Тақырып - астыҚ даҚылдарыныҢ кеміргіш зиянды жӘндіктері
Түсініктеме
Дєннің сұр көбелегі - Apamea anceps Schift. (Noctuidae - түн көбелектертұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды).
Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не
болмаса кұңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар құңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы 25-35 мм. Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады жєне олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дєннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000 дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қара бидайды, кей-кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дєннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дєндерді сыртынан кеміріп тастайды. Ó¨нім жинағаннан кейін топыраққа түскен дєндермен қоректенеді. Бидайды қайталама себу жєне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу, жылы қыс жєне тіршілік кезеңінде ылғалды ауа-райы дєннің сұр қөбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.
Күресу шаралары. Күзгі жєне көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда (әр үлгі 0,25м2 ) топырақ тереңдігі 15 см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м2 табылса, топырақты өңдеу қажет. Культиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8 см тереңдікке өңдейді.
Жаздық бидайды оңтайлы – кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін (синхрондығын) бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезіңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып (барлығы 200-250 масақ), қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Жұлдызқұрттарды есептеу қапшықтағы масақтарды талдап қарау арқылы өткізеді. Ауа райына байланысты тұқымдық егістікте ЭЗШ саны 100 масаққа 7-10-15 жұлдызқұрт, тауарлық егістікте 15-20-30 жұлдызқұрттан көп болса, Â«Тізімде…» көрсетілген регламент бойынша инсектицидтер қолданылады. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.
Астық қоңыздары: кресті - Anisoplia agricola Poda., кузька - A. austriaca Hbst., красун - A. segetum Zoubkovi Kryn. (Scarabaeidea -тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды).
Кузька қоңызының қанаттары қызыл-күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы 12-15 мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен, крест немесе єкір тєріздес суреттері бар. Дене ұзындығы 11-13 мм. Красун қоңыздың үстіңгі қанаттары қоңыр сары түсті, бүйір жақтарында қылшықтар орналасады. Дене ұзындығы 11-13 мм. Барлық қоңыздардың баланқұрттары С тєрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, ұзындығы 35 мм.
Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай. Красун қоңызының баланқұрттары 10 айда дамиды. Баланқұрттары даму барысында 3 жастан өтеді, олар топырақта қыстайды. Жаздың басында топырақта 8-12 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қоңыздар 50 шамасындай жұмыртқаларын бірнеше рет салады.
Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ, өнбеген дєндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтарымен қатты дєнді ұшырып түсіреді.
Күресу шаралары. Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны қөбейеді. Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш еңгізу, үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады. Ерте сыдыра жырту кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек (себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді). Тексеру нєтижесінде гүлдену-дєн қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрде қоңыздар саны 3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек (Â«Тізім...» бойынша).
Астықтың жолақ бүргесі – Phуllotreta vittula Redt. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы).
Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы 2 мм-дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтар бар, артқы аяғы секіргіш. Дәрнәсілдері ақшыл-сұр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы 4-5 мм.
Ересек жәндіктер жердің үстіңгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелерде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысымен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабайы астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының І-ІІ онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.
Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Зақымдар үшінші жапырақ пайда болғанға дейін өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында зиянкестік күшейеді. Жапырақ беті 25-30%-тен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.
Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаппай жұмыртқа салу маусымның басында басталады. Жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатына салады. 2 жетіден кейін дернәсілдер пайда бола бастайды, олар топырақ арасындағы астық тұқымдастардың тамырларымен қоректенеді, бірақ айтарлықтай зақым келтірмейді. Топырақ астында қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ қоңыздары маусымда пайда болады.
Күрес шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының І-ІІ онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25 м2) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағышпен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м2 асса немесе жапырақ зақымдануы 25% көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді Â«Тізім...» тәртібі бойынша қолданады (Қосымшаны қараңыз).
Сүлікше қоңыздар – қызылкеуделі – Oulema melanopus L., көк - Lema lichensis Voet. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды,Chrуsomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы). Біріншісі – түсі жасылдау көк қоңыз, алдыңғы арқасы мен аяқтары сарғылт-қызыл, жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады. Дене ұзындығы – 4 - 4,8 мм. Екіншісі – алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ, дене ұзындығы – 3-4 мм. Дәрнәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі, қара қоңыр шырышпен қапталған, үш жұп кеуде аяқтары бар. Дәрнәсілдің дене ұзындығы 5мм-ге дейін болады.
Жылына бір ұрпақ береді. Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды. Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жылы ауа райы өте қолайлы. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жапыраққа 3-7 данадан тізбектеп салады, барлығы 200 жұмыртқа. Дәрнәсілдер 12-14 күннен кейін пайда болады. Олар 3 жас өтіп дамиды. Қуыршақтану топырақтың жоғарғы қабатында өтеді. Дәрнәсілдер сұлыға, арпаға, қатты бидайға едәуір зиян келтіреді. Жапырақ жұмсағымен қоректенеді, жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді. Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды. Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады, ассимиляция барысы төмендейді.
Күрес шаралары. Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м2) өсімдіктерді қарап есептейді. Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м2, күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м2, түптену кезеңінде 1 сабақта 0,5-1 дәрнәсіл табылса, химиялық күрес жұмыстарын жүргізу керек. Инсектицидтермен бүрку Â«Тізім...» регламенты бойынша жүргізілуге тиіс (Қосымшаны қараңыз).
Астықтың барылдақ қоңызы – Zabrus tenebrioides Goere. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Carabidae – барылдақ қоңыздар тұқымдасы).
Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады, дене ұзындығы 14-16 мм. Дәрнәсілдердің дене ұзындығы 28 мм жетеді, бас бөлімі және көкірек бунақтары қара-қоңыр немесе қара түсті, кеуде түсі ақшыл, ақ сары немесе сұрша-жасыл болуы мүмкін.
Дәрнәсілдер топырақта қыстайды. Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді. Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән толысу кезеңінде пайда
болады. Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде бір айға жуық созылатын үзіліс туады. Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады, барлығы 100 жұмыртқа. Жаңадан шыққан дәрнәсілдер суық күзге дейін қоректенеді.
Қоңыздар мен дәрнәсілдер зиянкесті, бірақ негізінен дәрнәсілдер қатты зиян келтіреді, өскіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды. Түнде қоректенеді. Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтарын жеп қояды. Дәрнәсілдер өскіннің жапырағын жеп, оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды. Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып, түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды. Дәрнәсілдердің зақымдануынан егіннің көгі сиреп қалады. Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді, әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды. Жылына бір ұрпақ береді.
Күрес шаралары. Барылдақ қоңыздың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады. Алғы дақыл есебінде жақсылары – ол сүрі жер, отамалы дақылдар. Өнімді мезгілінде ысырап істемей жинап алудың үлкен маңызы бар. Дәрнәсілдерді 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0,25м2) 15 см тереңдікке дейін қарап есептейді. Күздік бидай танабында 1-5 дәрнәсіл/м2табылса, инсектицидтер қолдану керек.
1- тапсырма. Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығымен танысу.
2- тапсырма. Жапырақ жемірлері тұқымдасы түрлерінің морфологиялық, өсіп- өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
3- тапсырма. Астық қоңыздарының морфологиялық, өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.
4- тапсырма. Дәннің сұр көбелігі, қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану.
5- тапсырма. 6-кестені жазып толтыру.
6- кесте Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері.
Түр, систематикалық жүйедегі орны | Зақымданатын дақылдар, зақымдану мезгілі | Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі. ЭЗШ | Қысқаша биологиясы | Күресу шаралары |
Бақылау сұрақтары:
1. Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап, өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын, олардың келтіретін зиянын жєне күресу шараларды көрсетіңіз.
2. Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін келтіріңіз.
3. Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады?
4. Астық дақылдарының шаншып-сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жєне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз.
5. Шаншып -сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз.
6. Астық егеушісінің даму өзгешелігі, күресу шаралары.
7. Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын күресу шаралар?
8. Астық қоңыздарды жєне барылдақ қоңызды сипаттаңыз. Олармен күресу шараларының жүйесін келтіріңіз.
9. Дєннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап, күресу шараларын көрсетіңіз.
9. Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері?
10. Ó¨сімдіктердің мүшелеріне (органотрофты) бейімделу б