Синхронды аудармашының лауазымдық міндеттері
Лауазымдық міндеттері. Ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және шетел фирмаларымен ынтымақтастықты, шетел фирмалары өкілдері мен ұйым мамандарының тікелей байланыстарын, сондай-ақ конференция, симпозиум, конгресс және басқа халықаралық кездесулерді жүзеге асыру үдерісі барысында басқа да мәтіндерді аударады. Аударылатын мәтіннің лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнының, белгіленген ғылыми, техникалық және басқа терминдер мен анықтамалардың дәл сәйкестігін сақтай отырып, ауызша және жазбаша, толық және қысқаша аударымдарды орындайды. Жазбаша аударуды қажет ететін техникалық құжаттамаларды аударады. Аударылған мәтінді қажетті редакциялауды жүзеге асырады. Экономикалық қызметтер, білім, ғылым және техника саласының мәтіндерінде кездесетін терминдер, ұғымдар мен анықтамаларды нақтылау мен сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Шетелдік ғылыми-техникалық ақпарат көздері бойынша мәтіндік шолу, аңдатпа және рефераттар дайындайды. Өткізілген кездесулер мен келіссөздер туралы есеп беруді жасауға, сондай-ақ техникалық құжаттамаларды есепке алу және ресімдеуге қатысады. Іске қосу-реттеу жұмыстарына, шетелдік фирмаларымен жасалған келісім-шарт талаптарын орындауды қамтамасыз ету, аталған фирмалар өкілдеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру (бос уақыт, медициналық қызмет көрсету, баспасөз өкілдері, қоғаммен кездесулер және т.б.) жұмыстарына қатысады. Әртүрлі байланыс арналары бойынша ақпарат беруге байланысты және орындалған аудармалар мен жасалған жұмыстар туралы ақпараттық материалдарды жүйелеу жұмыстарын жүргізеді.
Білуге тиіс: қазақша (орысша) және шетел тілдерін; мәтіндерді, ғылыми-техникалық және басқа арнайы құжатталған ақпараттарды ауызша және жазбаша аудару әдістерін; келіссөздер және синхронды аударма жүргізуді ұйымдастыруды; Қазақша (орысша) және шетел тілдеріне аударылған мәтіндерді тақырыбы бойынша терминдеуді; сөздіктерді, терминологиялық стандарттарды, жинақтарды, экономикалық қызметтер, білім, ғылым және техника саласы бойынша анықтамалықтарды; ғылыми және әдеби редакциялаудың негіздерін; қазақша (орысша) және шетел тілдерінің лексика, грамматика және стилистикасын; аударманың ағымдағы үйлестіру жүйесін; синхронды аударма тәжірибесінде қолданылатын техникалық құралдарды; ғылыми-техникалық және басқа да аударма саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені; еңбекті ұйымдастыру және нормалауды; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын; еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санаттағы синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санаттағы синхронды аудармашы қызметіндегі жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.
II санаттағы синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз синхронды аудармашы қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Ұйымдағы директордың көмекшісі (бас директордың, атқарушы директордың, президенттің, басқарма төрағасының, басқарушының) және басқа бірінші басшылардың (референт, кеңесші)
Лауазымдық міндеттері. Бірінші басшының тапсырмасы бойынша ақпарат, анықтама, реферат және ұйым қызметінің келешектегі мәселелері бойынша баяндама әзірлейді және қажет болған жағдайда осы мақсатқа басқарманың сәйкес аппаратын қатыстырады. Бірінші басшының басқа да тапсырмаларын орындайды. Бірінші басшының бұйрық, тапсырма және өкімдерінің мезгілінде орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бірінші басшыға ұсынылмас бұрын, ұйымда әзірленетін бұйрықтар мен өкімдер жобаларының жоғары тұрған орган құжатарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді. Бөлім басшыларынан және жауапты орындаушылардан бірінші басшыға қажетті анықтама және басқа да материалдарды, сондай-ақ бұйрық, өкім және бірінші басшының тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты талап етеді. Құжат айналымына оперативтік есеп жүргізеді, бұйрық, өкім және басқа құжаттарға, сондай-ақ орындалуын бақылауды қажет ететін тапсырмаларға бақылау карточкасын толтырады. Құжат айналымын және құжаттардың жүргізілуін бақылау әдісін, техникалық құралдарды басқаруды жетілдіру жүйесі бойынша іс-шаралар әзірлеуге қатысады. Басшылардың шақырылумен өтетін кеңестерді өткізумен мен әзірлеуге қатысады және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Делегацияларды қабылдауды, іскерлік сапарлар мен кездесулер ұйымдастырады. Жоспардың орындалуын бақылау және ұйым жұмысының ырғақтылығын ұйымдастыру жөніндегі комиссия жұмысына, өндірісті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық дамыту бағытын анықтайтын әдістемелік материалдарды; өндірісті басқару жөнінде; жедел басқару негіздерін, техника-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыруды және ұйым мен оның бөлімшелерінің жұмыстарын талдауды; ұйымның өндірістік құрылымы мен басқару құрылымын; бөлімшелер арасындағы өндірістік және функциональдық байланысты; шаруашылық жүргізу әдісін; менеджмент және маркетинг негіздерін; ісқағаздарын жүргізу жүйесі негізі ережесін; бақылауды орындаудың әдістері мен түрлерін; ұйымдық-әкімшілік құжаттама жүйесін сәйкестендіру стандарттарын; ішкі еңбек тәртібі ережесін; оргтехника мен компьютерді; іскерлік қатынас әдебі; еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану; іскерлік келіссөздерді жүргізу ережесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және басқару лауазымдағы кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.