Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына әсерін тигізетін ішкі факторлар осы кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады. Ішкі факторлар сыныптамасы кәсіпорынның ақша ағымдарының қалыптасу ерекшеліктері бойынша үшке бөлінеді:
-операциялық қызметпен байланысты факторлар;
-инвестициялық қызметпен байланысты факторлар;
-қаржылық қызметпен байланысты факторлар.
Бұл топтар әрбір фирмада жүзеге асатын нақты жеке-жеке факторларды өзіне қамтиды. Бизнестегі сәтсіздіктер фирманы тиімсіз басқаруға, нарықтық жағдайларға бейімделу мүмкінсіздігіне әкелетін жиі жағдайларда менеджерлердің біліксіздігімен, қиянатшылдығымен байланысты болады. Кәсіпорынныың жағымсыз даму себептерін ішкі бақылау және аудитті ұйымдастыру арқылы анықтауға болады. Кәсіпорын қызметіне жиі қаржылық-экономикалық талдау жасау қажетті басқару шешімдерін қабылдау үшін басшыларды керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын сәтсіздік себептерінің бірі ағымдық шығындардың тиімсіз құрылымы болып табылады. Мысалы, тұрақты шығындардың жоғарғы үлесі бағаның өсуін әкеледі, ал ол өз ішінде ұқсас тауарлар мен қызметтер нарығындағы кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігіне, өнімнің сату көлеміне әсерін тигізеді. Өндірістік шығындардың төмендеуі келесілерге мүмкіндік туғызады:
-ескерген өндірістік қуаттарды қысқартуға;
-ғылыми-техникалық үрдістердің жетістіктерге сәйкес технологиялық үрдістерді жаңартуға;
-брак, жұмыс уақытын рационалды емес қолдану нәтижесінде жоғалтуларды төмендетуге;
-шығынды өндірісті сатуға және таратуға;
-басқару шығындарын қысқартуға;
-өндірісті диверсификациялауға және т.б.
Бұл шаралармен кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы байланысты. Істі табысты жүргізуге жоғарғы деңгейде стратегиялық жоспарлаудың негізделген жүйесі мүмкіндік береді. Құқықтық және қаржылық мәселелерді білудің коммерциялық жұмыс тәжірибесі онымен байланысты. Жиі қате қаржылық жоспарлау, мерзімдерді болжау нәтижесінде табыстардың түсуі және кәсіпорын төлемдерін өтеу төлемқабілетсіз болып қалады.
Кәсіпорынның жағымсыз қаржылық жағдайы әртүрлі және әртүрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін. Осы жұмыс шегінде кәсіпорынның дағдарыстық қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілетсіздігіне әкелетін факторларды қарастырып өтеміз.
Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігіне себеп болатын мүмкін болатын факторларға келесілерді жатқызуға болады:
-моральды ескіруіне байланысты шектелген сұранысқа ие өнім өндірісі;
-төменгі сапалы өнім өндірісі;
-сатылатын өнімдердің жоғары бағалары, осыдан оның өткізілуі кешіктіріледі;
-қолданылатын өндірістік қуаттың төменгі деңгейі;
-сатылған тауарлар үшін мерзімінде төленбеген дебиторлық қарыздың едәуір көлемі.
Сонымен, кәсіпорын қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Егер бұл факторлар әсерін және олардың мүмкін болатын салдарын талдамаса, кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Негізінен кәсіпорын қаржылық жағдайына пайда болу орны бойынша сыныпталатын сыртқы және ішкі факторлар әсерін тигізеді. Сыртқы факторлар, өзінің анықтамасынан көрініп тұрғандай, кәсіпорынды қоршайтын экономикалық, саяси, демографилық, мәдени және т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал ішкі факторлар болса, дамыған еледер тәжірибесіне сүйенсек, аса зор қауіп төндіретін факторлар болып табылады. Оның себептері кәсіпорын ішкі құрылымы мен жүйесінде жатыр. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіпті ішкі факторлар менеджмент әрекеттерінен тікелей байланысты. Оларға меншікті айналым капиталының жеткіліксіздігі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың өсуі, өнімді өткізудің нақты бағасын анықтау техникасының жетілмеуі және төмен келісімдік пән, қызметтің табысы төмен әртүрлі көптеген бағыттарға капиталдың бөлінуі, тікелей және портфелді инвестициялардың тиімсіздігі жатқызылады.
Кәсіпорын қаржыларын табысты басқару шарты болып оның қаржылық жағдайы болып табылады. Сондықтан Племзавод «Куликовка»ЖШС-ның қаржылық жағдайына жалпылама талдау жасалады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның активінің құрамы мен құрылымына талдау жасалады. Оны төмендегі 2-кестеден көреміз
Кесте 2 - Племзавод «Куликовка»ЖШС активінің құрамы мен құрылымы
№ | Актив | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |||
Мың тг | Үлес% | Мың тг | Үлес % | Мың тг | Үлес% | ||
Ұзақ мерзімді активтер | 45 584 | 29,1 | 33 133 | 6,4 | 217 698 | 44,3 | |
МЕА | 0,3 | 0,1 | 0,0 | ||||
Негізгі құралдар | 45 122 | 28,8 | 32 810 | 6,3 | 217 514 | 44,2 | |
Ағымдық активтер | 70,9 | 487 258 | 93,6 | 274 105 | 55,7 | ||
ТМҚ | 3 585 | 2,3 | 3 107 | 0,6 | 3 031,00 | 0,6 | |
Дебиторлық қарыз | 90 293 | 57,7 | 0,2 | 4 692 | 1,0 | ||
Қысқамерзімді инвестиция | - | 36 588 | 7,0 | 147 532 | 30,0 | ||
Ақша-қаражаттар | 17 125 | 10,9 | 441 559 | 84,9 | 118 509 | 24,1 | |
Басқа дебиторлық қарыздар | 5 214 | 1,0 | 0,1 | ||||
Баланс | 156 587 | 100,0 | 520 391 | 100,0 | 491 803 | 100,0 | |
№ | Актив | Өзгерістер 2-Кестенің жалғасы | |||||
08\07 | 09\08 | 08\07 | 09\08 | ||||
Мың тг | Үлес% | Мың тг | Үлес, % | % | % | ||
Ұзақ мерзімді активтер | 12 451 | -22,7 | 184 565 | 37,9 | 85,72 | 8,46 | |
МЕА | -139 | -0,2 | -139 | 0,0 | -26,74 | ||
Негізгі құралдар | -12 312 | -22,5 | 184 704 | 37,9 | 85,46 | 8,51 | |
Ағымдық активтер | 376 255 | 22,7 | -213 153 | -37,9 | 19,89 | 25,5 | |
ТМҚ | -478 | -2 | -76,00 | 0,0 | -5,24 | 92,48 | |
Дебиторлық қарыз | -89 503 | -57,5 | 3 902 | 0,8 | 61,32 | 12,87 | |
Қаржылық инвестициялар | 36 588 | 7,0 | 110 944 | 23,0 | 3,56 | -100 | |
Ақша-қаражаттар | 424 434 | 73,9 | -323 050 | -60,8 | 111,15 | -76,36 | |
Басқа қысқа мерз.активтер | -4873 | 0,1 | - | - | |||
Баланс | 363 804 | -28 588 | 55,86 | 14,4 |
Берілген кестеде көрсетілгендей, айналымнан тыс активтердің құны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 85,72%-ға, ал 20013 жылы 8,46%-ға ұлғайды және талданып отырған кезең соңында 217 698 мың теңгені құрады. Ал айналым капиталының өзгеру қарқыны айналымнан тыс активтерге қарағанда баяуырақ жүзеге асырылды: 2011 жылдан 2012жылға қарай ол 45,39%-ға ұлғайды. Осындай өзгерістердің салдарынан кәсіпорын мүлкінің құрамында құрылымдық өзгерістер пайда болды. Егер 2011 жылы айналымнан тыс активтер мен айналым активтерінің қатынасы 1,2 : 1 немесе 29,1 : 70,9 болса, онда 2013 жылы бұл қатынас 1,6 : 1 немесе 8,46 : 25,5 болды.
Кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ. Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2012 жылы 5,24%-ға кеміді, 2013 жылы 92,48%-ға ұлғайды, ал материалдық емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 111,15%-ға ұлғайды, ал 2013 жылға қарай 76,36%-ға кеміді, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық қарыз соммасы 61,3%-ға және 12,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді қаржылық салымдар болса, 2012жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3,56%-ға өсіп, 2013 жылы кәсіпорын өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ. Бірақ 2011 жылдан 2013 жылға қарай негізгі құралдардың күрт өсуі нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнында төмендеді: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2011 жылы 29,1%, 2013 жылы 44,3%-ды құраса, ал тауарлы-материалдық қорлар үлесі 2,3% бен 0,6 %, дебиторлық қарыз 57,7 % бен 1%, ақша-қаражаттар 10,09% бен 24,1%-ды құрады.
Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрылымын бағалау баланс пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде қалыптастыру көздері құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды.
Ол үшін төмендегі кесте қолданылады.
Кесте 3 - Племзавод «Куликовка»ЖШС пассивінің құрамы мен құрылымы
№ | Пассив | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |||
Мың тг | Үлес % | Мың тг | Үлес % | Мың тг | Үлес % | ||
Меншікті капитал | 17 359 | 416 996 | |||||
Жарғылық капитал | 45 950 | 448 114 | |||||
Бөлінбеген табыс | (28 591) | -5 | -31 118 | -6 | |||
Ұзақмерзімді міндет-лер | - | - | 18 673 | 24 443 | |||
Басқа да міндеттемелер | - | - | 18 673 | 8 397 | |||
Салықтық міндеттемелер | - | - | - | - | 16 046 | ||
Қысқамерзімді міндет-лер | 484 359 | 50 364 | |||||
Қысқамерзімді несиелер | 9 099 | 5 986 | |||||
Кредиторлық қарыз | - | - | 2 426 | 13 053 | |||
Салық бойынша қарыз | 70 670 | 22 153 | |||||
Қысқа мерзімді бағалау | - | - | - | - | 9 172 | ||
Басқа да міндеттемелер | 402 164 | - | - | ||||
Баланс | 520 931 | 491 803,00 | |||||
№ | Пассив | Өзгерістер | |||||
08\11 | 09\12 | 08\11 | 09\12 | ||||
Мың тг | Үлес % | Мың тг | Үлес | % | % | ||
Меншікті капитал | -50 927 | -40 | 399 637 | 2,38 | -0,5 | ||
Жарғылық капитал | 41 674 | 402 164 | 0,0 | ||||
Бөлінбеген табыс | -92 601 | -46 | -2 527 | -1 | 213,14 | -59,9 | |
Ұзақмерзімді міндет-лер | 5 770 | 323,05 | 6,1 | ||||
Басқа да міндеттемелер | -10 276 | ||||||
Қысқа мерзімді міндет-лер | 396 038 | -433995 | -83 | -42,78 | 111,3 | ||
Қысқамерзімді несиелер | -1 465 | -5 | (3 113) | -1 | -100 | ||
Кредиторлық қарыз | 10 627 | -21,34 | 67,0 | ||||
Салық бойынша қарыз | 34 764 | -9 | -48 517 | -9 | -99,39 | 18161,9 | |
Қысқа мерзімді бағалау | |||||||
Басқа да міндеттемелер | 360 313 | ||||||
Баланс | 345 111 | -29 128,00 | 55,86 | 14,4 |
Ескертпе- Кесте 2011-2013 жж. Племзавод «Куликовка»ЖШС-нің бухгалтерлік балансы бойынша құрастырылған.
Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылады және 2013 жылы ол 85% немесе 416 996 мың теңге сомманы құрады. Бұл өзгеріс меншікті капиталдың 2011 жылмен салыстырғандағы 2013 жылда 41%-ға өсуімен анықталады. Қарыз қаражаттарының пассивтер құрылы-мындағы үлесі 2012 жылмен салыстырғанда үлкен өзгеріссіз, яғни 2012 жылы 18673 мың теңге (4%) болса 2013 жыл 24 443 мың теңге сомманы құрап тек 1% артты. Қарыз қаражаттарының ішінде басқа да міндеттемелер салықтық міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2012 жылы 4 % болса 2013 жылы 2% төмендеген. Ал
салықтық міндеттемелер тек 2013 жылы пайда болған және ол 3% құраған.
Кәсіпорын мүлкінің қалыптастыру көздерінің жалпы соммасында меншікті капитал үлес салмағының төмендеуі мен ұзақмерзімді міндеттемелер үлес салмағының ұлғаюы кәсіпорын қаржылық жағдайының төмендеу салдары болып табылады.