Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] . Саясаттағы «парадигма» ұғымы зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Ол ұғымның енген уақыты ХХ ғ. 20-жылдарында. (американ тарихшысы-Г.Кун.)
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
· Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
· Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон,Э.Дюркгейм және т.б.
· Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
· Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі.
2. Саяси жетекшілік архетиптері?
Лидер (англ көшбасы) ұйымның немесе шағын топтң беделді, қалғандарына сөзі ететін, түрлі мәселелерді ұйымдастыруда, шешім қабылдауда, іске асыруда шешуші рөль атқаратын мүшесі. Функциялары:
· Қоғамның тұтастығын сақтау, топ немесе ұйым мүшелерінің ортақ мақсаттар төңірегінде топтастыру
· Тиімді саяси шешімдер қабылдау
· Көпшілікті қабылдаған саяси шешімдерді іске асыруға жұмылдыру
· Бақылау, марапаттау және жазалау арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау, көпшілікті заң бұзушылықтан сақтау
· Билік пен бұқараның арасындағы байланысын қамтамасыз ету
Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды.
3. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Саясат бүкіләлемдік құбылыс. Бұл процесстен тыс қалған мемлекет, халық қалған жоқ. Әлемдік саяси процесс дегеніміз дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың іс әрекеті.
Халықаралық қатынас дегеніміз әледмік қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жүйеленген жиынтығы. Ерекшеліктер:
· Бүкіләлемдік сипатқа ие
· Кешендік, жүйелік сипат тән
Халықаралық саясат принциптері:
· Демократизация мемлекттердің ішкі саясатында және өзара қарым қатынастарда демократия принциптерін басшылыққа алу
· Демититаризация халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру, елдер халық арасынад сенім орнату, қарусыздану
· Дейдеологизацияжалпы адамзат мүддесін жоғары қою
· Гумманизация халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік сипат беру, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам бостандығы ең басты құндылық екенін үнемі басшылыққа алу
Сыртқы саясат мемлекеттің халықаралық қарым қатынаста ұстаған бағыты. Принциптері:
· Бейбіт қатар өмір сүру адам бостандығы құқығын құрметтеу, күш қолданбау (жалпыдемократиялық нормаларды басшылық ету)
· Мүделер тепе теңдігі мемлекеттердің мәселелерді бірігіп шешу
· Жалпы азаматтық мүдделердің маңыздылығын мойындау
· Халықаралық қауіпсідік жүйесін қамт ету
Билет
Билет