Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктін жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110 "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000 "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары - "Жай акциялар", "Артыкшылықты акциялар" (акционерлік коғамдарда) және "Салымдар мен пайлар" (серіктестіктердін акционерлік қоғамдардан баска түрлерінде) шоттары кредиттеледі.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 "Тәленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылык қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 2710 шотары;
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310-1350 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде – 1010, 1030 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110 шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдык құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы көлемін қыскарту жөнінде шешім кабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.
Сонымен катар, АК-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.
Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондыктан өз акцияларын нарықтык айналымға шығарады.
Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210 шоты арналған, ол 5000 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.
5210 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты дебеттеледі де және 1010, 1030, 1050 шоттары кредиттеледі.
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:
1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға
тең болған жағдайда: 5210 шоты дебеттеледі де, және 1010, 1030 шоттары кредиттеледі.
2. Сатып алынған акцияның құны номиналдык құннан төмен болған жағдайда:
- сатып алу кұнына:
5210 дебеттеледі де және 1010, 1030шоттары кредиттеледі;
- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:
5210 шоты дебеттеледі де және 5510 "Есептік жылдағы бөлінбеген табысы" шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады).
3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары
болған жағдайда:
- сатып алу құнына:
5210 шоты дебеттеледі де, 1010, 1030 шоттары кредиттеледі;
- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:
5510 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010, 5020 шоттары дебеттеліп 5210 шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 5210 шоттың кредитінен 7410 "Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша" шотының дебетіне жатқызылады.
Акциялардын сатылатын құнына олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6210 "Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша" шоты кредиттеледі де, 1280 "Басқа да" шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5310 "Эмиссиялық кіріс -Қосымша төленген капитал" шоты кредиттеледі.
Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.
Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:
- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
- қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарғылық капиталының минималды денгейінен кем болса;
- қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
- акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі
қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.
Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек.
Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.
Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары .Негізгі құралдарды, ұзак мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аякталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге күкылы. Қайта бағаланған негізгі құралға томендей корреспонденция жасалады.
Негізгі құралдарды (жерден баска) қайта бағалау кезінде 2410 шоттары дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоттары кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.
Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:
№ | Жазбалар мазмүны | Сомасы, тенге |
1. | Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш машинасыи сатып плды лелік. Пайдалану мерзімі 8 жыл. Амортизация нормасы 12,5%: - машинаныц біріішіі кайта бағалалуына дейінгі күны - 1-ші кайта бағалуына дейінгі есептслінген тозу сомасы | 12000 2000 |
2. | Қайтабағалау нәтижесііще(0 1.10.94 ж.,0]. 07. 97 ж.) машинаныі күны мен тозу сомасы томендегілей болады: - жол тегістегіш машинанын кұны - машинаныя тозуына байланысты есептелген сомасы - машннаның кайта басаланған сомасы (236 390 - 12 000) - машинаның кайта бағаланғаннал кейін, қалыгггаскдн тозу сомасы (103 539 - 2 000 = 101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелгси тозу сомасын шегереміз (64 339 тсңгс) - машшшиыц индексациялаисан сомасы (224 390 - 37 200) | 236 390 103 539 224390 37200 187 190 |
3. | Маішінаны одан орі карай пайдалану барысыіща, яғни 1997 жыллың 1 каңтарыпан 2002 жьыдыи маусымына дейінгі кезенд жьи сайын болінбегси табыстарға коінірілетін соманынденгей мынаған тен (187 190 тецге / 4,5 жыл) | 41 597,78 |
Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466,48 мын теңгесі 5420 шотының дебетінде және 5510 шотьшың кредитінде көрсетіледі.
Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.