Экономикалық саясаттың мәні

Дәрістер жинағы

Тақырып. Экономикалық саясаттың пәні, объектісі және субъектісі

Экономикалық саясаттың мәні

Нарықтық экономика біртұтас жүйе ретінде және ол тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық тіпті саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық экономикалық құрылымдары қалыптасып-өзгеріп,бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі.

Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі - оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы кезінде байқалды. Мұндай экономикалық саясат теорияда нүктелік стратегия деп аталады.

Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясатты қалыптастыруға қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси - әлеуметтік және экономикалық мәселелер жүйесін қалыптастырды. Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х. Гирш қысқа бірақ мазмұны терең анықтама берген еді.

Х. Гирштің пікірінше: «Мемлекеттің экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету немесе олардың ағымын алдын ала анықтап, тікелей реттеу шараларының жиынтығы» - деп түсіндірілді.

Кез келген мемлекеттің экономикасының қозғалысы ең алдымен тарихи және экономикалық заңдылықтарға бағынышты. Дегенмен шындығында экономика тарихи өткенімен және болашағымен тек жартылай байланысты. Оның траекториясы көп ретте басты субъектілерінің: мемлекет, кәсіпорын, үй шаруашылықтарының ұмтылыстары мен жігеріне байланысты. Бұл субъектілер экономикаға әр түрлі дәрежеде және (масштабта) көлемде әсер етеді. Бұл сөздің кең мағынасында ең көп мүмкіндіктерге мемлекет ие. Үкімет таңдалған әлеуметтік-экономикалық стратегияны жүзеге асыру үшін белгіленген мақсаттарға, қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, бағыт таңдайды. Осы мағынада мемлекет экономикалық саясат жүргізіп отыр деп айту қабылданған.

Біздің назарымызда солардың көмегімен негізгі белгіленген мақсаттар мен тапсырмалар орындалатын, экономикалық-әлеуметтік мәселелер шешілетін мемлекетпен қабылданып жатырған шаралардың жиынтық құрамымен жүзеге асырылатын экономикалық процестерге қажетті бағыт беру, мемлекетпен, үкіметпен жүргізілетін экономикалық іс әрекеттің негізгі сызығы. Экономикалық саясат астарында мемлекетпен үкімет қабылдаған бағдарлама бойынша экономикалық жүйенің бір динамикалық қалыптан екіншісіне саналы түрде өтуін айтамыз.

Экономика дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің реттеуші шаралар жиынтығы – «экономикалық саясат» деп аталады. Бұл құбылысты былайша анықтауға болады: «Мемлекеттің экономикалық саясаты – экономикалық процестерге ықпал жасауға немесе олардың ағымын тікелей реттеуге бағытталған тұтас шараларды көрсетеді».

Мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастыру экономикалық стратегия мен тактиканы қалыптастыруды талап етеді. Мемлекеттік экономикалық стратегия дегеніміз іс әрекетті тиімді пайдаланып белгіленген уақытта көзделген нәтижеге жету. Экономикалық тактика дегеніміз - нақты бір экономикалық стратегия сатысының мақсаттарына жету мен тапсырмаларын орынды жүзеге асыруға бағытталған экономикалық-саяси қызметтің әдіс-тәсілдері, формалары мен әдіснамалары.

Көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты ситуациялық тұрғыда алдын ала белгіленген: ол мұраға қалған өткенмен, елде қалыптасқан экономикалық жағдаймен, алдыңғы қабылданған шешімдер мен міндеттемелермен анықталады. Елеулі түрде саясат мемлекетішілік және әлемдік конъюктурамен алдын ала анықталған. Белгілі болғандай мемлекет экономикасы циклдік ауытқушылықтарға бой алдырады. Ұлттық экономиканың қандай фазада болуына байланысты үкіметтің экономикалық саясаты қалыптасады.

Экономикалық саясат ғылым ретінде өзінің пәні және зерттеу нысанына ие. Экономикалық саясаттың объектісі ұлттық мемлекеттік шекараның шегіндегі экономикалық жүйе. Зерттеу пәні – жүйелеу әдістері, әлеуметтік-экономикалық мәліметті талдау және бағалау және соның негізінде экономикалық-саяси шешімдер қабылдау, әлемдік экономикалық теориямен және мемлекеттік реттеу теориясымен құрылған экономикалық саясаттың мақсаттары, әдістері, құралдары және жүзеге асыру тәсілдері.

Экономикалық саясат экономика, әлеуметтану, психология, тарих салаларындағы іргелі зерттеулерді пайдаланады. Саяси зерттеудің алғашқы негізі экономикалық гипотеза, модель және тәжірибе болып табылады. Ғылыми пән ретінде экономикалық саясат жалпы білім беретін пәндердің әдістемесіне сүйенеді, сонымен қатар, экономикалық-саяси сипаттың мақсаты мен міндеттеріне қарай өзгертілген әдістемелерді де қолданады.

Экономикалық саясатта екі әдістемелік қағида (принцип) қалыптасқан: генетикалық және функционалдық. Генетикалық қағида экономикалық жүйенің қалыптасуымен байланысты, оның тарихи озық үлгісіне өтуімен байланысты. Функционалдық әдістеме нақты қазіргі күні қалыптасқан түрдегі экономиканың қызмет ету механизмімен байланысты, экономикалық механизмнің «жұмыс» жасауымен байланысты.

Экономикалық ғылым екі компоненттен тұрады – позитивті және (құқықтық) нормативті. Бірінші компоненттің мақсаты сұраққа жауап табу білу болып табылады: «Бұл жерде не болып жатыр?» және қалыптасқан жағдайды түсіндіру. Бұл компонент ғылыми зерттеулерге негіз болып табылады. Екінші компонет «қалай болуы керек» деген мәселемен айналысады, көбінесе құқықтық тәртіптегі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қалыптасқан жағдайды түзетуге ұмтылады. Аталған екі компоненттің бірігуі экономикалық саясатқа да тән, әдістердегі концептуалды айырмашылық ең алдымен нормативтік немесе позитивтік бастаулардың бірінің артық немесе кем болуына байланысты. Тікелей мемлекеттік реттеудің жақтастарында анық көрінетін құқықтық (нормативтік) ұстаным, ал либералдарда – позитивтік ұстаным басым, олар нарық еркіндігіне және нарық күшіне көбірек сенеді, мемелкеттік әсер етудің жанама, түзетуші әдістерін пайдаланғанды артық санайды.

Экономиканың мемлекеттік реттелінуі кейде йерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарағы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және атқарушы шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы - үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде бекітілген саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әр түрлі мекемелеріне бөліп береді.

Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілеріне - оларға белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын әр түрлі бірлестіктер жатады. Бұл ең алдымен кәсіподақтар және кәсіпкерлердің әр түрлі одақтары.

Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі өзінің маңыздалығы бойынша мемлекеттік буындардан кем емес. Мұның себебі - белгілі топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына салмақ тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде.

Мемлекет пен жеке одақтардың мүдделерін келістіру нұсқаларының бірі - белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы одақтарға бөліп беру. Мысалы Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылқ одақтарына аграрлық саясатты нақты іске асыру міндеті жүктелген.

Сонымен "экономикалық саясат" ұғымы " мемлекеттік реттеу" ұғымынан кеңдеу. Экономикалық саясат дегеніміз - белгіленген бір мақсаттарды анықтау және соларды жүзеге асыру, қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен мәселелерді қалыптстыру, осы мәселелерді шешудің алғы-шарты - оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда экономикалық-саяси мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады: алдымен, жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсатын анықтау. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты - қоғамның тұрмыс жағдайының жоғарылауы деп түсіндіріледі. Экономика тероиясында "жақсы тұрмыс" ұғымы АҚШ-та, Англияда белсенді зерттелді, осы елдерде тіпті "жақсы тұрмыс экономикасы" деген ғылми концепция да қалыптасты.

Осы түпкі мақсат екінші деңгейдегі міндеттерді қалыптастырды. Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады. Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функциялары ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынадай әдістемелік жағдайға көңіл аудару керек: әр түрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық байланыста болады, яғни төменгі деңгейдегі міндеттерді орындау - түбегейлі жалпылама мақсатта жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен жолы.

Экономикалық саясат келесідей міндеттерді орындауға бағытталған:

- экономикалық еркіндік – экономикалық субъектілерге шаруашылық практикасында таңдау мумкіндігін беру;

- экономикалық өсу – халықтың өмірі мен әл-ауқатын арттыру;

- жұмыспен қамтылу және жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру;

- баға тұрақтылығы – инфляцияны азайту және қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету;

-қоршаған ортаны қорғау – экономикалық даму талаптарын және экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;

-әлеуметтік экономикалық кепілдіктер – әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау;

- әділ салық салу – табысы төмен тұрғындар топтары үшін салық жеңілдіктерін орнату;

Ұлттық экономикалық саясатты топтастыру. Уақыттық әсер ету кеңдігіне қарай, жоспарланған іс шаралар мерзімі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық саясат деп бөлінеді. Ұзақ мерзімді саясат экономикалық өмірдің салыстырмалы түрде қалыпты жағдайларына немесе кепілдендірілген шикізаттық мүмкіндіктерге негізделген. Бұл жағдайда экономикалық мінез-құлықты көп жылдар алдыға жоспарлауға және сол жоспарды ұстанып отыруға мүмкіндік береді. Экономикалық процестердің тұрақсыздығы, шаруашылық қызметті жүргізудің ішкі немесе сыртқы шарттарының тұрақсыз болуы қысқа мерзімді экономикалық саясатқа артықшылық береді.

Мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдеріне қарай, экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің аумағына қарай экономикалық саясаттың келесідей түрлері бар. Жалпылама алғанда фискалды, монетарлық және сыртқы экономикалық саясат. Кеңірек мағынада мемлекеттің экономикалық саясаты әлеуметтік, құрылымдық, инвестициялық, аймақтық, аграрлық, өндірістік, ғылыми-техникалық, инновациялық, антимонополиялық, экологиялық, банктік, бағалық және т.б болып та жіктеледі.

Экономикалық саясаттың маңызды міндеті - халықаралық экономикалық талас-тартыста ұлттық экономиканы қолдап демеу, басқа елдермен есеп айырысу жүйесінде тең құқытық жағдайды қамтамасыз ету.

Экономикалық саясат мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, тіпті әскери саясатпен де тығыз байланысты. Экономикалық саясат үкіметтің саяси көзқарасын, мемлекеттің саяси доктринасын жүзеге асырады, сонымен қатар, мемлекеттік саясатты жүргізу үшін экономикалық алғышарттар, экономикалық базисты құруға септігін тигізеді. Сондықтан мемлекеттің саяси күштері, саяси партиялары қозғалыстар жүргізілетін экономикалық саясатқа, мемлекеттің экономикалық бағытына елеулі әсер ете алады.

Наши рекомендации