С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетіне қысқаша мәлемет
Мазмұны
I Кіріспе…………………………………………………………………….....…3
II Негізгі бөлім…………………………………………………………..………5
2.1 С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетіне қысқаша мәлемет….....……………………………………………………............................5
2.1.2 Халықаралық ынтымақтастық және жазғы мектептің құрылуы.............6
2.2 Бурабай ауданына жалпы мәлімет...................................................................7
III Жазғы мектеп аясындағы білім жүйесі............................................................8
3.1 Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты.................................................................................................10
3.2 Кеспеағаш аймағындағы тәжиірбелік жұмыстар.......................................12
3.3 РМҚК «Республикалық орман селекциялық орталығы»..........................17
3.4 Бурабай ауданының ағаш өңдеу станциясы................................................19
IV Бурабай ұлттық паркі.......................................................................................23
Қорытынды............................................................................................................24
I Кіріспе
2016 жылдың маусым айының 13 нен 25 аралығында С.Сейфулин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына арналған Халықаралық жазғы мектепте өткен оқуда тәжиірбе алмасу мақсатында жоспарланған бағдарламалар іске асырылды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті солтүстік және орталық Қазақстандағы ең ірі аграрлық және техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Осында арнайы айта кеткендей жазғы мектепке қойылған талаптарды орындау мен көзделген мақсаттарға жету – университеттің ауқымында. Бұл 10 күндік оқуда біз көптеген жұмыстарды атқардық, жас екпе ағаштарды өсіру технологиялары мен жұмыстарға назар аудардық, Ақмола облысындағы климатпен және жалпы орман шаруашылығының қалай дамып келе жатқанын байқап, көптеген мәліметтер жинадық. Ал осы оқуға тікелей байланысты «Орман ресурстары және орманшылық» кафедрасында оқу-әдістемелік жұмыстарының басты мақсаты теориялық білім мен маманданған тәжірибенің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды студенттердің тәжірибиелік жұмыстарда пайдалануы болып табылады.
Жалпы айтқанда ҚР-ның орман ресурстарын дамыту Президенттің 2030 стратегиясымен де тікелей байланысты. Бұл жоспар бойынша біздің еліміз ауыл шаруашылық саласында, ал нақты айтатын болсақ орман шаруашылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Осы саланы дамытып, еліміздегі экологиялық-экономикалық ауыртпалықты болдырмау және басқа елдердің қатарында конкурентті ел болу жоспарға қойылып отыр. Сондықтан, орман шыруашылығын дамыту – бұл ең алдымен табиғат ресурстарын сақтау және дамыту, экологияны жақсарту және ел экономикасын арттыру ретіне негізгі факторларды қарастыруға болады.
Орман шаруашылығында екпе орман саласына маңызды жағдайдың бірі питомник құруға көңіл аударған жөн деп санаймын. Өйткені, болашақ ағаштың өсіп желілуі жас кезеңінен басталады. Сондықтан оған күтім жасау және дамытудағы үлкен рөлді осы біз – жас мамандардың арқасында.
Қазақстан Республикасында даярланып, оқып жатқан студенттер алдында үлкен мәселе тұр. Сондықтан жоғары сапалы мамандардың елімізде болуы міндетті түрде, білім беріп отырған оқу орындары да зор үлесін қосады.
Осы баяндамам біздің мамандығымызға және орман шаруашылығын қалай дамыту керектігін жинаған тәжиірбеден көрсете аламын деп ойлаймын. Осы оқу барысында көптеген қызықты әрі алуан түрлілігімен ерекшеленетін парктермен, питомниктермен, жер бедерімен, ауа-райымен (климатымен), орман өсіру технологиясымен таныстыра кетем.
II Негізгі бөлім
С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетіне қысқаша мәлемет
С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан.
Сурет 1. С.Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосып келеді. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің 30 техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.