Табыстар мен шығыстар есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі
Мемлекеттік мекеменің сенімді бағалана алатын, болашақ экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу мүмкіндігі болса, кіріс танылады.
Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6030 «Трансферттер бойынша кірістер»;
6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер»;
6050 «Демеушiлік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер»;
6060 «Гранттар бойынша кірістер»;
6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер»;
6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер»;
6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару»;
6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер»;
6210 «Сыйақылар бойынша кірістер»;
6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер»;
6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер»;
6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер»;
6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер»;
6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»;
6350 «Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс»;
6360 «Өзге кірістер».
Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі немесе сервистік әлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 «Операциялық шығыстар» бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады және еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік салыққа, міндетті сақтандыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге және ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді.
Көрсеткіштері | Код | Есепті жыл | Өткен жыл |
Кірістер: | 114 748,0 | 271 265,2 | |
Ағымдағы қызметті қаржыландыру | 114 526,0 | 271 069,0 | |
Капиталды салымдарды қаржыландыру | 222,0 | 196,2 | |
Трансферттер | - | - | |
Субсидия | - | - | |
Өзгеде | - | - | |
Құттықтаулар | - | - | |
Өзгеде кірістер | - | - | |
Кірістер, барлығы (010, 020, 030, 040) | 114 748,0 | 271 265,2 | |
Мемлекеттік мекеме үшін шығындар | 5 749,5 | 265 954,4 | |
Еңбекке төлемдер | 4 340,0 | 3 503,6 | |
Стипендия | - | - | |
Салық және төлемдер | 358,4 | 301,9 | |
Қосымша шығындар | 214,9 | 431,4 | |
Іс сапар шығындары | 503,9 | 801,0 | |
Коммуналдық шығындар | 85,0 | 1 361,8 | |
Арендалық төлем | - | - | |
Байланыс төлемі | - | 387,5 | |
Амортизация | 222,0 | 177,7 | |
Өзгеде операциялық шығындар | 25,3 | 258 989,5 | |
Бюджеттік төлемдер бойынша шығындар | - | - | |
Пенсия | - | - | |
Субсидия | - | - | |
Барлық шығындар (сумма строк 110, 130, 140, 150) | 5 749,5 | 265 954,4 | |
Қаржылық нәтиже | 108 998,5 | 5 292,2 |
Жылдық түгендеу
Түгендеу жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында, материалдық жауапты адамдарды ауыстыру кезінде, ұрлау немес теріс пайдалану, сондай ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде, өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенші жағдайлар болған жағдайда, мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырылған кезде жүргізіледі.
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» мемлекетті мекемесіндегі түгендеуші мынадай мерзімдерге машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс мен шаруашылық құрал саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кешіктірмей, ғимараттарды, құрылыстарды мен басқа да жылжымаймын активтер объектілерін жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кешіктірмей жүргізеді.
Түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аятау мерзімдері белгіленеді. Комиссия бас бухгалтердің тікелей қатысуымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан құралады. Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан үш адам құрамында құрылады. Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектісінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді. Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты бар болуының бухгалтерлік есепке алудың директордың алшықтықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамызда №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес реттеледі. Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске алынуға және қаржылық нәтижені есептеуге жатады.