Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі

Өлшеу құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.

Бастапқы салыстырып тексеру

Бастапқы салыстырып тексеруге Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 2.21 сәйкес типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынаудан немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай –ақ, жөндеуден шығарылған өлшеу құралдары жатады.

Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін өлшеу құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиістіемес. Егер басқа елдерде жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері ҚР СТ 2.40 халықаралық келісімдерді іске асыру мақсатында әзірленген нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіп бойынша халықаралық келісімдерге сәйкес уәкілетті органмен танылады.

Өлшеу құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс.

Кейбір жағдайларда, салыстырып тексерудің әдістемесінде көрсетілген өлшеу құралын таңдап алып салыстырып тексеруге болады. Таңдап салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы бойынша жүргізілуі керек.

Таңдап салыстырып тексерудің оң нәтижесі салыстырылып тексерілетін партияның барлық бірлігіне таралады.

Бастапқы салыстырып тексеруді мына жағдайларда жүргізеді:

-өлшеу құралдарын дайындау орнында;

-Өлшеу құралдарына жөндеу жүргізу орнында;

-өлшеу құралдарын пайдалану орнында;

-өлшеу құралдарын өндіру орнында біршама және жартылай өлшеу құралдарын қолдану орнында біршама.

Салыстырыптексеру орнын салыстырып тексеруді жүргізетін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері бекітеді.

Өндірістен және жөндеуден шыққан өлшеу құралдарын бастапқы салыстырып тексеруден өткізу үшін, олар алдымен техникалық бақылау міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы керек.

Жылжымалы бригада өлшеу құралына жөндеу жүргізу кезінде өлшеу құралын алғашқы салыстырып тексерудіңтехникалық міндеті жүктелген бөлімшенің алдын –ала қабылдауынсыз –ақ, өлшеу құралына жөндеу жүргізген тұлға салыстырып тексеруге жіберуіне болады.

Бастапқы салыстырып тексеруді өлшеу құралын өндіретін және заңды тұлғалардың ұйымдастыруы бойынша бақылау –салыстырып тексеру пунктінде (БСП) жүргізуге болады.

Мерзімдік салыстырып тексеру

Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда тұрған өлшеу құралдары жатады, олар белгілі бір салыстырып тексерудің аралық интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық кезеңінде қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырыпбекітіледі.

Ұзақ сақтауда тұрған өлшеу құралдарының сақталған мерзімі салыстырып тексеру аралық интервал мерзімінен асатын болса, онда оларды мерзімдік салыстырып тексеру жүргізбеуге болады.

Өлшеу құралдарын ұзақ мерзімге сақтауға беру, өлшеу құралының бумаланған, консервіленген түрі және оларды сақтау жағдайы мен соңғы салыстырып тексеру мерзімі көрсетілген акт бойынша құжат толтыру керек.

Мұндай өлшеу құралдарын салыстырып тексеруден өткізу оларды пайдалану алдында жүргізіледі.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік мерзімін белгілейтінөлшеу құралдарын салыстырып тексеру кестесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру кестесін құру және келісу тәртібін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі немесе салыстырып тексеруді іске асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі белгілейді.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, консервілеуден шыққан, шаң –тозаңнан тазартылған, қажетті жағдайда, төлқұжат, техникалық сипаттау, пайдалану нұсқауы, соңғы салыстырып тексеружөніндегі сертификатты және салыстырып тексеру әдістемесі мен қажетті жинақтаушы қондырғылары мен қоса берілуі тиіс.

Егер өлшеу құралы бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (қайталауға) арналған болса немесе өлшемнің бірнеше ауқымын өлшейтін болса, алайда физикалық шаманың ең кіші санын тұрақты өлшеуге немесе өлшем ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары бойынша мерзімдік салыстырып тексеру шарасын, салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарына сәйкес тексеруге болады. Сонымен қатар, өлшемнің қолданыстағы ауқымы мен өлшеу құралының жарамдылығын анықтайтын физикалық шаманың санын анықтайды.

Мұндай жағдайларда өлшеу құралдарына қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер басылуы тиіс. Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және салыстырып тексеру туралы сертификаттарда да болуы тиіс.

Өлшеу құралдарын күрделі салыстырып тексеру барысында (мысалы, өлшем жүйесін салыстырып тексеруде) салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері шектеулі түрде ғана жасалған болса(салыстырып тексеру нормативтік құжаттарының барлық талаптарына сай келмесе), онда салыстырып тексеруді тізбектеп толық түрде жүргізуге болады: алдымен бір мемлекеттік метрологиялық бөлімшемен немесе бір аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен , содан кейін басқа аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен немесе басқа мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесімен тексеріледі. Бұл жағдайда салыстырып тексеру нәтижесін рәсімдеуді мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі жүргізеді, ал мемлекеттік метрологиялық қызметтің қатысуынсыз жүргізілген болса, онда салыстырып тексерудің соңғы бөлігін жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру

Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшеу құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;

-өлшеу құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;

-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануын, сондай –ақ, өлшеу құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;

-сақтаудан кейінгі өлшеу құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшеу құралын консервациялау немесе өлшеу құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшеу құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;

-өлшеу құралдарын, өлшеу құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;

-өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;

-өлшеу құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшеу құралын тұтынушыға жіберген жағдайда.

Сақтау және тасымалдау шараларынан кейін қоймадан алынған өлшеу құралын қолданысқа енгізбей тұрып салыстырып тексеруден өткізуге кеңес беріледі.

Инспекциялық салыстырып тексеру

Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде олардың жарамдылығын, дұрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің аралық интервал дәлдігін және өлшеу құралын пайдаланудың дұрыстығын бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.

Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде келтіріледі.

Егер инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау шеңберінде жүргізілсе, онда салыстырып тексерудің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша актіде көрсетіледі.

Инспекциялық салыстырып тексеру өлшеу құралдары иегері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Сараптық салыстырып тексеру

Сараптық салыстырып тексеруді өлшеу құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне келіспеушіліктер туындаған жағдайларда жүргізеді.

Сараптық салыстырып тексеруді өлшеу құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың дұрыстығына, өлшеу құралдарының қлодануға жарамдылығына және өлшеу құралдарын пайдаланудың дұрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы(арызы), жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай –ақ мүдделі талаптардың өкілдері қатыса алады.

Сараптық салыстырып тексеру нәтижелері бойынша үш дана қорытынды құжат жасалады, оны мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің басшысы немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеру жүргізген мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметінде сақталуы тиіс, екінші данасы –өтініш берушіге жолданады, үшінші данасы –өлшеу құралын сараптық салыстырып тексеруге ұсынған тұлғаға беріледі.

Мемлекеттік органдардың талаптары (өтініш) бойынша жүргізілген сараптық салыстырып тексеру кезінде қорытынды осы органдардың талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.

Соттың және құқық қорғау органдарының талабы (өтініші) бойынша сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін төлем жүргізетін тараптысараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.

Наши рекомендации