Ақша қаражаттарының есебі. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының түсуі мен жұмсалуы келесі
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының түсуі мен жұмсалуы келесі категорияларға жіктейді: Операция-лық қызмет, Инвестициялық қызмет, Қаржыландыру бойынша қызмет
1. Операциялық қызмет – ұйымның табыс әкелуге бағытталған негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының түсу ағыны ретінде жатады: тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардан ақша қаражаттарының түсуі, инвестициялар мен ссудалардан алынған пайыздар мен дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды сатудан алынған қаражаттар. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына: еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, проценттер бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және нарықтық құнды қағаздарды сатып алу.
2. Инвестициялық қызмет– айналымнан тыс активтерді сатып алу және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқадай инвестицияларды сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді активтерді және нарықтық құнды қағаздарды сатудан алынған ақша қаражаттарын қамтиды. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны ұзақ мерзімді активтер мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын қамтиды.
3. Қаржылық қызмет–ұйымның меншікті капиталының құрамындағы өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда қаржылық қызмет – ұйым иелерінің ресурстарды алу немесе иелеріне ресурстарды қайтару. Олардың инвестицияларына табысты беру.
Ақша қаражаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді қамтиды. Ақша қаражат-тарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді қамтиды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш категорияға сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде операциялық қызметтен түскен ақша ағыны одан кейін инвестициялық қызмет, ең соңғысы – қаржылық қызмет.
Аталған қызметтердің құрамы 1-суретте берілген.
Племзавод «Куликовка»ЖШСақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.
Орлар есебі мен аудиті
Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін – тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз.
Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:
- шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;
- улы химикаттар, медикаменттер;
- дайын өнім;
- сатуға арналған тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:
Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.
Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.
- Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.
Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
- ұрланған фактілер болған жағдайда;
- төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
- материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
- кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.