Мемлекеттік айыпты қолдау сөзі
Бүгін біз Ақтау қалалық сотының басты сот талқылауында ___кімге_______ ҚР ҚК-нің 179 бабы 2 бөлігінің «д» тармағымен айыптаған қылмыстық істі қарап, жәбірленушінің, күдіктінің, іс бойынша куәлардың жауаптарын тыңдап, сараптама қорытындысын зерделеп сот тергеуін аяқтап, істің негізгі жарыссөз бөлігіне келіп отырмыз.
Бүгінгі күні Сіздердің алдарыңызда сотталушы орындығында отырған ____________ заңға қайшы, меншікке қарсы қылмыс жасалған.
Сотталушымен жасалған қылмыстық істің мән – жайына тоқталар болсам, алдын-ала тергеу органымен анықталғандай, ол ҚР ҚК-нің 179 бабы 2 бөлігінің «д» тармағында көрсетілген – қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жасалған қарақшылық – деген қылмысты жасағаны үшін айыпталып отыр.
Яғни, __ 01-02.11.2013 жылы сағат 00.30 шамаларында Ақтау қаласының 23 шағын ауданында«Асар-С» базарының жанында орналасқан жанар жағар май станциясы маңында масайған күйінде азамат __ кездестіріп, қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкіне шабуыл жасап қарақшылық жасау мақсатында соңғының денсаулығы мен өміріне қауіпті күш қолдану мақсатында сол маңнан тас алып, соңғының басынан аталған таспен бір рет соққы беріп жерге құлатып, өзінің қарақшылық жасау мақсатындағы шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына күш қолдануға бағытталған қылмыстық іс әрекетін аяғына дейін жеткізу мақсатында, соңғының шалбарының оң жақ қалтасында болған бағасы 20.000 теңге тұратын «Самсунг Дуос» маркалы ұялы телефонын, ішінде болған 2.000 теңге тұратын 2 дана сим карталарымен бірге және шалбарының артқы қалтасында болған 5.000 теңге ақшасын шабуыл жасау арқылы тонап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Нәтижесінде, __ қарақшылық шабуыл жасап тонау мақсатындағы қылмыстық іс әрекетімен жәбірленуші __-27.000 теңгеге материалдық шығын келтірген.
Сөйтіп, __ өзінің қасақана қылмыстық іс әрекетімен ҚР ҚК-нің 179 бабы 2 бөлігі «д» тармағында көрсетілген- қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұщтасқан денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жэасалған қарақшылық деген қылмысты жасаған.
24.11.2014 жылғы сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленуші __ атына ашылған №3548 санды стационарлық науқастың медициналық картасы бойынша анықталған бастың тұйық жарақатынан бас миының жеңіл дәрежеде соғылуы, оң жақ төбе сүйегінің жарқыншақты батық сынығы, бастың соғылған және көгерген жарақаттары қатты доғал заттың әсерінен пайда болған денсаулығына «ауыр» дәрежедегі жарақат келтірілген.
Алдын-ала тергеу және сот тергеуі кезінде де сотталушы өзінің кінәсын толығымен мойындамады.
Алайда оған қарамастан, оның кінәсі жәбірленуші __, куәлардың, алдын ала тергеу және сот тергеуіндегі өзгеріссіз, тұрақты жауабымен, беттестіру, заттар мен құжаттарды табыс ету хаттамаларымен, айғақ затты танып іске тіркеу қаулысымен, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен және т.б. қылмыстық іс құжаттарымен дәлелденеді.
ҚР Жоғарғы Сотының 15.08.2002 жылғы №19 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының 1 тармағына сай, Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді.
Осыған байланысты Құрметті сот Сізден осы істің ақ-қарасын шешетін түпкілікті шешім қабылдарда, істің нақты мән-жайын, күдіктінің қылмыстық әрекетін, осы істің қозғалуына себеп болған жәбірленуші арызының мағынасын негізге ала отырып, әділ шешім, яғни айыптау үкімін қабылдауыңызды сұраймын.
Себебі, ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.2003 жылғы №8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 24 тармағына сай, қарақшылық кезінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған жағдайда, қосымша ҚР ҚК-нің 103 бабына дәрежеленбей, толықтай ҚР ҚК-нің 2 немесе 3 бөліктерін қамтитыны көрсетілген.
Сонымен қатар, жәбірленушіге өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда (мысалы, өмірлік маңызды дене мүшелеріне аяқ-қолдарымен көптеген соққылар беру және с.с.) жеңіл зиян келтіріліп, одан айығу үшін ол амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылдауға мәжбүр болса, мұндай жеңіл зиян да адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті деп танылуы мүмкін.
Сондай-ақ, шабуыл кенеттен жасалуы қажет.
Мұндай жағдайда, жәбірленушіге оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар орын алды деуге негіз бар.
Себебі, шабуыл тұтқиылдан орын алған және жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян келтірілген.
Атап айтқанда, сот тергеу кезінде жәбірленуші _ оған күдікті __ кенеттен шабуыл жасағандығы, куә ретінде жауап берген сарапшы маманның жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті «ауыр» дәрежедегі зиян келтірілгені жөнінде және куә __күдікті __ұстау кезінде, соңғының қалтасынан жәбірленуші __ тиесілі «Самсунг Дуос» маркалы ұялы телефонын хаттама толтыру арқылы тәркіленгені туралы берген айғақтары нақты дәлел болады деп есептеймін.
ҚР Жоғарғы Сотының 11.07.2003 жылғы №8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 7 тармағына сай, ұрлық, алаяқтық және тонау, егер мүлік алынып қойылса және кінәлі адамның ұрланған мүлікті пайдалану немесе өз қалауы бойынша өзгеше билік етуге нақты мүмкіндігі болса, ал қарақшылық - мүлікті иелену мақсатында жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық жасаумен немесе осындай зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау кезінен бастап аяқталған қылмыс болып танылады.
Сондықтан, __ ҚР ҚК-нің 179 бабы 2 бөлігі «д» тармағымен айыптау үкімін қабылдауды дұрыс, әрі әділ шешім деп есептеймін.
Сонымен қатар, жаза мәселесін талқылағанда, сотталушының жазасы мен кінәсін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеру қажет.
ҚР ҚК-нің 53 бабында көрсетілгендей күдікті __ жасаған қылмыстық іс әрекетінде жазасын жеңілдететін мән-жайлары және ҚР ҚК-нің 53 бабында сәйкес, сотталушылардың кінәсі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ.
Осы айтылғандар негізінде және ҚР ҚІЖК – нің 62, 317, 364 – баптарын басшылыққа ала отырып,
РМЕТТІ СОТ !!!
Сұраймын:
______ – ҚР ҚК – нің 179 бабы 2 бөлігінің «д» тармағында көрсетілген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп,7 жылға бас бостандығынан айыруды.
Күдіктіге қолданылған «ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау қолхаты» түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамауға алуды. Айғақ заттардың тағдырын ҚР ҚІЖК – нің 118 бабына сай шешуді. Талап арыз мәселесін ҚР ҚІЖК – нің 169 бабына сай шешуді.
МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
Ақтау қаласы