Тақырыбы: Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу

Жоспар: 1. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу

2. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар

1.Ротор айналымының бір минуттағы жиілігін мына формуламен анықтайды: n2=n1(1-S) =60f1(1-S)/p.

Бұл формуладан ротордың айналу жиілігі оны анықтайтын үш параметр арқылы реттеуге болатындығы көрінеді, яғни желі тогының жиілігін f1 полюстер жұбының санына р және жылжыма мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады.

Асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін желі тогының жилігін өзгерту арқылы реттеу қиынға түседі, өйткені ол үшін реттелетін жиілік түрлендіргіш немесе генератор қажет. Сондықтан мұндай тәсіл кең қолдану таппай отыр.

Машина полюстерінің санын өзгерту үшін статорда әртүрлі санды полюстері бар бірнеше орамалар немесе әртүрлі санды полюстерге ауыстырып қосыла алатын екі орамдар болуы керек.

15,а –суретте тізбектеп қосылған бір фазаның екі орауыштары схема түрінде көрсетілген. Ток олардан өтіп төрт полюсті магнит өрісін тудырады. Егер ораушытың біреуіндегі токтың бағытын екіншісіне қарсы қосу арқылы өзгертсек , онда орама екі полюсті магнит өрісін туғызады (15,б-сурет). Статор орамасының полюстер санын өзгертсек, оның магнит өрісінің айналу жиілігі бұлай реттеу тиімді, бірақ оның кемшілігіне жиілік өзгерілуінің сатылығы жатады. Сонымен қатар мұндай қозғалтқыштардың бағасы статор орамасының күрделенуіне және ауқымының ұлғаюына байланысты едәуір өседі. Айналу жиілігі полюстер санын өзгерту арқылы реттеу қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштарда қолданылады, фазалық роторлы қозғалтқыштарда бұл тәсіл пайдаланылмайды, өйткені, статор орамасының полюстер санын қаншама өзгертсек, айналып тұрған ротор орамасының полюстерінің санын да соншама өзгерту керек, оны іске асыру өте қиын.

Жылжыманы ротор орамасының тізбегіне енгізілген реостатпен және жиі кернеуін өзгерту арқылы реттеуге болады. Қоректендіруші желінің кернеуін реттегенде қозғалтқыштың айналдырушы момент азайғанда ротордың айналу жиілігі де азая бастайды, яғни жылжыма өседі.

Реттегіш реостат фазалық ротордың орама тізбегінде жүргізіп жіберу реостаты сияқты қосылады, бірақ одан айырмашылығы реттегіш реостат токтың ұзақ өтуіне есептелініп жасалады. Реттегіш реостатты қосқанда ротордағы ток кемиді, бұл қозғалтқыштың айналдырушы моментін төмендетуге алып келеді, ал ол айналу жиілігін төмендетеді, немесе жылжыманы өсіреді. Жылжыма өскен кезде ротордағы ЭҚК пен ток өседі. Айналу жиілігі мен жылжыма моменттер теңескенше, яғни ротордағы ток көзінің бастапқы мәніне жеткенше өзгереді. Қаралып отырған айналу жиілігн реттеу тәсілі тек қана фазалық роторлы қозғалтқыштарда пайдалануға болады.

Тақырыбы: Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу - student2.ru

15-сурет.Полюстердің әр түрлі санына статор орамасын қайта қосу схемасы:

а – төрт полюсті, б – екі полюсті.

Бұл тәсіл экономикалық тұрғыдан тиімді болмаса да кеңінен қолданылады.

2.Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар шағын қуаттарда 1-2 кВт –қа дейінгі кеңінен қолданылады. Мұндай қозғалтқыштың кәдімгі үш фазалы қозғалтқыштан айырмашылығы –оның статорында бір фазалы орама орналасады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың роторында фазалық немесе қысқа тұйықталған орама болады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың ерекшелігі –онда бастапқы немесе жүргізіп жіберу моментінің болмауында, яғни мұндай қозғалтқышты желіге қосқанда оның роторы қозғалмаған күйінде қала береді.

Егер роторды әйтеуір бір сыртқы күшпен қимылсыз күйінен шығарса, онда қозғалтқыш айналдырушы момент дамытады. Бастапқы моменттің болмауы бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың елеулі кемістігі болып табылады. Сондықтан олар әрқашанда жүргізіп жіберу құрылғысымен жабдықталады.

Ең қарапайым жүргізіп жіберу құрылғысына статорға орналастырған, бір-бірінен полюс бөлімінің жартысы (90 эл.град.) ығыстырылған, екі орама жатады. Бұл орамалар симметриялы бір-бірімен тең және фаза бойынша ширек периодқа ығысқан. Мұндай кернеулерде орамалар бойынша жүретін токтар да фаза бойынша ширек периодқа ығысады. Ол орамдардың кеңістіктік ығысуына қосылып айналмалы магнит өрісін алуға мүмкіндік береді. Айналмалы магнит өрісі болған кезде қозғалтқыш жүргізіп жіберетін момент дамытады.

Анығына келетін болсақ, әдетте екі фазалы жүйе болмайды, бір фазалы қозғалтқышты жүргізіп жіберу үшін екі ораманы олрға ортақ бір фазалы желіге қосады. Орамалардағы токтар арасына, шамамен ±p/2 –ға тең фазалар ығысу бұрышын, алу үшін орамалардың бірін желіге тікелей немесе жүргізіп жіберу активтік кедергі арқылы қосады, екінші ораманы – орауышпен(15.1.,а -сурет) немесе конденсатормен(15.1.,б -сурет) тізбектеп қосады.

Тақырыбы: Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу - student2.ru

15.1.-сурет. Жургiзiп жiберу орамасы түйiспесiне қосу кезiнде бiр фазалы қозғалтқышты

жүргiзiп жiберу схемасы:

а — индуктивтілік, б — сыйымдылық

Конденсаторлы қозғалтқыш – статорда екі орамасы бар бір фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады.Қосымша орама ұзақ ток ағуына есептелінген. Ол қосылған күйінде қозғалтқышты тек жүргізіп жіберу кезінде ғана емес, жұмыс кезінде де қала береді. Конденсаторлы қозғалтқыш жұмыс істеген кезде де қала береді. Конденсаторлы қозғалтқыш жұмыс істеген кезде айнымалы магнит өрісі пайда болады, ол қозғалтқыштың жұмыстық қасиеттерін, бір фазалық қозғалтқыштарға қарағанда жақсартады. Конденсатордың сиымдылығын көбейткенде қозғалтқыштың жүргізіп жберуші моменті де өседі. Бірақ конденсатор батареясының сиымдылығын жұмыс режимінде өсіру аса қажет емес, өйткені бұл қозғалтқыштың айналу жиілігімен ПЖК-ін төмендетеді. Сондықтан конденсаторлы қозғалтқыштарды жұмыстық және жүргізіп жібергіш деп аталып екі конденсаторлы батареясы бар етіп жасайды.

Куатова С.Ш.

Электромашиналар мен электро жетек

Редактор

Басуға «____» _______ 2009ж. қол қойылды. Пішімі

Көлемі Таралымы дана Тапсырыс №

© М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің басылымы

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің баспа орталығы, Шымкент қ. Тауке хан даң., 5

Наши рекомендации