Арақия ауданының прокуроры
әділет кеңесшісі аты-жөні
қосымша-7
Қ А У Л Ы
15 қаңтар 2015 жылы Ақтау қаласы
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы құрамында төрағалық етуші судья ___, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры ____, қорғаушылар ____, сотталғандар ____, жәбірленуші өкілі ___ қатысуларымен Маңғыстау облыстық соты ғимаратында, ашық сот мәжілісінде, дыбыс,-бейнежазба құралын қолданып, Ақтау қалалық сотының 28 қараша 2014 жылғы _____ қатысты қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдау туралы қаулыға және Маңғыстау облыстық прокуратурасына, Ақтау қалалық ІІБ-на және Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасына қатысты шығарылған жеке қаулыларына келтірілген прокурордың жеке наразылықтары бойынша қарады.
Аталған сот қаулысымен:(мысалы аты-жөндері)
Аты-жөні, 14.09.1980 жылы Түркменстанда туған, ұлты қазақ, білімі орта, жанұялы, бұрын сотталмаған, тұрағы Ақтау қаласы, мекен-жайы,
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен, ҚР ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен, ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігі «б» тармағымен, ҚР ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен сотқа берілген;
Жеке наразылығында прокурор қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы қаулының күшін жойып, Ақтау қалалық сотына істі негізінен қарау үшін жолдауды сұрайды.
Сонымен қатар, осы қылмыстық іс бойынша Маңғыстау облыстық прокуратурасына, Ақтау қалалық ІІБ-на және Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасына қатысты жеке қаулылар шығарылған.
Ақтау қаласының прокуроры осы жеке қаулылармен келіспей, оған қатысты жеке наразылықтарында осы қылмыстық іс бойынша қабылданған прокуратураға, ІІБ-на және адвокаттар алқасына қатысты жеке қаулыларды негізсіз деп санап, олардың күшін жоюды сұраған.
Апелляциялық сот отырысында прокурор аты-жөні жеке наразылықтарды қолдап, соттың қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдау туралы қаулысын бұзып, істі сол сотқа қайтадан қарауға жолдауды және жеке қаулыларының күшін жоюды сұраған, қорғаушылар аты-жөні, аты-жөні, Аты-жөні, жәбірленуші өкілі аты-жөні соттың қаулысын және жеке қаулыларын қолдап, өзгеріссіз қалдыруды сұраған, қорғаушы аты-жөні сот қаулысын заңсыз деп санап, оның күшін жою туралы пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, апелляциялық сот алқасының
АНЫҚТАҒАНЫ:
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің (2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі) 303-бабымен қылмыстық істің екі жағдайда ғана қосымша тергеуге жолдануы мүмкін екендігі көрсетілген. Олар:
- егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса;
- айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
Сот өзінің қаулысында алдын ала тергеу орындарымен аты-жөні қатысты эпизод бойынша қылмыстық әрекеттерінің дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық қудалауды қысқарту қаулылары асығыс қабылданған, бұл эпизодтар бойынша оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуге жатады, бірнеше жәбірленушілерге қатысты эпизодтар бойынша келтірілген шығын мөлшері аса ірі мөлшерге жетпесе де ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен айып қате тағылып, айыпталушылардың жағдайын нашарлатқан, жәбірленуші аты-жөні қатысты эпизод бойынша келтірілген шығын мөлшері нақтылы анықталмаған деген уәждер келтірген.
Апелляциялық сот алқасының пікірінше бұл көрсетілген уәждер қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруға заңды негіздер болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 13 желтоқсан 2001 жылғы «Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы» №19 нормативтік қаулысының 8 тармағына сәйкес, соттың қаулысында істі қосымша тергеу жүргізуге жіберу үшін негіз болған мән-жайларға тағылған айыптың мәнін қысқаша баяндаумен қатар, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай негіздер бар екені және олардың іс-әрекетінің қаралып отырған іспен қалай байланысты екені көрсетілуге тиіс. Алайда сот өзінің қаулысында мұндай дәлелді негіздерді нақтылап көрсетпей, тек жәбірленушілердің әр түрлі жауаптарын негізге алған. Ал, қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес, сот қаулысы заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса ғана заңды болып табылады.
Сонымен қатар, соттың алдын ала тергеу орындарының аты-жөні қатысты қабылдаған қылмыстық қудалаудан бас тарту қаулыларына баға беруі де орынсыз.
Себебі, ҚР ҚІЖК-нің 23 бабының 5 бөлігінде сот қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайтыны, айыптау немесе қорғау жағында болмайтындығы және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейтіні көрсетілген. Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, аталған процессуалдық шешімдерге тергеу кезінде ешбір тұлғалардан шағым, наразылық келтірілмеген, бұл құжаттар қазіргі кезде заңды күшінде.
Мұндай жағдайда, сот сотталушылардың жауапкершілігін күшейту және басқа адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қоюға құқылы емес.
Сондай-ақ, жоғарыдағы нормативтік қаулының 5 тармағында, егер тараптар сот жарыссөзі барысында немесе айыпкер соңғы сөзінде істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару туралы өтініш білдірген жағдайларда, сот процеске қатысушы басқа адамдардың білдірілген өтініш туралы пікірін анықтау және шешім қабылдау үшін сот тергеуін қайта бастауға міндетті екені көрсетілген.
Басты сот талқылауы хаттамасынан көрініп тұрғандай, қорғаушылар мен жәбірленушілер тарапынан жарыссөз кезінде осы қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтініштер түсе тұра, сот аталған заң талаптарын бұзып, сот тергеуін қайта бастап, процеске қатысушылардың пікірлерін тыңдамастан кеңесу бөлмесіне кетіп, істі қосымша тергеуге жолдау туралы шешім қабылдаған.
Істің мұндай тұрғысында, соттың осы қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы қаулысын заңды, негізді деп есептеуге болмайды, сол себепті оның күші жойылып, іс сол сотқа басқа сот құрамында жаңадан қарау үшін жолдануға, прокурордың жеке наразылығы қанағаттандырылуға жатады.
Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу орындарының тергеу амалдарын жүргізуде кемшіліктер жібергені, прокуратура тарапынан оған тиісті қадағалау болмағаны, сондай-ақ, істі басты сот талқылауында қарау кезінде қорғаушылардың жоғары біліктілік, белсенділік көрсеткені жөнінде Ақтау қалалық ІІБ-ның бастығының, Маңғыстау облыстық прокурорының, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы төрағасының назарына жеке қаулылар шығарылған.
Апелляциялық сот алқасы осы қабылданған жеке қаулылар да заңды, негізді болмағандықтан күші жойылуға жатады деген тұжырым жасайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, бірінші сатыдағы соттың осы қылмыстық істі алдын ала тергеу орындарының қателіктер жібергеніне негіздеп, қосымша тергеуге қайтару туралы қаулысы заң талаптарына сәйкес келмейді деп танылып, оның күші жойылуға жатады деген қорытынды жасалды.
Соттың шығарған жеке қаулыларында шкі істер басқармасы мен прокуратура басшыларының назарына негізінен жалпылама сол кемшіліктер ұсынылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 19 желтоқсан 2003 жылғы «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» №11 нормативтік қаулысының 7 тармағында көзделгендей, жеке қаулы заңды, негізделген және істің жан-жақты, толық, әрі объективті зерттелуіне құрылуы керек. Соттардың қабылданған шешімнің заңдылығына және негізділігіне күмән келтіретін жағдайларды жеке қаулыларда көрсетуге құқығы жоқ. Жеке қаулыда жалпы мазмұнды сөздер мен тұжырымдар болмауы керек.
Демек, мұндай жағдайда аталған жеке қаулыларды заңға сәйкес шығарылған деп есептеп, заңды күшінде қалдыруға болмайды.
Сондай-ақ, осы қылмыстық істі қарау барысында қорғаушылардың басты сот талқылауына тұрақты қатысып, сұрақтар қойып, белсенділік көрсетуін ерекше марапаттауға лайықты әрекеттер деп бағалап, оған жеке қаулы шығарылуы да негізсіз. Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес қорғаушы заңда белгіленген тәртіппен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырып, оған заң көмегін көрсетуге міндетті тұлға болып есептеледі. Қорғаушылардың басты сот талқылауында өзінің қорғауындағы сотталушыларға байланысты жасаған заңды көмегін ерекше әрекеттер деп бағалау орынсыз.
Осы аталған мән-жайларға байланысты аталған жеке қаулылардың күші жойылуға, жеке наразылықтар қанағаттандырылуға жатады.
Жоғарыдағылар негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 431 бабының 1 бөлігіндегі 7 тармағын, 443-444 баптарын басшылыққа алып, апелляциялық сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Ақтау қалалық сотының 2014 жылғы 28 қарашадағы аты-жөндері жөніндегі қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдау туралы қаулысының күші жойылсын.
Қылмыстық іс Ақтау қалалық сотына басқа сот құрамында жаңадан қарауға жолдансын.
Ақтау қалалық прокурорының жеке наразылығы қанағаттандырылсын.
Осы қылмыстық іс бойынша Маңғыстау облыстық прокуратурасына, Ақтау қалалық ІІБ-на және Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасына қатысты шығарылған жеке қаулылардың күші жойылсын.
Ақтау қалалық прокурорының жеке наразылықтары қанағаттандырылсын.
Қаулы толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, қаулыға риза емес тараптар, ол жарияланған күннен, қамаудағы сотталғандар қаулы көшірмесін алған күннен бастап алты ай мерзімде кассациялық тәртіппен шағым беруге немесе наразылық келтіруге құқылы.
Судья: ___________/Т.А.Ж./
Көшірмесі дұрыс.
Судья: ___________/Т.А.Ж./
қосымша-8
«БЕКІТЕМІН»
Ақтау қаласының прокуроры
аға әділет кеңесшісі
______________ /Т.А.Ж./
«____» __________ 2014 жыл
Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі
__-сыныпты заңгер ___________/Т.А.Ж./
айыпталушылар ___________/Т.А.Ж./
ҚР ҚК-нің 177 бабы 3,4 бөлігі «б» ,
___________/Т.А.Ж./ҚР ҚК-нің 177 бабы 2 бөлігі «а,б»
ҚР ҚК-нің 177 бабы 3,4 бөлігі «б»,
___________/Т.А.Ж./ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б», ___________/Т.А.Ж./ ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б»,
айыптау туралы қылмыстық іс бойынша
мемлекеттік айыпты қолдау сөзі