Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Мемлекет- белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Яғни Мемлекет туралы мәселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет атқаратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтік-саяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады.
Мемлекет саяси ұйымның ең маңыздыларының бірі. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу органдары болады. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекет - жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы.
Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс.
Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс.
Азіргі заманғы мемлекет – қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін саяси институт.
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиын жолынан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін , табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды.
Р-ның ұлттық саясатының басты мәселелерін сипаттаңыз.
Азақстанға КСРО ның барлық аймақтарынан ондаған, жүздеген мың тіпті, кейбір тұтас халықтарды кіндік кескен жерлерінен айырып, жер аударып, « халықтар түрмесіне » айналдырылды. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, өз жерімізде өзіміз қуғынға ұшырадық. сан мыңдаған жандар қырылып, сан мыңдаған жандар ата жұртын тастап көшуге мәжбүр болды.
Азақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін жағдай өзгере бастады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Туған жерімізде бірталай өркенді өзгерістер болып жатыр. Солардың ішінде ең бастыларының бірі тату тәтті ынтымағы жарасқан көп қлтты халқымыз бар. Республика халқының жартысынан астамы орыс халқы болғандықтан болар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 7- бабында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады »делінген. Ата заңның 14-бабында: «заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең . Тегіне, әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды » делінген.
Еліміздің этносаяси субъектісіне мемлекет, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, азаматтардың ұлттық мәдени бірлестіктері, саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Тіл туралы, иммиграция туралы заңдар қабылданды. Республикада әр түрлі ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. 1995 жылдың 1наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол елдегі барлық этностардың мақсат мүдделерін қорғайды, олардың дамуына жалпы саяси, мәдени және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы реттейді. Қазақстанда қазір 130 ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларддың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілері келеді, өздерінің балаларын , немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі – табиғи , заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемсітпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Біз Қазақстан Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандылық », « жалпы қазақстандық мақтаныш » рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Республикамызда әрбір азаматтың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсету көрсетпеуге құқығы бар. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылық еркін таңдап алуға құқығы бар. Сайып келгенде біз құрып жатқан құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы адам. Мұнда оның қай ұлт ұлысқа, дінге жататыны есептелмейді. Бздің міндетіміз этникалық өзгешеліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуан түрлілігін сақтау. Сонда ған еліміздің ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық саяси ахуалды тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ.
Фашистік идеологияның «өміршеңдігі» неге негізделеді?.Бұл идеологяның негізгі ерекшелігі-еңбекшілерді басып жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану-шовинизм,нәсілшілдік,экономиканы мемлекеттік –монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану. Фашистік идиологияның өміршеңдігі ол сол идеяны негіздейтін топтардың үгіт-насихаты мен ойларымен өзгелердің санасын улау деп ойлаймын.