Iii) Қайта бағалау
Қайта есептеу нәтижесінде негізгі құралдар құнының арту сомасы тікелей «Капитал» бөлімінде берілді, алайда бұдан бұрын кірістер мен шығыстар туралы есепте танылған құнның кеміген сомасын жабуы ескерілмейді, мұндай жағдайда құнды арттыру сомасы кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
Iv) Негізгі құралдардың тозуы
Негізгі құралдардың тозуы жекелеген объектілердің пайдалы қызметі мерзімі бойынша бірдей (тура желілік) әдісті қолдану шығыстарына кіреді. Жер тозу объектісі болып табылмайды.
Төменде пайдалы қызмет мерзімдері берілген:
Ғимараттар мен құрылыстар 20 - 45 жыл
Өткізу құрылғылары 20 - 45 жыл
Машиналар мен құрал-жабдықтар 5 - 36 жыл
Көлік құралдары 10 - 15 жыл
Өзге де активтер 5 - 15 жыл
Ж) Саудалық және өзге де кредиторлық берешектер
Саудалық және өзге де кредиторлық берешектер болашақта алынатын тауарларға, орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерге Серіктестіктің төлемақы жүргізгеніне немесе жүргізбегеніне қарамастан нақты құнын төлеуге ұсынылған құны бойынша есептеледі.
З) Табыс салығы
Жылдық табыс салыққа ағымдағы және кейінге қалдырылған салық кіреді. Табыс салығы тікелей капиталда танылған баптардағы жағдайлардан басқа кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі. Мұндай жағдайда ол капиталда танылады.
Ағымдағы салық жұмыс істеп тұрған немесе бухгалтерлік баланс жасалған мерзімде бір жылда төленген салық төлемі және өткен жылдарға қатысты салық төлемдеріне түзетулер енгізу.
Кейінге қалдырылған салық активтер және міндеттемелердің баланстық құны мен салықтық мақсатта пайдаланылатын қаржылық есептілік пен сомалар мақсатындағы уақытша айырмашылықтарды есепке алу тәсілдерін пайдалану арқылы анықталады. Мына жағдайлардан туындаған уақытша айырмашылықтар есепке алынбайды:
· бизнесті біріктіру және операцияны жүргізу кезінде бухгалтерлік және салық шегерілетін табысқа әсер етпейтін операциялардағы бастапқы тануда;
· еншілес кәсіпорындардың инвестицияларымен байланыстылығы және осы кезде Серіктестіктің уақытша айырмашылықты бақылау мүмкіндігінің болуы, сонымен қоса уақытша айырмашылықтар алдағы шолуларда жоққа шығарылмайды деген болжам жасалса ескерілмейді.
Кейінге қалдырылған соманы есептеу жұмыс істеп тұрған немесе негізінен балансты құрастырған мерзімде алдын ала қарастырылған активтер мен міндеттемелердің салық бағамын пайдалану арқылы өткізу немесе реттеу тәсіліне негізделеді.
Кейінге қалдырылған салық активі алдағы уақытта активтерді жабуға болатын табыс салығының есебінен ғана көрсетілуі мүмкін.
И) Қызметкерлерге сыйақы
Компания қызметкерлерге өндірістік жарақат шығынын толықтай төлеуге міндеттенеді. Бұл сомалар төлем кезіндегі шығындарға кіреді. Серіктестік төмендегідей негізгі төлемдер мен жеңілдіктерді:
· зейнетақыға шығу кезіндегі бір жолғы жәрдемақыны;
· зейнеткерлерге жыл сайын материалдық көмек көрсетуді;
· тегін теміржол билеттерін;
· тіс жөндеуге қатысты медициналық қызметтің ақысын бір жолғы төлеуді;
· жерлеу қызметі төлемақысына материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Серіктестік қызметкерлері еңбекақысының 10%-ын қызметкерлері атынан зейнетақы жинақтау қорына аударады.
К) Дербес капитал
I) Шығарылған капитал
Шығарылған капитал жарғылық капитал ретінде жіктеледі. Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау мен реттеу жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңының 2003 жылғы 2 шілдедегі 24 бабына сәйкес «Вокзал-сервис» акционерлік Серіктестікы акциясын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті. Акцияны шығару эмиссиялы бағалы қағаздарды Мемлекеттік тіркеуге А5107 номерімен енгізілген.
Ii) Жарғылық капиталды алу немесе арттыру
Жарғылық капиталды сатып алған жағдайда алынған сыйақы сомасы тікелей шығындармен қоса алынған капитал ретінде жіктеледі және капталдың жалпы сомасынан шегерілім болып көрсетіледі.
Л) Резервтер
Бухгалтерлік баланстағы резервтер Серіктестік міндеттемелерді өтеу үшін экономикалық пайданы қажет ететін өткен жағдайлардың нәтижесіндегі заңдық немесе алдын ала күтілетін міндеттемелер танылады.
М) Табыстар