Іі. шымкент темір жол стансиясыныҢ технологиялыҚ жоспары

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге байланысты темiр жол көлiгi жеріне тоқталатын болсақ, темiр жол көлiгi жерінің қажеттерiне арналған жерге: магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темiр жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер); кiрме жолдарға; энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекiту екпелерi, қызметтiк және темiр жол көлiгiне қызмет көрсететiн арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темiр жол станцияларына (вокзалдарға); темiр жолдарға берiлген белдеулер мен күзет аймақтарына;концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.

Жалпы айтқанда, темiр жол көлiгiнiң қажеттерiне арналған жер учаскелері темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгi қажеттерiне арналып бөлiнген белдеуге iргелес жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерi шектеледi немесе оларға тыйым салынады. [С5]

Соған сәйкес, темiр жол көлiгiнiң күзет аймақтарына: орманды қорғау белдеулерi, көлiк құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнетiн белдеуге iргелес орналасқан, сел қаупi, көшкiн қаупi бар аймақтардағы және басқа да қауiптi әсерлер төнетiн жерлердегi жер учаскелерi кiредi.

Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай белгiленуi мүмкiн.

Сонымен қатар, ҚР-ның Темір жол туралы заңына суйенетін болсақ, темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар бөлімін қарастыраты белгілі. Осы ҚР-ның Темір жол көлігі заңының 18- бабында көрсетілгендей темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерлерді атап өтуге болады.

Яғни бұл жерлер, тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.

Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.

Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртiбi

Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.

Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары

Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.

Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.

Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат

Темір жол көлігі саласындағы сондай-ақ мемлекеттік саясаттың орны ерекше. Мемлекеттік саясат бұл салада бағыты бағытталатын:

көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгi қызметiне еркiн қол жеткiзуi;

Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;

тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

Наши рекомендации