Леуметтік-экономикалық саладағы прокурорлық қадағалауд

Аймақтың ерекшеліктеріне, қадағалау аумағындағы заңдылықтың жағдайына байланысты прокурорлар, жыл сайын қадағалау қызметінің қосымша басымдық бағыттарын белгілеуі мүмкін. Прокуратураның құқық қорғау функциялары, оның ішінде денсаулығына немесе жасына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше талап етуге қабілетсіз азаматтар мен адамдардың едәуір бөлігінің құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қозғайтын жаппай сипаттағы заң бұзушылықтарды жою үшін сотқа талап-арыз беру арқылы орындалсын. Қалған жағдайда әр азаматқа өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы өз бетінше қорғау тәртібі түсіндіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына, сондай-ақ азаматтардың мүддесіне негізсіз талап қоюға жол берілмейді. Заңды тұлғалар мүддесіндегі талаптар сотқа ҚР- Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) не оның орынбасарларының келісімімен ғана жолданылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу туралы бақылау және қадағалау органдарының атына негізсіз талаптар жолдау фактілерді жояды.
Тексеру заңнама талаптарына сай, қадағалауындағы аумақта заңдылық жағдайын, аймақ ерекшеліктерін, тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауды мұқият талдау негізінде, сондай-ақ ҚР- Бас прокуратурасының (бұдан әрі-Бас прокуратура) тапсырмалары бойынша жоспарланып, жүргізіледі.

Прокуратура органдары қызметінің басымдық бағыттары бойынша тексерулер бірінші кезектегі тәртіпте жүргізіледі. Бұл мақсатта, прокурорларда, қадағалау ерекшелігін ескере отырып, қадағалауындағы аймақтың толық сипаттамасы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, діни және саяси белсенділігі қамтылған үнемі жаңартылып отыратын паспорт болады.
Аймақтағы ахуалды талдау және заңдарды қолданудың аса проблемалы салаларын анықтау үшін сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша қажетті мәліметтер жинақтайды. Тексерулер қатаң түрде бір ай мерзімде жүргізіледі немесе оны ұзарту жоғары тұрған прокурордың келісімімен жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерулер, тексеру мәселесі тікелей өтініш берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғаған жағдайда ғана, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігіндегі шарттарды сақтай отырып жүргізіледі. Тексеріс тақырыбына қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығына баса назар аударады. Нәтижелері бойынша анықтаманың көшірмесі тексерілуші субъектінің басшысына танысу үшін беріледі.

Осымен мемлекеттік органдар қабылдаған тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың заңдылығына тиісті қадағалау қамтамасыз етілсін. Тексерулер жүргізу барысында тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды салу мен алып тастаудың заңдылығына назар аударады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары тағайындаған тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою немесе алып тастау туралы қаулы осы органдардың лауазымды тұлғаларының тарапынан заңдылықтың айқын және өрескел бұзылуы анықталған жағдайда шығарылсын. Мұндай қаулыларды Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерінің, дербес басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, қала, аудан, арнайы прокуратуралардың прокурорлары мен олардың міндеттерін атқарушылар шығаруға құқығы бар.
Демек, прокурорлық тексеру барысында тексеруді іске асыру үшін айтарлықтай маңызы бар жасырын заң бұзушылықты анықтау үшін өзге мүмкіндіктер болмаған жағдайда, құзыретті органдар тарапынан жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорлардың қаулылары негіз болып табылады. Прокурор қаулысында жедел-іздестіру іс-шараларының негізі, тексерілетін субъектілердің ауқымы, өткізу мерзімі және алынған нәтижелерді ұсыну нысаны көрсетіледі және қаулының жобасы жедел-іздестіру шараларының заңдылығын қадағалау жөніндегі құрылымдық бөлімінің басшысымен міндетті түрде келісіледі. Егер қажет еткен жағдайда тексеруге мамандар тартылады. Сараптама арнайы ғылыми білім қажеттігі туындағанда және оны тағайындаусыз прокурорлық тексеруді жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда ғана тағайындалады, ол туралы қаулыны прокурорлар немесе олардың міндеттерін атқарушылармен келісу бойынша шығарады. Келісу 3 тәулік ішінде, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Ақысыз жүргізілетін сараптамалар келісуді талап етпейді.Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда:

· сараптаманы тағайындау негізі;

· сараптаманы тағайындау уақыты, орыны;

· сараптауға жолданатын объектілер;

· сарапшының қарауына берілетін өзге құжаттар;

· сарапшының тұжырымына негіз бола алатын тексеру материалдарындағы мәліметтер;

· сарапшының алдына қойылған мәселелер;

· сот сараптама органының атауы немесе сараптама жүктелген маманның аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Заңдылық жағдайына талдау жүргізіліп және прокурорлық қадағалау практикасы жинақтап қорытынды жасап, оның нәтижелері Бас прокуратураға ұсынылады. Жолданатын ақпаратта (жүргізілген талдаулар туралы) мыналар қамтылуы тиіс:

· статистикалық талдау (өткен жылмен салыстыра отырып);

· анықталған бұзушылықтар (бұзушылықтар түрлері мен санын көрсете отырып) негізінде заңдылық жағдайын, оның ішінде бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын бағалау. Заң бұзушылықтарды жою тәсілдері мен нәтижелері;

· нормативтік құқықтық актілерде олқылықтардың орын алуы, ҚР-ның заңнамасын жетілдіру.

Кез-келген өкілетті органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың бастапқы өтініштері «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР-ның Заңдарының талаптарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті мемлекеттік органға жолданады және арызданушыға құзыретті орган қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда прокуратураға қайта шағымдану мүмкіндігі туралы хабарланады. Егер прокурордың қызметіне кедергі жасалған жағдайда, оның ұйғарымдары және басқа да заңды талаптары орындалмаса, онда кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Прокурорлық қадағалау актілерінің орындалмауы, сондай-ақ прокурордың қызметіне кедергі келтіру салдарынан азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілсе, кінәлі тұлғалар Қылмыстық процесуалдық кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Әлеуметтік саладағы прокурорлық қадағалаудың жекелеген бағыттарындағы міндетті түрде жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру заңдылығын қадағалау кезінде кәмелетке толмағандар, қаржы, жеке меншік, кәсіпкерлік, ҚР-ның Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, көлік саласында, қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңдардың қолданылуын қадағалау, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттеседі.

Сонымен қатар, еңбек туралы заңнаманың қолданылуын тексеруде азаматтардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға конституциялық құқығының сақталуына назар аударады. Сонымен бірге тексерумен мемлекеттік өкілетті органдар мен жұмыс берушілер тарапынан халықтың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы пен радициялық қауіпсіздігіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қамтиды, яғни өкілетті мемлекеттік органдарды тексергенде олардың заңсыз көші-қонның алдын алу мен тыю міндеттерін орындауына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара қарым-қатынас деңгейіне баса назар аудара отырып, елімізге көшіп келушілердің келуі мен болуы және тиісті мемлекеттік органдардың шетелдік жұмысшы күштерін тартуға және еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсаттар беру туралы шешімдерінің заңдылығына баса назар аударады.

Еліміздегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын дер кезінде жоюды қамтамасыз ету мақсатында аталмыш мекемелерде түнгі уақыттарда, мереке және демалыс күндерінде тексеру ұйымдастырылады және азаматтарды заңсыз әкелу, ұстау фактілері анықталған жағдайда, оларды бірден босатып, заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты іс-шаралар қолданылады.

Қадағалауды ұйымдастыру кезінде, БҰҰ, Баланың құқықтары туралы конвенциясында және басқа да жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларында қоғам мен мемлекеттің барлық қызмет салаларында балалардың мүдделерін қорғау басымдығы бекітілгенін негізге алады. Қазіргі қоғамдағы болып жатқан балалардың жаппай улануы, әсіресе азық-түліктен уланудың әрбір фактісі бойынша прокурорлық қадағалау жүргізіліп, ол туралы Бас прокуратураға хабарланады. Сонымен қатар кәмелет жасына толмағандар арасындағы суицид фактілері бойынша жағдайлардың жан-жақты, толық әрі объективті тексеру және заңды процессуалдық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді және қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығы туралы хабарлама 24 сағат ішінде Бас прокуратураға хабарлайды.

Қоғамда ерекше орын алып жатқан дінге араластыру фактілері бойынша балаларды мәжбүрлеп, сондай-ақ кәмелет жасына толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзып, оларды отбасы мен қоғамнан оқшаулап, олардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге байланысты әртүрлі миссионерлер мен діни ұйымдардың заңсыз қызметі анықталған жағдайда прокуратура органдарының қызметкерлері құқық бұзушы тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша толық шаралар қабылдайды.

Уәкілетті мемлекеттік органдарда тексерулер жүргізу кезінде олардың кәмелетке толмағандардың спирт ішімдіктері мен темекі өнімдерін сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша міндеттерін орындауына басты назар аудара отырып, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүруі анықталған әрбір факт бойынша ойын-сауық орындарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартады.

Осындай кезеңділікпен жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балалардың есепке алынуын ұйымдастыру кезінде тиісті органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына және олар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етілуіне тексерулер жүргізеді.
Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібін реттейтін заңдардың сақталуын қадағалау жүйелі түрде жүзеге асырылсын. Асырап алу процесін коммерцияландыру фактілері анықталған кезде қылмыстық қудалауды қозғау туралы мәселені шешеді.

Қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан балаларды еңбекке және сексуалдық қанау мақсатында оларды саудалау фактілері ерекше болып тұр. Аталған фактілер орын алған кезде балалар саудасымен айналысатын каналдарды анықтау және олардың жолын кесу шараларын қабылдаумен қамтамасыз етіледі және осы қылмыстарды ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартуға қол жеткізеді. Қылмыстық қудалау органдары балалардың саудасы туралы фактілер анықталған жағдайда Бас прокуратураны хабарлауы тиіс. Сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу жүйелерінің органдары мен мекемелерінің қараусыз және панасыз балаларды, ауыр өмір жағдайына тап болған отбасыларын және тұрмысы нашар отбасыларын анықтау туралы заң талаптарын орындауын қадағалайды.

Осыған байланысты жартыжылда кемінде бір рет кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ішкі істер және білім органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын тексеруді жоспарлап, жүргізеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алуға бағытталған бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылады. Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше күту режиміндегі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі және кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастыру заңдылығы тұрақты түрде тексереді. Әрине, бұл проблемаларды шешу үшін ұсыныстар жасалады.

Сонымен ұйымдасқан қылмыстың қаржы көздеріне нұқсан келтіргенде, оның сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан байланыстарын қирату үшін капиталдың заңсыз шығарылымын болдырмау, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың барлық нысандарын қудалау, заңсыз табыстардың қаржы институттарында орналастырылуына кедергі жасау қаржы саласындағы прокурорлық қадағалаудың маңызды міндеттері болып есептеледі. Егер зейнетақы төлемдері бойынша едәуір берешектер сомасы анықталған жағдайда олардың қалыптасу себептері анықталып, салық органдарындағы кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қойылады.

Демек прокурордың санкция беруден негізсіз бас тарту фактілеріне жол берілмейді, банк құпиясына жататын мәліметтер заңсыз жария етілсе, банктер мен өкілетті мемлекеттік органдардың кінәлі лауазымды тұлғаларын заңда белгіленген жауапкершілікке тартылуы туралы шаралар қолданады.
Тексеру барысында прокурорлар және сарапшылар мен мамандар тарапынан банктік құпияның сақталуы қамтамасыз етіледі. Бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру Республикалық және жергілікті бюджеттің шығыс бөлімін талдау, сондай-ақ фискалдық органдардың тексеру актілері негізінде жоспарланып, соңынан шығыны көп бюджеттік бағдарламаларға баса назар аударылады. Кеден саласындағы жүргізілетін прокурорлық қадағалау(8-кесте) және салық саласындағы прокурорлық қадағалау (9-кесте) көрсетілген.

Кесте-8

Кеден саласындағы қадағалау:
прокуратураның және экономикалық контрабандаға және кедендік баждар мен төлемдерді төлеуден жалтаруға қарсы күрес жөніндегі басқа да құқық қорғау органдардың жұмыс нәтижелері туралы жүйелі контрабанда каналдарының жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар өңірдің сыртқы экономикалық қызметінің проблемалы мәселелері және оларды жою

Кесте-9

Салық саласында қадағалау:
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қалдықтарының түзілу себептері уәкілетті органдардың берешекті азайту бойынша, сондай-ақ жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл саласында қабылдайтын шаралары жалған кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде келтірілген залалды өтеу бойынша, оның ішінде жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен залалды өтеп алу бойынша жүргізілетін жұмыс

Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару органдарында мемлекеттің мүлік объектілерін жекешелендіру, басқару және жалға беру туралы шешімдер заңдылығына талдау жасалып, қажет болған жағдайда тексереді.

Бұл ретте өкілетті органдардың мемлекет меншігін басқару тиімділігіне, оның ішінде мемлекет қатысатын кәсіпорындардың басқару органдары жұмысына олардың өкілдерінің қатысуына назар аударылады. Егер заңды бұзу анықталған жағдайда, жекешелендіру туралы азаматтық істер бойынша талап ету мерзімдерінің қысқалығы ескеріліп, меншік иесі ретіндегі мемлекеттің бұзылған құқығын қалпына келтіру шаралары қабылданады.

Қоғамда орын алып жатқан жер мәселесі, тексеру кезінде жекелеген негіздер (тәркілеу, иесіз мүлік, қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған мүлік) бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау және одан әрі пайдалану мерзімдерін сақтауы тиіс.

Ел басының жолдауындағы шағын, ірі, орта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда, соның ішінде мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесінің бекітілген өлшемдеріне сай тексерулерді тағайындау заңдылығы, міндетті ведомстволық статистикалық есептілік нысандары мен тексеру парақтарының шүбәсіз толтырылу мәселелері бойынша тексерістер тұрақты жүргізілу керек. Тексеру барысында құқық қорғау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты прокурордың санкциясынсыз талап ету фактілеріне назар аударылады.

Әскери саладағы прокурорлық қадағалау Бас Прокурордың бұйрықтарымен белгіленеді және бұл саладағы құқықтық қатынастардың ерекшелігін ескере отырып, қадағалаудың негізгі мақсаттары ретінде:

· қауіпсіздік пен ҚР- Қарулы күштерінің (бұдан әрі - Қарулы Күштер) жауынгерлік әзірлігін, әскери тәртіп пен әскери қызметті өткерудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

· әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, Қарулы Күштердің азаматтық персоналының құқықтары (соның ішінде әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша) мен бостандықтарының сақталуы;

· Мемлекеттік шекара туралы заңнаманың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету;

· әскери мүлік, соның ішінде қарулар мен оқ-дәрінің сақталуына бағытталған заңнаманың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету есептеледі.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде ҚР-ның Әскери доктринасының жүзеге асырылу, қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау, әзірлеу, сату мен кәдеге жарату саласындағы заңнаманың сақталу және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету мен нығайтуға бағытталған бюджеттік қаражаттардың мақсаттық жұмсалымы мәселелеріне де кқңіл бөлінеді.

Көлік прокурорлары:

· көліктегі уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан;

· теміржол, су, әуе, құбыр (суағардан басқа) көліктеріндегі, метрополитендегі, ғарыш қызметі саласындағы шаруашылық субъектілерінің, халықаралық автомобильмен жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль, қалалық электрлі көлік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерін салу мен пайдалануды жүргізетін ұйымдардың заңдарды қолдануын қадағалайды.

Көліктегі қадағалаудың негізгі міндеттері:

· мемлекет пен ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, соның ішінде терроризм, есірткі заттарын тасымалдау, заңсыз көші-қон фактілеріне жол бермеу;

· теміржол, су, әуе, құбыр көліктері мен метрополитендегі, көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі қауіпсіздік;

· табиғи ортаның көліктің барлық түрдегі қызметінен, әсіресе қауіпті, разрядтық және басқа да жүк тасымалдау кезінде экологиялық қорғалуы;

· тасымалданатын стратегиялық маңызды жүктердің (мұнай, мұнай өнімдері, астық, әскери жабдықтар) сақталуы.

Жолаушыларға қызмет көрсету және тұтынушыларға көлік қызметін көрсету кезінде прокурорлық қадағалаудың құқық қорғау функцияларына назар аударылады.

Темір жол, әуе, кеме және құбыр көліктері мен метрополитендегі қозғалыс қауіпсіздігіне шынайы қатер туғызатын, жаппай жанжалдың туындауы туралы сигналдарға дереу шара қолданылсын. Көлік прокурорлары мұндай жағдайда оқиға орындарына қызметкерлердің баруын қамтамасыз етіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізсін, ал заңдылықтың бұзылуы анықталса, тиісті ықпал ету шаралар қолданылады. Мұндай оқиғалардың әрбір фактісі бойынша 24 сағаттың ішінде Бас прокуратураға арнайы хабарлама жіберіледі.
Төтенше оқиғалар болған жерлерден көлік прокуратуралары елеулі алыс болса, жақын тұрған аумақтық прокурорлар оқиға орнына барып, ол туралы Бас прокуратураға хабарласын және жиналған барлық тексеру материалдарын көлік прокурорына береді, сонымен бірге элеуметтік-экономикалық саладағы және қадағалауындағы объектілер мен аумақтарды қамтитын мәселелер бойынша қадағалайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы заңдылықты қамтамасыз ету табиғатты қорғау заңнамасын қолдануды қадағалау саласындағы басымдықты мақсат болса, ал мына төмендегі мәселелерге басты назар аударылады:

· су қорғау аймақтарында құрылысты жүргізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету;

· табиғи ресурстарды пайдалану құқығын заңсыз беру фактілерін анықтау және тосқауыл қою;

· құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтелуі;

· табиғатты қорғау заңнамасының осы саладағы басымды қадағалау бағыттары бойынша тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге (шаруашылық қызметтің субъектілеріне арнайы табиғатты пайдалану құқығын беру; ҚР-ның жануарлар, өсімдіктер әлемін, орман және су ресурстарын пайдалану құқығын беру; өкілетті мемлекеттік органдардың қызметі мен әрекеттерінің заңдылығы);

· табиғатты қорғау іс-шараларына арнап бөлінген қаражаттарды жұмсау, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақыны алу кезінде заңдылықтың сақталуы;

· ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сирек және жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тіршілік әрекеті үшін аса қолайлы экологиялық жағдайларды қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларға.

Жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің заңдылығын тексеру барысында міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау, әсіресе оны ластау мәселелері тексерілу барысында, төмендегі мәселелер қаралады:

· келісім-шарттық міндеттерді орындау барысында мемлекеттің экономикалық мүдделерінің сақталуы, соның ішінде салық және бюджетке төлемдердің төленуі;

· аймақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыда және инфрақұрылымын дамытуға қатысу;

· қазақстандық кадрларды тарту мен қазақстандық тауар, жұмыс және қызметтерді алу бойынша міндеттерді орындауын.

Қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдары қадағалау саласында төмендегі мәселелерге мән беріледі:

· қадағалау аумағындағы қоғамдық, діни бірлестіктердің, басқа үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіндегі заңдылықты жүйелі түрде талдау;

· адамның денсаулығы мен өміріне залал келтірумен, азаматтардың бостандығын шектеу мен одан айыру, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты алаяқтық жасаумен, соның ішінде жалған діни тәжірибе мен халықтық медицина әдістерін пайдаланушы қоғамдық және діни бірлестіктер мен өзге де топтардың әрекетін болдырмайды.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің бұзылу белгілері бар материалдар бойынша дереу тексеру жүргізіліп, олар бойынша аталған ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселелер қоя отырып тиісті қадағалау актілері қабылдансын, қажет болған жағдайда, материалдар құқық қорғау органдарына тиісті сараптама тағайындау және процессуалдық шешім қабылдай отырып, осы ретте конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, Республика тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, заңсыз қарулы құрылымдарды құруға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, және рушылдық араздықты қоздыруға бағытталған ұрандар мен іс-әрекеттерді тоқтатады. Осы қызмет аясында қадағалау аумақтарында ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жай-күйіне, әлеуметтік қауырттылықтың бар-жоқтығына және оның дәрежесіне құқықтық талдау тұрақты түрде жүргізіліп, жанжал жағдайларын шешу бойынша заңды шаралар әзірлейді.

Тиісті және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуын және аталған саладағы құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуді қамтамасыз ету жөніндегі бақылау функцияларының тәжірибесіне, жеткіліктілігіне талдау жүргізгеннен кейін, әркімнің сөз бен шығармашылық еркіндігіне, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және өзге де нысанда білдіру, заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға ҚР-ның Конституциясымен белгіленген құқығының қорғалуына қадағалау жасайды.

Қарастырылып отырған мәселелер бойынша әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің тоқтатылуы мен қысқартылуы туралы талап арыздар материалдарымен қабылданған шешімдер, олардың соттарда заңды және уақтылы қаралуы, заңда көрсетілген жауапкершілік шараларының қолданылу заңдылығы туралы мәліметтерді жинайды.

Аталған қадағалау саласында тұрақты түрде:

· ҚР-ның аумағында экстремистік және террористік ұйымдардың (топтардың) қызметтерін осындай ұйымдарды (топтарды) экстремистік немесе террористік деп тану жолымен және олардың қызметіне сот тәртібінде тыйым салу;

· экстремизм мен терроризмді насихаттауға және ақтауға, соның ішінде сот тәртібінде ҚР- аумағында бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге де ақпараттық материалдардың мазмұндарында экстремизм мен терроризмнің белгілері бар өнімдерді таратуға (әкелуге, өндіруге, сақтауға) тыйым салу;

· заңсыз діни қызметтің жолын кесу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда жүргізілетін тексеру тақырыптамасына қарамай, сыбайлас жемқорлық пен оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және алдын-алу прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі деп белгіленсін. Бұл бағыттағы жұмыс қадағаланатын мемлекеттік органдарда заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің жай-күйі, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларының тиімділігін зерделеу, құқық қорғау органдарымен мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің заңдарды орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы туралы ақпарат пен материалдар, соның ішінде жедел сипаттағы мәліметтер алмасу негізінде жүргізіледі.

Ақпарат агенттіктері, баспа, радио және теледидар арқылы халыққа заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайы туралы жүйелі түрде хабарлансын. Қоғам назарын аударатын, сондай-ақ заңның өрескел бұзылуын анықтаған прокурорлық тексеру нәтижелері, мемлекет мүддесі, жеке азаматтарға келтірілген зиян орнын прокурорлық шаралармен толтыру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жедел хабарлансын. Бұл ретте орынсыз сенсацияға, дүрлігу мен жеңіл-желпілікке жол берілмейді.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуда қолданылып жүрген шаралар туралы ақпараттар, материалдар, мақалалар, сұхбаттар, телерадио бағдарламалары және арнайы репортаждарды агенттіктер тілшілерімен, журналистермен, репортерлермен бірлесе отырып, әзірлейді.

Халықтың прокуратура органдарына сенім білдіру деңгейі мен олардың елдегі заңдылық жағдайын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері болып есептеледі. Аталған өлшемдерге сәйкес келу үшін төмендегілермен қамтамасыз етіледі:

· адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің іс жүзінде қорғалуы;

· прокурорлық қадағалау шараларымен қоғамдық қарым-қатынастың барлық салаларындағы құқық бұзушылықтар мен олардың туындау себеп-салдарының дер кезінде анықталуы әрі іс жүзінде жойылуы;

· қадағалаудың нақты саласындағы заңдылық жағдайына нақты ықпал ету арқылы сандық көрсеткіштердің ізіне түсудің доғарылуы;

· заң бұзушылардың, соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының лауазымды тұлғаларының қызмет деңгейіне қарамай, жауапкершілікке тартылуының бұлтарыссыздығы;

· мемлекеттік органдар мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар және олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген зиян орнын толтырады.

Заңдылықты бұзу және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың талдаушылық әдістері белсенді пайдаланылып, мемлекеттік органдар деректерін, статистикалық мәліметтер мен басқа да ақпараттарды уақтылы талдау және оның негізінде ықпал ету шараларын қабылдау көп жағдайда бұзушылықтарды ескертуге немесе олардың салдарын тексеру жүргізбестен азайтуға мүмкіндік беретіндігі ескеріледі.

Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Әлеуметтік саладағы прокурорлық қадағалаудың жекелеген бағыттарын атаңыз?

2. Әлеуметтік саладағы прокурорлық қадағалаудағы іс-шаралар?

3. Әрбір оқиғалардың фактісі неше сағат ішінде кімге хабарланады?

ОСЫМША БӨЛІМ

Наши рекомендации