Жаңбырлатқыш машиналармен суғаруды ұйымдастыру
Жаңбырлату құралдары жаңбырлатқыш машиналар және жаңбырлаткыш қондырғылар болып екіге бөлінеді. Өздігінен қозғалатын жаңбырлатқыш құралдарды жаңбырлатқыш машиналар деп атайды. Бұл мақсатта механика және электр энергиясын немесе су тасымалдау кұбырындағы кысым пайдаланылады. Жаңбырлатқыш қондырғыларды танаптарда, қолмен немесе арнайы механизмдер көмегімен жылжытады .
Құбыр арқылы белгілі қысыммен берілген суды жаңбыр тамшыларына айналдыру үшін жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар арнайы жанбырлаткыш аппараттармен жабдықталады.
Жаңбырлатқыш аппараттары ерекшеліктеріне байланысты үздіксіз және қайталамалы болыпта бөлінеді.
Үздіксіз жаңбырлату, жаңбырлатқыш машинасының қанатына қозғалмайтындай етіп бекітілген дефлекторлық жаңбырлатқыш аппараттары көмегімен жүзеге асырылады.
Қайталамалы жаңбыр алыс ағынды ДДН типтес және орташа ағынды "Роса" типтес айналмалы жаңбырлатқыш аппараттары көмегімен беріледі.
Өндірісте кеңінен қолданылып жүрген жаңбырлатқыш машиналарды технологиялық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқа бөлуте болады.
1. Қысқа ағынды агрегаттар мен машиналар:
Уақытша оқарық немесе тұрақты канал бойымен ерсілі-қарсылы жылжи отырып жаңбырлататын агрегаттар мен кең алымды машиналар (ДДА-100М; ДДА-100МА; ЭДМФ Кубань) жатады
Қарықты бірнеше бөліктерге бөліп, солардың бойымен машиналардың суғару үстіндегі ерсілі-қарсылы жүретін санын былай анықтайды:
п = т/һ 10 , рет;
мұндағы: һ -жаңбырлатқыш бір жүріп өткенде түсетін жауын мөлшері, мм.; т -суғару нормасы, м" /га.
ДДА-100М жанбырлатқанына қажетті қарық бъефінің ұзындығын былай анықтайды:
1= (Һ-Қ-Һ,)/ м;
мұндағы: һ -қарықтың толық тереңдігі, м; һ -қарықтағы судың ең аз шекті тереңдігі (0,3-0,4). м; һ -қарық жағалары биіктігінен су деңгейінін төмен тұруы (0,10-0,15), м; і -оқарық еңістігі (<0,003).
-ДДА-100МА. "Кубань" және "Таврия" машиналарының бъеф бойымен бір жүріп өткенде танапқа түсетін жаңбыр мөлшері (бір шаққандағы), м3 /га:
т -0 60/В У,м3 /га;
мұндағы: У -жаңбырлаткыштың су шығыны, л/с;
V -машинаның жаңбырлату кезіндегі жүру жылдамдығы, м/мин.;
в - жаңбырлату алымы ені, м (ДДА-ШОМА -18, "Кубань" және "Таврия" -12 метр).
2. Орташа ағынды жаңбырлатқыш машиналар:
а). Бір орнында (аялдама) тұрып жаңбырлататын кең алымды машиналар ("Волжанка" ДКШ-64; ДМФ-120 "Днегтр"; ДКГ-80 "Ока").
Осы жаңбырлатқыштардың суғару уақыты мына формуламен есептелінеді:
1= т/10 і, мин
ө). Дөңгелек тәріздес аялдамада, сағат тілімен, айналып журіп жаңбырлататын кең алымды машиналар (Фрегат; МДЭ-Кубань-ЛК-1, валлей).
Осы машиналардың суғару уақыты (тәулік),яғни толық бір айналуға қажетті уакыты былай есептеледі:
айн = тҒ/86,4 д КТа, р, тәулік;
мұндағы: Ғ -суғару дөңгелегі ауданы, га; 0 -жаңбырлатқыштың су шышыны, л/с; К -тәуліктің жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті (0,90-0,95 және 0,95-0,98); р-жаңбырлату барысында жаңбыр тамшыларының булануын ескеретін коэффициент (0,80-0,90).
3. Алыс ағынды машиналар:
-Бір орнында тұрып, жоғары қысыммен суды алысқа атқылайтын айналмалы аппаратты машиналар (ДДН-70, ДДН-100).
Бір аялдамадағы жаңбырлату уақыты былай анықталады:
I =т/10 і, мин.
мұндағы: т-жаңбырлату барысында топыраққа эрозия туғызбайтын суғару нормасы,м3 /га; і –жаңбырдың орташа жауу жиілігі, мм/мин.
Төменде өндірісте ең көп таралған жаңбырлатқыш агрегаттар мен машиналар туралы толығырақ баяндалады.
ДДА-100МА. Бұл жанбырлатқыш агрегаты биіктігі 2,5-3 м аспайтын ауыл шаруашылық дақылдарын және көкөністерді суғаруға арналған. Бұл агрегат еңістігі 0,003 дейінгі бағытта, әрбір 120 метр сайын тартылған уақытша немесе тұрақты қарықтар бойымен ерсілі-карсылы жылжып суғарады.
Агрегат жұмысына қолайлы жағдай туғызу мақсатымен және суғару сапасын арттыру үшін қарықты тұрақты түрде қалдырып, суару барысында Шо-300 метрлік бъефтерге (бөліктерге) арнайы су бөгейтін қалақшалар көмегімен бөліп отырады. Осылайша агрегат әр бъефке қарасты жерді жеке-жеке, сол бъеф бойымен ерсілі-қарсылы жүріп су тарады. Еңбек өнімділігін артгыру үшін темір калақшаның орнына брезенттен істелінген жылжымалы су бөгешті пайдалануға болады.
Бұл агрегат көмегімен суды қарықтарға да таратуға болады. Ол үшін дефлекторлы жаңбырлатқыш орнына арнайы түтіктер бекітпейді. Бұл түтіктердін ұзындықтары 2-3,5 м болады.
ДДА-100МА агрегатының техникалық сипаттамасы төмендегідей:
1. Су шығыны (қарықтан соратын су)................]30 л/с
2. Насос туғызатын қысым, метр ......................37 м
3.Бъеф бойымен бір рет жүріп өткенде топыраққа түсетін жаңбыр мөлшері, м3/га.....50...120
Тамшылатып суғару
Тамшылатып суғару дегеніміз, тазартылған суды арнайы тамшылатқыш қондырғылар арқылы топыраққа тамшылар (тамшы соңынан тамшы) беріліп сіңіріледі. Полиэтилен құбырлары арқылы су қысыммен береді де, топыраққа тамшылатқыштар арқылы түседі.
Берілетін су мөлшерінің аз болуына (0,9-9,1 л/сағ.) байланысты топыраққа сіңген су тек өсімдік тамырлары кең тараған қабаттарын ғана ылғалдандырады, ал алма бақтарды суғарғанда олардың аралықтары ылғалданбайды.
Осыған байланысты, өсімдік тамырлары жоғарғы кабатта орналасады, әсіресе тамшылатқыштар орналасқан жерде көп болады. Өсімдік тамырлары көп орналасқан жеріне тікелей ерітіліп берілген тыңайтқыштар жақсы пайдаланылады.
Құбырлардағы тамшылатқыштар саны, арақашықтығы сол жер топырағы құрамына және суғарылатын дақыл түріне байланысты.
Тамшылатып суарудың басқа суғару тәсілдеріне қарағандағы артықшылықтары: су 1,5-2,5 есе үнемделеді; топырақ эрозиясы мүлдем болмайды; топырақтағы ауа және су ара қатынасы қолайлы деңгейде сақталады: жүйек аралық өнңдеу азаяды; жер асты суы көтерілмейді; арам шөптер азаяды. Ал басты кемшіліктері: басқа суару жүйелеріне қарағанда 1,5-2 есе қымбат тұрады; күтіп-баптау жұмыстары өте мұқият жүргізілуі және су өте таза болуы керек.
Әрбір тамшылатқыштың су шығыны сағатына 0,5-тен 10 литр шамасында. Тамшылатқыштар диаметрі 1-2 мм. Олар арнайы полиэтилен құбырларына әрбір 20-150 см сайын бекітіледі. Бұл құбырлардың ұзындығы 200 метрге жетеді. Олар әр жүйек бойымен тартылады. Каппиллярлық қасиеті жоғары топырақтарда полиэтилен құбырын бір жүйек тастап тартады. Алма бағын суғару үшін әрбір ағаш түбіне бір-екі тамшылатқыштан келуі керек. Су тасымалдайтын полиэтилен құбырлары жуйектерге, яғни суғару кұбырларына көлденең орналастырылады.
Осы тәсілмен алма, жеміс-жидектер және кең қатарлы ауыл шаруашылық дақылдарын (мақта, жүгері, қант қызылшасы, көкөністер т.б.) суғаруға болады.
Тамшылатып суғарудағы суғару жуйесінің негізгі элементтері: суды қысыммен беретін насос; су көзі; сүзгі; су шығынын және қысымын өлшеуіш; тыңайтқыш салатын бак; су тасымалдайтын полиэтиленді құбырлар; тамшылатқыштар,
Тамшылатып суғару тәсілі әсіресе Израиль, АҚШ және Қырым, Молдавия суғармалы жерлерінде кеңінен қолданылады. Қазақстанның оңтүстігінде тамшылатып мақта, ал Жамбыл, Алматы облыстарында қант қызылшасы суғарылады.