Жарғылық капитал есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай – ақ бір акцияның атауы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез – келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министірлігі)тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:

- «Жай акциялар»,

- «Артықшылығы баракциялар»,

- «Салымдар мен жарналар».

- деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай – ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қордың өскен сомасына:

Д – т: «Төленбеген капитал» шоты,

К – т: «Жай акциялар» немесе «Артықшылығы бар акциялар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер үлес қосушылар мен акционерлерқоғамқа өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:

Д – т: «Ақшалар» шоты,

К – т: «Төленбеген капитал» шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:

- «Ел ішінднгі валюталық шоттардағы ақшалар»,

- «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар»,

- «Есеп айырылысу шотындағы ақшалар»,

- «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар».

- «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар».

- деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «Материалдық емес актив», «Негізгі құрал», «Материалдық құндылықтар» тағыда басқа түрде салатын болса:

Д – т: «Материалдық емес актив»,

«Негізгі құрал»,

«Материалдық құндылықтар» және тағыда басқа шоттардың тиістілері,

К – т: «Төленбеген капитал» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Сондай – ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай ) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

Д – т: «Материалдық емес активтер»;

«Негізгі құралдар»;

«Материалдық құндылықтар»;

«Ақшалар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі.

К – т: «Салымдар мен жарналар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.

«Қайтарылынып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте

Д – т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты,

К – т: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:

Д – т: «Қарапайым акциялар» немесе

«Артықшылығы бар акциялар» шоттарының тиістісі,

К – т: «Қайтарылып алынған капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда «Қосымша төленген капитал» деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (наминалдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал «Қосымша төленген капитал» деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның «негізгі құралдарын» , инвестицияларын сондай – ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын наминалдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

Д – т: «Ақшалар»

К – т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:

Д – т: «Қайтарылынып алынған капитал» шоты,

К – т: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:

Д – т: «Негізгі құралдар»;

«Материалды құндылықтар»;

«Инвестициялар» және тағы да басқа шоттардың тиістісі,

К – т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал»;

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал»;

«Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Сонымен қатар:

– негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскентозу сомасына:

Д – т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К – т: «Негізгі құралдардың тозуы» шоты түрінде;

– Негізгі құралдардың пайдалануына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөліндеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:

Д – т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К – т: «Есепті жылдың бөліндеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты түрінде;

– негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының азаю сомасына:

Д – т: «Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты,

К – т: «Негізгі құралдар» шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.

«Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:

– қарнжылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:

Д – т: «Инвестициялардан қайта бағалағаннан алынған қосымша төмендеген капитал » шоты,

К – т: «Қаржылық инвестициялар» шоты түрінде;

– қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:

Д – т: «Инвестициялардан қайта бағалағаннан алынған қосымша төмендеген капитал » шоты,

К – т: «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» немес «Құнды қағаздарды сатудан алынатын табыс» шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады.

Операциялардың мазмұны дебиттелетін шоттар кредиттелетін шоттар
Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы 5020,5010,
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) 2730,2710,2410,2931,1310, 1320,1330,1060,1030,1010
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа)жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы 2730,2710,2410,2931,1310,1320,1330,1060,1030,1010
Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына 5020,501
Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды 1030,1010,
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары 5020,5010,
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағымдық) айырмашылыққа байланысты өсуі
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағымдық) айырмашылыққа байланысты кемуі
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі 5020,501
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы 2730,2410,2931,1310,
Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына 1030,1010,
Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі: - егер акциялар өзінің атаулы құнынан төмен бағаға сатылып алынса; - егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса 5110 5510 5510 5110
Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы 1284,1030,1010, 1284,1030,1010,
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі 2410,2931,
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі
Негізгі құралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны.
Инвесторлардың, серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына 2120,2130,2310,
Қайта бағалаудың нәтижесінде алынған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі
Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі 2120,2130,2310,
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақытттағы , олардың бұрын қайта бағалнаған сомасы 5510,6280,(8 - ші және 12 - ші БЕС сәйкес)

1.3 Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым сомасы) бөлінген комерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлікжеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталдағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл – ой меншігі (интелектуальная собстенность) және басқа нәрселер жатуы мүмкін.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субьектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Тұрғда субьект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:

· Толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен (АК 64 – бап) белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

· Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері командиттік серіктестіктің (АК 74 – бабы) жарғылық капиталдың 50% құрылуы мүмкін;

· Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңды белгіленген (АК 78 – бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;

· Қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің жақтаушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84 – бабы);

· Акционерлік қоғам – жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығармаларының жиынтық атауы (наминалдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияларға ашық жазылыс жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88 – бап).

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталдың ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды (13.05.03 ж. № 415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 10 – бабы) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннең ішінде төленуі керек( 11 – бап, 2 – тармақ). Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санның 25 % көп болмауы керек (13 – бап, 2 – тармақ).

· Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі – жарғылық капитал акцонерлік қоғамдардың бір – бірімен өзара қатысуымен қалыптасады;

· Өндірістік капитал – жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады (АК 97 – бап);

· Мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді ( АК 102 – бап );

· Коммерциялық емес ұйымдар – басқаршылық, әлеуметтік – мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым (АК 105 – бап).

Шаруашылық жүргізуші субьекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл – ой (интелектуально) қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субьектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған (консолидированная) қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес – егер дауыс беру құқымен инвестрленген обьектінің 50 % акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын обьект – еншілес шаруашылық серіктестік болады.

Егер басқа заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20% көбіне ие болса (АК 95 – бап), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық серіктестігі деп танылады. Басқа субьектінің дауыс беру акциясының 20% - тен азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүргізіледі.

Салым ақшаға кез келген актив ( акшалай қаражаттар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы – материалдық қорлар) жатады.

Мұнда мына бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:

А) жарияланған жарғылық капитал сомасына:

5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті

5020 «Қарапайым акциялар», 5010 «Артықшылығы бар акциялар», 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттар кредиті

Ә) салым ақша сомасына:

2730 «Материалдық емес активтер», 2410 «Негізгі құралдар», 1310 – 1320, 1330 «Тауарлы – материалдық қор», 1030 «Инвестициялық валютадағы ағымдық шоттағы ақша», 1030 «Ұлттық валютадағы ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы ұлттық волюта түріндегі қолма – қол ақшалар» шоттар дебеті.

5110 «Төленбеген капитал» шот кредиті.

Бухгалтерлік жазулардың құжаттық ресімделуі салынған қаражат түріне байланысты. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар түгендеу карточкасын ашудағы негізгі құралдар (материалдық емес активтер) қабылдау – табыстау (ауыстыру) Актінің негізгі кірістеледі. Тауарлы – материалдық қорлар - материалдың қоймалық есеп карточкаларына кіріс ордерімен енгізілетін фактура – шотының негізіне кірістеледі. Ақшалай қаражат есеп айырысу (ағымдық), валюталық шоттар көшірмесінің негізіне, қолда бар ақша қаражаты – кіріс кассасы ордерінің негізіне кірістеледі.

Шаруашылық жүргізуші субьектінің жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.

Басқа субьектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын салушы жақ бұл субьектіге инвестициялар жүргізеді. Олар былай болуы мүмкін:

· Қаржылық – инвестициялық капиталдан табыс, өсім алу немесе басқа пайдалар алу мақсатында субьект иемденетін активтер, сондай – ақ пайдаланудағы жылжымайтын мүліктегі инвестициялар ( БЕС ( СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есебі»);

· Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар – оған бақылау жүргізуді жүзеге асырады, яғни оның қызметінен пайда алу мақсатында инвестицияланған субьектінің қаржылық және басқа саясатын белгілеу құқы (БЕС 13 «Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі», БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі», БЕС 15 «Қаржылық есеп берудегі біріккен қызмет бойынша қатысу үлесінің көрінісі »).

Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субьектінің қайта тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Коддекстің (27.12.94 ж.) 42 – бап, 6 – тармақ ; 74 – бап, 3 – тармақ; 78 – бап, 2 – тармақ; 90 – баптар жене «Акционерлік қоғамдар туралы» (№415 11 ҚРЗ 30.05.2003 ж.) Заңның 11 – бабы, 3 – тармағы.

Резервтік капитал есебі

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі (оперетивтік) Қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Ризервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Ризервтік капитал жарғылық капиталмен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Ризервтік капиталдың есебі 5410 – ші «Ризервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 – ші «Заңдармен белгіленген ризервтік капитал» .

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айдылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамының жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:

«Заңмен белгіленген резервтік капитал»

«Басқадай резервтік капитал»

- деп аталатын шотттарда есептеледі.

Резервтік капитал ұйымының таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Д – т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты,

К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:

Д – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиісті,

К – т: «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зияны)»;

«Өткен жылдардағы бөліндеген табыс (жабылмаған зиян)»;

«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағытттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.

Заңдармен белгіленген резервтік капитал есебі.Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай – ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарғылық капиталдың 15% - нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдардың қалыптастырған (құрған) кезде 5510 шоты дебиттеледі де, 5410 шоты кередиттеледі.

Резервтік капитла қаражаттарыи пайдалану 5410 – ші шоттың дебиттінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3030, 3397 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 - ші шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зыяны)», 5520 – шот «Өткен жылдаржың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі,5410 – ші «Басқа ба резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

5410 – шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар кореспонденциясы 5410 – шоттың корреспанденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Операциялардың мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы  
Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты ртықшылығы бар акциялар бойынша девидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы 3030,3397,
Кәсіпорын есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы 5510,5520,
Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
Өткен (алдынғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субьектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома 5020,5010,5030,

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз калауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай – ақ қоғамның облигациясын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.

Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.

Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.

Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін 5410 «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.

Резервтік капиталдың құрылуы:

5510 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот дебеті

5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шот кредиті

5460 «Басқадай резервтік капитал» шот кредит

Резервтік капиталдың құрылуы:

а) Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал (қатысушылар) есебінен төленген есептелген дивиденттер (үлесақы) сомасына:

5410 «Резервтік капитал » шот дебеті

3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырылысу», 3030 «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырылысу»; 3030 «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырылысу» шоттар кредиті.

ә) резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына:

5410 «Резервтік капитал» шот дебиті

5510 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) есептік жылдың», 5520 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) өткен жылдың» шоттар кредиті.

Наши рекомендации