Мажоритарлы сайлау жүйесі

САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

1. Саяси ғылымдардағы сайлау жүйесі ұғымы мен түсінігі.

2. Мажоритарлы сайлау жүйесі

3. Бара-бар (пропорционалды) сайлау жүйесі

4. Аралас сайлау жүйесі

5. Қазақстандық электораттың идеялық-саяси бағдарлары

Саяси ғылымдардағы сайлау жүйесі ұғымы мен түсінігі.

Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін сайлау жүйесі маңызды болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау органдарының құрамы тәуелді .

Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында –бұл сайлаулардың тәртібін құраушы және биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:

-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;

-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;

-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.

Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:

-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)

-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)

-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)

-аралас жүйе

Мажоритарлы сайлау жүйесі

Тарихи бірінші сайлау жүйесі мажоритарлы жүйе болды.

Мажоритарлы жүйе-белгіленген дауыстың көпшілігін алған кандидаттар сайланған болып есептелетін сайлау жүйесі. Бұл қандай көпшілік –біршама, абсолютті немесе мамандалған, соған байланысты мажоритарлы жүйе бірнеше түрге бөлінеді. Мажоритарлы жүйе қолданылатын сайлау аймақтарда көбінесе бір мандатты болады , сол себепті әр партия аймақ бойынша тек бір кандидатты ұсына алады және сайлаушы ол кандидатқа дауыс бере отырып сол немесе басқаға дауыс береді. Мажоритарлы жүйе көп мандатты аймақтарда сирек қолданылады, бұл жағдайда әр партия аймақ бойынша өз кандидаттарының толық тізімін ұсынады және сайлаушы өзі таңдаған аймақ бойынша жекелеген кандидатқа емес, жалпы барлық партиялық тізімге дауыс береді.

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі –кандидат сайлаушылардың дауысының абсолютті көпшілігін алуға тиіс , яғни аймақ бойынша берілген дауыстардың жартысынан астамын. Бұндай жүйенің жалпы мазмұнын “50пайыз+1” формуласымен түсіндіруге болады.

Дауыстардың көрсетілген қорытынды саны былай болуы мүмкін

-тіркелген сайлаушылардың жалпы саны , авторитарлы жүйелердегі (мысалы, КСРО, 1977жылғы Конституцияда) мемлекеттерді қоспағанда және іс жүзінде ешқандай жерде кездеспейді және қатаң талап болып табылады;

-кандидатқа берілген дауыстардың жалпы саны;

-нақты берілген дауыстардың жалпы саны , яғни дауыс берудің барлық заңды талаптарына сай дауыс берген сайлаушылардың саны .

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің келесі ерекшеліктері бар:

А) сайлаушылар сондай-ақ бір мандатты сайлау округтері бойынша жүргізіледі;

Б) сайлауға сайлаушылардың қатысуының төменгі шегі белгіленеді , яғни сайлау нәтижесіне жету үшін қажетті сайлаушылардың аз саны . Мұндай шеке жетпесе , онда сайлау заңсыз немесе өткізілмеген болып саналады;

В) дауыс беруші сайлаушылардың нақты көпшілігі қолдаған , тіпті бұл көпшілік бір дауысты құраса да сол кандидат сайланған болып саналады.

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің күшті жағы парламентте көпшілікке сүйенетін тұрақты үкіметті құру мүмкіндігі болып табылады.

Абсолютті көпшілктің мажоритарлы жүйенің кемшілігі

1) жеңген кандидаттарға қарсы берілген дауыстар жоғалады. Бұл кандидаттарға дауыс берген сайлаушылар парламентте өз өкілдерін өткізе алмайды.

2) Бұл сайлау жүйесіне жиі сайлаудың нәтижесіздігі тән, яғни кандидаттардың ешқайсысы талап етілген дауыстардың көпшілігін ала-алмайды. Бұл кандидаттардың олардың арасында дауыстардың бөлінуіне алып келетін үлкен бәсекелестігімен қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген кемшіліктерді жеңу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.

Ондай тәсілдердің бірі қайтадан сайлауға түсу. Бұрын дауысқа түскен кандидаттардың ішінен жаңа бюллетенге барынша көп дауысты алған екеуінің фамилиясы енгізіледі . Мұндай жағдайда жүйе тек дауыс бөлінген кезде ғана нәтиже бермейді. Бұдан құтылу үшін дауыстардың бөлінуі сайлау мәселесімен , не жеребемен шешіледі немесе жасы үлкен кандидат сайланған болып саналады.

Екінші және одан кейінгі турлар сайлау қорытындысы анықталғанша өткізіледі. Кейбір елдерде екінші турда нәтиже біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі бойынша анықталады.

Екінші тәсіл балама немесе преференциалды дауыс беру деп аталады, ол дауысты санау тәртібін күрт күрделендіруге алып келеді. Балама дауыс беру мәні келесілерге саяды.Сайлаушы дауыс бере отырып, бюллетенге енгізілген кандидаттың фамилиясына қарсы өз таңдауын қояды. Ең бірінші сайланғанын қалайтын кандидаттың фамилиясына қарсы “1” санын қояды, одан кейін “2” санымен ол оның негізгі сайланбаған жағдайда сайлануын қалайтын кандидаттың фамилиясын белгілейді, және осылай жалғаса береді.

Ең алдымен бірінші таңдаулар есептеледі. Егер кандидаттардың біреуі бұл кезеңде абсолютті көпшілікке ие болса, ол сайланған болып саналады. Сайлауға қатысушы кандидаттардың әрқайсысы дауыстың абсолютті санын ала-алмаған жағдайда, бірінші таңдау саны аз , яғни “1” санымен белгіленген кандидаттардың бюллетені бұл бюллетендерде екінші таңдау көрсетілгенге сәйкес қалған кандидаттар арасында бөлініп беріледі. Басқаша айтқанда , қалған кандидаттардың әрқайсысы екінші префенция санына тең бюллетендер санын алады. Осылайша ретімен кандидаттардың біреуі талап етілеген дауыстардың абсолютті санын алғанша жалғаса береді.

Балама (альтернативті) дауыс беру екінші турға қайтадан сайлауға түсу қажеттілігінен шығады, бірақ та абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесін оның басты ккемшілігі- өкілетті емес сипатынан құтқармайды.

Дауыстар мен депутаттық мандаттардың бытырауын жеңу үшін үшін сайлаушы шегі дауыстардың пайызы енгізіледі, онда партия елдің шеңберінде парламентте орын алу үшін алуы тиіс. Әр түрлі елдерде бұл шек әр түрлі . Орташа 3тен 10пайызға дейін. Мысалы, Түркияда сайлау шегі 10 пайыз, Ресейде 5 пайызды құрайды.

Абсолютті көпшілік мажоритарлы жүйесі өзінің барынша көп қолданысын Франциядан алды.

Біршама көпшілік мажоритарлы жүйесі

Әлемде кең таралған біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі болып табылады. Онда сайлаушылардың жеке алғанда бәсекелестерінің әр қайсысынан көп дауыс алған кандидат , тіпті оның көпшілік дауысы берілген дауыстардың 50 пайызын құрамаса да сайланған болып саналады.

Біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі біреу біршама көпшілік дауыс алатындықтан әрқашанда нәтижелі.

Бұл жүйенің келесі ерекшеліктері бар:

-онда бір мандатты аймақтар қолданылады;

-дауыс беруге сайлаушылардың қатысуының міндетті минимумы көрсетілмейді. Бұған қарай сайлау егер де бір сайлаушы дауыс берсе де жарамды болады,

-сайлаудың нәтижесі болмайды, егер де екі және одан да көп кандидаттар бірдей көп дауыс санын алса. Бұл жағдайда немесе қайтадан дауыс беру белгіленеді, яғни екінші тур өткізіледі (бұл сирек кездеседі) , онда тек қана енді көрсетілген кандидаттар өзара бәсекелеседі, немесе жаңа сайлау өткізіледі.

Біршама көпшіліктіктің мажоритарлы жүйесінің кемшіліктері

1) бір кандидаттың орнына ұсынылған жағдайда ол іс жүзінде дауыс берусіз сайланған болып саналады, себебі ол үшін бір ғана сайлаушы дауыс берсе жеткілікті. Мұндай сайлау бұл аймақтың сайлаушыларының көпшілігін жариялау еркіндігі принципіне елеулі қарма-қайшы келеді және мұндай негізде сайланған депутат пен оның сайлаушылыары арасында кері байланыстың болмауын қамтамасыз етеді, бұл осы депутаттың өкілеттілігі деңгейін елеулі қысқартады;

2) кандидат сайлаушылардың абсолютті азшылығымен сайлануы мүмкін, егер де оның қарсыластарына берілген дауыстардың жиынтық саны оған дауыс берген санынан біршама асып түссе.Бұл жағдайда осындай жолмен депутаты сайлау сондай-ақ бұл депуттатық өкілеттік деңгейінің қысқаруына алып келеді.

3) Бұл жүйе саяси партияларға өзінің ықпалымен орташа және аз қатынаста әділетті емес, ондай жағдайда олар сайлауды жанама түрде болған кезде . Егер депуттаттар пунктте келтірілген ереже бойынша сайланса 2) мандаттардың көпшілігін бұл жерде сайлаушылардың азшылығы қолдаған партия алады.

a. Оған қоса мұндай жүйе жеңген партияға парламентте елеулі көпшілікті қамтамасыз етеді, ол басқарудың аралас және парламенттік түрлерінде тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.

Біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі 43 мемлекетте , оның ішінде АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Канада және т.б. парламенттің қандай да бір палатасын сайлаудың жалғыз жолы ретінде қолданылады.

Маман (квалифицированный) көпшіліктің мажоритарлы жүйесі

Анықталған көпшіліктің мажоритарлы жүйесі-бұл сирек кездесетін жүйе , онда заңмен белгіленген сайлаушылардың дауысының анықталған көпшілігін алған депутат сайланған болып саналады және ереже бойынша рұқсат етілген дауыстардың абсолютті көпшілігінен асады. Бұл жүйе сирек кездеседі, себебі абсолютті көпшілік жүйеге қарағанда әлі аз нәтижесіз. Бұл сайлау жүйесі Чили мен Италияда қолданылады.Италияның Конституциясында (1947) және 1948 жылғы заңға сәйкес сенаторлар әр облыстар үшін белгілеген өкілеттік нормасына (бір сенатор 200 мың тұрғыннан немесе 100 мыңнан асатын бөліктен) сәйкес униноминальды аймақтар бойынша облыстармен сайланады. Сайлану үшін берілген дауыстардың 65пайыздан аз емес ,яғни бағалы көпшілігін алуы тиіс. Практикада тек аз ғана кандидаттар униномальды аймақтарда жеңіске жетеді. Нәтиже барлық қалған мандаттар облыстар бойынша өкілдіктің пропорциональды жүйесі принципіне сәйкес бөлінеді.

Наши рекомендации