I.I Мемлекеттік басқару қағидаттарының түрлері

I. Мемлекет басқару қағидалары.

Мемлекет – дегеніміз белгілі бір территорияға иелік ететін, жергілікті халыққа еркін дамуына мүмкіндік беретін,жоғары дәрежеде ұйымдасқан, күрделі ұйым. Кез – келген мемлекет институттарының бірі – халық (мемлекет азаматтары)пен қоғам. Мемлекет ішінде тәртіп сақтау үшін, атқарушы органдар арқылы, мемлекет басқару қажет.

Басқару - дегеніміз реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі [1] .

Қағида - латын тілінен негіз, бастау мен ереже дегенді білдіретін термин.

Мемлекет басқару қағидасы мемлекет басқару жүйесінің негізгі элементі мен басқарушылық бастамасы ретінде қолданылады. Мемлекет басқару бұл мемлекет сияқты жоғары деңгейде ұйымдасқан күрделі құбылыс. Мемлекет реттеу мен басқару белгілі заңдылықтар мен қағидалар арқылы жүзеге асатын процесс. Мемлекеттік басқару қағидаттары – басқару органдары сүйенетін, басшылық бастамасы, яғни мемлекет басқару үшін қолданылатын ережелер. Ол белгілі заңдар жүйесі мен нормативтік актілерде заңды түрде бекітілген. Мемлекет басқару қағидаттары: әлеуметтік – құқықтық және ұйымдастырушылық түрге бөлінеді.

Мемлекет басқарудағы қағидалардың қажеттіліктерін келесідей сипаттауға болады:

1. Қағидалар басқару тәжербиесі үшін болжам ретінде қолданылады.

2. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу үшін қолданылады.

3. Мемлекет басқарудағы құқытық негізіне тұрақтылық береді

4. Басқару қағидалары мемлекет қызметшілері, лауазымды адамадар мен азаматтарға тәрбиелік әсерін тигізеді.

5. Мемлекет басқарудың фундамент рөлін атқарады.

I.I Мемлекеттік басқару қағидаттарының түрлері

Әлеуметтік – құқықтық мемлекет қағидасы келесі институттардан тұрады:

1. мемлекет органдарымен қабылданған, демократия нормативтік актілерге негізделген демократиялық орталықшану қағидасы.

2. Мемлекет территориясында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тең құқығы - ұлттардың теңдігі қағидаты.

3. Мемлекет басқару органдарының іс - әрекеттері белгілі жоспар, стратегия мен бағдарлама шеңберінде қызмет ету - жоспарлық қағидат.

4. Қоғам пікірімен санасу - бұқараның, халықтың басқаруға араласуы қағидаты.

Ұйымдастырушылық қағидаты келемі институттардан тұрады:

1. Қызметтер мен қағидаларды реттеу қағидасы.

2. Құзіреттілік шеңберінде жауаптылық қағидасы.

3. Мемлекет басқарудағы салааралық пен аумақтық бастамаларды біріктіру қағидасы.

4. Мемлекеттік органдарда төменгі орган жоғарғы органға бағынушылық негіздерді үйлестіру қағидасы.

5. Көпшілік пен жеке басқару әдістерінің біріктіру

II. Мемлекет басқарудың негізгі және салааралық қағидалары.

Кез – келген мемлекеттің негізгі қағидалары заңдар жинағында немесе Конституцияда бекітілген. Конституция – мемлекет басқару ережелерінің басты қайнар көзі. Ол мемлекет саяси басқаруының қағидаларын анықтайды. Осыдан мемлекет басқару қағидаларын:

1. Негізгі Конституциялық қағидалары;

2. Салааралық қағидалары.

Бұл екі түр бір-біріммен тығыс байланысы бар, бір түпкілікті жүйені құрайды.

Мемлекет басқарудың Конституциялық Негізгі қағидасы

ü мемлекеттік билік пен басқару билігі;

ü заңдылық;

ü мемлекет мүддесі алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы (приоритет);

ü мемлекеттік басқаруды қатысуға азаматтардың тең құқытығы;

ü мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі;

ü Аумақтық – салалық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімділігі;

ü Халықаралық іскерлік.

Мемлекеттік билік пен басқару билігі қағидасы – мемлекеттің саяси мәні мен оның бағыныштылық әсерінің қоғамдық жүйеге әсерін көрсетеді. Билік өзін мемлекеттік басқару, мемлекет сипаттамасының ажырамас компоненті ретінде көрсетеді. Ол Конституция мен Заңдар арқылы жүзеге асырылады.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдары мен оның қызметшілері, лауазымды тұлғалардың және ҚР азаматтардың құқық-бостандықтарын мен қадір – қасиеттерін сыйлауын талап етуін білдіреді

Басқару органдарының және ондағы лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікірмен қызмет тәжірибесінің тіркелуін, есеп жүргізу міндеттілігін талап етуін - Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылық есебі қағидасы. ол әр түрлі нысанда болуы мүмкін (мыс: басқару органдары қызметі туралы сын материалдары, тікелей басқару органдарына бағытталған ғылыми нұсқаулар немесе ұсыныстар түріндегі мөр (печать).

Мемлекеттік басқару құрылымдық негізін аумақтық – салалық қағида бейнелейді. Бұл қағиданың мәні мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен құрылысында аумақтық және салалық бастауларды органикалық бірігуімен құралады.

Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді тіркесі мемлекеттік басқару аппаратының барлық деңгейі мен буындарына басқару органдарының қызметі мен өкілеттіліктерін қайта бөлу үшін негіз болып табылады. Қаралып отырған қағида мемлекеттік аппараттың құру тәртібін, нысаны мен әдістерін анықтайды.

http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/y_negizderi/memlekettik_bas_aru_ymy_a_idattary_bas_aru_organdary/21-1-0-417

Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.

“Қағида” ұғымы (латынның – бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адамның негізгі тәртіп ережесі, бастапқы, басшы идея дегенді білдіреді. Қағида өзіне мемлекеттік басқарудың мәндік қасиеттерін таңдайды және соның құрамынан бөлініп шығады. Осыған сәйкес мемлекеттік басқару қағидасы мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық элементтерінің ішкі келісімі мен мәнін білдіретін, негізгі басшылық бастамасы болады. Мемлекеттік басқарудың мәні мен жіктелуі бір жағынан ҚР әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуының жалпы заңдылықтарын, екінші жағынан – мемлекеттік басқарушылық саладағы обьективтік процесске негізделеді.

Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кезде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.

Басқарудың құқықтық (міндетті) қағидаларды басқарушылық жағдайдағы заңдылықта жүзеге асқан болып табылады. Бұған дәлел ретінде ҚР Конституциясының 1-ші бабының 2-ші тармағында бекітілген: қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігі үшін экономикалық өркендеу, қазақстандық патриотизм.

Республикалық референдум немесе Парламенттегі дауыс беруді қоса, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қағидалары мысал бола алады. Ары қарай, Конституцияның 2 – тарауы “Адам және азамат” бөлімінде (33 бап) басшылықтағы идея азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығына, мемлекеттік қызметке кіруге теңдей құқық және т.б. негізделген.

Мемлекеттік басқару қағидаларының жетекші ролін төмендегі негізгі позицияларда айқындауға болады:

Қағидалар басқару тәжірибесі үшін арнайы болжам ретінде қызмет етеді, немесе олар заңдық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастарының қатысушыларының тәртібі мемлекеттік құрылыстың мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет ұйымдарының реформалауының басқарушы идеяларына сәйкес бағыттайды;

қағидалар басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқықтық нысанда мемлекеттік басқарушылардың мәні мен мазмұнын айқындайды, сондай-ақ заң шығарушыларды жаңа заңдарды қабылдау мен шығару кезінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мәселесі бойынша осы басқарушы идеялардың іске асырылу механизмін көздеуін болжайды

қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық дағдысына тұрақтылық береді. Бұл әсіресе ҚР –да нарықтық қатынастарда құру мәселесіне өте маңызды. Қоғамдық істерді басқару саласындағы басқарушылық идеялар заңдарды бекіте отырып мемлекет осылайша өзінің бүкіл мемлекеттік басқару механизмі үшін алғашқы құқықтық негіз құруды сонымен қатар басқарудың қоғам өміріндегі жеке салаларын құруды қамтамасыз етеді (экономика, әлеуметтік және әкімшілік саяси құрылыс саласын);

басқару қағидалары мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне, кәсіпорындар мекемелер ұйым азаматтары мен ұжымдарына тәрбиелік әсерін тигізеді. Басқарушылық қатынастарды тараптар әрекеттегі заңдардың мағынасын анықтай отырып және нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік басқару қағидаларын игере отырып, сонда көрсетілген тәртіп ережелеріне ерікті түрде бағынады.

басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибеде дамуға ие болған аталған қағидалардың қасиеттері мемлекеттік басқару механизмінің фундаментальдық негізін құрайды.

Мемлекеттік басқару қағидалары өзінің мазмұны бойынша, әрекет ету саласы бойынша, мақсатты бағыты бойынша, байланыс сипатымен басқару тәжірибесіндегі көрініс нысаны бойынша әрекеті.

Бүкіл қоғам үшін әсер ететін негізгі қағидалар ҚР Конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың әлеуметтік саяси мәнін бүтіндей анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары Конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталған екі топ қағидалары бүтіндей бір жүйені құрайды, олар өзара тығыз байланысты және бір-бірімен бүтіндей, сонымен қатар көрсетілген топтардың ішінде де әрекет етеді.

Мемлекеттік басќарушылардыњ конституциялыќ (негізгі) ќаѓидалары.

Мемлекеттік басқарудың Конституциялық (негізгі) қағидалары:

- мемлекеттік билік пен басқару билігі;

- заңдылық;

- мемлекет мүддесі алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы (приоритет);

- мемлекеттік басқаруды қатысуға азаматтардың тең құқытығы;

- мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі;

- Аумақтық – салалық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімділігі;

- Халықаралық іскерлік болып табылады.

Мемлекеттік билік пен басқару билігі қағидасы – мемлекеттің ұйымдық – саяси мәні мен оның бағыныштылық әсерінің қоғамдық жүйеге әсерін білдіреді. Ол соған сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан қажетті құралдар қолдануының арнайы нысанында айқындалады. Бұл жағдайда билік өзін мемлекеттік басқару, мемлекет сипаттамасының ажырамас компоненті ретінде көрсетеді. Мемлекеттік билік бүтін, бірегей екенін ерекше көрсетуіміз қажет. Ол Конституция мен Заңдар негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ конституциялық қағида бүтіндей мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөледі.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ҚР-ның әрекеттегі заңдары мен конституциясын, басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен ар-намысы қадір – қасиеттерін сыйлауын талап етуін білдіреді. Заң мен сот алдында барлығы тең.

Ешкімге өзінің пайда болу жағдайы, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасы, тұрғылықты жері және т.б. жағдайларға байланысты ешқандай дикреминацияға жол берілмейді.(ҚР Конст.14 бап).

Мемлекеттік басқару саласында заңдылық қағидасының сақталуы бүкіл мемлекеттік тәжірибе мен бүтіндей қоғамдық өмір негізделетін заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Аталған қағиданың талаптары басқару актілерін шығарумен қатар, оларды қолдану барысында да жүргізіледі.

Азаматтардың мемлекет мүддесі алдындағы құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысындағы азаматтардың көбінесе басымдылық жағдайын білдіреді. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялай отырып, адам өмірі, құқығы мен бостандықтарын жоғары құндылығы, байлығы деп есептейді. Мемлекет әркімге тумысынан берілетін конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мойындайды және олар абсолютті, қол сұғылмайтын болып табылады. Мемлекет заңдар мен басқа да құқықтық нормативтік актілердің қолдануы мен мазмұнын белгілейді.

Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысудың тең құқықтығы. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес ҚР азаматтары мемлекетті басқару істеріне қатысуға тікелей және сонымен қатар өздерінің өкілдері арқылы, жеке, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына жеке дара және ұжымдық жолдаулар жіберуге құқығы бар.

Сондай-ақ азаматтар өздерінің қабілеттері мен кәсіпқойлық дайындақтарымен мемлекеттік қызметке кіруге тең құқылы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар қызметтік міндеттер сипатына қарай тек заңға сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылық есебі қағидасы басқару органдарының және ондағы лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікірмен қызмет тәжірибесінің тіркелуін, есеп жүргізу міндеттілігін талап етуде, ол әр түрлі нысанда болуы мүмкін (мыс: басқару органдары қызметі туралы сын материалдары, тікелей басқару органдарына бағытталған ғылыми нұсқаулар немесе ұсыныстар түріндегі мөр (печать).

ҚР Конституциясында (5 бап) мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жалпы негіздері анықталған. Жекеше қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, мемлекеттік органдардың қызметінің қоғамдық бірлестіктерге жүктеуіне сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді.

Жариялылық мемлекеттік органдар қызметі туралы БАҚ мен басқа да басылымдарда үлкен қоғамдық ақпараттарды білдіреді. Жариялылықты мысалы ретінде мемлекеттік қызметтің бос әкімшілік қызмет орындарына конкурс жариялау бола алады. Сонымен қатар жариялылық қағидасы өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттіктерін есепке ала отырып белгілі бір шектеулерге де ие болады.

Жекеше (вчасности), прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдардың талаптарына қайшы келмейтін жағдайда ғана жол беріледі (ҚР “Прокуратура туралы” 21.12.1995ж. № 2709 Заңы, 3-бап).

Мемлекеттік басқару құрылымдық негізін аумақтық – салалық қағида бейнелейді. Бұл қағиданың мәні мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен құрылысында аумақтық және салалық бастауларды органикалық бірігуімен құралады. Көрсетілген бастаулардың тіркелуі мемлекеттік басқару органдары құзыретінде бекітіледі. Аумақтық басқару құзыреттері белгілі бір территорияға қатаң таратылатын басқару органдарының қызметінде іске асады (аудан, қала, облыс, республика). Бұл жағдайда басқару соған сәйкес территорияда орналасқан обьектіге қатысты жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді тіркесі мемлекеттік басқару аппаратының барлық деңгейі мен буындарына басқару органдарының қызметі мен өкілеттіліктерін қайта бөлу үшін негіз болып табылады. Қаралып отырған қағида мемлекеттік аппараттың құру тәртібін, нысаны мен әдістерін анықтайды.

ҚР-ның Президенті мемлекеттік басшысы болып табылады, оны жоғары лауазымды тұлға ретінде мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүйелеуі мен билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігі қамтамасыз етеді.

Президент Конституцияда көзделген тәртіппен атқарушылық органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Үкіметті құрады. Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру.

Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.

Мемлекеттік басқарудың Конституциялық (негізгі) қағидалары салалық пен толықтырылады. Салалық қағидалардың қызметтік ролі – олар бір басқару саласын екіншісімен шектеу үшін негізін құрайды. Әйгілі ғылыми ереже бойынша басқарудың негізгі құрылымдық заңдылығы болып обьектінің мақсатқа, басқару субьектісі мен қағидасының анықтаушы ролі танылады. Осыған байланысты салалық қағида жүйесін құру басқару обьектсінде пайда болады.

Кең қолданылуының жалпы сипатына ие Конституциялық қағидалардан айырмашылығы, салалық мемлекеттік басқарудың жеке салалары экономикада, әлеуметтік салада және әкімшілік – саяси құрылысты арнайы ерекшеліктерін бейнелейді. Басқарудың салалық қағидалары өзіне сәйкес қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды актілерде тіркеледі.

Экономика саласындағы мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары республиканың нарықтық қатынастарының дамуы және заңдылықтың қалыптасу әсері мен құралады.

Еліміздің Президентінің “Қазақстан –2030” Қазақстан халқына жолдауында мықты нарықтық экономикада қаланатын, мемлекеттің белсенді ролі мен едәуір шетел инвестицияларын тарту мен пайда болатын, экономикалық өсу стратегиясында құрылатын негізігі қағидаларды анықтайды. Бұл жерде мемлекеттік белсенді роліндегі экономикасына мемлекеттің шектеулі түрде кедергі келтіруі, нарықтық ережелерді сақтауды бақылаудағы, жеке сектор мен ұлттық капиталдың белсенділігін қалыптастыру мен көмек көрсетуде қағидалық мәнге ие негіздік ережелер туралы сөз болып отыр.

Экономиканың бөлек саласындағы басқару қағидалары өндірісті ұйымдастыруға, басқару органдарын құруға, олардың ведомостваралық кәсіпорындармен және басқа да шаруашылық субьектілер мен өзара қатынастарына қойылатын негізгі талаптар түрінде айқындалады, мысалы: 1999 жылғы 1 сәуірдегі “ҚР бюджет жүйесі туралы” Заңында келесі қағидалар құрастырылған: бірлік, бүтіндік немесе толықтық, шынайлық, барлық бюджеттердің биліктілігі мен өз бетіншелігі.

Наши рекомендации