Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы
Ақша мультипликаторы - ақша массасы мен ақша базасының өзара байланысын сипаттайтын коэффицент:
М = т * MB. (4.3.4)
Сонымен, акша мультипликаторы (т) ақша массасы шамасының (Cu+D) ақша базасы шамасына (Cu+Re) қатынасымен анықтауға болады:
(4.4)
Әр алымы мен бөліміндегіні D-ға бөле отырып, біз ақша мультипликаторы көрсеткішін аламыз.
4.4 формуладағы rr символы міндетті резервтер нормасын көрсетеді, ал cr символы - депонирлеу коэффициенті немесе қолма-қол ақшаның депозитке қатынасы, C/D. Бұл коэффициент елдің әрекетімен анықталады, ягни өз активтерін коммерциялық банкте депозитке альтернативті орналасуын салыстыру бойынша. cr коэфициентінің төмендеуі елдің өз қаржы активтерін банкке салым түрінде енгізуін қалайды, яғни «қағаз ақшасын матрас астында сақтамай».
Ақша мультипликаторы формуласынан көрініп түрғандай, депонирлеу коэфициентінің өзгеруі ақша мультипликаторына әсер етеді, сәйкесінше ақша үсынысына. Өзгеріс неден тәуелді? Оның маңызды факторлары келесі:
1. Байлық өзгеру нәтижесі. Бай адамдар кедейлерге қарағанда, өз ақшаларының үлкен бөлігін депозитте сақтайды. Әл-ауқаты жақсарган сайын коэффициент cr төмендей бастайды. Яғни коэффициент cr халықтың әл-ауқатымен кері байланысты.
2. Чекті шот бойынша пайыз мөлшерлемесі. Пайыздық мөлшерлеме жогары болған сайын, адамдар ақшасын депозитке қоюға ұмтылады. Осылайша, коэффициент cr чекті депозит бойынша пайыздық мөлшерлемемен кері тәуелді.
3. Банктік дүрлігіс cr шамасының күрт өсуіне әкеледі. Өткен жылды еске түсірсе жетеді. Сол кезде халық коммерциялық банктердің депозитті есептерінен өз ақшаларын алуға үмтылды.
4. Көлеңкелі экономика. Легалды емес қызмет пен cr шамасы өзара оң байланыста. Бүл экономикалық субьекті жағынан түсінікті, өйткені олар құқықтық алаң сыртында шарушылық әрекетпен айналысқанда, салық ұжымдарымен оңай тексерілетін банктегі шоттарын емес, қолма-қол ақшалай қолданғысы келеді.
5. Салықтық мөлшерлемелердің жоғарылауы көлеңкелі экономикамен тығыз байланысты. Салықтың өсуі экономикам ы көлеңкеге әкетеді, ал бұл депонирлеу коэффициентін көтереді.
Ақша мультипликаторын есептеу мысалын келтірейік. Мысалы, міндетті резервтер нормасы 20 пайыз, «қолма-қол ақша мен депозит» қатынасы немесе депонирлеу коэффициенті 25 пайыз немесе 0,25 болсын. Онда ақша мультипликаторы шамасы мынадай: (0,25+1)/(0,25+0,2)=2,77. Ақша базасының 1 тенгеге өсуі ақша массасын 2,77 есе рет өсіреді. Ақша мультипликаторы депозиттікке қарағанда аз болады.
Орталық банк ақша базасына қолма-қол ақшаны бақылаумен (эмиссиямен) әсер ете алады және міндетті резервтер нормасын орнатуға құқығы болады. Бірақ ОБ тікелей адамдардың банктегі ақша ресурсын депонирлеуге қатысты шешіміне эсер ете алмайтыны сөзсіз. Осыған байланысты экономистер мынадай мақал айтады: «Атты суға әкелуге болады, бірақ оны іш деп қинай алмайсыз». Бірақ банк сенімді болған сайын депонирлеу коэфициенті де томен болады. Бұл жалпыэкономикалық жағдайға, үкімет пен банктік жүйеге сенімділікке тәуелді.
Ақша ұсынысы дегеніміз - экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі.
Ақша үсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.
Ақша ұсынысын реггеудің негізгі 3 құралы бар:
(1)Ашық нарықтағы операциялар, ягни мемлекеттік құнды
қагазды сamy және сатып алу. Орталық банктер құнды
қағаздарды коммерциялық банктерге сатады. Бұл жағдайда артық
ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде
экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.
(2) Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr.
Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда
артық ақша массасы резервтері (М) төмендейді, нэтижесінде
табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.
(3) Есеп мөлшерлемесі. r гіайыз өссе, артық ақша массасы
резервтері төмендейді, оның нэтижесінде табыс деңгейі
төмендейді және керісінше.
Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.
Ақша құрамына халықтың қолындағы қаражаттар мен мәмілелер жасауға қолданылатын банктік шоттардағы қаражаттар кіреді. Ақша массасының көлемі:
М=Си + D, (4.2)
мұндағы Си - қолма-қол ақша, D - депозиттер, яғни ағымдағы шоттардығы қаражат сомасы.
Ақша ұсынысын анықтайтын факторларды анықтау үшін Си мен D арасындағы өзара әрекеттесу механизмін және олардың әрқайсысына ақша-несие саясатының тигізетін ықпалын талдау қажет.
Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді;
3) Ақша базасы. MB=Cu+Re
4) Депозиттерді резервтеу нормасы, яғни rr
3) Ақшаны депонирлеу коэффицентті, ягни қолма-қол ақшаны депозитке айналдыру коэфициенті, сr.
Ақша ұсынысын анықтайық:
Mһ=Cu+D, (4.3)
Cu=cr*D,
M= (cr*D)+D=(cr+1)*D,
депозит ақша массасына тікелей тәуелді
мұндағы, Сu - қолма-қол ақша сомасы;
D - депозиттер сомасы;
cr - ақшаны депонирлеу коэфициенті.
Осылайша, біз қазір ақша ұсынысын анықтағандағы және біршама күрделі модель - ақша мультипликаторы моделін қүрғандағы қолма-қол ақшаның ролін қарастырдық. Біздің мысалда ақша массасы тек қолма-қол емес ақшадан тұрды.
19. IS – LМ моделі – тауарлар мен қызметтер рыногын, ақша рыногы мен қаржы активтері рыногын бір бүтінге біріктіретін базалық моделдің көрінісін береді. Бұл пайыз ставкасын және табыстың деңгейін табуға мүмкіншілік береді, осы кезде тауар және ақша рыноктары бір уақытта тепе-теңдікке жетеді.
IS – LМ моделінде экономика екі секторға (немесе рынокқа) бөлінеді, бұлар: өндірістік («шынайы») сектор және несие капиталының агрегриацияланған рыногындағы істердің жағдайын көрсететін ақша секторы. Бұл екі сектордың өзара ынтымақтастығы экономикадағы жиынтық сұраныс деңгейі мен несиелік пайыз деңгейін анықтайды.
Аталмыш рыноктардағы бір мезгілдегі тепе-теңдіктің шарттарын сипаттайтын модель (IS-LM моделі) 1-суретте көрсетілген.
Экономикалық тепе-теңдіктің жалғыз ғана Е нүктесі тауарлық рынок шарттарын қанағаттандыратын, сонымен бірге ақша рыногы шарттарын да қанағаттандыратын iE пайыз ставкасы мен YE кіріс деңгейін анықтайды. Басқаша айтқанда, Е нүктесінде экономикалық жүйенің шынайы шығындары жоспарланғанмен тең болады, ал шынайы ақша қаражатына деген сұраныс оған деген ұсынысқа тең болады.
1-сурет - IS-LM моделіндегі тепе-теңдік
(Ескерту: автордың ұсынысы)
Практика көрсеткендей, тауар және ақша рыноктарындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру жылдамдығы түрліше болады. Егер ақша рыногында тепе-теңдікке облигацияларды сатып алу және сату жәй операциялар арқылы қол жеткізілетін болса, тауар рыногындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру фирмалардың өндіріс кестесін өзгертуін талап етеді, олар бұл шараларға тауар қорының бір немесе басқа өзгерістері жағымды әсер ететініне көз жеткізгеннен соң бара алады. Дамыған ақша рыногы жағдайында экономика осылайша бұл рыноктағы (LM ирегінің бір нүктелерінің біреуінде) тепе-теңдікке біршама тез қол жеткізеді, мұнан соң тауарлар рыногында (LM ирегінің бойымен Е жалпы тепе-теңдік нүктесі бағытындағы қозғалыс) тепе-теңдік баяуырақ орнай бастайды.
Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін IS-LM моделіне төлем теңгерімі функциясының кестесін (ВР ирегін) енгіземіз.
Бұл жағдайда сыртқы теңгерім экспорттың активтік сальдосы (сыртқы сауда операцияларының ағымдағы есеп-шотының оң сальдосы) капиталдың таза сыртқы ағынына (капитал қозғалысы есеп-шотыны теріс сальдосы) тең болған жағдайда; немесе импорттың активтік сальдосы (сыртқы сауда операциялары есеп-шотының теріс сальдосы) капиталдың таза салымдарына тең болған жағдайда (капитал қозғалысы есеп-шотының оң сальдосы) мүмкін болады.
iz әлемдік пайыздық ставкасына тең і пайызының ішкі ставкасын белгілегенде экономикада үш еселенген тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Графикалық түрде оны 2-суретте көрсетілгендей, IS, LM және ВР иректерінің Y = Y* және i = iz көрсеткіштеріне сәйкес келетін нүктеде қиысуы түрінде көрсетуге болады.
2-сурет - Капитал мобилділігі жағдайындағы ашық экономикадағы
тепе-теңдік
(Ескерту: автордың ұсынысы)
Бұл жағдайда капиталдың толық мобилділігі жағдайы шартында ашық экономикада үш еселенген тепе-теңдікті қамтамасыз ететін механизм жұмыс істейді. Бұл валюталық курстың ағымдағы мәнін коррекциялау есебінен болады.