Азақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде

ХХ ғасырдың аяғында Қазақстан үшін жаңа мемлекеттің әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролін іздеуге, анықтауға байланысты міндеттер туындайды. Бiздiң елiмiздiң халықаралық қатынастар жүйесiнде алатын орны ерекше. Қазақ халқының халықаралық саясаты ертеден басталғаны бәрiмiзге мәлiм. Оның әлем өмiрiнде жаңа сипатта, жаңа қырдан көpiнyiнe көп жыл болған жоқ. Бiрақ бұл аз уақытта елiмiздiң қол жеткізген табысы өте зор. Қазақстанның сыртқы саясаты бейбiтшiлiк пен ынтымақтастық бағытында нығайып дамуда.

1990 жылы 25-қазанда егемендiгiн, 1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсiздiгiн жариялаған Қазақстан – халықаралық дүниенiң кең арнасына шыққаны айқын. Оның тауелсiздiгiн 150-ден астам мемлекет мойындап, 130 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және тағы басқа көптеген ықпалды халықаралық ұйымдардың мүшесi болды. Мұның өзі Қазақстанның басқа елдерге кең танылуына және оның тәуелсiздiгiне жол ашты. Оның үстіне демократиялық және зиялы мемлекет ретiнде ол барлық, мемлекеттермен тең, әpi өзара тиiмдi ынтымақтастық opнaтyғa мүмкiндiк алды.

Қазақстанның әлемде бейбiтшiлiктi орнатуда, ядролық қарудан бас тартуда сіңірген еңбегi мол. «Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тартуы әлемдегi барлық елдерге бағдар болғандай керемет өнеге, – дедi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Владимир Петровский, - Қазақстан жай сөз емес, ядролық қарусыз дүние орнықтыру iciнe батыл да нақты icтерімен үлес қосып келедi. Ол әлем халықтары қауымдастығында ерекше орны бар елге айналды». Бұл табыс, бiздiң пiкiрiмiзше, Қазақстан халықаралық саясатының XXI ғacыp басындағы әлемдегi бей­бiтшiлiк пен ынтымақтастыққа қосқан үлкен үлесi деуге болады.

Сонымен қатар, Қазақстан халықтаралық саясатының мемлекеттiк ұлттық мүдделерiн бiл­дiретiн өзiндiк бiтiм-сипаты бар екендiгiн айтқан жөн. Ол Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесi ретiндегi белсендi мемлекеттердiң бiрiне айналды. Бұл күндерi бiздiң елiмiздiң Еуропа Қауiпсiздiгi мен ынтымақтастығы жөнiндегi Кеңес (мұнан әрмен EҚЫК), Солтүстiк Атлантикалық ынтымақтастық Keңeci секiлдi форум­дардағы үнi анық және салмақты естiледi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше мемле­кеттердiң арасында Қазақстан Республикасы өзiнiң географиялық aумағы (2717300 шаршы км.) бойынша, жоғарыда айтылғандай алтыншы, халқының саны бойынша елуiншi орында. Ол ТМД елдері арасында жер аумағы бойынша екінші орында, ал халқының саны бойынша төртінші орында. Қазақстан Еуразия континентiнiң кiндiгiнде орналасқан ғажайып мемлекет болып табылады, өзiнiң тиiмдi географиялық орнымен ол Азия мен Еуропаны, Шығыс пен Батысты байланыстыратын өзiндiк бiр дәнекер, көпip десе де болғандай. Қазақстан Республикасы солтүстікте және батыста Ресеймен, шығыста – Монғолиямен, Қытаймен, оңтүстікте – Түркменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекараласқан (шектескен). Олармен мемлекеттік шекара мәселелерін құқықтық негізде шешкен[157].

Қазақстан өзінің табиғат байлықтарымен мақтана алады. Оның жер қойнауында іс жүзінде Д.И.Менделеевтің периодты кестесінде көрсетілген барлық элементтер бар. Республикада хромның әлемдік қорының жартысынан астамы бар және вольфрам қоры бойынша бірінші орында, марганец қорының көлемі бойынша әлемде үшінші орында. Фосфор рудаларын шығару бойынша әлемде екінші орынды иеленеді, ал қорғасын мен молибден бойынша әлемде төртінші орынды және темір рудаларын шығару бойынша сегізінші орынды иеленеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы әлемдік шаруашылықтың субъектісі.

Бұл арада бiздiң мемлекетiмiздiң мақсаты мұндай жағдайды тиiмдi пайдаланып, сыртқы саясатта елге экономикалық та, моральдық та залал келмеуiне қол жеткiзу, халықаралық қатынастардың психологиялық атмосферасы үшiн мейлiнше қолайлы жағдайлар жасау болып отырғанын атап өткен жөн. Өткен сынды жылдар iшiнде тәуелсiз, егемен қазақ мемлекетiнiң Сыртқы iстep министрлiгi бiздiң сыртқы саясатымызда, iшкi жаңғыртуларды жүзеге асырып, алға басу, экономикалық реформаларды жүргiзуге аса қажеттi сыртқы қолдауларды алуға сәттi бағдар ұстау мәселесiн берiк қолға алды[158].

Қазіргі Қазақстанның жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудың жағымсыз аспектілерінен аулақ болғаны жөн, жағымды факторларды пайдалануды үйренгені жөн.

Бүгінде Қазақстанның сырты саясатты белсенді жүргізу үшін біраз мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты – бұл оның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын реттеуге байланысты қазақ мемлекетінің қызмет саласы. Қазақ мемлекеті қандай да болмасын сыртқы саяси бағытты жасайды және іске асырады, халықаралық аренада өзінің жүріс-тұрыс бағытын салады.

Қазақ мемлекетінің сыртқы саясатының негізінде ұлттық немесе ұлттық-мемлекеттік мүдделер жатыр, олар, өз кезегінде қазақстандық қауымдастықтың мұқтаждықтарымен байланысты. Ұлттық-мемлекеттік мүдде – бұл осы халықтың мемлекеті білдірген, алдына қойған, қорғайтын және жүзеге асыратын ұлттық мүдде. Өзінің ұлттық мүдделерін қорғаумен қатар Қазақстан қазіргі заманның жаһандық проблемаларын шешуге де белсене қатысуы тиіс. Осыларға негізделе отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатының басты бағыттары қалыптасады. Бүгінде Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

1. Қазақстан саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға жетудің құралы ретінде барлық соғыстардан, әскери күш қолданудан бас тартады.

2. Біздің сыртқы саясатымыздың негізгі идеясы Қазақстанның ешбір мемлекетке өзінің қарсыласы ретінде қарамайтындығы жөнінде жағдай болып отыр.

3. Қазақстан өзінің өмірлік маңызды мүдделерін қорғайтындығын мәлімдеді.

4. Сыртқы саясат «шығынды» емес, өзара тиімді болуы тиіс.

Тәуелсiз елдiң әлемдiк icтepre бару бағытындағы жалпы фәлсафасы республика прагматизм сипаттары мен принциптерiн иемденетiнiн байқауда Қазақстанның әлемдiк сахнадағы өмiрлiк мүдделерi оның беделi мен көзқарасы көп жағдайда таяу мемлекеттерінің әрқайсымен толық ауқымды қатынастарды одан әpi дамытуға тығыз бай­ланысты деп ойлаймын. Сондықтан да әскери, саяси, экономикалық және әлеуметтiк ­гуманитарлық ынтымақтастықты, дағдарыстар мен қақтығысуларды реттеу мен жеңудің тетіктерін әзiрлеудi қамтамасыз eтетін тиiмдi ұйым ретiнде достастықтың қалыптасуына бағытталған бiздiң бағытымыз барынша нәтижелi болуы тиic. Ocығaн орай, Қазақстанның «достық пен ынтымақтастық саясатын жүргiзе отырып, мемлекетіміз ел шекарасының бүкiл бойында сенiмдi «қауiпсiздiк белдеуiн» жасай алды. Мейлi ол таяу көршi, немесе бiзден алыста жатқан ел болсын, қалай болғанда да Қазақстанның бiрде-бiр мемлекетпен арада қандай да бiр елеулi қарама-қайшылығы немесе проблемасы жоқ, – деп атап айтуы кездейсоқ емес. Қазақстанның болашағы әлемдегi әр түрлi континенттердiң ынтымақтастық дәнекерi болып тұруында.

Қазақстанда тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысты саясатқа ерекше мән берiлуде. Әcipece, ТМД-ны нығайту, Еуразияның ipi мемлекетi ретiнде, Қазақстанның стратегиялық мүдделерiне сай келетiнiн атап керсету керек.

Ocыған орай, Қарабах бойынша Қазақстанды ЕҚЫК-нің Минск тобына қосу туралы мәселеге әзiрлiк жұмысына белсендi қатысқанын айта кеткен жөн.

Қазақстанның ресми өкiлдерi Тажiкстанға осындай мақсатпен бiрнеше рет барып, ондағы «Қотты нүктелерде» болып, жауласушыларды жарастыруға жәрдем көрсеттi. Бұл бейбiт бiтiмгершiлiк күш-жiгер, көптеген елдер тарапынан, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен ЕҚЫК басшылығы тарапынан оң қолдау тапты және оңды пiкiрлер тудырды.

ТМД – субъектiлерi өздерiнiң даму кезеңінiң белгiлi бiр белесiнен өткенде өз халықтарының экономикалық және мәдени гүлденуi үшiн, шын мәнiнде тәуелсiз мемлекеттер ретiнде қалыптасу жолында жаңа Еуразия одағына бiрiгуге мүдделiк танытып, өздерiнiң ocыған ниеттестiгiн бiлдiруi керек. Сонда ғaнa қазiргi өмip талабына сай келер едi.

Республикамыздың ТМД мен ЕврАзЭҚ елдерiмен eкi жақты және көпжақты деңгейдегi ынтымақтастығына келер болсақ, елiмiздiң сыртқы саясаты әcipece, Ресей мен Қазақстанның достығына ерекше мән бередi. Мәселе, eкi мемлекет басшыларының Мәскеуде қол қойылған ХХI ғacыpғa бағдарланған мәңгi достық пен ын­тымақтастық туралы Декларациясы eкi ел үшiн маңызды тарихи, саяси мәнге ие. ТМД мен ЕврАзЭҚ елдерiмен мемлекетаралық қатынастардың толық жүйесiн жасап, дамыту және бiздiң сыртқы саясатымыздың басқалармен тек құқықтық жағдайда болуы тұрақты мәнге ие болуда, бұл аса маңызды iстердiң бiрi. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдiң өзара мүдделiкке тарихтың opтақтығы, eкi ел экономикасының жоғары ынтымақтастық дәрежесi, ортақ шекара ұзындығы, тағы басқа да көптеген факторлар әсер eтiп отыр.

Елiмiздiң сыртқы саяси бағытын қалыптастыру негiзiнде Қазақстан дипломатиясы халықаралық достық пен ынтымақтасудың азиялық және еуропалық бағыттарын құқықтық тең дәрежеде ұстауы принципiн алға қойып отыр.

Қазiр iркiлiстерсiз жұмыс iстей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкiлiктi қалыптасқаны қуанарлық жайт. Елiмiзде бiздiң осы қоғамдастық мемлекеттерi басшыларының кезектi кездесулерiнiң өткiзiлуi – бұл мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайту Қазақстанның Азиялық аумағындағы қауiпсiздiгiн саяси ­дипломатиялық құралдарымен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ, республика эконо­микасын Азия аймағындағы серпiндi дамып келе жатқан интеграциялық прогрестерге қосу үшiн маңызды. Бүгiнде ауқымды және аймақтық проблемалардың кең кешенi бойынша бұл мемлекеттермен өзара қарым-қатынас жасауға аса қажет елеулi мүмкіндіктер ашылды да. Мемлекетаралық интеграция аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстiк және Oңтүстік Америкада, Oңтүстік Шығыс Азияда ортақ экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бiрлестiктердiң жұмыс iстеуі – мұның бәрi Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты бағыттары бар eкeндігін көрсетеді[159].

Қазақстан үшiн Қытаймен ынтымақтастығының зор маңызы бар. Oның үлкен экономикалық мүмкіндігі, экономикасының тұрақты дамуы, т.б. факторлар қуантады. Сауда-саттық көлемi ұлғайып, саяси байланыстар тұрақты түpдe дамып келедi. Mұның үстіне бiрқатар бағыттар бойынша Қытаймен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жүзеге асырылып отыр. Бұлар ауыл шаруашылығы есептеу техникасы, электроника, энергетика, байланыс, геология, металлургия, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, лазерлiк техника, ден­саулық сақтау, бiлiм беру, көлiк, қоршаған ортаны қopғay, стандарттау мен метрологиялық және т.б. қамтиды. Mұның бәрi тұтастай алғанда көршiмiз Қытаймен орнықты, тұpaқты қарым-қатынаста болуының үлкен болашағы бар eкендігін көрсетеді.

Cоңғы кезде Қазақстан Қытаймен және басқа да көршiлес елдермен бейбiтшiлiк пен ынтымақтастық бағытында мемлекетаралық ұйымдар құруда. Бұған «Шанхай бестiгi» ынтымақтастық ұйымының құрылуы дәлел болады. Осы ұйымның мүшелерi өзара ықпалдасу процесiн экономикалық ынтымақтастыққа ұластырып, сол секiлдi ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық терроризмге, ecipткі бизнесiне және экстремизмнiң басқа да түрлерiне бiрлесiп қарсы тұру мақсатында жұмыс iстеуде. Және де, осы Шанхай ынтымақтастық ұйымының прагматикалық, практикалық сипаты oған деген басқа мемлекеттердiң ынтасын да арттырып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының, әcipece, экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық салаларының зор болашағы бар. Жапония Қазақстанға ipi мөлшерде қаржылай көмек бергенi бәрiмiзге мәлiм.

Қазақстан негiзiнен Жапониямен және Кореямен тығыз ынтымақтастықта eкендігін айтуымыз керек. Бұл мемлекеттермен өзара ic-қимыл жасау арқылы жолға қойылып отыр. Oңтүстік Шығыс Азияда АСЕАН мемлекеттерiмен, бәрiнен бұрын Малайзия, Сингапур, Индонезия мен қатынас жасаудың жан-жақты болашағы көpiніп отырғандығын айтқан жөн.

Моңғолия үкіметімен де eкi жақты қарым-қатынастардың түрлi салаларында тұрақты жұмыс байланыстары жолға қойылып отыр.

Бүгiнгi күннің ipi мiндеттерiнiң бiрi – ортақ проблемаларды шешу үшiн өзара тиiмдi ынтымақтастық мақсатында Түркиямен, Иранмен жемicтi диалогты дамыту. Түркиямен әpi саяси, әpi экономикалық байланыстарымыз нығая түсуде.

Иранмен өзара қарым-қатынасымыздың тұрақтылығы сақталуда. Тарихи терең тамыры ортақ бұл елдермен болашақ қарым-қатынастар мейлiнше қолайлы болмақ. Бұл арада мынаны атап өткен жөн, Қазақстан өзiнiң қарым-қатынасын Түркиямен, Иранмен, сондай-ақ жалпы мұсылман дүниесiмен дiни негiзде емес, өзiнiң мемлекеттiк мүдделерi тұрғысында және халықаралық құқықтық жалпы мойындалған нормалары негiзiнде жүзеге асыруда.

Сауд Арабиясымен байланыстарымыз барған сайын арта түciп келедi және осы мемлекет Астана қаласын көркейтуге үлкен көмек жасады. Сонымен қатар, Қазақстанның Парсы шығанағындағы елдермен ынтымақтастығы дамытылуда және олардың Қазақстандағы инвестициялық қызметі белсендi бола түсуде.

Қазақстан – Египет қарым-қатынастары жандана түсуде, тұрақты ынтымақтастық opнaтyғa eкi ел де мүдделi.

Қазақстанның Израильмен де сауда-экономикалық байланыстары барған сайын арта түсуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Oңтүстік Азияның ipi-ipi мемлекеттерiмен, атап айтсақ Үндicтaнмен, Пәкiстанмен достық қарым-қатынас орнатуда.

Қазақстан үшiн сыртқы саясаттың еуропалық бағыты барған сайын үлкен мағынаға ие болады. Еуропа одағы қазiрдiң өзiнде Қазақстанның eң ipi сауда-эко­номикалық әріптесіне айналды[160]. Мәселен, Германия Федеративтiк Республикасымен және Франциямен қaтынастарға құқықтық негiз жасалуы ынтымақтастықты сапалық жаңа деңгейде көтере алады деп ойлаймын.

Бұдан басқа Қазақстан Австралиямен, Ұлыбританиямен, Америка, Африка мемлекеттерiмен ынтымақтастығын дамытуда.

Әcipece, Қазақстаннық сыртқы саяси ic-қимылында АҚШ-пен қарым-қатынасын атап айтқан жөн. АҚШ-пен қарым-қатынаста ең негiзгiсi – eкi жақтың да мүдделерiне сай негiзделген ынтымақтастықты қалыптастырып дамыту. АҚШ-пен ынтымақтасуда Қазақстанның алдында тұрған бiрiншi кезектегi мiндеттiң бiрi – қауiпсiздiк проблемасын, ең алдымен ядролық қауiпсiздiк мәселесiн шешу болды. Eкi жақты экономикалық ынтымақтасуды дамыту өзара тиiмдi пайда бередi. Мәселен, бiрлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, «Шеврон» Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетiлдiруге, яғни аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаға қатысуы дәлел.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар Қазақстан-Американ қатынастарының құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл eкi ел арасындағы мәдени, ғылыми қоғамдық байланыстардың жылдамдауы, бiр-бiрiмiзге деген өзара қызығушылықтың, халықтардың бай ұлттық мәдениетінiң ұдайы өciп келе жатқанын көрсетеді.

Қазақстанның АҚШ-пен ынтымақтастығы тең құқықтыққа және өзара мүдделiкке негiзделiп отырғанын айтқан жөн. Қазақстанның жалпы Еуропалық саясатына қатысты мәселеге келсек, ол континент елдерiмен eкi жақты қатынастардың базасын кеңейту­мен және көптарапты форумдарды барынша пайдаланумен ерекшеленедi. Халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, аймақтық қақтығыстарды реттеу, ядролық қаруды таратпау мәселелерiн нығайту iciнe арналған Қазақстанның Бiрiккен Ұлттар Ұйымындағы, басқа да халықаралық ұйымдардағы бағыты алда әлi де жалғасатын болады.

Елiмiз дүниежүзiлiк Банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкi, Ислам даму банкi, Азия даму банкi сияқты халықаралық қаржы институттарымен үйлесiмдi түрде өзара тығыз жұмыс icтелiп келедi.

Дамушы елдермен сауданы, eкi жақты инвестициялық белсендiлiктi кеңейтуде бiздiң реформаларымыздың жүзеге асуына жәрдем беретiн өзара тиiмдi ынтымақтастықты тереңдету шынайы ойластырылып отыр. Қазақстанға жүктелген жауапкершiлiк, осыған сәйкес қазақстандық саясатты да талап eтеді. Бiздiң бүгiнгi қиыншылықтарымызды ғана емес, epтеңгі жаңаруларымызды да eскеретін әлемдегi өз орнын танумен түсiндiрiлудi де қажет eтepi сөзсiз.

Шет елдермен ынтымақтастықтың болашақ, бағыттарын әзiрлей отырып, Қазақстанның сыртқы саясаты шын мәніндегі теңдікке, басқаның iстеріне араласпаушылық пен өзара құрметтеушiлiкке негiзделген дәйектi жаңа қатынастар орнатуға алғаш рет нақты мүмкiншiлiктер ашылғанын әркез естен шығармаған жөн.

Қазақстан бүкiл әлем елдерiмен бiрге бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықтың дамуының бiр жолы peтінде терроризмге қарсы жұмыс жүргiзiлiп отырғанын атап айту керек. Сондықтан, елiмiз терроризм қандай түрде көрiнбесiн онымен күресу жолын iздейдi[161]. Осыған дәлел АҚШ-тың терроризммен күрес жүргiзуiн қолдауы кездейсоқ емес.

Бiрақ бiздiң ел қақтығыс пен түсiнбеушiлiктi бейбiт саяси жолмен шешу, қантөгістi болдырмау, халықтардың зардап шекпеуi жолдарын көздейдi.

Қазiргi Ауғанстан мен Ирактағы болып жатқан жағдай бiздiң жұртшылық қауымды елеңдетiп отыр. Қазiргi соғыс өpтi Ауғанстан мен Ирактың ошағынан шалқып шығып, айналасына шалығын тигiзуi мүмкін бе? – деген қолайсыз сұрақ туғызады. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, мүмкін болып қала ма деп күдiктенемiн. Лайым ондай өрттен сақтасын.

Сонымен бiздiң елдiң сақтайтын негiзгi принципi – елiмiзде, әлемде бейбiтшiлiк орнату және ынтымақтастықты дамыту. Басқа елдермен Қазақстанның арасындағы достық қарым-қаты­настардың маңызы зор eкeнi ешкiмдi де күмәндандырмайды. Қазақстан басқа елдер халықтарымен ынтымақтастық қатынастарды кеңейте отырып, өзара жақындасуы бейбiтшiлiктi нығайту мүддесіне қызмет eтeтіні даусыз. Қазақстанның басқа елдермен арадағы ынтымақтастығы тек өзара пайдалы болып қана қоймай, сонымен бiрге олардың дүниежүзiлiк бiрлестiктегi (қауымдастықтағы) алатын орнын нығайта бермек. Елiмiз қазiргi әлемнiң саяси құрылымына да интеграциялана түсуде. Мұны Қазақстан дипломатиясының жемiсi деуге болады. Тұтас алғанда Қазақстанның халықаралық саяса­тының фәлсафасы табысты түрде жүзеге асуда.

Барлық жоғарыда айтылғандардан әлемдік саясаттың объектісі ретіндегі халықаралық қатынастар мемлекеттердің, халықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара байланыстардың күрделі жүйесі болып есептелетіндігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Олардың дамуы қазіргі өмірдің бірқатар объективті факторларымен байланысты. Халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды жағы – саяси қатынастар. Соған сәйкес халықаралық қатынастардың орталығы мемлекетаралық қатынастар болып табылады, оның шеңберінде әлемдік саясат субъектілерінің арасындағы қатынас құрылады және жұмыс істейді. Мемлекеттердің сыртқы саяси органдары халықаралық нормаларын жетілдіруде, олардың сақталуы халықаралық, әлемдік процестің барлық қатысушылары үшін міндетті. Сондықтан сыртқы саясат дегеніміз – мемлекеттер мен басқа ұйымдардың халықаралық қатынастар саласында өздерінің алға қойған мақсаттарына жетуге бағытталған саналы қызметі. Сыртқы саясаттың негізгі өлшемдері қоғамның сыртқы әлеммен, яғни, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасқа түсуінің объективті қажеттіліктерінің пісіп-жетілуінің шамасы бойынша қалыптасады. Демек, сыртқы саяси бағыттың ең алуан түрлі экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани, идеологиялық факторлармен объективті байланыстылығын үнемі ескерген жөн. Осыған байланысты халықаралық саясатта және қазіргі жағдайларда күш беретін фактор әрекет етуін жалғастыруда екендігін айта кеткен жөн. Экономикалық және әскери жағынан барынша дамыған мемлекеттердің өздерінің мақсаттарына жетуі үшін басқа елдерге шынайы саяси қысым жасауына мүмкіншілігі бар немесе әлеуетті түрде бұны жиі көрсетіп те келеді.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..............................................................................................................

Бірінші тақырып. Саясаттану – ғылым .....................................................

1. Саясаттану пәні ....................................................................................

2. Саясаттану ұғымдары мен категориялары, заңдары мен әдістері...

3. Қоғам жөніндегі ғылымдар құрылымындағы саясаттанудың орны.

Саясаттанудың міндеттері .........................................................................

Екінші тақырып. Саяси ғылым тарихы .....................................................

1. Ежелгі дүниедегі саяси идеялар .................................................................

2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуріндегі саяси ойлар..........................

3. Ерте және жетілген буржуазиялық қоғамның саяси доктриналары.......

4. Ресейдің саяси ойлары.................................................................................

5. Қазақстандағы саяси ойлар ........................................................................

6. ХХ ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы

Үшінші тақырып. Салыстырмалы саясаттану ......................................

1. Салыстырмалы саясаттанудың пайда болуы...............................................

2. Саяси зерттеулердің салыстырмалы тәсілі.................................................

3. Жүйеленген көзқарастар және саяси жүйені типтерге жіктеу тәсілі.......

Төртінші тақырып. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде .............................

1. Саясат – қоғамдық құбылыс........................................................................

2. Саясат және экономика. Ішкі, сыртқы, және әлемдік саясат...................

3. Саясат – қоғам өміріндегі өнер...................................................................

Бесінші тақырып. Саяси билік ...................................................................

1. Биліктің анықтамасы. Саяси биліктің негізгі белгілері............................

2. Саяси биліктің механизмі, көздері мен ресурстары.................................

3. Биліктердің бөлінуі – саясаттың теориясы мен принципі

(негізі) ретінде .............................................................................................

4. Саяси биліктің лигитимділігі (заңдылығы) және оның түрлері..............

Алтыншы тақырып. Саяси режимдер .........................................................

1. Саяси режим ұғымы.......................................................................................

2. Тоталитарлық саяси режим...........................................................................

3. Авторитарлық саяси режим..........................................................................

4. Демократиялық саяси режим.......................................................................

Жетінші тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..............................................

1. Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі ұғым және оның мәні........................

2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы және функциялары.....................

3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу.........................

Сегізінші тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.............................

1. Мемлекет – негізгі институт ретінде...........................................................

2. Азаматтық қоғам...........................................................................................

3. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті.....................................

Тоғызыншы тақырып. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар,

қозғалыстар .............................................................

1. Саяси партия ұғымы, типтері мен атқаратын қызметтері ........................

2. Партиялық жүйелер .....................................................................................

3. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар ........................................................

Оныншы тақырып.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және

ұлт саясаты.....................................................................

1. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түрі жөніндегі түсінік .............

2. Этнос, ұлыс және ұлт ....................................................................................

3. Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат .............................................

4. Ұлтаралық келісім – ұлт мәселесінің шешілуінің көрінісі .......................

Он бірінші тақырып. Саяси процесс ..............................................................

1. Саяси процесс ұғымы және оның мәні........................................................

2. Саяси процестің негізгі сатылары................................................................

3. Саяси процестің типологиясы......................................................................

Он екінші тақырып. Саяси сана ..................................................................

1. Саяси сана ұғымы, құрылымы және функциялары...................................

2. Саяси сананың деңгейлері мен түрлері......................................................

3. Саяси сананың идеологиялық компоненттері...........................................

4. Саяси психология – саяси сананың маңызды формасы...........................

Он үшінші тақырып. Саяси мәдениет .........................................................

1. Саяси мәдениет туралы түсінік және оның құрылымы.............................

2. Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі.....................................................

3. Саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы................................................

Он төртінші тақырып. Саяси элита және саяси көшбасшылық ...........

1. Саяси элита ұғымы. Саяси элиталарды танып-білудің және

бағалаудың негізгі тәсілдері........................................................................

2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен ауысуы процестері және

олардың функциялары.................................................................................

3. Саяси көшбасшылардың мәні мен табиғаты..............................................

4. Саяси көшбасшылар типтері және олардың даму ағымдары...................

Он бесінші тақырып. Саяси технологиялар ..............................................

1. Саяси технологиялардың мәні мен типтері (түрлері)...............................

2. Саяси талдау және саяси кеңес беру..........................................................

3. Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары....

4. Саяси жанжалдарды басқару және бақылау технологиялары.................

5. Саясаттағы ақпараттық технологиялар.....................................................

6. Сайлау технологиялары..............................................................................

Он алтыншы тақырып. Халықаралық қатынастар ...............................

1. Халықаралық қатынастардың анықтамасы мен мәні .............................

2. Халықаралық қатынастар жүйесі .............................................................

3. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде ............

Әбсаmmаров Раушанбек

Саясаттану

және

оның проблемалары

Оқу құралы

Баспаға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық

университетінің ғылыми кеңесі ұсынған

Редакторы ..........

Көркемдеуші редактор ..............

Техникалық редакторы ..............

Компьютерлік түзетулерін салып, беттеген ............

Басуға 20.02.07. қол қойылды. Пішімі 60х84¹/16.

Қаріп түрі «Таймс». Шартты баспа табағы 26,5

Есептік баспа табағы 27,1. Таралымы 1000

Тапсырыс №

«ТоганайТ» баспасы

Қожамқұлов көшесі, 128/39

Директор Т.Айтбайұлы

ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:

саяси ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Тәтімов,

философия ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Сәрсенбаев,

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Мұқажанова

Бсаттаров Р.Б.

Саясаттану және оның проблемалары: оқу құралы. – Алматы: «Тоғанай Т», 2007. - б.

Әбсаттаров Р.Б. – философия ғылымдарының докторы, профессор. Ол тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелдерде де танымал саясаттанушы-ғалым. Ғалымның 30 монографиясы, оқу құралдары, кітаптары мен кітапшалары және 500-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалары бар, оның ішінде 35-і шетелдерде жарық көрген.

Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік білім беру стандарттарына» сәйкес жазылған. Бұл басылымда ХХІ ғасырдың басындағы болмысына сәйкес саясаттанудың негізгі ұғымдары мен әдістер жүйесі, саясаттанудың саяси технологиясы ашып көрсетілген. Отандық және шетелдік бай материалдардың негізінде оқырманға Қазақстан мен әлемдік қауымдастықтағы саяси дамудың өзекті мәселелерінен жан-жақты мағлұмат алуына жәрдемдесетін саяси құрылымдар мен процестер, билік және басқару қатынастары туралы кең сипатталған. Сонымен бірге саясаттанудың жете зерттелмеген проблемалары мен дискуссиялық мәселелеріне де айтарлықтай көңіл бөлінген. Автордың Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы оқытушылық жұмысының көпжылдық тәжірибесі оқу құралын жазуда негіз болды. Аталмыш кітап материал мазмұнының ғылымилығын түсінікті етіп жазылуымен де ерекшеленеді.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлерге, аспиранттар мен оқытушыларға, сондай-ақ, саясаттанудың проблемаларына қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.

[1] Политологический словарь. - М.: Высшая школа, 1995. – С. 120-121.

[2] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Әңгіме – саясаттану ғылымы жөнінде // Ақиқат. – 1997. – 27 б.

[3] Қараңыз: Горелов А.А. Политология. – М.: Эксмо, 2006. – С. 25-32.

[4] Политология. Энциклопедический словарь. – М., 1993. – С. 269-270.

[5] Джавахарлал Неру. Открытие Индии. – М., 1955. – С. 126.

[6] Платон. Соч. – Т.3. – Ч.1. – М., 1971-1972. – С.275

[7] Платон. Соч. – Т.3. – Ч.1. – М., 1971-1972. – С.188-189.

[8] Аристотель. Соч. В 4 т. – Т.4. –М., 1976-1983. – С. 484, 508.

[9] Маркс К., Энгельс Ф. Собр. Соч. – Т 7. – С. 392.

[10] Макиавелли Н. Рассуждения о первой декаде Тита Ливия. – СПб., 1969. – С. 126.

[11] Гоббс. Левиафан. – М., 1936. – С. 210.

[12] Гоббс Т. Собр. соч. В 2-х томах. – Т.1. – М., 1991. – С. 338-339.

[13] Монтескье Ш.Л. Избранные произведения. – М., 1995. – С. 289.

[14] Монтескье Ш.Л. Избранные произведения. – М., 1955. – С. 316-317.

[15] Маркс К. И Энгельс Ф. Соч. – Т. 13. – С. 7.

[16] Маркс К. И Энгельс Ф. Соч. – Т.4. – С. 477.

[17] Чаадаев П.И. Сочинения. – М., 1989. – С. 21-22.

[18] Ткачев П.Н. Соч. – Т.1. – М., 1932. – С. 445.

[19] Михайловский Н.К. Соч. – Т.1. СПб, 1996. – С. 777.

[20] Кропоткин К.А. Анархия и ее место в социалистической революции. – М., 1917. – С.26.

[21] Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. – М., 1990. – С. 171.

[22] Плеханов Г.В. Избр. филос. произведения. – Т.2. – М., 1956. – С. 216.

[23] Ленин В.И. Полн. собр. соч. – Т.26. – С. 354.

[24] Ленин В.И. Полн.собр.соч. – Т.33. – С. 34-35.

[25] Қараңыз: Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. – Алматы, 1999. – 7-8 б.

[26] Қараңыз: Аль-Фараби. Социально-этнические трактаты. – Алма-Ата, 1973. – С. 113-117, 129-133, 164-165.

[27] Қараңыз: Абсаттаров Р.Б. До оцінки социологічних поглядів Абу Наср Мухаммеда (Аль Фараби) // Вісник Киівского університету. Серія философіі. – 1968. - №2. – С. 89.

[28] Қараңыз: Яссауи К.А. Хикметтер. – Алматы, 1995. – 8-15 б.

[29] Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары. – Алматы, 1949. – 47-48 б.

[30] Қараңыз: Бұл да сонда. – 46, 49, 64 б.

[31] Қараңыз: Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1955. – 64 б.

[32] Есімов Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1994. – 189 б.

[33] Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961. – 468 б.

[34] Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М., 1991. – С. 185.

[35] Äîãàí Ì., Ïåëëàñè Ä. Ñðàâíèòåëüíàÿ ïîëèòè÷åñêàÿ ñîãöèîëîãèÿ. – Ì., 1994. – С. 22.

[36] Қàðà»ûç: Ìàíãåéì Äæ. è Ðè÷ Ð. Ïîëèòîëîãèÿ. Ìåòîäû èññëåäîâàíèÿ / À¹ûëøûí òiëiíåí àóäàðûë¹àí. – Ì., 1997. – С. 332.

[37] Қараңыз: Ашимова З.И. Методология исследования сравнительного анализа: проблемы и суждения // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия социологические и политические науки. – Алматы, 2006, №4. – С. 7-11;

Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас // Абай атындағы Алматы университетінің хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – Алматы, 2002, №1. – 104-123 б.

[38] Қараңыз: Абсаттаров Р.Б. Политические процессы в Республике Казахстан и Республике Кореи: сравнительный анализ // Корейцы и Центрально-Азиатский регион. – Сеул, 2001, № 1. – С. 38-48; Ашимова З.И. Актуальность проблемы и практическая значимость исследования современных политических процессов в Германии и Республике Казахстан: сравнительно-политологический анализ // Поиск. Серия гуманитарных наук. – Алматы, 2005, №2. – С. 98-101.

[39] Ãàäæèåâ Ê.Ñ. Ïîëèòè÷åñêàÿ íàóêà. – Ì., 1995. – С. 111-122.

[40] Әбсаттаров Р.Б. Саясат – қоғамдық құбылыс // Ақиқат. – 2001, №1. – 45б.

[41] Қараңыз: Тоталитаризм и общество. – Ростов-на-Дону, 2006. м- С. 109-112.

[42] Нугматулин Н.З. Приоритеты экономической и социальной политики государства в контексте рыночной трансформации казахстанского общества (политологический анализ). Автореферат дис... д.полит.н. – Алматы, 2001. – С. 11.

[43] Әбсаттаров Р.Б. Саясат – ілім // Заң. – 1999, №12. – 45 б.

[44] Әбсаттаров Р.Б. Саяси билік ерекшеліктері мен проблемалары // Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. – Алматы, 2002, №1. – 74 б.

[45] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Білік пен бедел // Қазақ әдебиеті. – 1999, №7,8,9.

[46] Вебер М. Избранные произведения. –М., 1991. –С.318.

[47] Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конститутция Республики Казахстан. –Алматы: Жеті жарғы. 1998. -22 б.

[48] Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конститутция Республики Казахстан. –Алматы: Жеті жарғы. 1998. -16 б.

[49] Қараңыз: Бәкір Ә. Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы. – Астана, 2004. – 201-202 б.

[50] Қараңыз: Касымбеков М.Б. Институт президентства как инструмент политической модернизации. – Астана, 2002. – С. 152-159.

[51] Иванов И.П. Политические режимы: теоретико-методологические проблемы. –М., 2004. –С.215-216.

[52] См.: Диктатура и тоталитаризм. –Киев, 2001. –С.150-170.

[53] Тарасенко А.С. Иран и мировое сообщество. –Минск, 2003. –С.120-125.

[54] Махмудов Г.Х. Социалистическая демократия. –Казань, 2002. –С.76-80.

[55] См. : Рудич Ф.М. Политология: теоретический и прикладной контекст // Социально-политический журнал. – М., 1996. – №5. – С.58.

[56] Санистебан Л.С. Основы политической науки. –М., 1992. –С.83-84.

[57] Қараңыз.: Алмонд Г. и др. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.

[58] Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. – 3 том. – Алматы, 1981. -363 б.

[59] Ленин В.И. Шығ. толық жинағы. – 33 том. – 8 б.

[60] Аристотель. Политика. Соч. в 4-х томах. –Т.4. –М., 1983. –С.497.

[61] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? // Ақиқат. – 2004, №12. – 30-35б.

[62] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтік мемлекет: мәні мен анықтамасы // Ақиқат. – 2004, №5. – 42-43 б.

[63] Қараңыз: Нугманова К.Ж. Политическое измерение гражданского общества. – Алматы, 2003. – С. 12-38.

[64] Гегель. Работы разных лет. –Т.2. –М., 1973. –С.50.

[65] Соловьев Э.Ю. Право, свобода, демократия // Вопросы философии. -1990. №6. –С.5.

[66] Қараңыз: Дъяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. – Астана, 2001. – С. 221-223.

[67] Қараңыз: Жиро Т. Политология / Перевод с польск. – Харьков, 2006. – С. 43-46.

[68] Философский энциклопедический словарь. – М., 1989. – С.463.

[69] Қараңыз: Основы политологии. – Киев, 1990. – С.80.

[70] Қараңыз: Санистебан Л.С. Основы политической науки. – М., 1992. – С.70.

[71] Шарон П. Сравнительная политология. Ч.1-2. – М., 1992. – С.203-204.

[72] Дюверже М. Политические партии. – М., 2002. – С.116-123.

[73] Қараңыз: Выборы в развитых старанах. – СПб, 2006. – С.90-95.

[74] Қараңыз: Жиро Т. Политология /Перевод с польского. – Харьков, 2006. – С.365-369.

[75] Горелов А.А. Политология. – М.: ЭКМО, 2006. – С.442.

[76] Қараңыз: Шварценберг Р.Ж. Политическая социология. Ч.3. – М., 1992. – С.74.

[77] Дюверже М. Политология партии. – М., 2002. – С.276.

[78] Қараңыз: Жиро Т. Политология /Пер. с польск. – Харков, 2006. – С.68-87, 93-108.

[79] Социология: Энциклопеция. – Минск, 2003. – С.965-970.

[80] Основы политической науки. Ч.11. – М., 1993. – С.8.

[81] Философский словарь. – Киев, 2006. – С.908-909.

[82] История Болгарии. – СПб, 1999. – С. 297.

[83] Токарев С.А. Проблема типов этнических общностей // Вопросы философии. – 1964. - №11. – С.45.

[84] Философский энциклопедический словарь. – М., 1989. – С. 388.

[85] Нации и национальные отношения в современном мире. – Ленинград, 1990. – С.94.

[86] Қараңыз: Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы. – Алматы, 1995. – С. 114-126.

[87] Абсаттаров М.Р. Казахский этнос: на перекрекрестке истории // Евразийское сообщество. – 1995. - №11-12. – С.16.

[88] Қараңыз: Жабелова Т. Қазақстандағы тіл саясаты және этносаралық қарым-қатынастар. – Алматы, 2003. – 68-169 б.

[89] Қараңыз: Мұқажанова А.Ж. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні мен ұғымы // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2006. - №1. – 19-20 б.

[90] Қараңыз: Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. – Алматы, 1999. – С. 24-25.

[91] Садыков Т.С. Тарих тағылымы (ұлтаралық қатынастар мәдениеті). – Алматы, 1992. – 155 б.

[92] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Саяси процесс: теориялық сараптама // Абай атындағы АлМУ-дың Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2003. - №3. – 79-94 б.

[93] Қараңыз: Иванов А.С. Политическое участие. –СПб, 2002.

[94] Қараңыз: Политология. Словарь-справочник. – М., 2001. – С. 213-216.

[95] Қараңыз: Хамитов Н., Крылова С. Философский словарь. Человек и мир. – Киев, 2006. – С. 156-157.

[96] Жеребкин М.В. Политический процесс: типология и режимы функционирования. –М., 1999. –С.10-15.

[97] Желтов В.В. Основы политологии. – Ростов-на-Дону, 2004. – С.417.

[98] Бачинин В.А. Политология. Энциклопедический словарь. – СПб, 2005. – С. 181.

[99] Александров И.П. Власть и общественное сознание. –М., 2004. – С.110.

[100] Землянин И.П. Общественное сознание и его проблемы. – Минск, 2006. – С. 116.

[101] Желтов В.В. Основы политологии. – Ростов-на-Дону, 2004. – С. 388.

[102] Қараңыз: Кшибеков Д.К. Ментальная природа казаха. –Алматы, 2005. –С.15-34.

[103] Гончаренко А.К. Идеология и общество. –Киев, 2002. –С.212.

[104] Әбсаттаров Р.Б. Саяси сана және оның өзекті мәселелері //Абай атындағы ҚазҰПУ-тың Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2005. - №1. – 96 б.

[105] Психология. Словарь. – М., 1990. – С. 281.

[106] Социальная психология и ее проблемы. –М., 2001. –С.189.

[107] Сидоров А.С. Политическая культура. –М., 2004. – С.40.

[108] Общество и политическая культура. – Минск, 2006. – С.190-198.

[109] Дмитриченко И.П. Структура политической культуры. –Киев, 2002. –С.81.

[110] Әбсаттаров Р.Б. Саяси мәдениет: мәні мен анықтамасы // Абай атындағы ҚазҰМУ-тің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2004. - №3. – 87-88 б.

[111] Қараңыз: Мұқажанова А.Ж. Қарым-қатынас мәдениетіндегі кейбір мәселелер // Абай атындағы АлМУ-тың Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2003. - №4. – 45-46 б.

[112] Александров Б.В. Политическая социализация. –СПб, 2003. – С.15.

[113] Қараңыз: Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. – 123-129 б.

[114] Қараңыз: Нұрымбетова Г.Р. Қазақстан халқының саяси қатысуы: сипаты мен жолдары. – Алматы, 2005. – 185-203 б.

[115] Александров И.П. Общество и элита. – М., 2004. –С.105.

[116] Мамедов А.П. Политика и личность. – Ростов-наДону, 2003. – С. 210.

[117] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Саяси элиталар және көшбасшылары: теориялық талдау // Абай атындағы ҚазҰПУ-тің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2004. - №4. – 75-77 б.

[118] Қараңыз: Тарасенко С.И. Собственность и ее формы. – Киев, 2003. - 210 с.

[119] Қараңыз: Жиро Т. Политология / Пер. с польск. – Харьков, 2006. – С. 371-372.

[120] Философский словарь. – Киев, 2006. – С. 996.

[121] Петров А.Г. Политическое лидерство: особенность и проблемы. – Минск, 2004. –С.15.

[122] Демократическое общество и формирование лидерства. – Казань, 2005. – С. 201.

[123] Яковенко И.С. Власть и общественные организаций. – Баку, 2004. – С. 59.

[124] Хасанов Б.Я. Элита и лидер. – Казань, 2003. – С.110.

[125] Қараңыз: Бачинин В.А. Политология. Энциклопедический словарь. – СПб, 2005. – С. 130-131.

[126] Социология. Энциклопедия. – Минск, 2003. – С. 511.

[127] Иванов А.И. Основные направления маркетинга. –М., 2003. – С.18.

[128] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Абай атындағы ҚазҰПУ-тің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2004. - №1. – 65-70 б.

[129] Қараңыз: Симонов К.В. Политический анализ. – М., 2002. – С. 15-20.

[130] Политологический словарь. – М., 1995. – С.11.

[131] Политология. Словарь-справочник. – М., 2001. – С. 247.

[132] Қараңыз: Әбсаттаров Р.Б. Мемлекет және азаматтық қоғам: тұжырымдамалық талдау // Абай атындағы АлМУ-дің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. –2003. - №3. - 68-75 б.

[133] Желтов В.В. Основы политологии. – Ростов-на-Дону, 2004. – С. 481-482.

[134] Основы политической науки. Часть ІІ. – М., 1993. – С.156-158.

[135] Тавадов Г.Т. Политология. – М., 2000. – С. 329.

[136] Александров И.П. Политические конфликты и противоречия. – СПб, 2000. – С. 71-73.

[137] Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Абай атындағы ҚазҰПУ-тің Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – 2004. - №2. – 87 б.

[138] Қараңыз: Бачинин В.А. Политология. Энциклопедический словарь. – СПб, 2005. – С. 118.

[139] Социология. Энциклопедия. – Минск, 2003. – С. 360-361.

[140] Назаренко А.Т. Избирательная система. – М., 2003. – С. 85.

[141] Горелов А.А. Политология. – М., 2006. – С. 458.

[142] Каверин Б.И., Демидов И.В. Политология. – М., 2004. – С. 319-320.

[143] Зарубежные ученые о политических отношениях. – М., 2006. – С. 120.

[144] Бұл да сонда. – С.154.

[145] Желтов В.В. Основы политологии. – Ростов-на-Дону. 2004. – С. 504.

[146] Қараңыз: Жиро Т. Политология /Пер. с польского. – Харковь, 2006. – С. 180-184.

[147] Абсаттаров М.Р. Международно-правовое положение Суда Европейского Сообщества. – Алматы, 2005. – С. 4,64-65.

[148] Современные международные отношения. – М., 2000. – С. 221.

[149] Международные отношения: история и современность. – Киев, 2006. – С. 120.

[150] Қараңыз: Абдулпаттаев С.Х. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. – Алматы, 2006. – 94-101 б.

[151] Международное публичное право. – М., 1998. – С.7.

[152] Қараңыз: Цыганков П.А. Международные отношения. – М., 1996. – С. 133.

[153] Фукуяма Ф. Конец истории? // Вопросы философии. – 1990, №3. – С. 134.

[154] Қараңыз: Сергунин А.А. Международная безопастность: новые подходы и концепты // Полис. – 2005, №6. – С. 133-134.

[155] Хантингтон С. Столкновение цивилизации? // Полис. – 1994, №1. – С. 33.

[156] Қараңыз: Основы геополитики. Геополитическое будущее России. – М., 1997. – С. 158-163, 212-250.

[157] Қараңыз: Токаев К.К. Правовое оформление государственной границы Республики Казахстан // Мысль. – 2006. - №10. – С. 2-11.

[158] Қараңыз: Тоқаев К.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Астана, 2002.

[159] Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. – Алматы, 2005. – 192 б.

[160] Қараңыз: Абсаттаров М.Р. Партнерство между Европейским Союзом и Республикой Казахстан: политико-правовые проблемы // Вестник КазНПУ им.Абая. Серия социологические и политические науки. – 2004. - №4. – С. 19-24.

[161] Әбсаттаров Р.Б., Отыншиева Ә. Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз?// Ақиқат. – 2003. - №7. – 7-8 б.

Наши рекомендации