Кіріске алу есебі және негізгі құралдардың талдамалық есебін ұйымдастыру

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімшеден, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (кордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ баска да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады, Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі келесі бетте келтірілді.

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды any туралы жазбасы жасалады, Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады.

Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Барлык негізгі құралдар үшін Мүліктік карточкасының нысаны төменде келтірілген.

Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінін қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мөліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі", ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдын объектілерін есептен шығаруға "Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі" негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін "Жөнделген, кайта қүрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері" негізінде жазылады.

"Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде — қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: "Қолданыстағы негізгі құралдар" ("Үйлер", "Ғимараттар", "Өткізгіш тетіктер" және басқа жіктік топтары бойынша), сондай-ақ "Ағымдағы айда келіп түскені", "Ағымдағы айда шығып кеткені", "Ішкі орын ауыстырғандағы", "Жөндеудегі", "Қордағы", "Тоқтап түрғаны (консервациядағы)", "Жалға берілген негізгі құралдар", "¥зақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар", "Жалға алынған негізгі құралдар", "Архив".

Ай ішінде "Түскендері", "Есептен шыққандары" және "Ішкі орын ауыстырғандары" бөлімдерінің карточкалары 2410 -"Негізгі құралдар" бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап түруы біткеннен кейін, қордан қолданыска өткізілгеннен, т.с.с кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойьшша картотекаларды "Архив" бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді. Карточка төменде келтірілген.

Субъектінін материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша негізгі құралдардын мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сакталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.

1. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері

Жерді тұрақты пайдаляну құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңына сәйкес жер территориялық кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялық негіздегі кез келген еңбек процесі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың біркатар саласының, атап айтқанда, ауыл жөне орман шаруашылығының кажетгі материалдык алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның койнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ақ, бекітілген зандар негізінде, шартгар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға кайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.

Мемлекет меншігіндегі жерден онын учаскелерін:

- сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;

- тұрақты немесе уакытша пайдалануына;

- заң актілерінде қаралған шартгары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.

Жерді пайдалану құқы - ме.млекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ (тұрақты) немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануына құқығы бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық-құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.

Өкілетті органдардың беретін жер учаскелеріне құқын куәландыратын қүжаттар болып: жерді тұрақты және жер учаскелерін жеке меншікке пайдаланған кезде жерді тұрақты пайдалану құқын және жер учаскелерін меншікке беру құқын растайтын актісі;

жерді уақытша пайдалануға құны бойынша беру - жер учаскелерін жалға беру туралы келісім-шарты;

жерді уақытша тегін беру - жерді тегін беру туралы келісім-шарты.

Жерді тұрақты пайдалану құқығы мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі:

- ғимараттарға, кондоминиум объектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды
тұлғаға;

Кондоминимум - қозғалмайтын мұлікке бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы, бұл жағдайда тұрғын үйдегі жекелеген пәтерлер азаматтардын немесе заңды тұлғалардың меншігінде болыл, ал тұрғын үйдің өзі кәсіпорынның (жеке меншік пәтерлердің кооперативтеріндегі тұрғын үй - оларға жалпы үлестік меншік құқықтарында тиесілі) иелігіне жатады.

- ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;

- жердің пайдалануын айрықша табиғи аймактарын қорғайтын заңды
тұлғаға;

- заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.

Жерді қыска мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Жерді басқа да құралдармен салыстырғандағы айырмашылығы — шаруашылық айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана қоймай (құнарлылығының кемуі), сонымен қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.

Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің толем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-10 заңымен бекітілген.

Жер телімінің нақты бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер учаскілерін бағалау үшін жер үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.

Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Әрбір жер телімі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктік карточкалары ашылып, жердің аналитикалықесебі жүргізіледі.

Карточкалар "Жер телІміне меншік құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану құқығы туралы Актілерінің" негізінде толтырылады. Карточкада: жер телімінің реттік немірі (код); жерді пайдаланушы (толык мекен жайы); жер телімінің аумағы (көлемі); жер телімінің пайдалану мақсаты; пайдаланудағы шектеулер және жер телімінің ауыртпашылығы (егер олар бар болса); жер телімінін, бөліну мүмкіндігі; "Жер теліміне меншік құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану актісінің" берілу негізі және басқа да мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Карточкеде, сондай-ақ жер телімінің шектесетіндері (аталған телімі кімдердін жерімен шектесіп жатыр); құнарлылық (пайдалануға жататын жердін) түрлері, топырақ типтері мен тип тармақтары (ауыл шаруашылығына арналған жер үшін), жер үшін төлем мөлшерлемесі (теңге); жер ақысына түзету коэффиииенті; жер телімі және бағалау құны және жерді пайдаланушының ырқы бойынша басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Меншік құқы мен жерді пайдалану құқы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да Қазакстан Республикасының заң актілерінде қаралған тәртіпте қорғалады.

Меншік иесі немесе жерді пайдаланушылардың шеккен зияндары толық көлемде өтеледі, егерде:

- меншік құқығынан немесе жерді пайдаланушылардан мемлекеттің қажеттілігі үшін қайтарылып алынса;

- меншік құқығына немесе жерді пайдаланушыларға жерді пайдаланудың айрықша тәртібі белгіленуіне байланысты шектеулер енгізілсе;

- меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы бүзылса;

- объекті салу және пайдалану нәтижесінде жердің сапасы төмендесе,
нәтижесінде жер құнарлығы мен суару жағдайы нашарласа;

- төтенше жағдай кезінде жерді қайтарып алса

Меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың шеккен зияны, соған зиян келтіргендердің есебінен өтеледі.

Уақытша әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі. Қолданыстағы заңға сәйкес шетелдік инвесторлар, басқа да заңды тұлғалар өндіріс процесінің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдалану үшін Қазакстан Республикасының территориясына өндіріс құрал-жабдықтарын мен басқа да негізгі құралдарын уакытша әкелуге құқылы. Бұл негізгі құралдар өзгертілмеген күйінде әз иесіне қайтарылады, тек табиғи тозуынан басқасы. Республикаға әкелінбейтін негізгі құралдардың категорияларын Қазакстан Республикасы Министрлер кабинеті анықтайды. Негізгі құралдарды әкелуге кедендік органдар рұқсат береді. Әкелу мерзімі әкелу мақсатымен белгіленеді және ол әдеттегідей екі жылдан аспауы тиіс.

Негізгі қүралдардың Республикаға әкелінетін мүліктері толықтай немесе ішінара кеден салығынан босатылуы мүмкін.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының субъектісі кедендік территория шегінен тыскары шетелдерде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларын алып кетуіне құқылы.

Әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі келесі: 2411-2415 "Уакытша әкетілген негізгі құралдар" қосалқы шоттарында жүргізілуі мүмкін.

Уақытша әкелінген негізгі құралдарды есепке алған кезде негізгі құралдар шоттары дебеттеліп, 3390 шоты кредиттеледі.

Уакытша әкелінген негізгі құралдарды пайдалану процесінде олар бойынша белгіленген тәртіп бойынша олардың амортизациясы есептелінеді. Бұл жағдайда 2416 , 7110 , 7210 , 8400 , шоттары дебеттеледі де, соған сәйкес 2420 -Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің шоты, 3-ші "Уакытша әкелінген негізгі құралдардың тозуы" қосалқы шоты кредиттеледі.

Уақытша әкелінген негізгі құралдар қайтарылған кезде мынадай шоттар корреспонденциясы жасалынады:

- уақытша әкелінген негізгі құралдардың бастапқы құнына: 3390 "Басқа да
кредиторлык берешек және есептеулер" шоты дебеттеліп, 2410 "Негізгі құралдар" шоттарының бөлімше шоттары кредиттеледі;

- есептелінген тозу сомасына: 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімше
дебетгеліп, 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесі кредиттеледі.

Негізгі құралдардың әкетілуі 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесінін, дебетінде және тап осы бөлімшесінің 2411-2415, 1-ші "Меншікті негізгі құралдар" қосалқы шотынын кредитінде көрсетіледі. Уақытша әкетілген негізгі құралдар осыған керісінше жазбалар арқылы көрсетіледі.

Қолданыстағы нормалар бойынша есептелген тозудын сомасына 7470 "Негізгі емес қызмет бойынша баска да шығыстар" шоты дебеттеліп, 2421-2424 "Негізгі құралдардың тозуы" шотының 4-ші "Уақытша әкетілген негізгі құралдардың тозуы" деген қосалкы шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды әкелгеннен кейін 2421-2424 шотының, 4-ші субшотындағы сомасы дебеттеліп және 2421-2424 шотынын, 1-ші "Меншікті құралдардың тозуы" қосалқы шоты кредиттеледі.

Егер шаруашылық жүргізуші субъект шетел компаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылмаса әкелінген негізгі құрал баланстан тыс шотта есепке алынады.

Мысалы: ЖШС "Вега" "ENRON" компаниясымен 1 ақпанда 2000 жылы 12 айға құрал-сайманды жалға алу үшін келісім-шарт жасаған. Жалға алынған құрал-сайманның құны 2 000 000 АҚШ долларын құраған, ай сайынғы төленетін жалдау құны 5 000 АҚЩ долларына тең болған.

Сол құрал-сайман кеден бекетінен әткен кезде доллардын бағамы 139,45 теңгеге тең болған. Келісім шарттың жағдайы бойынша жал ақысы резиденттің алатын табысынан табыс салығы шегерілген сомадан төленетін болып келісілген. Енді біз келтірілген мысалға шоттар корреспонденциясын жасаймыз

Қа-тар №     ІІІарузшылық операцняларының мазмұны     Co Mac ы, теңге     Шоттар корреспонденциясы
дебет Кредит
1. Жалғз алынган құрал-сайман келіп түсті (2 000 000 X 139,45) 278 900 000 001 "Жалға алынған негізгі құралдар" -
2. Жалға төлемі өндіріс шығынына жатқызылды (5 000 х 24 х 145,65) 17478 000
3. Бағамдық айырмасы бойынша шығыеы жатқызылды [120000х(151,3- 145,65)]     678 000    
   
4. Резндент еместүлғаның табысынан табыс салығы үсталыңцы (17 478 000 -t 678 000) х 20% 3 631200 3110 "Төлеуге тиісті корпоративті табыс салығы"
5. Шетел компаниясына жалғаға берілген қарызы етелді 14 524 800
6. Ре-зидент емес тұлғадан үсталған табыс салығы бюджетке. аударыпды 3 631200 3110"Төлеуге тиісті корпоративті табыс салығы"
7. Жалға мерзімі аяқталған соң, шетел компаниясының құрал-сайманы өзіне қайтарылды 278 900 000  

Наши рекомендации