Негізгі сөздер. Пайда таза табыстың баға арқылы көрінетін нысаны
· Қорлану қоры
· Тұттыну қоры
· Таза табыс
Пайда таза табыстың баға арқылы көрінетін нысаны.
Пайда - бұл тауар орнатылған бағамен өткізілгеннен кейінгі алынатын табыстың бір нысаны болып табылады. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын таза табыс алады. Акционерлердің жиналысының шешімі бойынша таза табыс белгілі бір қатынаста тұтлыну және қорлану қорына бөлінеді. Қорлану қорының есебінен кәсіпорын әртүтрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, кадрларды дайындайды және қайта дайындайды. Тұттыну қорының есебінен кәсіпорын қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдер артуы мүмкін, сонымен қатар әлеуметтік сала мекемелерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Өнімнің бағасының құрамына оның өзіндік құны мен бірге таза табыс та кіреді. Таза табыстың басты нысаны ол - пайда. Таза табыс экономикалық жұйеге және бухалтерлік есепке байланысты әртүтрлі нысанда көрінеді: пайда, пайыз, рента, акциздер және т.б. Батыс экономистерінің "пайда" үғымы туралы көзқарастары әртүтрлі екендігін айта кеткен жөн.
Атақты американ экономисі П.Самуэльсон пайданың табиғаты туралы 4 түрлі көзқарасты атап көрсетеді:
1. өндіріс факторларынан алынатын міндетті табыс
2. кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін және техникалық
жетілдіруді енгізгендігі үшін сыйақы
3. тәуекелділікке және белгісіздікке төленетін төлем
4. монопольды табыс.
Пайданың пайда болуы туралы теориялардың көптігі, бұл үлымның күрделілігімен және саяси-әлеуметтік себептермен түтсіндіріледі. Тауарларды (қызметтерді) өткізуден түтсетін пайда. Қосымша құн салығының және акциздерсіз, ағымдағы бағамен тауарларды (қызметтерді) өткізуден алынған табыс пен осы тауарларды (қызметтерді) өндіру және өткізу үшін кететін шығындар айырмасына тең.
"Өнімді өткізуден түтсетін пайда" және "кәсіпорын пайдасы" үғымдарының аймаршылықтары бар. Кәсіпорын пайдасы тек өнімді өткізуден түтсетін пайдамен шектелмейді, ол сонымен қатар: басқа кәсіпорындарға үлестік қатысуы арқылы, акциялардан және басқа бағалы қағаздардан алынатын дивиденттерден, мүлікті жалға беруден түтсетін табыстан, валюта шотындағы оң курстан және т.б. құралады.
Кәсіпорын табысының үлғаюы мемлекетті қызықтыруы тиіс, себебі мемлекеттік бюджеттің табыстар құрылымында табысқа салынатын кейінгі екінші орында тұтрады. Тұтрақты бағаларда алынатын пайда мөлшері өзіндік құнның динамикасына тәуелді. Пайданың өзіндік құнмен мүндай байланысы өндірістің экономикалық эффективтілігін сипаттайды, оның өсуі кәсіпорынның және мемлекеттік бюджеттің табысын өсіреді.
Рентабельділік (табыстылық) Пайданың салыстырмалы шамасы ол табыстылық (рентабельділік)
Егер де мемлекет бағаны реттейтін болса, онда ол пайданы емес, рентабельділік (табыстылық) нормасын реттейді. Бұл пайданың абсолютті шамасы рентабельділік нормасына тәуелді болатын туынды шама екендігімен түтсіндіріледі. Рентабельділік түтрлері: шығындар, сату, мүлік, жарғылық капитал рентабельділігі. Баға жасалуда өнім рентабельділігінің маңызы зор, себебі ол шығындар рентабельділігімен мағыналас. Ол шығарылым эффективтілігін көрсетеді, өйткені тауарды өткізгеннен кейін алынатын пайда мен тауарды өндіру үшін кеткен шығындардың өзара байланысын сипаттайды. Бұл жағдайда жалпы есептеу бағасына енетін пайда, бюджетке шығын келтірмей (қолданылып отырған заңнамаға сәйкес) кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Баға жасаудың күрделі мәселелерінің бірі болып табиғи монополиялар бағасының құрушысы болатын пайданың мөлшерін анықтау болып табылады. Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шілдесінде қабылданған «Табиғи монополиялар туралы» Заңы өз күшінде. Бұл Заңға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 ж. 21 қыркүйекте «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің жеңілдетілген ережесі» деген қаулы қабылдады. Бұл қаулыға сәйкес табиғи монополиялар субектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жеңілдетілген ретте жұргізу:
1. тарифті бекіту (бағаны, мөлшерлемені, жинақты)
2. тарифтік сметаны бекіту;
3. шығындардың жасалуының ерекше ретін бекіту;
4. табыстарды, шығындарды және реттелетін қызметтердегі қолданыстағы активтерді есепке алудың ретін бекіту;
5. есептік саясатпен үндесу;
6. уақытша теңестіретін тарифті бекіту (баға, мөлшерлеме, жинақ)
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырмалар
1. Пайда мөлшеріне әсер етуші факторлар.
2. Еркін бағаларда пайданы есептеудің және талдаудың әдістері.
3. Салықтар - бағадағы таза табыстың құраушы.