Заңдылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымы

Өкімет аралық Конвенция шешімімен 1956 жылы Заңдылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымы (ЗМХҰ) құрылған. Оның құрамына 80-нен астам мемлекеттер кіреді.

ЗМХҰ мақсаты – заңдылық метрологияның жалпы мәселелерін әзірлеу, сонымен қатар өлшеу құралдардың дәлдігін анықтау; типтерді, үлгілерді және өлшеу приборлардың жүйелерін анықтау, олардың метрологиялық сипаттамаларын бірыңғайландыру мақсатымен сынау туралы ұсыныстарын біркелкі түрге келтіру; өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу тәртіптерін анықтау; салыстырып тексеру аппаратураларды, эталондық, үлгілік және жұмыс өлшеу құралдарының салыстырып тексеру және аттестация жүргізу әдістерін үйлестіру; метрологиялық қызметтердің оптималды ұйымдастыру формасын құрастыру; дамитын мемелекеттерге ғылыми-техникалық жағынан метрологиялық қызметтерін ұйымдастыруға және қажетті жабдықтармен қамтуға, метрология саласына мамандарды дайындауға көмек көрсету.

ЗМХҰ-ның жоғары басқару органы – төрт жылда жиналатын Халықаралық конференциясы болып табылады.

ЗМХҰ-ның атқару органы – Заңдылық метрология жөніндегі Халықаралық комитеті (ЗМХК), оның ішіне әр мүше-мемлекеттерінің уәкілдері кіреді. ЗМХҰ-ның құрамына екі вице-президент, ЗМХБ директоры және бес ең белсенді ЗМХК-ның мүшелері кіреді.

Комитеттің және Конференцияның жұмыстарын, Парижде орналасқан Заңдылық метрологиялық халықаралық бюросы үйлесті-реді.

Техникалық комитеттерінің (ТК) негізгі міндеті – төрт жылға арналған жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу. ТК және комитет ішкі жұмыс бағыттарына байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: метрологияның жалпы сұрақтары бойынша; өлшеудің жеке түрі бойынша; бөлек қызмет істеу салаларын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша.

ЗМХҰ екі түрлі құжаттарды дайындайды – халықаралық құжаттар (ХҚ) және халықаралық ұсыныстар (ХҰ). ХҚ ЗМХҰ-ның жұмыс органдарына арналған, ал ХҰ – ЗМХҰ-ның мүше-мемлекет-теріне арналған.

ЗМХҰ-ның әзірлеп енгізген құжаттары өлшеу құралдарын сертификаттау жөніндегі халықаралық жүйесін құруға көп мүмкіндік туғызады. Бұл бағыттағы жұмыстар ISO және МЭК халықаралық ұйымдарымен үйлестірілген және ISO-ның 30-ға жуық техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар ЗМХҰ ЮНИДО, МОМВ, ИМЕКО және т.б. халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста.

ИМЕКО – 1958 жылы құрылған, өлшеу техника және прибор жасау жөніндегі Халықаралық конференция, ғылыми консультативті ұйым болып табылады. Оның негізгі жұмысы - өлшеу және диагностикалық техниканы даму жолының актуальді проблемалар жөніндегі халықаралық конгресі мен жиналыстарды ұйымдастырып өткізу.

ЮНИДО - өндірісті даму жөніндегі БҰҰ жүйесіндегі ұйым. Бұл ұйымның мақсаты дамитын мемлекеттердің индустриализациясына көмек көрсету.

ЗМХҰ сертификаты - өлшеу құралының халықаралық ұсыныстың талаптарына сәйкестігін дәлелдейді.

Метрология саласында басқа да халықаралық ұйымдар жұмыс істейді, соның ішінде: РХКК – радиобайланыс жөніндегі халықаралық консультативтік комитеті; ТТХКК – телефон және телеграф жөніндегі халықаралық консультативтік комитеті; ААХҰ – азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйымы; АЭХА – атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігі. ҒКЗК – ғарыштық кеңістікті зерттеу комитеті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Рабинович С.Г. Погрешности измерений. –Л.: Энергия, 1978.

2. Шишкин И.Ф. Теоретическая метрология. - М.: Издательство стандартов, 1990.

3. Бурдун Г.Д. Справочник по международной системе единиц. М.: Издательство стандартов, 1977.

4. Бурдун Г.Д, Марков Б.Г. Основы метролгии. – М.: Издательство стандартов, 1975.

5. Новицкий П.В., Зограф И.А. Оценка погрешностей результатов измерений. –М.: Энергоатомиздат, 1985.

6. Маркин Н.С. Основы теории обработки результатов измерений. М.: Издательство стандартов, 1991.

7. Сергеев А.Г, Крохин В.В. Метрология.-М: “Логос”, 2001.

8. Справочник по теории вероятностей и математической статистике. – М.: Наука, 1985.

9. Тюрин Н.И. Введение в метрологию. М.: Издательство стандартов, 1985.

10. Закон РК “Об обеспечении единства измерений” от 07.06.2000, г. Астана.

11. Якушев А.И, Воронцов Л.И, Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения, -М.: Издательство стандартов, 1987.

12. Брянский Л.Н, Дойников А.С. Краткий справочник метролога. –М.: Наука, 1991.

13. Шабалин С.А. Измерения для всех. М.: Издательство стандартов, 1991.

14. Селиванов М.Н, Фридман А.Э, Кудряшова Н.Ф, Качество измерений. –М.: Издательство стандартов, 1987.

15. «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы » Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы

16. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жыдғы 9 қарашадағы Заңы

17. СТ РК 2.0-2005 ҚР МӨЖ. Негізгі ережелер

18. СТРК 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамалар

19. СТРК 2.3-2009 ҚР МӨЖ. Шамалар бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер, жасау, бекіту, сақтау және қолданылу тәртібі.

20. СТРК 2.4-2007 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және өту тәртібі.

21. СТРК 2.21-2007 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және түрін бекіту.

22. СТРК 2.30-2007 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі.

23. СТРК 2.39-2002 ҚР МӨЖ. Салыстырып тексеру тізбелері. Мазмұны және жасалуы. 8.061-80 МЕМСТ орнына

Ешанкулов А. А.,

МЕТРОЛОГИЯ

ОҚУЛЫҚ

Баспаға қол қойылды. ___.____2015 ж.

Қағаз форматы XxY 1/16

Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі. б.п.

Тираж дана. Тапсырыс №

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке хан даңғылы, 5

Құжатты санкциясыз көшіруге тыйым салынады

Наши рекомендации