І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Оқушылармен өткен сабақты еске алу.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Ғұндардың Батысқа жорығы.

2) Рим империясының құлауы.

III.Жаңа сабақ.

Ғұндардың Батысқа жорығы
Жаулап алушылық сипатта болды
Осы кезде ғұндарға қарсы күш болған жоқ
саяси өміріне, этникалық құрамына өзгерістер енгізді
ІІІ ғ-да готтарды ығыстырды
Панония, венгрия, Франция, Румыния жер-рін жаулап алды
Ғұндар – 451 ж. 452 ж.
Вандалдар – 455 ж. Римді алады
Готтар – 410 жылы

Рим империясының құлауы
451 ж. Каталаун шайқасы, Готтарға құлдар көмектесті  
Герм. тайп-ң көсемі Одоакр 476 ж. император болады
476 ж. Рим империясы құлады

ІV. Сабақты бекіту:

1)

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______33_____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Рим мәдениеті. Христиан дінінің шығуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рим қалаларының мәдени орталыққа айналуын, сурет, мүсін өнерінің дамуын анықтап, христиан дінінің қалыптасуы туралы түсіну;

Дамытушылық: Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсері, өнер түрлері, олардың ерекшеліктері, даму жолдары;

Тәрбиелік: Тиянақты білім алуға деген құштарлыққа, шешендік өнер мұраларына деген құрмет сезіміне, поэзияны түсіне білуге, құқықты сақтауға баулу. Бұлардың бәріне жалпы адамзаттық мұра, құндылықтар ретінде қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз әдісі, сұрақ - жауап, ауызша, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Одоакр, Еділ, Орест деген кімдер ? олардың айналысатын кәсібі туралы айту.

2) Готтардың сенімі туралы айту, Аларихтің ырымы бойынша жеңістің сыры неде болды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қалалар.

2) Сәулет өнері.

3) Мүсін өнері.

4) Христиан дінінің шығуы.

III.Жаңа сабақ.

Рим империясы дамуының негізгі белгісінің бірі қалалардың өсуі. Солардың ішіндегі ең әсем де, әрі әдемісі Рим болды. Рим қаласы Тибр өзенінің екі жағалауына орналасқан. Рим қаласының көшелері ежелгі орталық – форумға түйіскен. Форум (латын сөзі- ежелгі Римдегі базар алаңы.)

Ежелгі Рим қалаларына ерекше сән берген ескерткештердің бірі – салтанатты қақпалар мен аркалар еді.

Қалалардың өмірінде театрлар үлкен орын алған. Қаланың ерікті адамдары театрға көп баратын. Көптеген қалаларда үлкен театр ғимараттары тұрғызылды. I ғасырда Римде аса үлкен Колизей амфитеатры салынды. Оның ортасында дөңгелек шайқас алаңы – арена болды. Ал көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп, сатылай көтерілетін.

Гладиаторлар шайқасы римдіктердің сүйікті ермегіне айналып отырған. Бұл шайқас алғашында қадірлі адамдар құрметіне ұйымдастырылды. Ал б.з.б. I ғасырда ойын-сауық түріне айналды. Амфитеатр иесі мұндай ойын-сауықтан көп пайда табатын болған.

Императорлардың бұйрығы бойыншы, барлық ерікті адамдар үшін термдер – моншалар салынды.

Термдердің жанында демалыс залдары мен кітапханалар жұмыс істеген.

Б.з.б. II ғасырының тұсында Рим империясы көптеген тамаша ескертіштермен сәулеттене түсті. Римнің сәулет өнерінің көпшілігі гректер мен шығыс үлгілерінде дамыды.

Рим сәулетшілері ғимарат төбесін доға тәріздес етіп жабуды, бір – біріне тығыз қиюластырылған тастардан арка, күмбез, шаңырақ күмбез қалау өнерін меңгерді. Осы үлгідегі алып ғимараттар біздің заманымызға дейін сақталған.

Пантеон - көлемі жағынан ең ірі күмбезді храм. Бұл храм күмбезінің диаметрі – 43,5 метр.

Колизей амфитеатры да сәулет өнерінің ірі табысы болды. Ол үлкендігі мен әсемдігі жағынан ерекше. Бұл амфитеатр 50 мың адамға арналаған. Оның алғашқы үш қабаттарының аралары колонналары бар аркалармен бөлінген.

Амфитеатрдың аренасы төменгі қабаттан аңдарды шығарып тұрарлықтай етіп істелген, аренаға су жіберіп, сумен де толтыруға болатын еді. Амфитеатрдың осындай ойын түрлеріне қарай лайықталып жасалған тетіктері көп болды. Құрылыстың зорлығы, тиімді болуы мен беріктігі оның архитектуралық үйлесімділігі мен әсемдігіне сай келетіндей етіп жасалған еді.

Рим мүсін өнерінің биік жетістігі бейнелі бюстер мен мүсіндер болды. Мүсінші адамның бет әлпетін дәл бейнелеп қана қоймай, оның мінезін де ашып көрсете білген. Олар императорларды кӛбіне құдайлар мен миф кейіпкерлері түрінде бейнеленген. Бұлар әдемілігі жағынан нағыз ұмытылмайтын тірі бейнелер түрінде жасалынған. Ең жақсы мүсіндер храмдарға, қоғамдық ғимараттарға, жеке адамдардың үйлеріне қойылды.

Республика тұсындағы мүсіншілер әр адамның бет-бейнесін айнытпай дәл беруге тырысса, империя кезінде императорлардың мүсіндері көлемі жағынан өте үлкен болды. Оларды көрген адамдар таңданып қарайтын еді.

Б.з.-дың I ғасырының соңы мен II ғасырының басында Христосқа сиынатын әр түрлі қауымдар мен ұйымдар пайда болды. Олардың діни түсініктері мен уағыздары бір – бірінен ерекшеленді. Қауымнан қауымға өтіп жүрген уағыздаушылар әр түрлі діни кітаптарға сүйеніп, Христос ілімдерін түсіндіріп жүрді.

Христиан дінін негіздеген еврейлер болғанмен, бірақ бұл дінді басқа ұлттар гректер, сириялықтар, египеттіктер, римдіктер, галлдар қабылдай бастайды. Христиандар құдайдың алдында пенденің бәрі бірдей, эллиндер де, еврейлер де, құлдар да, еріктілер де, еркектер де, әйелдер де тең деп уағыздады.

Бірте-бірте бай адамдар христиан дінінің өздеріне пайдалы екенін түсініп, құлдар мен кедейлерді өз қанаушыларына қарсы күрестен алыстататын құрал ретінде қолданды. Сондықтан император Константин 31 3 жылы христиан діндарларына бас қосып жиналуға және храмдар салуға рұқсат берді.

Шіркеуді епископтар (поп, дін қызметкерлері) басқарды. Император мен шонжарлар христиан шіркеуіне жер, ақша және асыл қазыналар сыйлаған.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Римдіктердің қалалық өмірін сипаттау. Қалаларда ойын-сауықтың қандай түрлері болды ?

2) Терминдермен жұмыс:

терма –

гладиатор –

пантеон –

Колизей –

евангелие –

3) Мүсін өнерінің өзіндік ерекшеліктері ?

4) Христиандық қалай пайда болды ?

5) Қай уақытта христиандық мемлекеттік дін ретінде жарияланды ?

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, сөзжұмбақ құрастыру.

Наши рекомендации