Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары.ҚР-ғы жұмыссыздықтың деңгейі

Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары.

Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.Енді сол-салдарларға тоқталсақ.

- Кері әсерлер:

1. Крименогенді жағдайдың өршуі;

2. әлеуметтік кернеудің өршуі;

3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;

4. әлеуметтік дифференцияның өсуі;

5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі.

- Пайдалы әсері:

1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы;

2. Өз бос уақытының көбеюі;

3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік;

4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы.

Экономикалық салдарлар:

- Кері әсерлер:

1. Алған білімнің құндылығын жоюы;

2. Өндірістің төмендеуі;

3. Жұмыссыздарға көмек шығындары;

4. Квалификациясын жоғалту;

5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

6. Ұлттық табыстың төмендеуі;

7. Салықтың аз жиналуы.

- Пайдалы әсері:

1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау;

2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция;

3. Білімін жоғарылату үшін уақыт;

4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы;

Жұмыс нарығы. Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады. Бүған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды. Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.

Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.

2009 жылы 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,5 млн. адамға жетті. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санында қала халқы 4,4 млн. адамды (52,4%), әйелдер – 4,2 млн. адамды (49,4%) құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 70,7%-ды құрады.

Республиканың экономикасында 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа жұмыспен қамтушылық деңгейі 93,4%-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 5,2 млн. адамды немесе 66,3%-ды құрады, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2,7 млн. адамды немесе 33,7%. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында ерлер 4,0 млн. адамды немесе жартысынан көбі, әйелдер – 3,9 млн. адамды (48,9%) құрады.

Жұмыспен қамтылғандық құрылымындағы негізгі үлесті – 29,2%-ды 25-34 жастағы тұлғалар, 23,5% – 45-54 жастағылар, 22,7%-ды – 35-44 жастағылар және 15,4% – 15-24 жастағы жастар құрады. Жұмыспен қамтылған әрбір төртіншінің жоғары білімі және орташа кәсіби білімі бар, әрбір үшіншінің – жалпы орта білімі бар.

2009 жылы жұмыссыз халықтың саны 554,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6,6%-да (2008 жылы – 6,6%) қалыптасты. Жұмыссыздардың жалпы санында қала халқы 316,7 мың адамды (57,1%), ауыл халқы – 237,8 мың адамды (42,9%) құрады, жұмыссыздық деңгейі, тиісінше, 7,2% және 5,9%.

Жұмыссыздар құрылымында әрбір екіншісі - әйелдер. Тұлғалардың үлесі – 25-34 жастағылар 38,2%, 15-24 жастағылар – 15,7% құрады. Жұмыссыздардың саны арасында жоғары білімді 129,9 мың адам (23,4%), жалпы орта білімді – 207,3 мың адам (37,4%), орта кәсіби білімді – 138,5 мың адам (25,0%).
Әрбір жұмыссыздың үшіншісі кез келген жұмыстың жоқтығы себебі бойынша жұмыспен қамтылмаған, 18,0% - өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар,14,7%- штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар, 8,3%-ы – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығынан.

2009 жылы 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 3,5 млн. адамға қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың деңгейі 29,3%-ды құрады.

Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың негізгі үлесін зейнеткерлер – 41,6%-ын және оқытудың күндізгі нысанында оқитындар – 40,2%-ын құрады, денсаулығы бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,6%, үй шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 5,5%.

Наши рекомендации