Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Жоспар
Ақша нырығы
Кейнс кресі
LM қыйсығының графигі
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Марк “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады.
Шіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді төрт жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:
монетарлық;
Кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:
МV=PY
M – айналымдағы ақша көлемі
V – ақша айналымының жылдамдығы
P- баға деңгейі
Y - өнім шығару көлемі
Ақша нарығы— бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация берілгсн ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.
Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп атальш кетті.
IS—LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS-LМ үлгісі АD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:
АD = С (Ү) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады. AS = С (Ү) + S (Ү)
Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Ү)
Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жагдайы үлгісінен басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді. Бұл тендеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS-LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:
1) Ү = С + I + G + Хn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:
2) С = а + Ь (Ү-Т) - тұтыну функциясы.
3) I = е - d • R - инвестиция функциясы.
4) Хn =g - m/ *Ү – n*R - таза экспорт функциясы.
5) М/Р = к • Ү - һ • R - ақшаға сұраныс функциясы.
Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.
Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер
Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер
Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар
Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.
Ақшаға сұраныс
Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.
Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.
Шынында адамдар ақшаға емес, М/P ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес, сол ақшаға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы М – ақша массасы, ал Р – бағалар деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы бұлайша жазылады:
(М/Р)D = L(r, Ү),
оның үстіне r пайыз мөлшерлемесіне тәуелділік кері, ал Ү табыстан – тікелей.
Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни
V = (P . Y) / M,
мұндағы М - ақша жиыны, P - бағалар деңгейі, Y - шығарылым.
Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді. Бұл теңдікті былайша жазып алуға болады
M .V = P . Y.
Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. Ескерту: ақша айналысының жылдамдығын анықтау – ақша жиыны ретінде нені түсінуге болатынына тәуелді – М1, М2, М3? Сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әртүрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс – үлгісімен.
Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады:
E = C + I + G.
C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған ( = ), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , .:
.
Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады.
E = Y.
Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді.
Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар,
Y = E.
Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.
Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2 Сурет).
E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.
Кейнс кресі
Қандай жағдайда экономика тепе-теңдікке қол жеткізеді? Көптеген фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады.
E |
С +I+G |
E |
С |
Y |
С+I |
Жоспарланатын шығыстар сызығы
Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы . Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
G↑→E↑→Y↑
Салықтық мультипликатор , Т салықтардыбір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.
∆T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑
Сандық теориясы тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. Бірінші мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
- тауар жиынының көлемі;
- баға;
- жиынтық табыс;
- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Хn (таза экспор), R (пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Мs (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициентер:
(а, Ь, е, d, g, m', n, k, һ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = соnst тұрақты өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Ү=Ү*), баға деңғейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тецдікті керсетсді.
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,Т) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.
IS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы меи инвестицияның тең екендігі көрінеді.
А-суреттс қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Ү1-ден Y2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.
Қор жинағы Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі Инвестиция
А-сурет Ә-сурет
Пайыздық мөлшерлеме
Табыс, өнім көлемі
Б-сурет
Ә-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-дсн І2-ге өседі. Бұл жагдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.
Б-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше,
берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі – ақша ұсынысының
(Мs) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.