Сайлау, сайлау жүйесі және сайлау құқығы түсінігі
Сайлау референдуммен қатар халық билігін білдірудің формасы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, конституцияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекітіледі. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады.
Сайлау науқаны (өзіне сайлау округтерінің, учаскелерінің құрылуын, сайлаушылар тізімдерін жасау мен тексеруді, сайлау комиссияларын құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдындағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген белгілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйесін құрады.
Әлем мемлекеттерінде 2 сайлау жүйесі: үйлесімді (пропорционалды) және мажориторлы (нақты округте көпшілік дауыс алған партия өкілдері ғана сайланғандар қатарына енетін сайлау жүйесі) жүйе өмір сүреді.
Мажоритарлық жүйе кезінде депутат тіпті округтегі сайлаушылардың аз бөлігінің даусына ие болуы мүмкін: кімнің кандидаты көп дауыс жинаса сол сайлаушылар ғана өкілдерге ие болады.
Пропорционалды жүйе кезінде барлық сайлаушылардың Парламентте өз өкілдері болады.
Мажоритарлық жүйенің: абсолютті көпшілік және салыстырмалы көпшілікке бөлінетін 2 ішкі түрі бар.
Мажоритарлық жүйе кезінде, егер бірінші сол сияқты екінші турда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50%-дан көбі қатысса, абсолютті басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер сайлауға қатысқан сайлаушылардың 50%-дан артығы оны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі.
Мажоритарлық жүйе кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санына қатыссыз түрде, салыстырмалы басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер оны жақтап, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25%-дан астамы дауыс берсе, мұндай жағдайда, басқа үміткерлерге қарағанда сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып саналады.
Қазақстанда абсолюттік басым көпшілікті мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады.
Жоғарыда баяндалғандардан, қоғамдық қатынастарды реттеуші, сайлауға әзірлік пен оны өткізу барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы – сайлау құқы сияқты конституциялық дербес құқық институтын бөліп көрсетуге болады.
Сайлау құқығының негізгі қағидалары: 1. Жалпыға бірдей сайлау құқығы. 2. Тең сайлау құқығы 3. Төте сайлау 4. Жанама сайлау 5. Жасырын дауыс беру. 6. Еркін дауыс беру
43.Әкімшілік іс жүргізу
Бір іс жүргізуде немесе бірнеше қылмыстарды жасағанында,қатысқандығына бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істер,сондай-ақ бұл қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жақсырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөніндегі істер біріртіруі мүмкін.Егер ол істі тергеу мен шешудің жан-жалдығана, тұтастығына әсер етпесе,қылмыстық,істерді бөлектеуге рұқсат етіледі.
Істі бөлектеу қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде жүзеге асырылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.Өаулыға түпнұсқада немесе көшірмесінде бөлектенетін материалдардың тізбесі қоса берілуі тиіс.
Сотта қылмыстық іс бойынша іс-жүргізу,егер айыптауісі бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендігіне,ҚР тысқары жерлерде іс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен ьолық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Қылмыстықіс боайынша іс-жүргізу оны тоқтатуға негіз болған жағдайлар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.Әлгі жағдайлар жойылған соң анықтаушының,тергеушінің немесе соттың қаулысымен ол жаңыртылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі тоқтата тұру туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.
ҚР әкәмшілік іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі,алқажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
Әкімшілк іс жүргізу қатысушылар тараптар хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде онымен танысуға және айғақтардың хабарламалардың мұрақтар мен жауаптардың жіберілген бұрмалануын сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралыіске қатысты болған мән-жайларды мазмұндаудың толымсыздығын көрсетіп жазбаша ескертуін беруге құқылы.
44. Еңбек құқығы – құқық қайнар көзі ретінде
Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].
О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек құқығында – еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта – мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді [18].
Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.
ҚР Еңбек кодексі еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау қатынастарын ұжым аясында шектемейді. Онда еңбек құқығының зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастардың кең түсіндірмесі мазмұндалған.
Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.
Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.
Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.
Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында еңбекке төленетін ақы қызметкер еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық әдісі тән емес. Азаматтар материалдық қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды
45. ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі Прокуратура
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.
Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
46. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі