Аға əдiлет кеңесшiсi _______

§4.Білім алушының өз білімін бағалау тапсырмасы

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура өкілдері неше топқа бөлінеді?

A) 10 топқа

B) 2 топқа

C) 4 топқа

D) 5 топқа

E) 6 топқа

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау бойынша өкілеттіктердің бірінші тобы –

A) адамдардың бостандықтарын қорғау

B) адамдардың құқықтарын қорғау

C) құқық бұзушылық және оның себебі

D) заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау

E) мемлекет мүдделерін қорғау

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау бойынша өкілеттіктердің екінші тобы –

A) құқық бұзушылықтың себебін анықтау

B) кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тарту

C) адамдардың құқықтарын қорғау

D) адамдардың бостандықтарын қорғау

E) заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау

Басқа мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау мен бақылаудан прокурорлық қадағалау түрінің айырмашылығы –

A) заң бұзушылықтар туралы ақпарат – прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі

B) қылмыскер туралы ақпарат – прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі

C) куәгер туралы ақпарат – прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі

D) нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат – прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі

E) хаттама туралы актілер – прокурордың өз өкілеттігін қолдану негізі

Қылмыстың өсуіне байланысты қылмыстардың алдын алудың алғаш құралы –

A) заңдардың орындалуына қадағалау жасау

B) азаматтардың әрекеттеріне қадағалау жасау

C) қылмыстың ашылуына қадағалау жасау

D) жасөспірімдер тәрбиесіне қадағалау жасау

E) ересектерге қадағалау жасау

Барлық аумақтық және мамандандырылған прокуратураларға қатысты прокурорлық қадағалаудың нақты міндеттері анықталады?

A) ҚР Бас прокурордың, оның орынбасарларының, облыс прокурорларының бұйрықтары мен нұсқауларында

B) ҚР Президентінің жарлықтарында

C) ҚР Бас прокурорының нұсқауларында

D) облыс прокурорының бұйрықтарында

E) прокурор орынбасарларының нұсқауларында

Прокурор наразылық жасайды?

A) Конституцияға, заңдарға және Республика Президенті актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне

B) заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде шығарады

C) заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін сотқа жасалады

D) егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда шығарылады

E) ҚР Конституцияға сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша шығарылады

Прокурор қаулы шығарады:

A) Конституцияға, заңдарға және Республика Президенті актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне

B) заңның бұзылу сипатына қарай қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде шығарады

C) заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін сотқа жасалады

D) егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда шығарылады

E) ҚР Конституцияға сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша шығарылады

Прокурор қандай жағдайда өтініш жасайды?

A) Конституцияға, заңдарға және Республика Президенті актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне жасалады

B) заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде шығарады

C) заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін сотқа жасалады

D) егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда шығарылады

E) ҚР Конституцияға сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша шығарылады

Прокурор қандай жағдайда ұсыныс енгізеді?

A) Конституцияға, заңдарға және Республика Президенті актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне жасалады

B) заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөнінде шығарады

C) заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін сотқа жасалады

D) егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда шығарылады

E) ҚР Конституцияға сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша

Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда шығарылады –

A) наразылық

B) қаулы

C) өтініш

D) ұйғарым

E) ұсыныс

ҚР Конституцияға сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелері бойынша шығарылады –

A) наразылық

B) қаулы

C) өтініш

D) ұйғарым

E) ұсыныс

Прокурордың наразылығын тиісті орган немесе лауазымды адам неше күн ішінде қарауы тиіс?

A) 10 күн

B) 15 күн

C) 20 күн

D) 7 күн

E) 27 күн

Прокурор қаулыларын уәкілетті орган немесе лауазымды адамның орындау мерзімі:

A) 30 күн

B) 20 күн

C) 10 күн

D) заңмен белгіленген мерзімде, ал мұндай мерзім болмаған жағдайда прокурор белгілеген мерзімде

E) 25 күн

Прокурордың құқықтық актілерін мәжбүрлеп орындату шараларын ішкі істер органдары қанша мерзім ішінде орындайды?

A) 5 сағат

B) 2 сағат

C) 24 сағат

D) 2 тәулік

E) 3 тәулік

Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерінің өкілеттіктерін кім белгілейді?

A) ҚР Парламент Сенатының төрағасы

B) Бас Прокурор орынбасары

C) ҚР Президенті

D) ҚР Бас Прокуроры

E) әскери прокурорлар

Алқа жұмысының регламентін және алқа мүшелерінің мәртебесін кім айқындайды?

A) ҚР Бас Прокуроры

B) Бас Прокурор орынбасары

C) прокурор көмекшісі

D) прокурордың аға көмекшісі

E) әскери прокурорлар

Қылмыстық іс талқыланып жатқан сотта қатысып отырған прокурор айыптауды қарау арқылы мемлекет мүддесін білдіреді және ол кім бола алады?

A) айыпталушы

B) жәбірленуші

C) талапкер

D) жауапкер

E) айыптаушы

Прокурор айыптау қорытындысымен келіспеген жағдайда:

A) алдын ала тергеу бөліміне қайта тексеруге жібереді

B) өзі айыптау қорытындысын құрастырады немесе дәлелді қорытынды шығарады

C) сотқа қайта жібереді

D) прокурор өзі тексереді

E) қылмыстық іс қаралмайды

Прокурор –

A) тергеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлға

B) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға

C) өз құзыреті шегінде жедел - іздестіру қызметтің, жауап алу, тергеу мен сот шешімдерін және қылмыстық қудалау процестің барлық сатыларында заңдылықты қадағалайтын лауазымды тұлға

D) жауап алуды жүзеге асыратын лауазымды тұлға

E) қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға

Сотқа шақырылатын тұлғалар тізімін өзгерту қалай жүргізіледі?

A) прокурор қаулысымен

B) айыптау қорытындысының шешімімен

C) ҚР ҚІЖК белгіленген тәртіппен

D) ҚР ҚК белгіленген тәртіппен

E) алдын ала тергеуді өңдеу кезінде

Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені кім шешеді?

A) іс қараушы прокурор

B) іс қараушы сот

C) жоғары тұрған сот

D) жоғары тұрған прокурор

E) сот приставы

Психиатриялық стационарға азаматты мәжбүрлеп жатқызу туралы іс прокурордың арызы бойынша кімге беріледі?

A) сотқа

B) прокурорға

C) анықтама, жедел-іздестіру мекемелеріне

D) жоғары тұрған прокурорға

E) тек ҚР Жоғарғы сотына

Апелляциялық наразылық келтіруге байланысты істі қарауға қатысуға қай тұлға құқылы?

A) прокурор

B) жоғары сот

C) бас прокурор

D) жоғары сот мүшесі

E) жедел-іздестіру мекемелері

Мемлекетте болып жатқан құбылыстар жөніндегі жинақталған мағлұматтар?

A) арнайы есеп жүргізудің жүйесі

B) статистика

C) ақпарат орталығы

D) прокуратура

E) динамика

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша наразылық білдіру құқығы істі қарауға қатысқан қай тұлғаға тиесілі?

A) адвокатқа

B) прокурорға

C) судьяға

D) нотариуске

E) жеке тұлғаға

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылық білдірулер апелляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап неше тәулік ішінде жасалуы мүмкін?

A) 15 күн ішінде

B) 5 тәулік

C) 10 тәулік

D) 1 айда

E) 2 айда

Азаматтық істер бойынша шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін неше күн ішінде берілуі мүмкін?

A) 10 тәулік

B) 1 ай

C) 3 күн

D) 15 күн

E) 2 ай

Прокурор наразылық беру мерзімінен кешігіп қалған уақытта сот қандай әрекет жасауға құқылы?

A) наразылықты қабылдамай, кері қайтаруға құқылы

B) кері қайтаруға құқығы жоқ

C) сот оны қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы

D) оны басқа сотқа жолдауға құқылы

E) наразылықты қабылдауға міндетті

Сотталушының жағдайын ауырлататын жағдайда сот актілеріне наразылық келтіру олардың заңды күшіне енгеннен кейін қандай мерзім ішінде ғана жол беріледі?

A) 6 ай ішінде

B) 1 ай ішінде

C) 10 ай ішінде

D) 1 жыл ішінде

E) мерзімі шектелмейді

Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заң күшіне енген күннен бастап қанша мерзімде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады?

A) 1 жыл ішінде

B) 6 ай ішінде

C) 3 ай ішінде

D) 1 ай ішінде

E) шешім заң күшіне енгеннен кейін 75 күн ішінде

Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалау жасау неше бөлімнен тұрады?

A) 5

B) 4

C) 3

D) 2

E) 7

ҚР Прокуратурасының орталықтандырылған құрылымына сәйкес оның органдары өкілеттігін кім жүзеге асыра алады?

A) Бас Прокурор

B) Орталық және жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары

C) Аймақтық прокуратуралар

D) қалалық прокуратуралар

E) ҚР Жоғары Соты

Прокурор қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша шешімдер түскеннен бастап қанша уақыт ішінде қабылдануын бақылау керек?

A) 10 күннен кешіктірмей

B) 10 тәулікке дейін

C) 1 ай мерзімге дейін

D) 24 сағат ішінде

E) 20 күннен кешіктірмей

Прокурордың көп қолданылатын актілерінің бірі –

A) ережелер

B) бұйрықтар

C) қаулы

D) өкімдер

E) ұйғарымдар

Әскери, табиғат қорғау, көлік прокуратуралары қандай прокуратура болып ұғынылады?

A) кәсіби

B) уәкілетті

C) әскери

D) арнайы, мамандандырылған

E) жай

Прокурорлық қадағалаудың жеке бағытындағы міндетті жүзеге асыру бойынша неше топқа бөлінген?

A) 8

B) 7

C) 6

D) 5

E) 4

Прокурор әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде қандай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

A) әрбір істер бойынша дәлелді, әділ шешім алуға ықпал ету

B) заңсыз сот актілеріне өз мезгілінде наразылық келтіру

C) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеру

D) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын бақылау

E) азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығы бақылау

Прокурордың қызмет мәселелерін реттейтін актілер –

A) наразылық

B) бұйрықтар, ережелер

C) қаулы

D) өтініш

E) санкция

Прокуратура органдарының негізгі мүддесі – бұл ...

A) қорғаушы қызметін атқару

B) сотта мемлекет мүддесін білдіру

C) тергеу қызметін атқару

D) қадағалауды жүзеге асырады және соттық қызметті жүзеге асыру

E) құқықтық актілерге наразылық білдіру және шешім шығару

Прокуратура органы сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, қандай қызметті жүзеге асырады?

A) заңмен белгіленген жағдайда қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады

B) құқықтық актілерге наразылық білдіреді

C) анықтау мен тергеуді жүзеге асырады

D) заңдылықтың бұзылуын анықтап, анықтауды жүзеге асырады

E) жедел іздестіруді жүзеге асырады

Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағындыра отырып қандай жүйені құрайды?

A) бірыңғай орталықтандырылған

B) мемлекеттік билік тармағының жүйесін

C) бірыңғай ұйымдастырылған жүйені

D) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз жүйені

E) ешкімге бағынбайтын, бытыраңқы жүйені

Прокуратура органы өз өкілеттігін қандай нысанда жүзеге асырады?

A) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз

B) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуелді

C) халықаралық шарттарға тәуелді болып саналады

D) ҚР Конституциясына негізделеді

E) Заңдарға негізделеді

Республиканың Бас прокурорын кімнің келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды?

A) Парламенттің

B) Президенттің

C) Парламент Сенатының

D) мемлекеттің

E) Үкіметтің

Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру принциптерінің бірі -

A) заңсыздықтарға жол беру

B) заңдылықты сақтау

C) қарама – қайшылықтарға жол бермеу

D) жан - жақтылық

E) патриотизмді қолдау

Прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі қандай принциптер арқылы жүзеге асырылады:

A) біртұтастық, орталықтандырылған, тәуелсіздік, заңдылық және жариялылық

B) әділеттілік және жариялылық

C) тәуелсіздік және патриоттық

D) заңдылық және тепе – теңдікті сақтау

E) орталықтандырылған және бірегейлілік

Прокуратураның құқықтық актілері бөлінеді:

A) прокурорлық қадағалау актілері және прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілерге

B) прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер және прокурорлық сараптау актілеріне

C) прокурорлық қадағалау және прокурорлық сараптау актілеріне

D) құқықтық статистикалық және прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілерге

E) негізгі және қосымша прокурорлық қадағалау актілеріне

Жалпы қадағалаудың міндеті:

A) көліктегі қылмыстардың алдын алу

B) заң бұзушылықты жою, заң бұзушыларға шаралар қолдану және жазаны өтеушілердің құқықтарын қорғау

C) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс - әрекеттерінің заңға сәйкес келуін қамтамасыз ету

D) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

E) сот шешімдерін орындаудың заңдылығын қадағалау

Мыналардың қайсысы мамандандырылған прокуратуралар деп танылады:

A) облыстық прокуратуралар

B) Бас прокуратура

C) аудандық прокуратуралар

D) әскери және көлік прокуратуралары

E) қалалық прокуратуралар

Прокуратура қызметкерлеріне беріледі:

A) куәлік

B) ордер

C) санкция

D) кітапша

E) төлқұжат

Айыптау қорытындысымен келіспеген жағдайда:

A) прокурор өзі айыптау қорытындысын құрастырады немесе дәлелді қорытынды шығарады

B) прокурор істі алдын ала тергеу бөліміне қайта тексеруге жібереді

C) істі сотқа қайта жібереді

D) прокурор өзі тексереді

E) қылмыстық іс қаралмайды

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды кім жүзеге асырады?

A) Жоғарғы сот

B) ҚР Президенті

C) ҚР қорғаныс министрі

D) Бас прокурор

E) Ішкі істер министрлігі

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар:

A) сарапшылар мен мамандар

B) аудармашылар мен соттар

C) тергеушілер мен кеден органдары

D) ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, қаржы полициясы органдары

E) прокурорлар, соттар

Прокурор құқылы:

A) сотталушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге

B) ұсталғандардан, қамауға алынғандардан жауап алуға

C) әрбір істі жан-жақты, толық, обьективті тергеу және қарауда заңда көзделген шараларды қабылдауға

D) мекемелер мен ұйымдардың заңмен қорғалатын мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуге

E) іс бойынша үкім шығаруға

Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан кім жүзеге асырады?

A) соттың жабық отырысында судьяның жеке өзі

B) ҚР Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы

C) алдын ала тергеу органдары

D) прокурорлар тергеушілермен бірлесе отырып жүзеге асырады

E) қалалық прокурорлар қалалық сот судьяларымен бірге

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР-ның Конституциясына толықтыру енгізу туралы ҚР-ның 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV Заңы

2. Жедел – іздестіру қызметі» туралы заң

3. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 ҚР-ң «Прокуратура туралы» заңы 04.07.2014 өзгеріс

4. ҚР-ндағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы ҚР2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы

5. Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту жайында ҚР-ның Бас Прокурорының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 1 бұйрығы. ҚР- Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2147.

6. "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" ҚР- Бас Прокурорының 2004.12.08 N 938 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР- Бас прокурорының 2007.03.11 N 6 Бұйрығы.

7. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы ҚР- Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19

8. ҚР-ның "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңының қолданылуына және жүзеге асырылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы ҚР-ның Бас Прокурорының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 73

9. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы ҚР-ның Бас Прокуратурасының 2010 жылғы 12 тамыздағы N 47

10. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы ҚР- Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88

11. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы ҚР- Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2

12. "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" ҚР- Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы ҚР- Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 79

13. Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы ҚР- Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 80

14. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізілімін жүргізу Қағидасын бекіту туралы ҚР- Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89

15. Әлеуметтік-экономикалық саладағы қолданылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы ҚР-ның Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 85 бұйрығы. ҚР-ның Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 қазанда № 9773

16. "ҚР- Жоғарғы Соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдану туралы" ҚР- Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына (30.12.2011 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР- Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 2 нормативтік қаулысы

17. Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы Нұсқаулық

18. Бұйрық ҚР-ның Бас прокуратурасы 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1043

19. ҚР- Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы N 19 нормативтiк қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

20. ҚР- Жоғары Соты Төрағасының 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2 Нормативтік қаулысы

2. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Сейтқазықызы М. ҚР-ндағы прокурорлық қадағалау: Оқулық. – Алматы: 2012. - 256 бет.

2. «Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.К., Алиев М.М. ҚР-ндағы прокурорлық қадағалау: Оқулық. Астана, «Әділет» Республикалық ғылыми білім орталығыЖШС, 2005 ж

3. Акпарова Р.П. Органы прокуратуры РК.-Алматы, 1999.

4. Акпарова Р.Н. Прокурорский надзор: Учебное пособие.- Астана, 2008.-208 с.

Қосымша әдебиеттер:

1.Алиев М.М. Прокурорский надзор в РК. Учебно-методические материалы.- Алматы, “Жеті Жарғы”, 2002.

2.Султанбекова Г.Б. Конституционный надзор прокуратуры Республики Казахстан: некоторые проблемы реализации.// Роль Конституции в становлении и развитии независимой государственности в Казахстане: Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию Конституции Республики Казахстан - Караганды: Изд-во КарГУ, 2005. С.120-124.

3.Султанбекова Г.Б. Место прокуратуры в правоохранительном механизме.// Актуальные проблемы права и современного национального законодательства: Материалы Республиканской научно-практической конференции, посвященной 10-летию Уголовного кодекса и Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан – Караганды: ТОО САНАТ-Полиграфия, 2007. – С.132-138.

4.Султанбекова Г.Б. Некоторые проблемы и современные тенденции прокурорского надзора в Республике Казахстан// Материалы 28-ой научно-практической конференции профессорско-преподавательского состава, аспирантов, магистрантов и студентов КарГУ им.Е.А.Букетова - Караганды: Изд-во КарГУ, 2005. С.209-212.

5. Бахтыбаев И.Ж. Концептуальные основы деятельности прокуратуры Республики Казахстан по обеспечению законности: Монография/Под общ. ред. Р.Т. Тусупбекова. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 888с.

Наши рекомендации