Дағдарыс жағдайынан эталондық жағдайға ауысу бойынша шаралар
Дағдарыс жағдайынан эталондық жағдайға ауысуды экономика-қаржылық көрсеткіштердің эталондық жүйесін дағдарыстық жағдай көрсеткіштері жүйесіне жатқызуды ескере отырып жүргізілген бағалау есептеулерінің барысында анықталатын қандай да бір қызмет түрін жақсартуға байланысты кезеңдер ретінде қарастырамыз.
Компанияның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың әсерін анықтау үшін бағалау есептері жүргізіледі, онда салыстыру базасы ретінде 2007 жылдың 3-ші тоқсанының бухгалтерлік балансы мен қаржы ағымдары қабылданады және олардың негізінде компанияның бастапқы дағдарыс жағдайы анықталады және ол құлдыраудың ең төмен нүктесі болып есептеледі.
Бұл есептеулер эталондық жағдаймен салыстырылады. Эталондық жағдайдың үлгісі компанияның өндірістік-қаржылық жағдайының ең жоғары мәндері көрінетін 2005 жылдың 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсандарының баланстарынан жинақталған.
Эталондық баланс, яғни 2005 жылдың 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсандарының баланстарынан жинақталған баланс 20043 жылдың 3-ші тоқсанының балансының ең жақсы немесе өзгермейтін мәндерін ескере отырып түзетіледі. Өзгерістердің қатарына мыналар жатады:
- Негізгі қаржылардың қалдық құны 7629 теңге деңгейінен 3967 теңге деңгейіне дейін төмендейді, яғни абсолюттік мәні 3662 теңгеге, ол кейін «Ақша қаржылары» бабына ауыстырылады;
- «Материалдық емес активтердің қалдық құны» 32,1 мың теңге деңгейінен 66 мың теңге деңгейіне дейін көтеріледі, яғни абсолюттік мәні 33,9 теңгеге, бұл сома «Ақша қаржылары» бабынан алып тасталынады;
- «Құрамындағы серіктестіктерге салынған инвестициялар» 9930,7 мың теңге деңгейінен 2389 мың теңге деңгейіне дейін төмендейді, яғни абсолюттік мәні 7541,7 теңгеге, ол бұдан кейін «Ақша қаржылары» бабына ауыстырылады;
- «Ассоциацияланған кәсіпорындардағы акциялар» 50 мың теңге деңгейінен 6650 мың теңге деңгейіне дейін көтеріледі, яғни абсолюттік мәні 6600 мың теңгеге, бұл сома «Ақша қаржылары» бабынан алып тасталынады;
- «Ұзақ мерзімдік инвестициялар» 80 812,4 мың теңге деңгейінен 89 999 мың теңге деңгейіне дейін көтеріледі, яғни абсолюттік мәні 9186,6 мың теңгеге, бұл сома «Ақша қаржылары» бабынан алып тасталынады;
- «Дебиторлық аванстық төлемдер» 2 000 теңгеге 838,5 мың теңге деңгейіне дейін төмендейді және «Ақша қаржылары» бабына ауыстырылады;
- «Құрылтайшылармен есептесу» 5000 мың теңге деңгейінен нольге дейін төмендейді, сомасы 5000 мың теңге, ол бұдан кейін «Ақша қаржылары» бабына ауыстырылады;
- «Ақша қаржылары» жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып сальдоланады;
- «Активтің 1-ші бөлімі бойынша қорытынды» жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып сальдоланады;
- «Активтің 2-ші бөлімі бойынша қорытынды» жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып сальдоланады;
Аталған өзгерістерді ескере отырып «01.01.2005 жылдың эталондық балансы», оған салыстырмалы түрде компанияның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша инновациялық шараларды қарастырамыз.
«01.01.2005 жылдың эталондық балансы» осы эталонға жету уақытын көрсетпей қарастырылады. Аналогиялық әдіс бойынша 2005 жылы жүзеге асырылған шаралардың жиынтығын 2...х жылы жүзеге асырса, онда оған жақын нәтижелерге қол жеткізіледі деген болжам жасалады.
Негізгі ұйымдастырушылық шара деп компанияның қорытынды балансын 245 521 мың теңге деңгейінен 381 941 мың теңге деңгейіне дейін жеткізуді есептеу керек, яғни балансты 136 420 мың теңгеге өсіретін қаржылық шешімдерді табу керек. Бұл үшін баланс активінің «Инвестициялар» 1-ші бөлімі бойынша «Құрамындағы серіктестіктерге салынған инвестициялар» деңгейін 2 962 мың теңгеге азайту және жалпы деңгейін 74 987,5 мың теңгеге жеткізу керек. Бұл шартты жүзеге асыру 1-ші бөлім қорытындысын 178 058 мың теңгеге дейін төмендетеді.
Келесі шара деп активтің айналымдағы қаржыларын өзгерту және оларды 205 883 мың теңгеге жеткізуді, яғни оларды абсолюттік мәні бойынша 141 383 мың теңгеге өсіруді есептеу керек. Бұл үшін 145 462 мың теңге мөлшерінде қысқа мерзімдік салымдарды тарту мүмкіндігін табу керек.
Сонымен қатар келесілерді төмендету керек:
- болашақ кезеңдердің шығынын - 255 мың теңгеге;
- ақша қаржыларын - 4 853 теңгеге;
- бюджетпен есептесуді - 670 мың теңгеге;
- басқа да дебиторлық қарыздарды - 890 мың теңгеге.
Аванстық төлемдердің 822 мың теңгег ұлғайтуға болады.
Баланстың пассивін өзгерту «Инвестициялар» 1-ші бөлімін 77 587 мың теңгеге ұлғайтуды және оны 322 866 мың теңге дейгейіне жеткізуді қарастыруы керек.
Бұл бөлімде:
- резервтік капиталды 20 млн. теңге деңгейіне дейін ұлғайту керек;
- бөлінбеген табысты 4 735 мың теңге деңгейіне дейін төмендету керек;
- мақсаттық түсімдерді 98 667 мың теңге деңгейіне дейін жеткізу, яғни түсімдерді 80 966 мың теңгеге өсіру керек;
- болашақ кезеңдердің табысын 535 мың теңге деңгейінде қарастыру керек.
2-ші «Ұзақ мерзімдік міндеттемелер» бөлімі бойынша оны ағымдағы 242 мың теңгеден 59 075 мың теңге деңгейіне дейін ұлғайтуду қарастыру керек. Бұл үшін қарыздарды реттеу керек:
- жеткізушілер бойынша 53 312 мың теңгеге;
- бюджет бойынша 80 мың теңгеге;
- әлеуметтік сақтандыру бойынша 23 мың теңгеге;
- бюджеттен тыс төлемдер бойынша 72,5 мың теңгеге.
Компанияның өндірістік-қаржылық қызметін «01.01.2005 жылдың эталондық балансы» көрсеткіштеріне ауыстыру кезінде келесі нәтижелерге жету көзделген:
рентабельділікті:
- капиталдың - 0,54%-тен 6,74%-ке;
- өткізудің - 12,07%-тен 38,28%-ке;
- өз капиталының - 0,58%-тен 9,35%-ке;
- өнімнің - 14,8%-тен 48,9%-ке;
қаржылық коэффициенттерді:
- қорсиымдылық - 136,2-ден 8,5-ке дейін;
- қаржы тұрақтылық - 0,93-тен 0,72-ге дейін;
- банкроттық - 0,26-дан 0,48-ге дейін;
- ағымдық өтімділік - 266-дан 3,8-ге дейін;
- мерзімдік өтімділік - 265-тен 3,8-ге дейін;
- абсолюттік өтімділік - 47,4-тен 0,12-ге дейін;
- жұмыс капиталы - 64 258 мың теңгеден 151 502 мың теңгеге дейін;
- автономия - 0,93-тен 0,71-ге дейін;
- жұмыс капиталын пайдалану тиімділігі - 0,0042-ден 0,0018-ге дейін;
айналу кезеңі:
- активтердің - 22 жылдан 5,6 жылға дейін;
- өз капиталының - 16,2 жылдан 3,25 жылға дейін;
- дебиторлық қарыздың - 990 күннен 194 күнге дейін;
- кредиторлық қарыздың - 10 күннен 227 күнге дейін;
- операциялық кезеңнің ұзақтығы - 1000 күннен 196 күнге дейін;
- қорқайтарымдылығы - 0,061-ден 0,307-ге дейін;
- нақты ақша ағымы - (-5 328) мың теңгеден 2 593 мың теңгеге дейін;
мүлік құрылымы:
- негізгі құралдар - 73,7-тен46,6%-ке;
- айналымдағы қаржылар - 26,3%-тен 53,9%-ке;
- несиелік қаржылар - 0-ден 0-ге дейін;
- ақша қаржылары - 63 307 мың теңгеден 202 945 мың теңгеге дейін;
- баланс валютасы – оң;
- баланс валютасының өзгеруі – 202 945 мың теңгеге немесе 55,6%;
- қаржылық жағдайдың тұрақтылығы – абсолюттік.
Қарастырылған баланстың және қаржы ағымдарының теориялық сызбасы компанияны жоғарыда аталған көрсеткіштер аумағына ауыстыру және таяу болашақта компанияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қарастыруға негіз бола алады.
3.2 Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру бойынша инновациялық факторларды енгізу
Инновациялық факторлар негізінде компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жолдарының бірі өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру болып табылады.
«Алекс» ЖШС ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру стратегиясы билік функцияларын орталықтандыру және бейорталықтандыру арасында ең тиімді шешімді іздеуге бағытталған, бұл келесі қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты:
1) сыртқы орта факторларының (сұраныс, баға және конъюнктура) өзгеруіне жедел бейімделу;
2) компанияның басшысын өндірісті оперативті басқаруға байланысты күнделікті, мардымсыз жұмыстардан босату;
3) барлық деңгейде басқарудың буындары мен сатыларының арасында қолайлы байланыстарды орнату; басқару құрылымының стыларының санын азайту;
4) мәселені шешу өкілеттілігін, осы мәселе бойынша ең көп ақпараты мен біліктілігі бар басқару аппаратының бөлімшесіне беру;
5) қабылданатын шешімдердің оперативтілігін жоғарылыту.
Бұл тұрғыдан басқарудың құрылымын шеңберінде басқару процесі жүзеге асатын, басқару қызметінің бөліну және кооперациялану формасы ретінде қарастыруға болады. Сонымен, басқару стратегиясы әртүрлі буындар арасында бөлінген барлық мақсаттарды біріктіреді, ал олардың арасындағы байланыс мақасаттарды орындау бойынша жекелеген әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Құрылымның басқарудың маңызды ұғымдарымен - оның мақсатымен, қызметтерімен, процеспен, қызмет ету механизмімен, адамдармен және олардың өкілеттіктерімен – байланысы оның ұйымның жұмысының барлық жақтарына орасан ықпал ететінін көрсетеді.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырудағы маңызды шарт басқару деңгейлері арасында ең тиімді байланысты таңдау болып табылады. Бұл үшін компанияға еңбек, қаржы, материалдық-техникалық және технологиялық қорларын тиімді пайдалана отырып, қойған мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегияны таңдау керек.
Бүгінгі күні «Алекс» ЖШС ең жоғарғы басқару органы бүкіл құрылтайшыларр ұжымының жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыс экономикалық және әлеуметтік даму бағыттарын айқындайды; пайданы бөлісу тәртібін белгілейді; жекелеген бөлімшелерді құру және олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды; сыртқы экономикалық қызмет бағыттарын белгілейді; әкімшілік пен еңбек ұжымы арасында туындайтын даулы жағдайларды шешеді, сонымен қатар Жарғыда қарастырылған басқа да шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешеді.
Күнделікті қызмет мәселелерін Бас директор және ол тағайындаған орынбасарлар, басқару аппаратының бөлімшелерінің басшылары шешеді. Бірлестіктің әлеуметтік-экономикалық қызметі бойынша шешімдерді барқару органдары жалпы жиналыста еңбек ұжымының қатысуымен құрастырады және шешеді.
Бас директор «Алекс» ЖШС басшысы болып табылады және оны қызметке акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайды.
Басқарудың белгілі бір қызметтерін атқаратын компанияның бөлімшелері мен қызметкерлері басқарудың қызметтік жүйешелерін құрайды. «Алекс» ЖШС басқару қызметінің функцияларын өзара экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және психологиялық байланыстағы басқару аппаратының бөлімшелері мен жеке қызметкерлер жүзеге асырады.
Компанияның басқару аппараты ғылыми-техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан «Алекс» ЖШС барлық бөлімдерінің өзара байланыстырылған бірлігін қамтамасыз ететіндей, сонымен қатар еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететіндей етіп түзілген.
«Алекс» ЖШС басқару құрылымына сәйкес басқарудың жоғарғы деңгейі келесідей: Бас директор; 4 орынбасар, соның ішінде Бас директордың 2 бірінші орынбасары: біріншісі – кәсіпорынның бас инженері; екіншісі – шаруашылық жұмыс және сыртқы экономикалық қызмет бойынша.
Компанияның негізгі потенциалы оның адам ресурстарында. Қажетті білікті еңбеккерлерсіз бірде-бір ұйым мақсатына жете алмайды және бәсекелестікке төтеп бере алмайды.
«Алекс» ЖШС персоналын сипаттайтын негізгі мәліметтер мен көрсеткіштерді қарастырайық.
Компанияның 2006-2007 жылдардағы персоналының сандық және сапалық көрсеткіштері 18-ші кестеде келтірілген.
Ші кесте.