Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
«Алекс» компаниясының қорытынды қаржылық нәтижелер бойынша талдау кезеңінің соңындағы қалыптасқан жағдайы өтімділік коэффициенттері, капитал құрылымы, арақатынастық, рентабельділік және айналу коэффициенттері сияқты көрсеткіштердің көмегімен сипатталады.
Тімділік коэффициенттерді талдау
Өтімділік коэффициенттері компанияның өзінің қысқа мерзімдік міндеттемелерін орындай алу тұрғысынан талданады. 12-ші кестеде бірқатар коэффициенттердің мәндері көрсетілген.
Ші кесте
Зерттеу кезеңі, жылдар мен тоқсан-дар | Өтімділік коэффициенттері | ||||||
Норматив: | |||||||
> 1,0 | >1,0 | >0,2 | >1,0 | <0,5 | |||
Ағым-дық өтімділік | Мерзім-дік өтімділік | Абсо-люттік өтімді-лік | Жұмыс капи-талы, мың теңге | Мобиль-дік өтімділік | Жұмыс капита-лын тиімді пайдала-ну | Автоно-миялық коэффи-циент | |
01.01. | 147,40 | 146,83 | 21,24 | 40 698,0 | 146,4 | 0,007833 | 0,3654 |
01.04. | 113,60 | 112,70 | 59,15 | 36 371,0 | 112,60 | 0,008001 | 0,3813 |
01.07. | 10,94 | 10,84 | 2,07 | 26,160,0 | 9,94 | 0,01000 | 0,5481 |
01.10. | 11,30 | 11,19 | 0,59 | 38 134,0 | 10,30 | 0,01000 | 0,3831 |
01.01.01 | 11,20 | 11,17 | 4,90 | 47 061,0 | 10,20 | 0,002465 | 1,0837 |
01.04. | 81,92 | 81,79 | 18,28 | 56 967,0 | 80,92 | 0,00158 | 1,0000 |
01.07. | 1,32 | 1,32 | 0,00 | 51 271,7 | 0,32 | 0,00400 | 0,7323 |
01.10 | 1006,55 | 1004,74 | 32,67 | 213 680,2 | 1005,55 | 0,001804 | 0,5907 |
01.01.02 | 80,70 | 80,09 | 2,09 | 197 406,9 | 79,17 | 0,001092 | 0,6022 |
01.04. | 696,96 | 696,06 | 5,34 | 185 407,4 | 695,96 | 0,001289 | 0,6421 |
01.07. | 526,70 | 225,27 | 41,63 | 75 175,6 | 525,70 | 0,002724 | 0,7447 |
01.10 | 522,88 | 521,35 | 89,12 | 69 931,4 | 521,88 | 0,002921 | 0,8870 |
01.01.07 | 298,13 | 296,55 | 18,41 | 64 448,3 | 297,13 | 0,005316 | 0,8968 |
01.04. | 250,40 | 249,15 | 2,27 | 64 097,0 | 249,40 | 0,005024 | 0,9128 |
01.07. | 285,81 | 284,28 | 7,65 | 65 221,0 | 284,81 | 0,005366 | 0,9197 |
01.10 | 266,53 | 265,40 | 47,41 | 64 258,0 | 265,53 | 0,0042 | 0,0015 |
31.12. | 184,50 | 183,45 | 48,53 | 56 519,00 | 183,50 | 0,0057 | 0,0014 |
Компанияның ағымдық өтімділігі айналымдағы қаржылардың қысқа мерзімдік міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі және бұл қатынас бірден көп болуы керек.
12-ші кестеден көрінетіндей ағымдық өтімділік уақыт бойында өзгеріп отырады: 1.01.2004 ж. – 147,4, 1.01.2005 ж. – 11,2, 1.01.2006 ж. – 80,2 (ал 1.10.2005 ж. - 1006,5, 1.01.2007 ж. - 298,1 және 2007 жылдың 4-ші тоқсанының соңында –184,5).
Мерзімдік өтімділік те материалдық-өндірістік қорларды алып тастағандағы айналымдағы қаржылардың қысқа мерзімдік міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі және бұл қатынас бірден көп болуы керек. 11-ші кестеден бұл көрсеткіштің ағымдағы өтімділікпен шамалас екенін көруге болады.
Абсолюттік өтімділік ақша қаржыларының қысқа мерзімдік міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі және бұл қатынас 0,2-ден көп болуы керек. 11-ші кестеден бұл көрсеткіштің 1.01.2004 ж. - 21.24, 1.01.2005 ж. - 4.9, 1.01.2006 ж. - 2.1, 1.01.2007 ж. - 18,4 болғандығын және 2007 жылдың 4-ші тоқсанының соңында 48,53 деңгейіне дейін төмендегенін көруге болады.
Компанияның жұмыс капиталы айналымдағы қаржылар мен қысқа мерзімдік міндеттемелер арасындағы айырма ретінде есептеледі және бұл айырма оң болуы керек. Жұмыс капиталы уақыт бойында өзгереді: 1.01.2004 ж. - 40 648 мың теңге, 1.01.2005 ж. - 47 061 мың теңге, 1.01.2006 ж. - 197 406,9 мың теңге, 1.01.2007 ж. - 64 448,3 мың теңге және 2007 жылдың 2-ші тоқсанының соңында - 65 221 мың теңге. 1.01.2006 ж. Салыстырғанда 2007 жылдың 4-ші тоқсанының соңында компанияның жұмыс капиталы үш есеге азайды.
Компанияның мобильдік өтімділігі қысқа мерзімдік міндеттемелерді алып тастағандағы айналымдағы қаржылардың қысқа мерзімдік міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі және бұл қатынас бірден көп болуы керек. Бұл көрсеткіштің сандық мәндері жалпы ағымдық өтімділікке сай келеді. Мұны қарастырылған есепке алу мезеттерінде материалдық-өндірістік қорлар шамамен қысқа мерзімдік міндеттемелерге сай келуі көрсетеді.
Жұмыс капиталын пайдаланудың тиімділігі материалдық-өндірістік қорлардың жұмыс капиталына қатынасы ретінде есептеледі, бұл қатынас 0,5-тен төмен болуы керек. Қарастырылған мезеттерде бұл көрсеткіш нормативтен едәуір төмен, яғни 1.07.2007 ж. 0,006 тең.
Автономиялық коэффициент компанияның өзіндік капиталының активтердің орта жылдық құнына қатынасы ретінде есептеледі, ал бұл коэффициенттің компанияға қатысты қолдануда белгілеу керек.
Бірақ, 11-ші кестеден көрінетіндей компания автономиясы уақыт бойында өзгереді: 1.01.2004 ж. - 0,3654, 1.01.2005 ж. - 1,0837, 1.01.2006 ж. - 0,6022, 1.01.2007 ж. - 0,8968 және 2007 жылдың 4-ші тоқсанының соңында - 0,9178 .
Өтімділік коэффициенттерін талдау осы көрсеткіштердің жиынтығы бойынша компания тұрақты жағдайда, және өзінің болашақ қызметінде қол жеткізген және нормативтік мәндер аралығы шеңберінде қатерлі операцияларды жүргізе алатынын көрсетеді.
Бұл қысқа мерзімдік несиелік капиталдың деңгейін өсіруге, жұмыс капиталының оптималды құрылымын таңдауға, кредиторлық қарыз деңгейін өсіруге қатысты.
Капитал құрылымы коэффициенттерін талдау
Капитал құрылымы коэффициенттері 13-ші кестеде берілген.
Ші кесте
Зерттеу кезеңі, жылдар мен тоқсан-дар | Капитал құрылымы коэффициенттері | |||||
норматив: | ||||||
<0,5 | >0,5 | >0,5 | 0,5 | 1,00 | ||
Қаржы-лық тәуелділік | Қаржы-лық тұрақты-лық | Икемділік | Банкрот-тық | Негізгі қорларды жаңарту | Қарыз бен міндетте-мелердің қамтама-сыз етілуі | |
01.01.2004 | 0,00 | 0,3654 | 1,4057 | 0,5137 | 0,0229 | 0,00 |
01.04. | 0,00 | 0,3813 | 1,1915 | 0,4543 | 0,0559 | 0,0 |
01.07. | 0,00 | 0,5491 | 0,5190 | 0,2844 | 0,0916 | 0,00 |
01.10. | 0,00 | 0,3881 | 0,7659 | 0,2973 | 0,0820 | 0,00 |
01.01. | 0,00 | 1,0837 | 0,2517 | 0,2728 | -0,0949 | 0,00 |
01.04. | 0,00 | 1,0779 | 0,2746 | 0,2850 | -0,1336 | 0,00 |
01.07. | 0,00 | 0,7323 | 0,2408 | 0,1763 | -0,1690 | 0,00 |
01.10 | 0,0192 | 0,6098 | 0,9344 | 0,5516 | -0,1193 | 0,7945 |
01.01. 2006 | 0,0180 | 0,6191 | 0,8487 | 0,5111 | -0,1631 | 0,7069 |
01.04 | 0,0156 | 0,6571 | 0,7912 | 0,5080 | -0,2004 | 0,6986 |
01.07. | 0,0178 | 0,7592 | 0,3286 | 0,2447 | -0,2433 | 0,6250 |
01.10 | 0,0137 | 0,9005 | 0,3097 | 0,2747 | 0,2861 | 0,5238 |
01.01. | 0,0097 | 0,9063 | 0,2847 | 0,2554 | 0,3330 | 0,3925 |
01.04. | 0,0054 | 0,9146 | 0,2819 | 0,2563 | 0,3782 | 0,2470 |
01.07. | 0,0014 | 0,9210 | 0,2855 | 0,2625 | 0,4189 | 0,0657 |
01.10 | 0,00 | 0,9164 | 0,2824 | 0,2588 | 0,4958 | 0,0 |
31.12. | 0,00 | 0,9178 | 0,2499 | 0,2294 | 0,5398 | 0,0 |
Қаржылық тәуелділік компанияның ұзақ және қысқа мерзімдік несиелер мен кредиттерге тәуелділігін анықтайды. Несиелік капиталдың өзіндік қаржылардың жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады, мәні 0,5-тен кем болмау керек. 13-ші кестеге сәйкес 2005 жылдың 2-ші тоқсанына дейін компанияның несиелік капиталы болмаған: 1.01.2006 ж. - 0,018, 1.01.2007 ж. - 0,0097, 31.12.2007 ж. - 0,0, бұл несиелік қаржылардың жоқтығын көсетеді.
Қаржылық тұрақтылық өзіндік капитал мен ұзақ мерзімдік несиелердің қосындысының активтердің орта жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады, бұл қатынас 0,5-тен жоғары болуы керек. 13-ші кестеден қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің мәні келесідей болғаны көрінеді: 1.01.2004 ж. - 0,3654 < 0,5, 1.01.2005 ж. - 1,084 > 0,5, 1.01.2006 ж. – 0,619 > 0,5, 1.01.2007 ж. – 0,906 > 0,5, 31.12.2007 ж. – 0,9178 > 0,5.
Бейімділік коэффициенті қысқа мерзімдік міндеттемелерді алып тастағандағы айналымдағы қаржылардың өзіндік капиталға қатынасы ретінде есептеледі, бұл қатынас 0,5-тен жоғары болуы керек: 1.01.2004 ж. – 1,406 > 0,5, 1.01.2005 ж. – 0,252 < 0,5, 1.01.2005 ж. – 0,848 > 0,5, 1.01.2007 ж. – 0,284 < 0,5, 31.12.2007 ж. – 0,25 < 0,5. 2007 ж. барысында компанияның бейімділігі нормативтік деңгейден төмендеп кетті.
Банкроттық коэффициенті қысқа мерзімдік міндеттемелерді алып тастағандағы айналымдағы қаржылардың активтердің орта жылдық құнына қатынасы ретінде есептеледі және бұл қатынастың мүмкін деңгейін дәлірек анықтау керек: 1.01.2004 ж. - 0,514, 1.01.2005 ж. -0,297, 1.01.2006 ж. - 0,511, 1.01.2007 ж. - 0,255, 31.12.2007 ж. - 0,2294.
Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті қосылған амортизацияның негізгі қорлардың бастапқы құнына қатынасы ретінде есептеледі, бұл қатынас 0,5-тен төмен болуы керек: 1.01.2004 ж. - 0,023, 1.01.2005 ж. - -0,095, 1.01.2006 ж. - -0,163, 1.01.2007 ж. - 0,333, 31.12.2007 ж. - 0,5398 > 0,5. кезең бойында жаңарту нормативтік деңгейден жоғары көтерілді.
Қарыздың қамтамасыз етілу коэффициенті ұзақ мерзімдік несиелердің негізгі қорлардың қалдық құнына қатынасы ретінде есептеледі, бұл қатынас 1-ден төмен болуы керек: 01.01.2004 ж. - 0,00 01.01.2005 ж. - 0,00, 01.01.2007 ж. - 0,392, және 31.12.2007 ж. - 0,00 < 1,0. кезең бойында қарыздың қамтамасыз етілуі нормативтік деңгейден жоғары көтерілмеді.