Геосаясаттың атлантикалық (мұхиттік) бағытын ашып көрсетіңіз
А. Мэхеннің атлантизм тұжырымдамасының негізгі ережерелеріне келесілер жатады:
1. А. Мэхен Американың тағдырын "теңіз тағдыры" деп есептеген. Бұл "теңіз тағдыры" алғашқыда барлық америкалық құрлықты біріктіруінде, кейіннен әлемдік үстемшілікті басымдайтын заңда тұжырымдалады. Бұл үшін ол Ұлыбританиямен ынтымақтастықты жан - жақты іске асыруды, Тынық мұхитындағы жапондық экспансияға қарсы тұруды, Германияның теңіздік наразылықтарын кез - келген әдістермен шектеуді және Азияға қарсы күресте еуропалықтармен бірге ортақ күшті жұмылдыруды ұсынды. Ақырғы жағдайда негізгі бағыт ретінде, Батыс Кіші Азиядан шығыстағы жапондық меридианға дейін созылған, үздіксіз, құрлықты бұқарасы бар, Ресей болды.
2. А. Мэхеннің ойы бойынша, Америка "Теңіздік күштің" өкілі ретінде, өзінің жағажайлық жиегінің бойымен толықтай бақылау орнатуы тиіс еді, содан кейін қарсыластың сәйкес аймақтарын кез - келген әдістермен құрлықтық бұқарадан тартып алуы керек еді. Одан ары бақылаудан тыс қалған жағажайлық аймақтардың арқасында және мұхитқа шығатын жақтан алшақ арақашықтыққа ығыстыру арқылы, "құрлықтық бұқараны" (Қытай, Ресей, Германия) әрдайым босаңсытып отыруы тис еді.
3. А. Мэхен америкалық әкімшілікке мән берген, яғни еуразиялық құрлықта интеграциялық жасалулардың болмауына мән берген және болашақта Ресей мен Қытайға қарсы күресте, құрамында Германия және Жапония болатын "теңіздік мемлекеттерді" біріктіру тиіс еді. Бірақ, тарихта ХХ ғасырлардағы әлемдік соғыстарда АҚШ Германияның, ал Екінші әлемдік соғыста – Жапонияның қарсыласы болғандығы белгілі. Ал Ресей әрдайым "теңіздік державалар" жағында болатын. Ал бұл "теңіздік державалар" "құрлықтағылармен" қанды соғыста болған. Ал , қозғаушылары Германия мен Франция болған, Еуропаның интеграциялану үрдісін болдырмау қаншалықты жүзеге асқандығы жайлы сөз оқулықтың келесі тарауында қозғалады.
Х. Маккиндер геосаясатқа "хартленд" ("әлемнің жүрегі") ұғымын енгізеді. Ол дегеніміз - барлық әлемді бақылай алатын құрлықтық плацдарм. Сонымен қатар Макиндер "әлемдік мұхит" түсінігін енгізді. Оның пікірі бойынша, Азия, Африка және Еуропа - осы үш құрлық - біріңғай геосаясаттық ауқымды құрайды, яғни әлемдік мұхитты. Одан ары Маккиндер "ішкі, немесе шеткі, жарты ай" түсінігін түсіндірді. "Ішкі, немесе шеткі, жарты ай" дегеніміз - Еуразияның жағажайлық кеңістігімен сәйкес келетін белдеу. Бұл аймақ өркениеттің қарқынды дамығандығына жатады. Сонымен "ішкі, немесе шеткі, жарты ай" дегеніміз - толығымен әлемдік мұхит шекарасынан ары орналасқан, мұхиттық мемлекеттер деген тұжырымдаманы білдіреді.
Х. Макиндердің ғаламдық геосаясаттық модель құрылымы сатылы шоғырлас шеңберлерге келеді, дәл орталығында тарихтың географиялық осьі - хартленд орналасқан. Ағылшын геосаясаткері құрлықты державалар одақтастығынан қауіптенді. Себебі олар осьтік аймақта орналасқан - Ресей, Германия және Қытайда, басым жағдайды иеленіп алуы мүмкіндігі болды. Қарсы әрекет ретінде ол англо - орыс одақтастығын берік қылуды ұсынған. Теңіздік державалардың екінші стратегиялық мәселесі ретінде ол - хартленд жағажайлық елдерін - ішкі жарты аймен (римленд) бақылау деп есептеген.
Н. Спикмен өзінің ойлауларында, Хартленд ұстанымын екінші планға ысырып қойып, Х. Маккиндердің тұжырымдамаларын түзетуден бастады, ал Еуразияға үстемшілікті жүргізу жайлы шешуші рөлді Римлендке берді. Онымен қоса, айналымға "Орталық Теңіз" ұғымы енгізілді. Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі еуропалық халық өміріндегі Жерорта теңізі мен жаңа дәуірдегі Атлантикалық мұхиттың рөлдерін салыстырды. Оның тұжырымы бойынша, екі мұхиттың да (шығыс Америкалық және еуропалық) жағажайларында, техникалық және экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған өркениет орналасқан.
Бұл мағынада Атлантикалық мұхитты екі құрлықтың "ішкі көлі" ретінде қарастыруға болатын еді. Қуатты әскери және экономикалық мүмкіншілігі бар АҚШ мен зияткерлік мүмкіншілігі бар АҚШ - тың бірігуі болады. Сонымен қоса АҚШ - тың геосаясаттық мүдделері еуропалықтар үшін басым және айқын болады. Н. Спикменнің бұл ұстанымы "Монро доктринасыныі" негізгі мазмұндарын нақтылап өткізді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында англо - америкалық геосаясаттың негізгі бағыты ретінде неоатлантизм болды. Геосаясаттық қартада Батыстың бірігу идеясын неоатлантисттіктер - геосаясаттың орталық жағдайы деп түсіндірді. Н. Спайкменнің көптеген оқушылары мен ізбасарлары, геосаясаттық соғыстағы римлендтердің орны жайлы ойды ары қарай жан - жақты дамытып жатыр.
Сонымен, атлантисттіктердің түсінігі бойынша, әлемнің геосаясаттық суреті келесідей болған: хартленд түсінігі КСРО - да болған. Бұл кезде КСРО - ға Қытай, Монғолия, социалистік лагерьдің шығыс еуропалық елдері мен кейбір орталық және солтүстік азиалық елдер құштар болған. Құрама Штаттар талассократиялық шоғырлар ұйымдастырды және бұл шоғырдың құрамында Батыс Еуропа, исламдық мемлекеттердің бірқатары (Түркия, Иран және Пәкістан) болды.
Екі геосаясаттық полюс арасында бейтарап қалыпта Еуразия мемлекеті болды. Мұндай сұлба 50 - 60 жылдарда қалыптасқан екі әскери - саясаттық шоғырды көрсетеді.
Батыстың атлантикалық бірігу идеясын Сэмюэль Хантингтон да басқалай түрде шешуге тырысты. Сэмюэль Хантингтон Гарворд Университетіндегі Дж.Олин атындағы стратегиялық зерттеу Институтының директоры. 1983 жылы "Форин Эффарс" журналында С. Хантингтон "Өркениеттердің қақтығысуы" атты мақаласын жариялады және бұл мақала заманауи неоатлантизмнің геосаясаттың жетекші парадигмасы болды. С. Хантингтон "Теңіздік күш" идеясын Батыстың өркениетті сәйкестік тұжырымымен толықтырды және ХХІ ғасырдың басты геосаясаттық шиеленісін айқындады: "Батыс қалған әлемге қарсы". Ол заманауи халықаралық қақтығыстағы, өркениетті шиеленістердің басты рөлін көрсетті және бұл дереу майданның ең басты желісін анықтауға мүмкіндік берді - ЕҚЫҰ исламдық ортаға қарсы. С.Хантингтон әлемнің заманауи геосаясаттық картасында сегіз негізгі өркениетті айқындады: батыс; православия - славяндық; конфуцилік (қытайлық); жапондық; исламдық; индустік; латиноамерикалық және (мүмкін) африкандық.
С. Хантингтон батыс елдерінде өркениетті бірлестіктерді болдырмаудың алдын алу үшін бар күшін салуда болды. Себебі, геосаясаттық шиеленістер жағдайында тек Батыс қана біртұтас өркениет болуы үшін, яғни бөлінбейтін "теңіздік күш" - ішкі шиеленістерге толы, жекеленген батыстық емес өркениеттерте қарсы.
Бүгінде біздің байқайтынымыз, жоғарыда аталған стратегиялық мәселелерді, АҚШ - тың басқаруымен, ЕҚЫҰ кезегімен іске асырып келеді. Бұл жағдайда Хантингтон теориясы ХХІ ғасырда Батыста талап етілді. Соңғы он жылдықтағы ірі шиеленістер - Югославияның бомбалаулары, Ауғанстанға қарсы лаңкестікке қарсы операциялары. Бұл шиеленістердің барлығы Батыспен "өркениет шиеленістері" парадигмасымен сәйкестендіріледі. Англо - америкалық геосаясаттатағы тағы да бір беделді бағыттың бірі - мондиализм. Геосаясаттық мондиалистті идеялар әртекті. Анағұрлым атақтылық негізгі үш мондиалистті нұсқаларда болды: біріншісі қырғи-қабақ соғыс кезеңінде З. Бжезинскиймен өңделген және "жуықтау теориясы" ретінде атақты; екіншісі 90 - шы жылдардың басында пайда болған және "тарихтың соңы" (Ф. Фукуямның мақаласымен аттас) атын алды; үшіншісі жаңа ғасырда пайда болды және авторы З. Бжезинсктің атауы бойынша "жаңа түрдің америкалық гегемониясы" атпен белгілі.
Р. Купер, болашақта трансатлантикалық қатынастар қалай қалыптасса, лаңкестікпен қарсы күрес, қарулардың таралуын алдын алу сияқты және тағы да басқа халықаралық маңызды мәселелердің шешілуі соған байланысты. Еуропа мен Америка арасындағы кикілжіңдерді жеңу, Еуропалық одақтың, әлемді "басқарудың" америкалық моделіне, балама ұсынуына және өңделген қағидаттарды әлемдік саясат ортасына әкелуіне байланысты.