Арамсояу,ойран шөп, тікенек алқамен күресу шаралары
1.Арамсояудың таралуы және биологиялық ерекшеліктері
2.Ермен жапырақты ойран шөптің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
3. Тікенек алқаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Арамсояу Cuscuta S.P.– бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі – далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің – 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеу көрсеткендей, арамшөптің көбі зябьке жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған кезеңдерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.
Ермен жапырақты ойран шөп – бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған тозаң тәрізді ұсақ тұқымдары, ауа, жел арқылы көпшілік жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін, аллергия ауруы – полинозға ұшыратады. Ауру түрлері: ринит, конъюктивит, бронхы астмасы, бас ауруы.
Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралар мен гербицидтер пайдалану керек.
Тікенекалқа-Solanum cornutum Lam. Біржылдықшөп. Тамыры, сабағытік, жапырағыкезекпенорналасқан, тарамдалған, тікенекті. Жербетінесәуір-мамырайындашығады, тұқымдытамыз-қазанайларындабереді. Әрөсімдік 3-3,5 мыңдәнбереді. Тұқымныңөңгіштігі 1%, топырақта 10 жылсақталады. Мәденидақылдардыжәнебасқашаруашылықтапайдаланбайтынжерлерділастайды. Химиялықәдістерденбидайегістігіндедиаленсупер, жүгерідехарнесжәнедиален, бюктрилпрепараттары, картоп, сәбізегістігіндестомп, рейсер, сояжәнекөкөнісдақылдарындатрефлан, стомппрепараттарынқолданукерек.
Карантиндішөптердіңтұқымыбасқажерлергетарамауүшінбарлықжериелерітөмендегідейкарантинтәртібінсақтаукерек. Карантиндішөптер, олардыңтұқымыбаржерлергетұқымшаруашылығынорналастыруғаболмайды. Себілугеарналғантұқымдымемлекеттіңтұқыминспекциясыныңкуәлігінсізсебугеболмайды. Карантиндішөптердіңтұқымыараласқанматериалдардыжекебөлмелердесақтаукерекжәнебұлтұқымдардыбасқашаруашылықтарғаберугеболмайды. Жануарларғатұқымқалдықтарынұсақтапқайнатыңқырапберукерек. Жемгежарамайтынқалдықтардыотқажағып, нежерге 1 метртереңдіктекөміпактілеукерек. Бұлқалдықтардыдалаға, суғатастауғаболмайды. Жолжағаларында, босжатқанжерлерде, арықжағаларындаөсіптұрғанарамшөптердігүлденукезінде, тұқымберугежеткізбейқұртукерек. Карантиндішөптербасқанжерлерденорыпалғанегіндітазажерлерденалынғанөнімменараластырмай, бөлекжердесақтаукерек. Егінжинауғақатысқантехникалардыңбарлығын, қоймалардыуақытындатазалапотырукерек.
Дәріс