Топографиялық карталарда қолданылатын координаттар жүйесі. Топографиялық картаның координаттар торлары
Координаттар торлары барлық ірі масштабты карталарда қажетті нүктелердің координаттарын анықтау немесе координаттары бойынша нүктені түсіру үшін координаттық (шақырымдық) торлар жүргізіледі. Олар беттің ішкі координаттар торы және көршілес жатқан зонаның координаттар торы болып екі топқа бөлінеді.
Беттің ішіндегі координаттар торы.Бетттің ішіндегі координаттар торы 1:10 000 нан 1:50 000 дейінгі масштабты карталарда 1 шақырым; 1:100 000 масштабты картада 2 шақырымнан; 1:200 000 масштабты карталарда 10 шақырымнан кейін жүргізіледі. 1:500 000 және 1:1000 000 масштабты карталарда шақырымдық торлар жүргізілмейді.
Көршілес аумақтардың шақырымдық торлары.Нүктенің координатын анықтау немесе көршілес зонаның шетінде орналасқан нүктені координат бойынша картаға түсіру қызметін атқаратын бұл тор шақырымдық сызықтар қиып өтетін сыртқы бұрыштамаға жазылады. Ортасында және сыртқы бұрыштаманың шетінде көршілес зонадағы карта бетінің номенклатурасы көрсетіледі. Минуттық және ішкі бұрыштаманың аралығында координаттар торының шығысы мен олардың саны жазылады. Оңтүстік бұрыштамаға бағыттас жүргізілген бұрышына жақын орналасқан көлденең бағыттағы шақырымдық сызықтың абсциссасында сол сызықтың экватордан шақырым есебімен алынған қашықтығы беріледі. Қалған көлденең шақырымдық сызықтарда қысқартып жазылады. Мысалы, 1:25 000 масштабты картаның абсциссасындағы 6065 саны килломертлік сызықтың экватордан 6065 шақырым қашықтықта жатқанын білдіреді.
Батыс бұрыштамаға бағыттас жүргізілген бұрышына жақын орналасқан тік бағыттағы шақырым сызықтың ординатында жазылған 4307 санындағы 4 зонаның реттік саны ал 307 ординаттың біліктік меридианнан шартты түрде 307 шақырым қашықтықта орналасқанын көрсетеді. Тік бағыттағы шақырымдық тордың 4 зонаның біліктік меридианынан нақты қанша шақырым қашықтықта орналасқанын төменде көрсетінлген амалмен есептеп шығарады. 307-500 шақырым = - 193 шақырым. Карталарда ішкі бұрыштаманың бойында ірі теміржол бекеттеріне дейінгі арақашықтық пен оған баратын теміржолдың, қатты жабынды немесе жақсартылған асфальт төселмеген автомобиль жолдарының бағыты жазылады.
Топографиялық картаның тікбұрышты координаттары. Тік бұрышты координаттар жуйесі жазықтықтағы кез келген нүктенің координатын абцисса және ордината біліктеріне қатысты анықтауға негізделген.
Көлденең түзумен жанасатын жер элипсоидының бөлігі 55 шақырымға тең болғанда экваторда жазықтықпен жанасатын доға ұзындығының ауытқуы 30', ал ұзындық айырмасы 1,5 метрден аспайтындықтан оны жазықтық ретінде қабылдауға болатыны белгілі. Егер 6° зонаны элипсоид деп есептесек оның экваторда жанасатын доғасының ұзындығының ауытқуы 510 м тең болады. Жазықтыққа көшіргендегі доға ұзындығы ауытқуының мұндай мәні топографиялық картада жүргізілетін өлшеулердің дәлдігіне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Яғни, кең көлемді аумақты картаға түсіргенде жердің қисықтығы картада біршама бұрмаланудың болуына әкеп соқтырады.
Бірақ сол 6° доғаны көлденең цилиндірдің бүйір бетінде жобалап жазықтыққа жайса, экватор бойындағы 6° меридиандар доғасының шеткі нүктелерінің жер бетіндегі нақты ұзьндығымен салыстырғанда, бұрмалануы 0,0014, ал аудандікі 0,0027-ге тең болады.
Қорыта айтқанда, картографиялық проекцияны пайдалану 6° аймақпен шектелетін топографиялық карталарда ұзындық пен ауданды өлшеуде кететін ауытқулардың масштабтық дәлдігінің шегінен біршама аз болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан топографиялық картаны жер элипсоидында құру үшін Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндірлі проекциясында жобаланып 6° сфералық екі бұрышты аймақ (зона) тор алынады да, оны жазықтыққа көшіреді (Сурет 2.20).
Проекцияның мәні әрбір екі бұрышты 6° зона жанасатын жеке көлденең цилиндірде жобаланады. Жанасу сызығы әр бір зонаның орталық (біліктік) меридианы арқылы өтеді.
Сурет 2.20
Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндірлі проекциясында жобаланған 6° сфералық екі бұрышты градус торлары
Цилиндірдің бүйір бетін жазықтыққа жайғанда проекциядағы аймақтың айқын кескін алынады. Әрбір екі бұрышты 6° аймақтағы біліктілік меридиан мен экватор бірін - бірі өзара перпендикуляр түзу қиып өтеді. Ал қалған меридиандар мен параллельдер қисық болады (Сурет 2.20).
Картографияда екі бұрышты 6° аймақты Гринвич меридианынан бастап шығысқа және батысқа 1-30 дейін арап санымен белгілеу қабылданған. Қабылданған санмен белгілеу тік бұрышты координат құрылған зонаны анықтауға мүмкіндік береді. «Колонна» түсінігі аймақпен тең мағынаға ие болғанымен, онда екі бұрышты 6° аймақты санмен белгілеу Гринвичке меридианына қарама-қарсы 180° басталып, топографиялық картаның номенклатурасын көрсету үшін қолданылады.
Колонадан аймақтың реттік санына немесе керісінше өту үшін төменде берілген формуланы қолданған жеткілікті:
шығыс жарты шар үшін
Nк = N3+30,
батыс жарты шар үшін
Nк = N3-30.
Гаусс пен Крюгердің әрбір аймағында координат білігі қызметін жазықтықта бірін-бірі өзара перпендикуляр түзу қиып өтетін біліктілік меридиан мен экватор атқарады. X білігі ретінде аймақтың біліктілік (орталық) меридианы У білігі ретінде экватор қабылданған.
Әрбір зонада координатты есептеудің бастауы ретінде біліктік (орталық) меридиан мен экватордың түйіліскен нүктесі алынады. Осыған орай жазықтықтағы аймақ шегіндегі кез-келген нүктенің орны оның тік бұрышты координаты X пен У арқылы анықталады. Әрбір аймақтың координатын құру мен оларды есептеудің бастауы дербес жүргізіледі.
Гаусстың координаттар жүйесі. Декарттың координаттар жүйесінен айырмашылығы картографияда Гаусстың координаттар жүйесі (білігі аударылған) қолданылады. Мұнда экватордан нүктеге дейінгі арақашықтықты білдіретін абсцисса ретінде -X, ал биіктік (орталық) меридианнан нүктеге дейінгі арақашықтықты білдіретін ордината ретінде - У алынады (Сурет 2.20).
Солтүстік жарты шарда абсциссаның мәні оң болады, ал оңтүстік жарты шарда көрсетілмей S. Х8=5435863,0 индексі қойылады. Бұл жазу абсцисса экватордан оңтүстікке қарай есептелінеді деген мағынаны білдіреді.
Координатты есептеу барысында қолайсыз жағдайлар тудырып, қателіктер кетуіне жол беретін әр аймақтың біліктілік меридианның сол жағында орналасқан нүктелер ординатының теріс мәнімен істі болмас үшін геодезияда әр аймақтағы биіктік меридиан ординатын шартты түрде 500 шақырым (500 000 м) ретінде қабылдаған. Мұндай жағдайды енгізу біріншіден, әр аймақта ординаттың тек оң мәнге өтуіне; екіншіден, әр аймақтағы ординаттың абсолют мәнінің солдан оңға қарай артуына мүмкіндік береді. Мұндай ординаттар шартты немесе түрлендірілген деп аталады.
Нүкте ординатының бірдей мәні жер бетінің екі бұрышты 6° бөлінген 60 аймақтың әрбірінде кездесетіндіктен есептелінген ординаттардың алдына аймақтардың белгіленген реттік санын қою қабылданған. Мысалы, 12 аймақтағы нүктелердің тік бұрышты координаты Х=5986326,0, У=12316175,0; ал оңтүстік жарты шардағы 6 аймақтікі Х=5934575,0, У=6516175,0 деп жазылады.
Сурет 2.21
Координаттар білігінің бағыты. А-аймақтың тік бұрышты координатының біліктері және 7 аймақта орналасқан А В нүктелерінің координаттары; Ә - картаның бір бетінің аймақтағы орны (штрихталған) және зона шегіндегі тік бұрышты коордитаттар торының сызбасы
Тік бұрышты координатты толық жазғанда нүктенің абсциссасы әрқашан экватордан қандай қашықтықта орналасқанын шын мәнінде көрсететінін есте сақтау қажет. Мысалы, Х=5986326,0 саны берілген нүктенің экватордан 5986 шақырым 326 метр қашықтықта орналасқанын көрсетеді.
Нүктенің ординаты әрқашан шартты мәнге ие болады және онда жазылатын жеті немесе сегіз мәнді сан сол нүктенің кез-келген аймақтың біліктілік меридианынан метр (шақырым) есебімен алынған қашықтығын білдіреді. Мысалы, біліктілік меридианның сол жағында (батысында) орналасқан У=12316175,0 санындағы алдығы 12 аймақтың реттік санын, 316175,0 нүктенің сол аймақтың біліктілік меридианның сол жағында (батысында) шартты түрде 316175,0 метр қашықтықта орналасқанын көрсетеді. Ал оның біліктілік меридианнан нақты қашықтығын есептеу үшін жоғарыда көрсетілген нүктенің ординаты У мәнінен 500 000,0 санын аламыз. Сонда нүктенің биіктік меридианнан нақты қашықтығы (316175,0 -500 000,0=-183825,0 м) -183825,0 м екені анықталады.
Біліктілік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан нүктенің ординаты У=6516175,0 санындағы 6 аймақтың реттік саны 516175,0 нүктенің 6 аймақтың біліктілік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан шартты түрдегі қашықтығын білдіреді. Сонда бұл нүктенің біліктілік меридианнан нақты қашықтығы 516175,0 -500 000,0 = +161175,0 м болады.
Ордината бойынша нүктенің аймақтың біліктілік меридианының оң немесе сол жағында орналасқанын анықтау үшін 500 000 шамасын алғаннан соң аймақтың реттік санын шегергенде қалған сандарды бір-бірімен салыстырады. Егер қалған сан 500 000 кіші болса, біліктілік меридианның сол жағында (батысында), үлкен болса оң жағында (шығысында), ал тең болса нүктенің біліктілік меридиан бойында орналасқанын білдіреді (Суерт 2.21). Оны дәлелдеуге 4.5 - суреттегі деректер мүмкіндік береді.
Мұндағы О нүктесі 12 аймақтың координатын есептеудің бастауы болып табылады +833963,0 және -833963,0 сандары 6 аймақтың бір-бірімен симметриялы шетін нүктелерінің экватордағы метр есебімен алынған нақты қашықтығы. Оларды 1° доғаның экваторда 11132і метр екенін ескере отырып есептейді. Онда біліктік меридианнан 3° қашықта орналасқан аймақтың шеткі нүктесінің (111 321,0м х 3) +500 000,0 м = 833963,0) мәні 833963,0 м тең болады. Ординатты өлшеудің бастауы 500 000 м өзгертілгендіктен бұл нүктенің шартты түрдегі қашықтығы 166037 және 833963,0м тең болады.
Аймақтың шақырымдық торы.Тік бұрышты координат бойынша қажетті нүктелерді түсіру үшін топографиялық картаға X және У біліктеріне сәйкес келетін координаттық (шақырымдық) торлар жүргізеді (Сурет 2.21). Топографиялық карталардағы жоғары дәлдікпен 1, 2, 10 шақырым кейін жүргізілетін көлденең және тік шақырымдық сызықтар нүктенің тік бұрышты координатын, нысанасын көрсету және жекелеген өлшеу жұмыстары үшін қажет. Масштабтың қатарына сәйкес шақырымдық тордың жиілігін анықтау 2.4 кестеде берілген.
Кесте 2.4
Топографиялық карталар масштабының қатарына арналған шақырымдық тордың жиілігі
Картаның масштабы | Картадағы тордың өлшемі | |
см есебімен | шақырым есебімен | |
1:1 000 000 | шақырымдық тор жүргізілмеген | |
1:500 000 | шақырымдық тор жүргізілмеген | |
1:200 000 | ||
1:100 000 | ||
1:50 000 | ||
1:25 000 | ||
1:10 000 |
Шақырымдық сызықты санмен белгілеу экватордан немесе аймақтың біліктік меридианын шақырым есебімен жүргізіліп абсисасы ішкі бүйір бұрыштамаларына, ал ординаты солтүстік және оңтүстік ішкі бұрыштамаларына жазылады. Бұрыштаманың бұрышына жақын жүргізілген бірінші шақырымдық сызықта экватордан немесе аймақтың біліктік меридианынан шақырым есебімен алынған қашықтығын көрсететінін бастапқы екеуі ұсак, ал соңғы екеуі ірі болатын төрт, ординаттар үшін кейде бес сан жазылады. Картада қайталануды болдырмай артық салмақ түсірмес үшін қалған сызықтарда шақырым есебімен алынған ондық немесе бірлік сандар беріледі.
Сурет 2.22
Тік бұрышты координатты анықтаудың мысалдары
Сол жақ бүйір бұрышқа жақын тік сызықтағы бірінші (кейде екінші) сан аймақтың реттік санын, қалған сандар тік шақырымдық сызықтың біліктік меридианнан кашықтықты, ал абсисадағы төрт сан көлденең шақырымдық сызықтың экватордан шақырым есебімен алынған нақты қашықтығын көрсетеді.
Нүктенің тік бұрышты координаты X пен У анықтау үшін көршілес жатқан тік және көлденең бағыттағы шақырымдық сызықтан нүктеге дейін штангенциркульмен немесе сызғышпен өлшеп алып, көршілес жатқан шақырымдық тордың мәніне қосьш жазылатын метр есебімен алынатын нүктенің тіккбұрышты координаты ∆Х және ∆У анықтайды. Мысалы, В нүктесінің абсциссасы X табу үшін сол нүктенің оңтүстігіндегі көлденең сызық пен нүктенің арақашықтығын сызғышпен өлшеп, оның мәнін атау масштабына көбейтіп, өлшенген ∆Х=+504м санын көлденең шақырымдық сызықтың толық мәні Х=5604 санына қосып жазамыз. Сонда Х=5604504,0 шығады (Сурет 2.22). В нүктесінің ординаты Үв табу үшін нүкте мен оның батысында орналасқан тік шақырымдық сызықтың арақашықтығын өлшеп атау масштабына көбейтін, өлшенген ∆У=+663м санын тік шақырымдық сызықтың нақты мәні У=6212 қосып жазамыз. Сонда У=6212663,0 саны шығады [2.23-сурет].
Полярлық және биполярлық координаттар жүйесі. Координаттың бастауы болып табылатын О нүктесінде тұрып қажетті нүктенің орнын анықтауды полярлық координат дейміз.
Полярлық координат қарапайым геодезиялық құралдарды қолданып жүргізілетін көз мөлшері кескіндеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Бұл жүйедегі көлденең жазықтықта таңдап алынған кескіндеу (тұру) нүктесі полюс деп аталады. Осы нүкте арқылы ОХ поляр білігі (меридиан) жүргізіледі. Қажетті М нүктесінің орнын бұл жүйеде картадағы немесе жергілікті жердегі М нүктесінің орны екі координатты анықтау арқылы жүзеге асады (Сурет 2.24). Олар:
- полярлық біліктен сағат тілімен бағыттас өлшенетін М нүктесінің бұрыштық жағдайы Н;
- координатын анықтайтын М нүктесі мен арақашықтығы Д=ОМ.
Сурет 2.23 Сурет 2.24
Полярлық координат Биполярлы координаттар
Полярлық координатты пайдаланып көз мөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізу үшін планшетке бекітілген А4 немесе А3 пішімнің оң жақ шетіне солтүстік пен оңтүстігі көрсетілген полярлық білігін жүргізіп, үстіне тұсбағдарды қойып, көк бағдар тілін 0° келтіріп, кескіндейтін аумақтың тұйықталған АВСДЕ тірек нүктелерінің азимуттары мен түсіру нүктсі мен арақашықтығын анықтаймыз.
Тұйықталған түсіру алаңында жүргізілген өлшемдер арнайы кітапапшаға тіркеліп, сандық деректер пайдаланып белгіленген масштабқа сай кескінделетін аумақтың сұлбасы абцисі жасалып, оған қажетті географиялық нысандар түсіріледі.
Полярлық және биполярлық координаттар жуйесі. Координаттың бастауы болып табылатын О нүктесінде тұрып қажетті нүктенің орнын анықтауды полярлық координат дейміз.
Полярлық координат қарапайым геодезиялық құралдарды қолданып жүргізілетін көз мөлшері кескіндеу жұмыстарында кеңінен пайдаланылады.
Биполярлық координаттар жүйесі. Бір-бірімен түзу сызықпен байланысқан екі қозғалмайтын полярлық білік арқылы М нүктесінің координатын анықтауды биполярлық координат дейміз.
Биполярлық координат анықтау үшін бір түзудің бойында бірдей қашықтықта орналасқан қозғалмайтын РОР 1 0 1полярлық білігін тұрғызады да, О және О1 нүктелерін бір-бірімен қосады.
Екі полярлық біліктің ортасындағы М нүктесінің ОО 1 нүктелеріне қатысты орны а а1 немесе Н және Н 1 бұрыштары және r (a1) және r2 (a2) радиус-векторлары арқылы анықтайды (Сурет 2.24).
Бұл жүйе кескіндеу барысында тура белгілеу (прямая засечка) жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Топографиялық карталардың географиялық координаттар жүйесі. Іс жүзінде картадан жергілікті жердегі нысандардың орнын анықтауға немесе көрсетуге тура келеді. Өзің тұрған немесе жергілікті жердегі нысанды белгілі нүктенің (сызықтың) орнын координаттың көмегімен анықтайды. Қандайда бір беттегі немесе кеңістіктегі нүктенің бұрыштық немесе сызықтық өлшеммен анықталатын орны координат деп аталады. Географиялық координаттар жүйесі география ғылымының барлық салаларында, теңіз және әуе новигациясында кеңінен қолданылады.
Жер бетіндегі кез-келген нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтауды географиялық координат дейміз.
Географиялық координаттар жүйесінде координат сызығы ретінде бірін- бірі қиып өтіп, градус торларын түзетін меридиандар мен параллельдер қабылданған. Географиялық координатты оқып-үйрену барысында Жер шар ретінде алынады. Егер Жер сфероид ретінде қабылданса, нүктелердің орны геодезиялық координаттар жүйесімен анықталады.
Гелографиялық координаттар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орны екі географиялық координат ендік пен бойлықты анықтауға негізделген бұрыштық шама болып табылады.
Жер бетіндегі кез-келген нүкте мен экватор жазықтығы арасында түзілген бұрыш географиялық ендік деп аталады. Егер нүкте солтүстік жарты шарда орналасса оның ендігі солтүстік, егер онтүстік жарты шарда орналасса оңтүстік болады. 2.25 - суреттегі В бұрышы М нүктесінің ендігіне сай келеді. Экваторда орналасқан барлық нүктелердің ендігі 0° ал полюста орналасқан нүктелердікі 90° болады. Ендіктердің мәні 0°-90° аралығында болады. Градус есебімен алынған бұрыштың мәні экватордың солтүстігіндегі немесе оңтүстігіндегі кез-келген нүктенің қандай қашықтықта орналасқанын көрсетеді. Параллель біртекті географиялық ендікке ие болатын нүктенің геометриялық орны, ал, меридиан нүктенің бойлығы бір текті геометриялық орны болып табылады.
Бастапқы меридиан мен жер бетіндегі кез-келген нүктенің үстінен өтетін меридианның арасында түзілген бұрышты географиялық бойлық деп аталады. Бастапқы меридиан ретінде Лондон қаласының маңындағы Гринвнич астрономиялық обсерваториясының үстінен өтетін меридиан қабылданған. Барлық нүктелердің бойлықтың мәні 0-180° аралығында болады. Бастапқы меридианның шығысында 0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы шығыс бойлық, бастапқы меридианның батысында 0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы батыс бойлық деп аталады.
Батыс және шығыс жарты шарлардағы барлық нүктелердің ендігі φ, бойлығы λ әріпімен белгіленеді.
Сурет 2.25
Географиялық координаттар
Ірі масштабты топографиялық картаның ішкі бұрыштамаларының төрт бұрышында географиялық координаттары жазылады. Мысалы, 1:25 000 масштабты топографиялық картасының батыс бұрыштамасының бойлығы- 18°00'00"шығысынікі - 18°07'30" оңтүстік бұрыштамасының ендігі- 54°40'00", солтүстігінікі — 54°45'00" ірі масштабты карталардан географиялық координатты табу оңай болу үшін бір минуттан бөлінген қосымша минуттық бұрыштама жүргізіледі. Ірі масштабты картадан А нүктесінің географиялық (геодезиялық) ендігін табу үшін сол нүктеден минуттық бұрыштамаларды қиып өтетін көлденең сызықтар жүргізіліп оңтүстік және батыс (шығыс) бұрыштаманың қилысынан бастап бүйір бұрыштамаларды бойлай минуттары мен секундтарын санап шыққан санды 54°40'00" қосып жазады. Ірі масштабты картадан А нүктесінің географиялық (геодезиялық) бойлығын табу үшін сол нүктеден минуттық бұрыштамаларын қиып өтетін тік сызықтар жүргізіліп, оңтүстік (солтүстік) және батыс бұрыштаманың қилысынан бастап, оңтүстік (солтүстік) бұрыштаманы бойлай минуттары мен секундтарын санап шыққан санды 18°00'00" қосып жазады (Сурет 2.25).
Топографиялық картадан географиялық координатты анықтау.Топографиялық картаның бетінің ішкі бұрыштамасы меридиан мен параллельдермен шектелген. Солтүстік және оңтүстік бұрыштама географиялық еңдіктер, батыс және шығыс бұрыштамалар географиялық бойлық болып табылады. Бұрыштамалардың ендіктерімен бойлықтарының айырмасы мен топографиялық картаның бетіндегі бұрыштамалардың өлшемі стандартты беттеуге сәйкес келетіндіктен әрбір масштаб үшін тұрақты.
Сурет 2.26
Ірі масштабты картадан географиялық координатты анықтау
1:1 000 000 және 1:500 000 масштабты карталардан басқа барлық топографиялық карталарда ішкіжәне сыртқы бұрыштамалардың аралығында нүктелердің географиялық координатын анықтап оларды картага түсіру қызметін атқаратын белгілі бір қашықтықта теңдей бөлшектерге бөлінген минуттар мен секундтардан тұратын минудтық бұрыштамалары болады [Суреттер 2.25 және 2.26).
Кесте 2.5
Топографиялық карта бұрыштамаларының өлшемдері
Масштабтар | Бұрыштамаларді.щ елшемдері | |
φ бойынша | λ бойынша | |
1:1000 000 | 4° | 6° |
1:500 000 | 2° | 3° |
1:200 000 | 40' | 1° |
1:100 000 | 20' | 20' |
1:50 000 | 10' | 15' |
1:25 000 | 5' | 7'30" |
1:10 000 | 2'30" | 3'45" |
Бойлықтар мен ендіктер бойынша минуттық бұрыштамалардағы минуттар мен секундтардың саны бірдей болмай-ды. Ендік бойынша минуттың өлшемі 1852 метрге тең және ол әрқашан бойлықтың минутына қарағанда үлкен болады (Кесте 2.5).
Топографиялық картаның оңтүстік және шығыс бұрыштамаларында барлық тақ минуттар, батыс және оңтүстік бұрыштамаларында барлық жұп минуттар даралап көрсетіледі. 10" бөлінген минуттардың түрлерін бұлай даралау географиялық координаттарды жылдам әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Картадағы А нүктесінің географиялық ендігі φанықтау үшін аталған нүктеден батыс немесе шығыс минуттық бұрыштаманы қиып өтетін көлденең түзу сызық жүргізіледі де, оңтүстік бұрыштама мен батыс немесе шығыс бұрыштаманың килысынан бастап А нүктесін қиып өтетін көлденең сызықтың батыс (шығыс) минуттық бұрыштамамен қилысына дейінгі минуты мен секундын санап, оңтүстік және батыс (шығыс) бұрыштамадағы географиялық ендіктің сандық көрсеткішіне қосып жазады (Сурет 2.27).
Картада қамтылған қажетті нысанның географиялық бойлығы я анықтау үшін А нүктесі мен солтүстік немесе оңтүстік бұрыштаманы қиып өтетін түзу сызық жүргізіледі де де, батыс және солтүстік (оңтүстік) бұрыштамалардың түйіліскен жерінің минуттық бұрыштаманы қиып өтететін тік сызыққа дейінгі минуты мен секундын есептеп, солтүстік (оңтүстік) және батыс бұрыштамалардың қиылысындағы бойлықтың градусына қосып жазады.
Сурет 2.27
Топографиялық картадан А нүктесінің географиялық
координатын анықтау
Белгіленген координат бойынша нүктені түсіру үшін алдымен топографиялық картадағы орнын анықтайды. Мысалы, D нүктесінің φ=48°51'05"; λ=30°01'22" болатын координатын картаға түсіру үшін φ=48°51' ендікті λ=30°01' бойлықты тауып алып, одан батыс және шығыс, солтүстік және оңтүстік минуттық бұрыштамаларды қиып өтетін перпендикуляр түзу сызықтар жүргізеді. Содан соң минуттық бұрыштамадан штангенциркульдің көмегімен 10" бөлінген минуттан ∆φ =05" өлшеп алып,оңтүстік бұрыштамаға жақын орналасқан бүйір бұрыштамаларындағы φ=48°51' параллельге қосып нүктенің ендігін батыс бұрыштамаға жақын орналасқан солтүстік және оңтүстік бұрыштамадағы λ=30°01' меридианына ∆λ=01'' қосып, нүктенің бойлығын белгілейді де нүкте арқылы карындашпен солтүстік (онтүстік) және батыс (шығыс) бұрыштамаларды қосатын бірін- бірі перпендикуляр сызық жүргізіп олардың қилысқан жеріне D нүктесін түсіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұсақ масштабты карталардың әртүрлі бөлігінде масштабтың әртүрлі болу себебін, бас масштабтың жеке масштабтардан айырмашылығын көрсетіңіз?
2. Ұсақ масштабты географиялық карталардағы бұрмалаудың түрлері мен олардың туу себептерін ашып көрсетіңіз?
3. Картографиялық проекциялардың негізгі түрлерін анықтап, қосалқы геометриялық жазықтықта бағдарлау әдістеріне, бұрмалау сипатына қарай жіктеңіз?