Скери кезекшілікке және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар

Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап)

Қылмыс объективтік жағынан Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқарудың ережелерін бұзу, егер де бұл әрекет мемлекеттің кауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы сипатталады.

Жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелері Ішкі қызмет Жарғысымен, Қорғаныс министрі, Бас Штаб бастығы, Қарулы күштер түрлерінің Бас қолбасшысының бұйрығымен және директиваларымен белгіленеді.

Жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін камтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару қызметтерін бұзулар жатады.

Жауынгерлік кезекшілік атқару құрамына кезекшілік уақытында қызмет орнынан ауытқуға, бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын тастап кетуге, кезекшілік орнын басқа біреуге уақытша болса да беріп кетуге, әскери техниканың дайындығына бөгет келтіретін істермен айналысуға тыйым салынады, сондай-ақ жауынгерлік кезекші өз қызметін атқару кезінде спирт ішімдіктерін, есеңгірететін, уытқұмарлық заттарды пайдалануға, байқау аппараттарын өз бетімен алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты орындамауға кұқылы емес.

Қылмыс кұрамы жағынан формальдық — материалдық құрамға жатады. Өйткені қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелерін бұзудан мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған реттерде аяқталған деп танылады.

Мемлекет кауіпсіздігі мүддесіне зиян келтірілгені немесе келтірілу қаупі болғаны нақты жағдайларға байланысты анықталады. Жауынгерлік кезекшілік ережелерін бұзумен мемлекет мүддесіне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама касақаналықпен істеледі.

Осы баптың 2-тармағында ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ауыр зардаптарға — Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттердің әскери барлау ұшақтарының, су асты, су үсті соғыс кемелерінің еніп кетуі, адамдардың қазаға ұшырауы, әскери техниканың істен шығуы, маңызды әскери шаралардың жүзеге аспай қалуы жатады.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 375-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 375-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші белігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу (376-бап)

Қылмыс объективтік жағынан шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе шекаралық қызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы Заңына сәйкес мемлекеттік шекараны күзету Мемлекеттік шекара әскерлеріне жүктелген және осы аталған заңда мемлекеттік шекарада қызмет атқарудың ережелері де белгіленген. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу әр түрлі болуы мүмкін. Бұларға мысалы, мемлекеттік шекараның күзетілетін объектісін өз бетімен тастап кету; мемлекеттік шекара тәртібін бұзған адамды ұстау шараларын қолданбау; қару қолданудың белгіленген ережелерін сақтамау т.с.с. жата-ды. Шекаралык қызмет атқарудың ережелерін бүзу мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіру қаупін келтірсе ғана қылмыс құқықтық жазаланушылық сипатқа ие болады. Қылмыс құрамы — формальдық материалдық. Қылмыстық әрекеттен келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян мөлшері нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 376-бабының 2-тармағында көзделген. Ауыр зардаптарға дұшпандық әрекеттер жүргізу мақсатымен шетелдік азаматтың еліміздің аумағына кіріп кетуі; шекаралық қызмет құралдарының істен шығып қалуы; мемлекеттік шекара арқылы контрабандалық тауарлардың өткізілуі; халықаралық қатынастардың шиеленісуі т.с.с. жатады. Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Кылмыстың субъектісі — арнаулы шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе шекаралық қызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адам. Осы баптың ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет лсасаған әскери қызметші кылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Қарауыл қызметін (вахта) атқарудын жарғылық ережелерін бұзу (377-бап)

Қарауыл (вахта) қызметі Казақстан Республикасы Қарулы күштерінің қарауыл қызметі жарғысымен реттеледі. Қарауыл (вахта) қызметі жауынгерлік міндетті атқаруға жатады және жеке құрамнан Жарғыда көрсетілген барлық талаптарды мүлтіксіз орындауды, аса қырағылықты және батылдықты талап етеді. Қарауыл қызметі мемлекеттік немесе әскери объектілерді, әскери жасауларды, тәртіптік батальон мен гауптвахтаны күзету үшін белгіленеді. Қарауыл қызметіне соғыс-теңіз флоты корабльдеріндегі вахталық қызметтер де жатады.

Қарауыл қызметіне Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер қызметі жүзеге асыратын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, арнаулы жүктерді, түзеу мекемелерін, тұтқындағылар мен сотталғандарды күзету қызметтері де жатады.

Заң бойынша қарауыл (вахта) құрамына кіретін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жарғылық ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететін объектіге зиян келтіруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса қылмыстық жауаптылық пайда болады.

Келтірілген зиянға күзетілетін объектіден әскери мүліктің талан-таражға түсуі; әскери техниканың бүлінуі немесе жоғалуы; гауптвахтадағы пайда болған бейберекетсіздік т.с.с. жа-тады.

Қылмыс құрамы материалдық, қылмыс қарауыл (вахта) Қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзудан зиян келтірілген сәттен аяқталған деп танылады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 374-бабының 2-тармағында көзделген.

Ауыр зардаптарға әскери жасауды ұрлау немесе бүлдіру, күзетілетін мемлекеттік немесе әскери объектілердің ете қатты бүлінуі, әскери қару-жарақты ұрлау, адамдардың каза болуы, тұтқындағы немесе сотталған адамның қашып кетуі т.с.с. жатады.

Қылмыстық кодекстің 377-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Ішкі қызмет атқарудын және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап)

Қылмыс объективтік жағынан бөлімнің тәуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық ережелерін бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін және осы ережелерді дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның міндетіне кіретін болса деп сипатталған.

Ішкі қызмет атқарудың ережелерін бұзуға тәуліктік нарядқа кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық ережелерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы (мысалы қызмет орнын өз бетімен тастап кету; талан-тараждың жолын кесуге шара қолданбау; әскери қызметшілердің жарғыға сай келмейтін әскери қатынастары, бөлімнің аумағына бөтен адамдардың кіруі; бөлім орналасқан жерден көліктерді тексермей шығару т.с.с. әрекеттер жатады.

Гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзуға патруль нарядының құрамына енген адамның өз қызметін мүлдем орындамауы немесе тиісінше орындамауы (мысалы патруль кестесінен немесе маршрутынан бас тарту; заңсыз қару қолдану; біреуді негізсіз ұстау; спирт ішімдіктерін ішу; әскери тәртіпті бұзған әскери қызметшіге сақтандыру шараларын қолданбау) жатады.

Қылмыс құрамы материалдық. Көрсетілген жарғылық ережелерді оның алдын алуға міндетті адамның бұзуы зиянды зардаптарға әкеп соқса қылмыстық жауаптылық туындайды.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан осы әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 378-бабының 2-тармағында көзделген. Ауыр зардаптарға — адамның абайсызда қаза болуы, жәбірленушіге ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі, патруль наряды құрамына кіретін адамның жауапсыздығынан қоғамдық тәртіптің өрескел бүзылуы т.с.с. жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асырылады. Абайсыздықпен жарғылық ережелерді бұзу қылмыс құрамын түзбейді.

ҚК-тің 378-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудын ережелерін бұзу (379-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдык қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет азаматтардың құкықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы сипатталады.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және коғамдық қауіпсіздікті камтамасыз ету ережелерін бүзу осы міндеттерді жүзеге асыруға міндетті әскери нарядтың құрамына кіретін адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауынан, соның салдарынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы көрініс табады. Қылмыс құрамы материалдық. Көрсетілген ережелерді бұзу мен одан орын алған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы шарт. Ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 379-бабының 2-тармағында көзделген.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады.

Қылмыстық кодекстің 379-бабының ескертуінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші кылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін делінген.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Әскери қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

2. Әскери қылмыстардың жеке құрамдары.

Наши рекомендации