Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
XIX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның ең бір шұрайлы солтүстікке орналасқан жерлері жергілікті халықтан тартылып алынып, көшіп келіп жатқан жат жұрттықтарға таратылып берілді. Қазақ жеріне қорған қамалдар көптеп салынды. Осы салынған қорған қамалдың маңына малдарын жаюға тиым салынды. Осынадай зорлық-зомбылыққа қарсы Орта жүзде халық наразылығы өрістей түсті. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресте Абылай ханның ұлы Қасым сүлтанның өзімен оның балалары Есенгелді, Саржан бастап шықты. Қасым сұлтан кезінде патша үкіметіне қамалдарды жою, қазақтарға жеңілдіктер беру жөнінде арыз шағымдар жасаған еді. Қасым және оның балаларының отаршыларға қарсы ерлік қимылын, қазақтың ұлы тарихшысы Ермүхан Бекмаханов кезінде дүрыс жазса да, кейін 50-ші жылдың басынан бастап басқа тарихшылар Қасым сұлтанды және оның балалары Есенгелді, Саржан, Кенесары, Наурызбай басқарған ұлт~азаттық көтерілістерін феодалдық кертартпа қозғалыс деп түсіндіріп келді.1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары Қасымов бастаған 5000 көтерілісшілер Ақмола бекінісін қоршауға алды. Ақмола бекінісін ертеңінде толық қиратты. 1838 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер Орынбор губерниясына қарайтын Торғай өзеніне келіп жетті. Торғай өзенінің бойында халық көтерілісінен бас тартқан сұлтандар мен байлардың ауылдарын шауып, өз халқының мүддесін орыстарға сатқан сүлтандар мен билерді жазалап отырды. Орал қаласынан Ташкентке бет алған орыс сауда керуендеріне көтерілісшілер шабуыл жасап, Ресей мен Орта Азия хандарының арасындағы сауда байланысын әлсіретіп отырды. Көтерілісті басу мақсатында 1838 жылы патша үкіметі көтерілісшілерге қарсы әскери старшина Лебедев басқарған 900 солдатты Орынбор қаласынан аттандырды. Лебедев әскеріне опасыз сұлтандардың жасақтары да ілесті. Лебедев басқарған әскер Кенесары қыстауларын басып алып, 50-ден астам адам өлтіріліп, 14 адам тұтқынға алынды. Осы жағдайдан кейін де патша үкіметіне қарсы күреске Кенесары бүкіл қазақ даласын тартудан бастады. Қазақстанның оңтүстігінен жасақ жинау мақсатымен Кенесары сарбаздары оңтүстікке бет алды. Кенесары бастаған көтерілісшілер өз күштерін толықтыра отырьш, 1841 жылы Қоқан хандығына қарсы күресте 4 мың сарбазды басқарған Кенесары Бұхар хандығының одақтасы ретінде соғыс жүргізді. Көп үзамай Кенесары сарбаздары Созақ пен Ташкент қаласын қоршауға алды. 12 күнге созылған шайқастан кейін Созақ қаласы алынып, қиратылды. Осыдан кейін Кенесары, Наурызбай басқарған Қазақ сарбаздары Сауран бекінісін басып алды. Орынбор генерал-губернаторы Обручев Кеңесары көтерілісшілерін талқандау үшін 300 адамдық әскерге әскери старшина Лебедевті басшылыққа сайлап, көтерілісшілерге қарсы аттандырды. Ырғыз өзенінің бойында кезіккен көтерілісшілермен негізгі шайқасы әскери старшина Лебедевке жеңіс әкелмеді. Лебедев генерал-губернатор Обручевтен жедел көмек сүрады. Генерал-губернатор Обручев Кеңесары көтерілісін талқандау үшін патша үкіметінен 14 мың сом ақша сүрады, оның үстіне тағы 3 мың сом сұрады. Ол ақшаны кім Кенесарының басын алып келсе, соған тарту етпек болды. Осы кезде Кенесарының әскерінің негізі Бағаналы руынан, Арғын руынан, Табын руынан, Тама руынан, Байбақты, Шекті, Шөмекей руларынан тұрған, Кенесары әскерінің негізгі саны 5 мыңнан асып кетті. 1 және 7 қыркүйекте 1843 жылы Кенесары басқарған көтерілісшілер орыс әскерімен кездесіп, ірі шайқастар болып өтті. Екі жақтан да адам шығындары көп болғанымен, патша әскерлері Кенесары басқарған көтерілісшілерді жеңе алмады. 1841 жылдан бастап бүкіл қазақ даласына хан болып сайланған Кенесарының беделі халық арасында жоғарылай түсті. 1841-1845 жылдары көтерілісшілердің қозғалысы қазақ даласының негізгі аудандарын толық қамти бастады. Кенесары сарбаздарының саны 20 мың. адамға жетті. 1844 жылы Кенесары көтерілісшілері патша әскерлерімен және патшаға сатылған сұлтандардаң жасақтарымен кезігіп соғысқан кезде, осы шайқаста көтерілісшілердің қарсыластарының арасынан 44 сұлтан өлтіріліп, Кенесары әскері жеңіске жетті. 1844 жылы генерал Обручев Кенесары басқарған халық қозғалысы туралы патша үкіметіне мазасыздана хабарлаумен болды. Кенесары басқарған халық көтерілісінің іс-қимылын басқа мемдекеттер де бағалай бастады. Мысалы Бүхар әмірі Кенесарыны сыйлап 60 мылтық, 16 зеңбіректі оғымен сыйлады. Ал Хиуа ханы Кенесары сарбаздарына 15 арғымақ 2 алтын ертоқым, 2 зеңбірек, оқ-дәрі көтерген бірнеше түйелерді жіберді. 1845 жылы патша үкіметі Торғай даласында және Ырғыз елді мекенінде екі қорған қамал салды. Бүл салынған қамалдар арқылы Кенесарыға қарсы күрес патша тарапынан өрістей түсті. Торғай даласында енді еркін қимылдай алмайтынына көзі жеткен көтерілісшілер ¥лы жүздің жеріне өтті. Ұлы жүздің халқы Кенесарының көтерілісшілерінен қолдарынан келгенін аямады. 1845 жылдың күзінде көтерілісші сарбаздар Қоқан хандығына қарсы шабуылдарын өрістетті. Сөйтіп, көп үзамай Кенесары сарбаздары Созақ қамалдарын басып алды. Кенесарының негізгі күші Ақмешіт бекінісін қоршап алғанымен әскер арасында аурудың тарай бастауына байланысты бұл бекіністі ала алмады. Сондай-ақ Қоқан және Бұхар хандықтарының басшылармның Кенесарыға қарсы бірігіп қимыл жасау туралы келісімдерін естіген көтеріліс басшысы Кенесары өз әскерлерін Балқаш және Іле бойына шегіндіріп әкетгі. Осы сәтте патша үкіметі генерал-майор Вишневский басқарған арнаулы әскерді көтерілісшілерді құрту мақсатында Балқаш бойына аттандырды. Жолшыбай Кенесары көтерілісшілеріне қарсы Қарқаралы округінің аға сүлтаны Күнанбай Өскенбаев, Аякөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтанбаев басқарған қазақ жасақтары Вишневскийдің әскеріне келіп қосылды. Вишневский қазақ сұлтандарымен біріге отырып Кенесары әскерлерін қоршап, артынан толық құртуды жоспарлады. Қоршауға толық алына қоймаған Кенесары әскерлері жау шебін бұзып өтіп, Алатау бөктеріне шегініп кетті. Патша әскерімен және патшаға сатылған аға сұлтандардың опасыздықтарын жеңе алмайтындығына көзі жеткен Кенесары патша үкіметіне қарсы күресте қырғыз халқының көмегіне сүйенбекші болды. Патша отаршыларына қарсы күресте қазақ халқымен бірігіп күресу үшін келісімге келген қырғыздар, қырғыз манаптары сұлтандардың үгіттеуіне байланысты қазақтармен бірге патша үкіметіне қарсы күрестен бас тартты. Кенесары әскерлерін талқандауға Қоқан әскерлері де жетіп үлгерді. Сөйтіп Кенесары сарбаздары толық қоршауда қалды. Кейбір сұлтандар Кенесары қосын тастап шығып, жау қолына барып қосылып, сатқындық етек алды. Ағыбай мен Наурызбай өз адамдарымен қоршауды бұзып шығады. Кенесарыны Наурызбай құтқарам деп келгенде ол да қолға түседі. Көтерілістің жеңілу себебі: біріншіден бірлік болмады. Екіншіден Қазақстан экономикасы дамуы Ресейден төмен болды. Е. Бекмаханов жазғандай бүл нағыз ұлт-азаттық көтеріліс болып табылады.