Азақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:

- қызметкерлермен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;

- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;

- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;

- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.

Жұмыс бастылық пен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен әдістері. Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өзіндігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кезде еңбек нарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді: жалдамалы жұмыскерлер, жұмыс беруші фирмалар және мемлекет.Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайға байланысты еңбек нарықтарында пайда болатын мәселенің күрделілігіне қарай анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:

1. Жаңа жұмыс орындарын құру.Ол әртүрлі жолдармен іскеа сырылады: болашағы бар және жоғары мультипликаторлық әсер беретін өндіріс салаларында жаңатиімді жұмысорындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру; еңбекпен қамтамасызететін органдарды қаржыландыружәнет.б.

2. Шағын бизнесті қолдау және дамыту. Жұмыс орындарының ең көп санын шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіні белгілі. Әсіресе жеке еңбек іскерлігі,кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамыту да үлкен рөлі атқарады. Сондықтан шағын бизнесті қолдау негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Мәселен, көптеген дамыған елдерде жеке кәсіпорын ашамын деушілерге субсидиялар; жеңілдіктер мен арендаға гимараттар алу және лизинг негізінде техникамен қамтамасыз етуге көмектер беру қарастырылады. Кәсіпкерлікті белсенді қолдау саясаты нәтижесінде АҚШта шағын кәсіпорындар санының өсуі қарқынынан асып түскен.

3. Кадрларды кәсіптік дайында қайта дайындау ауқымының кеңейюі. Бұл екі мәселені бірдей шешуге мүкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту және экономика өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тәжирбиесінің жоғарлауына мүмкіндік береді.Т.б

Қазақстанда еңбек нарығының дамуы:

2008 жылғы 23 маусымда депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.М.Сапарбаев «Еңбекті, халықтың жұмыспен қамтуды және оларды әлеуметтік қорғауды дамытудың стратегиялары» деген тақырыпта баяндама жасады. , 2005-2007 жылдары жұмыс іздеп, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген азаматтардың шамамен 90%-і жұмысқа орналастырылды. Үстіміздегі жылдың бес айы ішінде 98,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, уәкілетті органдарға өтініш берген азаматтардың 70%-і жұмысқа орналастырылды.

Орнықты экономикалық өсу жағдайында жасалған шаралар нәтижесінде 2007 жылы халықтың жұмыспен қамтылу саны 7,6 млн. адамға дейін өсіп, ал жұмыссыздар саны 7,8%-тен 7,3%-ке дейін төмендеді (үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында тиісті көрсеткіштер 7,8 млн. адам және 6,9% болды.)

Сонымен қатар, жұмыспен қамту саласында белгілі бір проблемалар да бар: жұмыс күші сапасының төмендігі мен жұмыспен қамтудың тиімсіз болуы. Әлі де жұмыссыздық бар, әсіресе, жастар (9,4%) мен әйелдер (8,7%) арасында жұмыссыздық сақталуда.

Проблемаларды шешу мақсатында Министрлік Тәуекелдікті жеңілдету және жеңу стратегиясын әзірледі – ол өзіне формальды еңбек нарығының инновациялық эконимика жағдайларына бейімделу шараларын; жастарды, әйелдерді, оралмандарды жұмыспен қамтудың нысаналы өңірлік бағдарламаларын (жоспарларын) әзірлеуді және оларды жүзеге асыруды; әлеуметтік жұмыспен қамтуды дамытуды қамтиды. 2011 жылға қарай даярлауға және қайта даярлауға бағытталған жұмыссыздардың санын өткен жылмен салыстырғанда 11%-ке ұлғайту ұйғарылып отыр. Жыл сайын (2009-2011 жылдарда) 8 мың әлеуметтік жұмыс орнын ашу жоспарланады.

Жалпы алғанда, жұмысты жоғалту (жоқтығы) тәуелділігін басқару стратегиясын іске асыру 2011 жылы жұмыссыздық деңгейін 6,7%-ке дейін азайтуға және еңбек ресурстарының кәсіби құрылымындағы кәсіби жұмысшылардың үлесін шамамен алғанда 2 есе арттыруға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Азіргі уақытта елде орташа айлық жалақы 2006 жылғы 40775 теңгеден 2007 жылы 53238 теңгеге дейін және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 55422 теңгеге дейін өсті. Үстіміздегі жылы бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ке өсті, ал 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап олар үшін еңбек демалысына шыққан кезде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу енгізілді.

Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сөзсіз орындау туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет халықтың өмір сүру деңгейін қолдау жөніндегі қосымша шараларды өткізуге 30 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап:

- ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) және ең төменгі жалақы көлемін 10515 теңгеден 12025 теңгеге дейін;

- базалық зейнетақы төлемақысының мөлшерін 11,7%-ке өсіру көзделіп отыр, ол 4810 теңгені (немесе өскен КД көлемінің 40%-ін) құрайды. Зейнеткерлер ай сайын қосымша 1200 теңге алатын болады.

- шектеулі мүмкіндіктері бар адамдар қосымша 2928 теңге алатын болады. Асыраушысынан айрылған адамдар үшін ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) орташа мөлшері 2666 теңгеге өсетін болады;

- жасы бойынша МӘЖ – 1510 теңгеге өсетін болады. Барлық аталған жәрдемақылар бойынша қосымша төлемақылардың жартысы бірінші жартыжылдық ішінде өтемақы түрінде төленетін болады. Осы төлемақы түрлерінің өсуімен 2,3 млн. астам адам қамтылатын болады.

Балаларға және отбасыларына төленетін жәрдемақы мөлшерлері (18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны жыл сайын 9%-ке өсіру жоспарланып отыр; төрт және одан да көп бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы; баланы бір жасқа дейін күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мөлшері 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өседі) елеулі түрде өсетін болады.

Осыдан қорытындылай келе Қазақстанның еңбек нарығының жағдайының жақсы екенін түсінеміз. Егер бңз осы аталған пунктарды жүзеге асырсақ, елдегі қаржыландыру жүйесі жақсы болады....

69.ҚР шағын және орта бизнесті қолдау шараларыРеспубликалық бағдарламаларЕліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі мемлекеттік Бағдарламалары болып табылады, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің:

-2003 – 2015 ж. ҚР индустриалды– инновациялық даму стратегиясы.

-2005 – 2007 ж. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тездетілген шаралар бағдарламасы.

-2004 – 2006 ж. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.

«2003 – 2015 ж.ж. индустриалды – инновациялық даму стратегия» шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Олар: шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры, Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор және т.б.

Даму институттарының негізгі мақсаты инвестрлеу жолымен кәсіпкерліктерге белсенді қаржы – несиелік қолдау жүргізу және қосымша жоғары құнымен жұмыс атқарып тұрған өнеркәсіптерді дамыту және ғылыми, ғылыми – техникалық зерттеулерді қолдау және перспективті(болашақты) салалардың кешенді анализі негізіндегі өңдеулер, олардың маңызды элементтерін анықтау.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы– несиелік және инвестициялық қолдауы коммерциялық банктердің несиелеуі арқылы приоритеті жобаның тендерлік негізде мемлекеттік мақсатты қарыздарды өзіне қарату есебімен жүзеге асырылады , соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы жеңілдік шарттары.

Сонымен бірге инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына инвестициялық преференциялар жатады, олар қызметтердің приоритетті түрлеріндегі инвестициялық жобаларды қолдану кезінде инвесторлармен ұсынылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тездетілген шаралар Бағдарламасының жүзеге асыру арқылы

2005 ж

-«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерсітер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары өңделген. Мемлекеттік органдардың бақылау – қадағалау қызметтерінің тізімі анықталған, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға қосымша ретінде.

-Шағын бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша кеңейтілуді қамтамасыз етілді;

-«Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ негізінде қаржылық супермаркет құрастырылды.

-Кәсіпорындардың және нарықтық ортаға мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамның, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерліктердің профильді (салалы) емес қызметтерін қадағалау және талдау жүргізу;

-Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге дейін қосымша кеңейтуді қамтамасыз ету.

2007 ж:

-Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге дейін қосымша кеңейтуді қамтамасыз ету;

-Мемлекеттің жеке меншікті секторымен бірге қызмет жасасудың жаңа идеологиясын құруды аяқтау;

-Кластерлі – жүйелі ыңғай негізінде шағын және орта кәсіпкерліктерді дамытудың экономикалық моделін өңдеу, шағын және орта кәсіпкерліктерді мемлеттік қолдау жаңа стратегиясына және мемлекеттің бизнеспен бірге қызмет жасасу жаңа иделогиясына өтуді көрсетуі тиіс;

-Шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы және дамытуы берілген экономикалық модельлін қолдану контексінде содан кейінгі шаралар пайдаланылады.

Шағын қалаларды дамыту Бағдарламасын өңдеу экономикалық реформалар жылдарында көптеген шағын қалалардың дамуы кезінде теріс әсерлі өзгерістердің пайда болуы себепші болды. Нарықтық экономика жағдайында шағын қалаларды дамыту ыңғайын өзгерту керектігі туындады. Оларды ішкі ресурстар есебімен өзіндік дамуға ақырындап өткізу керек болды. Бағдарлама әлеуметтік және экономикалық факторлардың негізінде жақсаруларды қарастыратын кешенді мінездемеге негізделген. Бағдарлама шағын қалаларды дамытудың функциональді типологиясына сәйкес негізгі бағыттарын, әкімшілік – құқықтық және экономикалық сипаттағы нарықтық бастамадағы өзіндік даму қабілеті бар шараларын анықтайды.

Бағдарлама шеңберінде экономикалық тиімді инвестициялық жобалардың қаржылануы қарастырылған, Қазақстанның шағын қалаларындағы шағын кәсіпкерліктің субъектілері, олардың қолдануы аймақтық экономикасының дамуына бағытталған. Дағдарысты еңсеру бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген 127 миллиард теңгенің 123 миллиарды игерілді.Бұл туралы Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Оның айтуынша, жалпы осы бағытта 2440 қарыз алушыға несие бөлінген. «2009 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында шағын және орта бизнес саласы 2,2 триллион теңгенің өнімін шығарды. Атап айтқанда, бұл шаралар жасалмаса, кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалар еді. Бұған жол берілген жоқ», деді К.Мәсімов. Шағын және орта бизнесті қолдау
12 банкке бөлінген 117 млрд.тенгеден 133,6 млрд. теңге игерілді. Бұл АТФ, БТА және Казкоммерцбанктерінің өздерінің ақшасын салғаны арқасында болды.
Бағдарлама арқылы 2 550 кәсіпкер несие алды, олардың ішінде 1580 несие алушы бұрынғы несиелерін қайта қаржыландырса, 971 несие алушы жаңа несие алды. Былтырғы бағдарламалардың 70 пайызы қайта қаржыландыруға жұмсалса, биыл ақшанық 51 пайызы ғана қайта қаржыландыруға жұмсалып 49 пайызы жаңа жобаларға жұмсалды.
Осы бағдарлама арқылы 3886 жұмыс орны құрылып сақтап қалынды.
Өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау үшін шілде айынан бастап «Даму Қолдау» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарлама арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндеумен және тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпкерлер банк кепілдемесі арқылы қаржыландырылатын болады. Бұл бағдарламаға біздің Қордан 3 млрд.теңге және банктер жағынан 3 млрд.теңге жұмсалатын болады.

70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі(эссе)Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.Қазіргі уақытта шетел инвестицияның көп бөлігі ҚРның өндірістік саласына жұмсалуда. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар инвестиция туралы шешім қабылдайды.Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына” сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда – Қазақстанды әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.Сонымен қатар, Қазақстанда экспорттік бағытталған экономиканы жәнеде бәсекеге қабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар жасау мақсаттарында жұмыстар жүргізілуде. Бұл алдыға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл заңмен шетелдік және отандық инвесторларға құқықтық режимі бірдей және заң бойынша біртұтас талаптар қойылады.

Тікелей шетелдік инвестицияларды елімізге тарту бір жағынан еліміздің өндірістік тиімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.Әлемдік экономикада өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі компаниялардың жетекшілері қатысқан әлемдік форумда Президентіміз әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарына қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз және экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға мүдделіміз, деп атап көрсете келіп, шетел инвесторларын қызықтыратын ауыл-шаруашылығы, қайта өңдеу өндірісі, минералды шикізаттарды қайта өңдеу, мұнай-химия және мұнай-газ өндірісінің машиналарын жасау салаларына инвестиция салуға шақырды.

71.ҚР кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалың дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет еліміздің экономикасы үшін халықтық әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ қазіргі таңда кәсіпекерлікті дамытудың негізгі проблемалары: шағын кәсіпкерліктің қаржылық pecypcтapғa қол жеткізуінің жеткіліксіздігі;кәсіпкерлікті жүргізудің мәдениетінің төмендігі, мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде салалық әне аймақтық кәсіпкерлікке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтың жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін, экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортта негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыруды қолға алу қажет деп ойлаймын.

Наши рекомендации