Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Өткізуден тыс опера-циялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы)
Басқадай өткізуден алынған табыс
Кәсіпорынның табысы
Өнімді сатудан түскен табыс

= + -

                   
 
Өнімді сатудан түскен табыс
 
Өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім
 
Қосылған құн салығы  
 
Акциздер
 
Өнімнің өзіндік құны
 
 

= + + +

       
 
Басқадай өткізуден алынған табыс
 
Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс
 

= =

=

Жалға алғаны үшін төлем
Өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.
Құнды қағаздар дивидендтері
Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс

= = + +

Сурет 30 - Кәсіпорынның табыстарын калыптастыру

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі.

Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады.

Табыс алудың шарты – бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару.

Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

· Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

· Орташа табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К):

ОТ = ЖТ/К

· Шекті табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

ШТ = ЖТ/К

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдақ өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.

Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек- қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес.

Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде - student2.ru

Сурет 31 – Пайданың түсінігі

Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді.

Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

· Тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

· Тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

· Cатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы.

Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда өндірісінің анық шығындары
Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер
Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіптік табыстың мөлшері
Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
Шекті пайда = шекті пайда – шекті шығындар

Сурет 32 - Пайданың түрлері және оны есептеудің әдістері

Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:

· өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;

· негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

· өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар.

Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

       
 
Қосылған құн салығын және акциздерді есептемегендегі қолданылып жүрген баға есебінде сатудан түскен ақшалай түсімдер (жұмыс, қызмет)
 
  Өнімнің өзіндік құны

-

           
 
Тауарлы өнімді сатудан түскен пайда (жұмыс, қызмет)
   
Басқадай өткізуден алынған пайда
 
Өткізуден тыс пайдалар, зияндар
 

                 
 
Баланстық (жалпы пайда)
   
Пайдаға салынатын негізгі салықты есептемегендегі шығарылып тасталатын табыс
 
 
   
Жеңілдік есебімен пайдаға салынатын салық
     
Мөлшерлеме, %
       
Пайдаға салынатын салық сомасы
 

* =

Салықтар және басқа да міндетті төлемдер
Баланстық пайда

Таза пайда
Қорлану
Тұтыну

Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде - student2.ru Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде - student2.ru

Сурет 33 - Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру

Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады.Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады.Пайданы үлестіру заңдылығы-салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.Пайданы үлестірудің бағытын анықтау,кәсіпорынның қарауында қалатын,құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:

· кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

· мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі,мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.Салықтың құрамы және алымы,оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;

· салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;

· кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады,ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорын табысы дегеніміз – ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы.

Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді:

· қарапайым қызмет түрінен түскен табыс;

· операциялық;

· сатудан тыс;

· кездейсоқ;

Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.

Операциялық табысқа мыналар қатысады:

· кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;

· интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқа да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;

· жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)

· бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша);

· негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;

· кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.

Сатудан тыс табыс – бұл:

· келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар, өсімдер;

· қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;

· кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;

· есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;

· мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;

· курстық айырмашылықтар;

· басқа да өткізуден тыс табыстар.

Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т.б.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытына байланысты табыстар: негізгі, инвестициялық және қаржылық болып жіктеледі. Осының әрқайсысына тоқталайық:

· Негізгі қызметтен түскен табыс – бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.

· Инвестициялық қызметтен түскен табыс – айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.

· Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.

Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім кәсіпорынның қаржы ағымының негізгі көзі болып табылады.

Қаржы көрсеткіштерін есептеу үшін сату уақытын анықтау әдістері мен сатудан түскен түсімнің маңызы зор.

Отандық тәжірибеде сату уақытын анықтаудың екі түрлі әдісі бар: тауарды артуы бойынша – есептеу әдісі және еңбек түсімі ретінде кезең бойынша түсетін төлемдер жатады, мәселен, ақы бойынша – кассалық әдіс.

Шағын кәсіпорыннан басқа кәсіпорынның барлығы көрсетілген өнімді, тауарды, атқарылған жұмысты, көрсетілген қызметті артуы бойынша өнімді сатудан түскен түсімді ескере отырып есептеу әдісін дұрыс қолдануы қажет. Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, құрылыс салаларында дайын болу кезеңдері бойынша ұзақ мерзімді өндірістік циклмен атқарылған жұмыстың кезеңдік төлемақысы түсім деп саналады. Шағын кәсіпорын өнімді сатудан түскен түсімді оны төлеу жағдайына байланысты есепке ала алады. Сатудан түскен түсімге сатылған тауардың бағасы мен натуралды түрдегі сату көлемі сияқты факторлар әсер етеді.

Наши рекомендации