Кəсіпорынның өндірістік құрылымы жəне оны жетілдіру
1.Өндірістік үрдісті ұйымдастыру принципі
2. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру: сипаты, түсініктері
3. Өндірістік үрдіс циклдері
1. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру принципі
Өндірістік үрдіс деп шикізатты өнімге айналдыратын еңбек үрдісін айтады. Өндірістік үрдіс өз қызыметін мынадай принцип негізінде жүргізеді.
1. мамандану принципі
2.үздіксіз принципі
3. пропорцияналдық принцип
4. паралелдік принцип
5. автаматтандыру принципі
6. икемділік принципі
7. ырғақтылық принципі
Мамандану принципі - өндірістің өнімдердің номенклатурасы шектеулі болады жəне біртектес тауарды жаппай өндіруді жүзеге асырады.
Үздіксіздік принципі. Бұл өндірістегі үзілістерді барынша азайтуға бағытталады. Соныменқатар үздіксіздік принципі өнім өндіру уақытын барынша қысқартады жəне өндірістегі ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады.
Пропорцияналдық принцип. Өндірісте өндірілетін өнімдер көлемінің жұмыс орнына құралдарының мүмкіншілігіне сай болуын айтады жəне кəсіпорындағы құралдардың жұмыс істеу уақытымен еңбек сиымдылығымен сəйкестігін түсіндіреді.
Паралелдік приципі. Бұл өндірістік процестерді əр бір бөлшектерінің жұмыс орындарында қатар жүргізіледі жəне кəсіпорындағы негізгі жəне қосымша өндірістік үрдіс бір – біріне сəйкестігін түсіндіреді.
Автоматтандыру принципі. өндіріс процесін жоғарғы дəрежедегі техникамен қамтамасыз ету жəне өндіріс көлемін ұлғайту бойынша қол еңбегін қысқарту.
Икемділік принципі. Бұл кəсіпорынның жаңа бір тауар түрін өндіруге тез бейімделуі.
Ырғақтылық принципі. Белгілі бір уақыт аралығының ішінде өндірістік процестерінің жүйелі түрде қайталануы. Өндірісті ұйымдастыруның мынадай формаларын қарастырады.
1. Шоғырлану
2. Мамандану
3. Кооперациялау
4. Аралас
Шоғырлану кəсіпорынның белгілі бір денгейі шегіндебір өнім түрін жəне өнім өндіру технологияның кəсіпорынның бір бөлімшесінде қалыптастыру.
Мамандану деп кəсіпорынның бір өнім түрін өндіруге бағытталуы, маманданудың үш түрі қарастырылады.
1. Техникалық мамандану
2. Өнім түрне байланысты мамандану
3. Өнім өндіру əдісіне байланысты мамандану Мамандану денгейінің мынадай көрсеткіштерін қарастырамыз.
1. Жалпы шоғырландырудағы өндірілген өнімдер құрамындағы негізгі өнімнің үлесі
2. Өндірілетін өнімнің саны, түрі, типі
3. Өндірілетін бір өнім бірлігіне келетін щикізат үлесі
4. Өндірілетін өнімнің бір өлшем бірлігіне келетің оператциялар саны.
Кооперирование деп кəсіпорындағы цехтарының , учаскелерінің арасындағықалыптасқан өндірістік байланысты айтады.
Кооперированың мынадай көрсеткіштерін қарастырамыз.
1. Жалпы өндірілген құамындағы кооперированияға қатысушы бөлімдердің өндірілген өнідерінің үлесі.
2. Кəсіпорын қатысушы кəсіпорынның саны.
3. Сырттан келіп түскен яғни кооперированияға қатыспайтын кəсіпорындардан келіп түскен шикі зат саны.
Аралас бұл- бір немесе бірнеше кəсіпорын арасында қалыптасқан өндірістік байланыс.
Аралас байланыстын мынадай көрсеткіштерін қарастырамыз:
1. Өндірілген өнім белгілі бір сатылардан тұратын техникалық процестерден қалыптасса.
2. Өндіріске қажетті шикізаттар əр түрлі кəсіпорындардан алынатын болса.
2. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру: сипаты, түсініктері
Өндірістік үрдіс бір немесе бірнеше операциядан тұрады. Операция деп бір немесе бірнеше жұмыс орыннында орындалатын өндірістік үрдістің бөлшегін айтады. Өндірістік үрдісті бір неше түрге бөлеміз. Сондықтанда оларды мынадай белгілері бойынша топтаймыз.
1. Өндірілген өнімнің алатын орнына байланысты.
- негізгі
- қосымша
- қызымет көрсетуші
2. Өнімді өндіру сипатна байланысты.
- өнімді өндіруді дайындау
- өндеу
- Дайын өнімді қалыптастыру немесе жинау
3. Үздіксіз дəрежесіне байланысты .
- үзілісті
- үзіліссіз
4. Техникамен қамтамасыз ету дəрежесіне байланысты. қол еңбегі
жартылай механизмдендірілген кешенді механизмдендірілген автоматтандырылған.
5. Өндірісте қолданылатын құрал- жабдық ерекшелігіне байланысты:
- агрегатты
- Дискретті
Негізігі өндірістік үрдіс деп шикізаттын немесе матиралдардың дайын өнімдерді айналдыруды айтады.
Қосымша өндірістік үрдістің бір бөлшегі жəне ол негізгі процеске қажетті жағдайды қалыптастыру.
Қызыметтін үрдісі негізгі жəне қосымша процесінің қалыпты қызымет етуін жүзеге асыратын үрдіс.
Қызымет көрсету үрдіснің негізгі мақсаты үзіліссіз өндірістік процесті қалыптастыру.
Өнімді өндіруге дайындау – мұнда өндіріске қажетті шикізаттар мен матиралдарының формасы мен көлемі бойынша өндірістік процес талаптарна сай келуін қалыптастыру. Өндеу бұл өндіріске дайын болған шикізаттардың дайын өнімег айналдыру процесі.
Дайын өнімді қалыптастыру – дайын өнімнің тұтынушы талаптарна сай болу процесі жатады.
Үзілісті өнімді өндіру немесе өнімнің сапасына зиян келмейтін деңгейде өндірістік үрдісті ұйымдастыруда үзілістердің болуын қалыптастыру.
Үзіліссіз - өндірістік үрдіс ешқандай үзіліссіз өнім өндіру немесе өнім өндірудегі үзілістерді барынша қысқарту.
Қол еңбегі – бұл машинаның көмегінсіз өнім өндіру процесі. Жартылай механизімдендірілген – бұл қол еңбегінің кейбір операцияларын машина арқылы атқару.
Автоматтандыру - өндірістік үрдіс жұмысшылардың қатысуынсыз жүзеге асыруы, яғни барлық өндірістік процес автаматтандырылған жүйеге ауыссады.
Агрегаттық – арнайы өнім өндіруге орналасқан құрал – жабдық жəне мұнда жұмысшының орналасуын талап етпейді. Дискреттік – мұнда өндірісітік процестің бірден – бір бөлігін арнайы станоктар жүзеге асырады жəне мұнда жұмысшының орналасуын талап етеді. Жалпы өндірістік процесті жобалауда өндірілетін өнімнің ерекшелігі ескеріледі, сомен қатар мынадай көрсеткіштерді ескеру қажет.
1. Өндірілетін өнімнің техникалық сипаттамасы
2. Өндірілетін өнім көлемі .
3. Өндірістік сатылардың дəрежесі.
4. Кооперация мен өнімге қажетті элеметтердің қамтамасыз ету дəрежесі.
3. Өндірістік үрдіс циклдері
Өндірістік цикл деп - өндіріске шикізатты жіберегн күннен бастап дайын өнімге айналып техникалық бақылаудан өтіп қоймаға тасырылғанға дейінгі күн тізбелік аралықты айтады. Бұл күн жəне сағат өлшем бірлігі есептеледі өндірістік цикл екі сатыдан тұрады.
I. Өндірістік процеске қажетті уақыт,яғни оны техникалық цикл деп атайды. Оған жататындар:
1. Өндірістік операцияны дайындауға жұмсалған уақыт шығыны (Тпз)
2. Техникалық операциялардың уақыт шығыны (Ттех)
3. Өндірістік технологиялардың қалыпты жағдайын қалыптастыру уақыт шығыны (Тест.пр)
4. Өндірістік процестін ерекшелігіне байланысты транспорттық уақыт шығыны (Ттранс)
5. Өнімді техникалық бақылау уақыт шығыны (Ттех.пр)
ІІ. Өндірістік процесті ұйымдаттырудағы үзілістер уақыты:
1. Өндірістік поцес ішіндегі операция арасындағы уақыт (Тмеж.опер)
2. Смена арасындағы уақыт үзіліс (Тмеж.смен)
Тс= Тп.з+Ттех +Тест.пр+Ттранс +Ттех.к+Тмеж опер+Тмеж смен
І 1. Бұл жұмысшының өзін - өзі жəне жұмыс орнын өндірістік процеске дайындау уақыты.
2. Бұл жұмышыларының еңбек заттарымен машина механизмдерді басқаруға жұмсалған уақыты..
3. Бұл жұмысшының нақты өнімін өндіру уақытты.
4. Бұл жұмысшының бір операциядан екінші операцияға көшу уақыты.
5. Өндірілген өнімнің талаптарға сай болуын жəне машинамен құралдарының қалыпты жұмыс жасауын бақылау уақыты.
І. Үзіліс уақыттары алдың – ала реттелген ережеде жүргізіледі