З. Бжезинскийдің «геоасяси орталықтар» және олардың әлемдік саясаттағы рөліне қатысты тұжырымдарын талдаңыз
Бжезинский Збигнев- АҚШ мемлекет қайраткері, ғалым. Философия докторы,профессор. Американ атлантикалық геосаясатының академиялық тәжірибені саясатпен ұштастырған ең белгілі өкілі
Збигнев Бжезинский болса аса көрнекті геосаясат теоретигі ретінде де, өз идеяларын іске асыра білген практик-саясаткер ретінде де өте танымал. Президент Дж.Картердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болған. 1997 жылы З.Бжезинский өзінің ғаламат халықаралық резонанс тудырған «Ұлы шахмат тақтасы: Американың артықшылығы және оның геостратегиялық императивтері» атты еңбегін жарыққа шығарды. Бұл кітапқа сол еңбектен үзінділер келтірілген. Аталмыш еңбегінде ол бірполярлы әлем жағдайындағы АҚШ планетарлық үстемдігінің іргелі қағидаттарын тұжырымдайды, ал американ геостратегиясының басты мақсаты деп Американың Еуразия әміршісіне айналуын атайды. З.Бжезинский АҚШ-тың Каспий – Орта Азия аймағындағы мұнай геосаясаты тұжырымдамасының авторы. Оның осынау алпауыт мемлекеттің геосаяси стратегиясын қалыптастыруға ықпалы әлі күнге айтарлықтай.
.«ЕУРАЗИЯ - ҰЛЫ ШАХМАТ ТАҚТАСЫ»: ЖЕҢІСКЕР БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ИЕ БОЛАДЫ» З. Бжезинскийдің осы бір болжамы расқа айналатындай. Мұны Украинадағы жағдай да дәлелдей түсуде. Әлемдегі ең ірі алпауыт мемлекет АҚШ-тың бүгінгі сыртқы саясаты осыған келеді. Бұрынғы КСРО-ның мұрагері, астам державашылдығынан айырылғысы келмей жанталасып жатқан Ресейдің бүгінгі әрекеті де осыған итермелейді.
Бжезинский – антикоммунизмнің және социалистік жүйе мен Кеңес Одағының күйреуінің басты идеологтарының бірі және «жаңа әлемдік тәртіп» идеясының авторы болып саналады. «Ұлы шахмат тақтасы: Американың артықшылығы және оның геостратегиялық императивтері» (1997) кітабы осы заманғы геосаясат жөніндегі танымал еңбектердің қатарынан орын алады. Осы еңбекте айтылғандай американдық артықшылық өзінің қалыптасуының қарыштылығымен, жаһандық ауқымдарымен және жүзеге асыру тәсілдерімен ерекшеленеді
Бжезинский айтқандай Американың Еуразияны қалай «басқаратыны» аса маңызды болып табылады. Еуразия жер шарындағы ең ірі континент және геосаяси тұрғыдан өзекті орын алады. Еуразияда үстемдік ететін мемлекет ең дамыған және экономикалық жағынан жемісті әлемдік аймақтардың үштен екісін бақылауда ұстар еді. Тіпті қартаға бір қарағанның өзі Еуразияға бақылау орнату Африканың автоматты дерлік бағындырылуын ілестіріп, Батыс жарты шар мен Океанияны дүние жүзінің басты континентінің геосаяси шет аймағына айналдырады деп топшылауға мүмкіндік береді. Әлем халқының 75 пайызы Еуразияда тұрады, сондай-ақ әлемдік табиғи байлықтың көп бөлігі де оның кәсіпорындарында және жерінің қойнауында жатыр. Еуразияның үлесіне дүниежүзілік ЖҰӨ-нің 60 пайызы және белгілі әлемдік энергетика қорларының төрттен үшіне жуығы тиесілі.
Бжезинскийдің айтуынша «Американың артықшылығына барлық ықтимал саяси және немесе экономикалық қыр көрсету Еуразиядан шығады. Жиынтығында еуразиялық құдырет американ құдыретінен әлдеқайда асып түседі. Американың бағына қарай, саяси тұрғыдан біртұтас болуға Еуразия тым ұлан-ғайыр».
Осылайша, Бжезинский сипаттап көрсеткен Еуразия жаһандық үстемдік үшін күрес жалғасып жатқан шахмат тақтасы болып табылады. Геостратегияны - геосаяси мүдделерді стратегиялық басқаруды - шахматпен салыстыруға болса да, біршама сопақшалау болып келетін еуразиялық шахмат тақтасында екі емес, бірнеше ойыншы ойнауда, олардың әрқайсысының әртүрлі билік дәрежесі бар. Жетекші ойыншылар шахмат тақтасының батыс, шығыс, орталық және оңтүстік бөліктерінде орналасқан. Шахмат тақтасының батыс бөлігінде де, шығыс бөлігінде де адам тығыз орналасқан аймақтар бар, олар салыстырмалы түрде халқы тым көп кеңістікте бірнеше құдыретті мемлекетті құрайды
Бжезинскийдің болжамынша «егер орталық бөлікті Америка басым Батыстың кеңіп келе жатқан орбитасына енгізу мүмкін болса, егер оңтүстік аймақта бір ойыншы үстем болып шықпаса және егер Шығыс Американы өзінің теңіздің арғы бетіндегі базаларын тастап кетуге мәжбүр ететіндей ғып бірікпесе, онда Америка жеңіске жетеді деуге болады. Бірақ егер орталық бөлік Батысқа тойтарыс берсе, белсенді біртұтасқа айналса, не Оңтүстікті бақылауда ұстаса, не ірі шығыс мемлекеті қатысатын одақ құрса, онда Американың Еуразиядағы жетекші рөлі күрт тарылады. Егер екі ірі шығыс ойыншысы әйтеуір бір жолмен біріге алса да, солай болып шығады.»
Ресей де бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі ықпал мен беделді қайтаруды ойлайды. АҚШ-тың, атап айтқанда НАТО-ға мүше мемлекеттердің Ресей шекарасына тым таяп келуі Ресей билігін алаңдатпай қоймауда. НАТО-ға ұқсас бұрынғы Варшава Шарты Ұйымы бүгінде жоқ. Сондықтан да Ресейдің бұрынғы кеңестік елдерді өз уысында ұстауға жанталасуы да осыдан. Ғасырлар бойы Ресейдің бауырындай болып келген Украинаның Батысқа қарай интегациялануға ұмтылуы бұл алаңдаушылықты одан әрі үдете түсті. Орыс мемлекеті өзінің алғашқы мемлекеттік құрылымын сонау IX ғасырда Киев Русінен бастағанын да ұмытуға болмайды. Өзінің бауырындай болған елдің Батысқа бет бұрғанын Ресейдің кешіргісі де жоқ. Дипломатиялық жолмен шеше алмағанын күшпен шешуге ұмтылуы барлық астам мемлекеттерде бар.
Клаузевиц айтқандай «Саяси ниет – мақсат, ал соғыс тек құрал, сондықтан құралды ешқашан мақсаттан бөліп алуға болмайды».