты мамандану салалары – мұнай, балық , металл өңдеумен машина жасау
265.Актобе Ө.Т.- ферроқорытпа, суперфосфат, хром қосылыстары, бура, бор қышкылы, машина жасау, жеңіл, тамак өнеркәсібі дамуда
2бб.Орал Ө.Т. - ауыл шаруашылық өнімдерін ұксатуға маманданған /киіз басу, тері-тон, былғары, жарма, диірмен комб.арматура, механикалык, ауыл шар-қ маш, аяқ киім, жүнді алғашқы өңдеу
267.Маңғыстау Ө.Т. - мұнай және газ өнеркәсібі
268.Б.Қ. мал шаруашылығы - қылшык жүнді құйрықты қазақы қой мен қаракөл қойлары, жылқы, түйе өсіру
269.Б.Қ. өсімдік шаруашылығы - жаздық бидай, тары, қара бидай, қыша, күнбағыс 270.Б.Қ. солтүстік зонасы - Ақтөбе,Орал обл.бидай өсіру, ет-сүт, мал шаруашылыгы
271.Орталық зона - бидай, тары, қыша өсіру, ет, ет-жүн өндіру бағыты
272.Оңтүстік зона - Ақтөбе, Орал обл.түгел, Батыс Қаз.обл. оңтүстік бөлігі, Атырау, Маңғыстау обл. ет-жүн беретін қой, түйе шаруашылығы
273.Б.Қ. экономикалық байланыстары - Еділ бойы, Батыс және Шығыс Сібір, Украина, Орта Азия елдерімен
274.Солтүстік Қазакстан экон.ауданы - Қостанай, Павлодар, Акмола, Солтүстік Қазақстан обл. кіреді
275.С.Қ мамандану саласы - астық шаруашылығы 80 проценті дәнді дақылдар, негізінен жаздық бидай
276.С.Қ. өсімдік шаруашылыгы - жаздық бидай, арпа, тары, сұлы, қарақұмык, карабидай
277.С.Қ. техникалық дакылдары - негізінен күнбағыс, мал азықтық дақылдар 278.Тобыл, Ертіс, Обаган өзендері аңғарларында - көкөніс, картоп, бақша дақылдары 279.С.Қ. машина жасау өнеркәсібі - Павлодар трактор заводы, Ақмола «Қазакстан» заводы
280.С.Қ. химия өнеркәсібі - минерал тыңайткыштар, гербицидтер өндіру
281.С.Қ. ет өндірісі - ең ірісі Петропавл,Семей ет комб-ры, Екібастұз, Рудный, Жанғара 282.Ет енеркәсібінен кейінгі орында - сүт өндіру,май шайқау, ірімшік жасау, сүт-консерві заводтары
283.Тамақ өнеркәбі басты сала - ұн тарту - Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Акмола диірмен зав
284.Спирт және сыра ашыту заводы - Петропавл
285.С.Қ. кондитер заводы - Қостанай қ
286.С.Қ. жеңіл өнеркәсіп салалары - жүн, тері ұқсату
287.С.Қ. ең ірі былғары заводы - Петропавл мен Павлодарда
288.С.Қ. ірі аяқкиім және тігін фабрикалары – Петропавл, Павлодар, Акмола, Қостанай 289.С.Қ.тігін фабрикалары – Көкшетау, Петропавл, Арқалык
290.С.Қ.мех комбинаты – Ақмолада
291.С.Қ. алтын өндіру кені - Төрткұдык/Павлодар обл/, Ақбейіт, Бестөбе, Жолымбет 292.Ірі тұз кен орындары - Қалқаман, Табылжын /Ертіс/маңы
293.С.Қ. магнитті темір кен орындары - Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар 1957ж бастап
294.Солтүстік Қазақстанның өнеркәсіп тораптары - 5-еу
295.Петропавл Ө.Т. - тамақ және жеңіл өнеркәсіп /ет-консерві, ұн тарту, май шайқау, ликер-арақ өндіру, жеңіл өнеркәсіп салаларынан: былғары, киіз басу, тігін, аяқкиім салалары
296.Көкшетау мен Акмола Ө.Т. - тамақ және жеңіл өнеркәсібі
297.Ө.Т.-да алтын өндіру - Степняк қ.
298.Таразы мен оттегімен тыныс алу аппаратурасы заводы - Көкшетау қ.
299.Ақмола ө.т-да-а/ шаруашылык машиналары, вагон жөндеу, шпал жасау, фарфор
бұйымдары заводтары
300.Қостанай Ө.Т.-на - Қостанай, Рудный, Жітіқара кіреді
301.Ө.Т.-да - тамақ, жеңіл, металл өңдеу, машина жасау, кен жабдықтары, темірбетон, насостар жасау дамуда
302.Асбест заводы – Жітіқарада
303.Соколов-Сарыбай кен байыту комб-ы - Қостанай темір кендерін байытады
304.Арқалык Ө.Т. - Торғай бокситі базасында қалыптасты
305.Павлодар-Екібастұз Ө.Т. - Павлодар, Аксу, Қалкаман, Екібастүз кала мен бірнеше қалатиптес елді мекен
306.Тораптын даму базасы - Екібастұз бен Майкүбінің аса мол тас және коңыр көмір қоры
307.Ө.Т.-та - арзан электр энергиясын пайдаланып алюминий, ферроқорытпа өнеркәсібі дамуда
308.Солтүстік Қазақстанда басты көлік түрі – автомобиль көлігі, барлық жүктің 75 проценті тасылады
309.Солт. Қазақстанда жүк айналымы жөнінен бірінші орында – темір жол көлігі /80 проценті астам т/км
310.Оңтүстік Қазакстан эк. Ауданына – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обл. кіреді
311.О.Қ. суармалы егіншілікпен айналысатын аудан /мақта, қант кызылшасы, темекі, күріш, бақ, жүзім/
312.О.Қ.-ң - а/шаруашылыгының негізгі саласы - егіншілік/техникалық дақылдар өсіру/ 313.О.Қ. су коры - Талас-Асы және Георгиевка, Қаратал суландыру жүйесі, Шу, Қызылорда бөгеттері, Арыс-Түркістан каналы, Бөген су коймасы
314.О.Қ- ең ірі езендері - Сырдария, Шу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Талас, т.б
315.Макта егістігі - Оңтүстік Қазақстан обл.
31б.Күріш өсіру - Қызылорда обл, Сырдария, Қаратал өзендері аңғары
317.Қант қызылшасын өсіру- Жамбыл,Мерке,Алматы,Талдыкорган аудандары 1 З18.Темекі өсіру - Алматы маңы
319.Бақ және жүзім өсіру - тау бөктерлері мен ірі қала маңында,
Жамбыл Шымкент ауд, Арыс, Келес өзендер
320.Дәнді дақылдардан - күздік бидай - 70проценті, арпа, тары.
321.Оңт.Қ. ірі фосфорит кені - Қаратау жотасында
322.Оңт Қ. сирек металдар – қорғасын, мыс, ванадий, вольфрам
323.Оңт.Қ.- өнеркәсіп салалары топтары - 3-еу
324.1-топ - жеңіл және тамак өнеркәсібі, мақта-мата, жүн, мата, шұлық-ұйық, ішкі, сыртқы трикотаж, мех, аяқкиім, былғары, құмшекер, темекінің 100проценті, жүзім, кондитер тағамдары береді
325.2-топ - түсті металлургия мен цемент өнеркәсібі/Ащысай полиметалл комб, Текелі корғасын-мырыш комб, Шымкент корғасын заводы, Қаратау кен-химия комб, Шымкент, Сазтөбе цемент зааоды
326.3-топ - машина жасау, метал өңдеу, ағаш өндеу, фарфор-фаянс өңдеу, зергерлік бұйымдар
327.Оңт.Қ. мал шаруашылығы - Қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүні, ет-сүт ірі карасы, түйе, шошка
328.0нт.Қ.-да машина жасау өнеркәсібі - Алматы мен Шымкент
329.Іле Алатауының етегінде орналасқан әсем қала- Алматы қ.
330.Алматы қаласының іргетасы қаланғанВерный бекінісі
331.Қазакстандағы халық саны миллионнан асатын каласы - Алматы қ. 1млн 128 мың адам /1989ж/
332.0ңт.Қ. Республиканың -жеңіл өнеркәсібінің 55процентін, тамақ енеркәсібінің 40 процентін береді
3ЗЗ.Оңт.Қ-да мұнай өңдеу заводы - Шымкентте