Рыноктық экономикадағы басқарудың қазіргі кездегі тәсілдері
4.1. Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор.
Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.
Басқару әдістері дегеніміз – басқару процесінің маңызды элементі. Ол ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр.
Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны мен еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсіндіріледі.
Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның коллективі мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:
- шаруашылық механизмі және оның құрылымы;
- әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқыру;
- экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;
- мемлекеттік реттеудің әдістері.
Шаруашылық механизмі – шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді. Басқаша айтқанда, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни, шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану, үшіншісі үшін салық алу мен гүлдену тілегі болады.
Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Осы орайда бір айта кететін жайт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті. Ол тұста жоспар әрқашанда директивалық құжат түрінде болған және заң күші берілген.
Алайда дүние жүзілік тәжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе басқару жүйесінің төменгі сатысында, яғни шағын және орта кәсіпорындарында жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.
Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау өндірістің болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін, болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.
Міне сондықтан да Президентіміз жоспарлауды басқаруды молынан пайдалануды өте қажет деп санайды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады. Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дәлел жалпы еліміздегі және жергілікті жерлердегі реформаларды тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесі. Бұл кеңеске сай басқару теориясы бойынша басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым-қатынастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатынас жолдары мен коммуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуді және т.б. талап етеді.
Мемлекеттік реттеу – басқарудың экономикалық әдістеріне жатады. Нарықты қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде мемлекет ол процеске әсер етуге тиісті. Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалануымен іске асырады.
Жалпы айтқанда қандай ел болса да оның әлеуметтік-экономикалық дамуы, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды.
4.2. Әлеуметтік-психологиялық әдістер. Басшының маман екені көбінесе оның еңбек ұжымын басқаруда әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Сондықтан осы шарттарды іске асыру үшін басшы:
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттарын;
- материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін;
- идеялық-тәрбие жұмысын жолға қоюды;
- өндірісте демократиялық негіздердің дамытылуын;
- өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп пайдалануы қажет.
Басшының моральдық-психологиялық факторларды елемеуі басқару саласында әкімшіл-әміршіл жүйені қалпына келтіруге әкеп соғады. Басшы әлеуметтік-психологиялық әдістердің көмегімен еңбек ұжымдарына және жекелеген қызметкерлерге ықпал жасайды, сондықтан да ол әлеуметтік-психологиялық факторлардың экономикалық қатынастарға игі ықпал жасайтынын көре білуге міндетті.
4.3. Ұйымдық-әкімшілік әдістер. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз - өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтылықты, тәртіптілікті, жүйе жұмысының оралымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жұмыста қажетті реттілікті сақтауға, басшы органдар мен адамдардың барлық шешімдерін іске қосуға, кадрлармен жұмысты жүзеге асыруға тиіс.
Ұйымдық-әкімшілік ықпал үш бағыт бойынша жасалады.
1) Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, еңбек заттары, еңбек құралдары мен жұмыс күші арасындағы, сондай-ақ біртұтас өндіріс және еңбек процесінде әртүрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің еңбектегі іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен арақатынастарды реттеу үшін.
2) Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар, атап айтқанда: бөлу ұйымдық-әкімшілік ықпалға үшырайды.
3) Ұйымдық-әкімшілік ықпал жасаудың объектісі – басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл формалары болыптабылады.
Ұйымдық-әкімшілік әдістер экономикалық әдістер шешетін міндеттердің нақ өзін шешеді, бірақ олардан ықпал етудің формалары мен тәсілдері жөнінен еркше болады, олар жүйенің жекелеген функциялары мен элементтерін орындауда, жүйенің өзі өмір сүріп, дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін бірқатар мәселелерді шешуде қызметкерлердің күш-жігерін бағдарлап отыруға мүмкіндік береді.
4.4. Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игенру қажет.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.
Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.
Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:
1) Бюджеттік (ведомстволық);
2) Қоғамдық (корпорациялар);
3) Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).
Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:
1) Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)
2) Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).
Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Басқарудың қазіргі заманғы әдістері
2. Басқарудың экономикалық әдістері
3. Ұйымдастырушылық әкімшілік әдістер
4. Әлеуметтік психологиялық әдістер
Бақылау тесттері:
<question>Басқару әдістері:
<variant>Экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық
<variant>Экономикалық, әкімшілік, ұйымдық
<variant>Әкімшілік, әлеуметтік, жағдайлық
<variant>Психологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық
<variant>Психологиялық, жағдайлық, әлеуметтік
<question>Шаруашылық механизмі дегеніміз бұл –
<variant>Кез-келген кәсіпорынның залалсыз қызмет істеуінің бағыты
<variant>Кәсіпорындардың жоспарлау бағыты
<variant>Әр түрлі экономикалық процестерді жүзеге асыру
<variant>Экономикалық қатынастар жүйесі
<variant>Жаңадан дамып келе жатқан жүйе
<question>Басқару процесінің маңызды элементі
<variant>Басқару әдісі
<variant>Басқару жоспары
<variant>Басқару жүйесі
<variant>Басқару міндеті
<variant>Басқару нәтижесі
<question>Әкімшіліктік әдiстi кандай кезде пайдаланады?
<variant>заңды негізде басқару кезінде
<variant>стандартты ситуацияларда
<variant>кездейсоқ жағдайларда
<variant>кәсіпорын даму жағдайында
<variant>стандартты емес жағдайларда
<question>Басқару әдістерінің ықпал жасаушы маңызды элементі?
<variant>Басқару әдістері
<variant>Міндеттемелер
<variant>Қағидалар
<variant>Жүйелер
<variant>Санаттар
Әдебиеттер:
1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005
2. АхметовҚ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.
3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999
4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999
5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999
МЕНЕДЖМЕНТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Мақсаты:Басқарудың маңызды белгілерін оның атқаратын қызметтеріне қарап ажыратуға болады. Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтері бұған бірден бір себеп болады.