Бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
1. Жәбірленушінің зорлық-зомбылыгынан, қорлауынан немесе ауыр балагаттауынан не өзге де заңга қарсы немесе бейморальдық әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі қуқыққа қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқына бай-ланысты туындаған ұзақңа созылган психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаган қатты жан күйзелісі (аффект) жагдайында жасалган адам влтіру-
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалган, екі немесе одан да көп адамды өлтіру -
Заң шығарушы адам өлтірудің Бұл түрін кенеттен басталған қатгы жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінэлінің психикалық жай-күйі ин-стинктивті жэне сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің Бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік жэне түңілу эсері тэн болады. Жан күйзелісі жай-күйі негізінен аз уақытқа, эдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы эсердің салдарынан кенеттен пайда болады.
Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мүнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінэлі болған жағдайдың мэнін бірден түсінбегенде).
Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің 101-бабында мыналар көзделген: жэбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жэбірленушінің өзге де заңға қайшы немесе моральға жат эрекеті (эрекетсіздігі), жэбірленушінің үнемі қайталанып отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез-қүлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылған жағдайлардың болуы соған тэн. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен жэне т.б. қорқыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жаса-луы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз ны-санда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң эдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше бо-луы мүмкін емес. Ол Қылмыстық кодекстің 131-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сэйкес келуі де немесе сэйкес келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кем-сіту дэрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мүлда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс арда-геріне жэне соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе түсті. Егер 1959 жылы Қылмыстық кодекс жэбірленушінің зорлық көрсетуі мен өте ауыр балағаттауынан басқа, егер осы эрекеттер кінэліға немесе оның жақын-жуықтарына ауыр зардап келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы эрекеттері (әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал 1997 жэне 2014 жылы Қылмыстық кодекстері бойынша аффект үшін қылмысқа қарсы жэне тіпті моральға жат-пайтын қарапайым эрекеттердің (эрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпай-тын эрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық қүлдылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмүнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөлінуге қатты үліырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі элеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір эрекеттердің қандай моральға (социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта бол-масын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар, намыс жэне арсыздық, сенімділік пен сатқындық, үят пен ұятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру не-гізіне алынуы тиіс.
Адам өлтірілетін жан күйзелісі жай-күйі занда көзделгендей кенеттен болған жағдайда емес, жэбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда елен-бейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне жеткізіп, адам өлтіруге экеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін.
Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жа-салуы мүмкін. Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің 101-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «1» тармақшасында берілген.