Банктік тәуекелдер және оларды төмендету тәсілдері

Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс. Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді. Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады. Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және бақа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.; Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу); Экономикалық: *жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы; *қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі. Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді: *банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.); *банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі); *банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі); *қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа еңгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі). Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады: *несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі); *пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі); *өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тәуекелі); *капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі). Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі: *берілген кепілдер бойынша; *шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша; *несиелік міндеттемелер бойынша; *валюталық мәмілеге отыру бойынша. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері: -Бір қарыз алушыға шектеу қою; -Мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау; -Мүдделердің қақтығысын жоққа шығару; -Қарызды синдинцирлеу; -Қарыз алушының тәуекелін сақтандыру; *Міндеттемені қамтамасыз ету.

Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері. Тәуекелді төмендету әдістері: -Бір қарыз алушыға шектеу қою; -Мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау; -Мүдделердің қақтығысын жоққа шығару; -Қарызды синдинцирлеу; -Қарыз алушының тәуекелін сақтандыру; *Міндеттемені қамтамасыз ету. -тәуекелді идентификациялау; -тәуекелдің деңгейін өлшеу және бағалау; -тәуекелді азайтуға байланысты шараларды іске асыру; -тәуекелдің деңгейіне бақылау және мониторинг жасау.Тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады. Ең бірінші қарыз алушының тәуекелін төмендету кезеңдеріне тоқалайық.1-ші кезең - идентификациялау кезеңі. Тәуекелді идентификациялау бұл тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді. Тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Шектеу бұл біріншіден қарыз берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2-шіден қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді.

Азақстан Республикасының несиелік серіктестіктері мен ломбардтары, олардың инвестиция нарығын қалыптастыруындағы және дамуындағы маңызы

Несиелік серіктестіктерҚаржылық компанияларЛомбардтар және олардың қызметіҚаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субьектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуге елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Имұндай мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субьектілеріне немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге мүмкіндіктері бар.Құрылтайшылық келісімшарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметімен байланысты зияндар тәуекелін көтереді.Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді. Ол коммерциялық ұйым бола отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады, және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тиым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісімшарт және жарғы болып табылады.Құрылтайшылық келісімшартта ҚР заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы кересеріктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз шамадағы көлемі;қатысушылардың міндетті төлемдері төлеу шарттары және тәртіптері;таза табысты бөлу тәртібі;Жарғыда ҚР заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:фирманың атауы және орналасқан жері;қатысушылардың міндеттері және құқықтары;қатысудың шарты және тәртібі;жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;қатысушылардың қосымша жарналарын төлеу шарты және тәртібі;несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім қабылдау тәртібі, соның ішінде, қатысушылардың жалпы жиналысында бар және ұсынылған қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет сұрақтар бойынша ережелер;несиелік серіктестіктінесиелік серіктестіктің органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу;ақшаны орналастыру тәртібі;жарғыға өзгертулер және толықтыруларды енгізу тәртібі;резервтік капиталды қолдану және қалыптастыру тәртібі.Қаржы нарығындағы үлкен бөлікті әр түрлі қаржылық компаниялар алады. Олар коммерциялық банктерден қол жетерлік және арзан несие ала алмайтын жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді, сонымен қатар лизингтік несиелерді беруге негізделеді.Көбіне қаржылық компаниялар несиелерді жоғары деңгейлі тәуекелмен береді. Бұл ұйымдардың қаражаттары банктік несиелер есебінен, коммерциялық қағаздарды сатудан, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерді эмиссиялау есебінен қалыптастырылады. Олардың капиталының негізгі бөлігі – қарыз қаражаттары. Олардың меншік капиталына деген арақатынасы 10/1. Қаржылық компаниялардың көптеген депозиттік институттардан айырмашылығы – олар ұсақ депозиттерді тартпайды.Қаржылық компаниялардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы әр түрлі болуы мүмкін: жеке меншік құқығындағы корпорациялар, ашық акционерлік қоғамдар, сонымен қатар еншілес кәсіпорындар, толығымен өндірушілер, коммерциялық банктердің холдингтік компаниялары, өмірді сақтандыру бойынша компаниялар немесе басқа да корпоративті меншік иелері толық ие болатын кәсіпорындар.Қаржылық компанияларды былайша бөлуге болады:тұтынушылық несиелеумен айналысатын, мысалы шағын ссудалар; кәсіпорындарды несиелеумен айналысатын;факторингтік;лизингтік;ипотекалық; инвестициялық компаниялар;алғашқы ұйымның өнімдерін сатып алуды қаржыландырумен айналысатын; «кэптивтік» компаниялар; форфейтингті және т.б.Ломбард дегеніміз –қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның және ҚР Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болған кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды тұлғаны, коммерциялық ұйымды білдіреді. Ломбард мынадай операциялармен айналыса алады:ломбардтық операциялар: депозитке салынған, жеңіл сатылатын бағалы қағаздарды және басқа да жылжитын мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несие беру;лизингтік қызмет;бағалы металдары мен тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді кепілге қоюмен қоса, құжаттық түрде шығарылатын бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.Ломбардтық, лизингтік операцияларды, бағалы металдары мен асыл тастары бар әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды жүргізуге арналған лицензия ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігімен беріледі.Сейфтік операцияларды жүргізуге арналған лицензияны белгіленген формада және тек Агенттіктің лицензиясы болған кезде ғана ҚР Ұлттық банк береді.Ломбардтар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құрып атқара алады. Ломбардтың толық атауында міндетті түрде «ломбард» сөзі болуы тиіс. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар – ҚР резиденттері және резидент еместері бола алады. Ломбардты ашуға рұқсатты алу үшін Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:ашуға рұқсат беру туралы өтініш;құрылатын ломбардтың құрылтай құжаттарының нотариалдық түрде куәландырылған үш данасы: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай шарты (бар болса) және жарғысы.Егер де құрылтай құжаттарында өзгертулер мен толықтырулар туындаса, онда олар алдын ала Агенттікпен келісулері керек.Құрылтай құжаттары ҚР қолданысындағы заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда ломбардты ашуға рұқсат берілмейді.

Наши рекомендации