Петербург демонстрациясын пайдаланған Қазақ зиялылары тез арада тәуелсіздік алуды ұйымдастырды
ХХ ғғ. Басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі мен Қазақстанда отарлық саясат қай салада пәрменді жүргізілді?Аграрлық салада, Себебі аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты болатын
2. Патшалық Ресей Қазақ өлкесін бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлді, олар қандай аудандар? Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу
3. Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын басқармалар қалай аталған? Қоныстандыру басқармалары немесе қоныс аудару қоры
4. ХХ ғғ. Басындағы Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқтырған жағдай не?
Оныстандыру баскармалары әрбір қазақ отбасына 15 десятина жер үлесін алуга құқылы деген ереже енгізіп, ал қалган жердің барлыгы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдык жер қорына берілетін болды.
XX ғ. басында Қазақстанда өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыды? Тау-кен өнеркәсібі
6. П. Столыпиннің аграрлық реформаны жүзеге асыруда қандай мақсаттарды көздеді? Селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейден аграрлык мәселені шешу болатын.
7. П. Столыпиннің аграрлық реформасының Қазақ жеріндегі демография және топономикаға әсері қандай
А) Қазақ өлкесінің барлық аудандарында Қазақтар саны күрт кеміп келімсектер (орыстар) саны артты.
Б) Орыс шаруалары жаппай қоныс аудару барысында Қазақ өлкесінде мыңдаған жаңа селолар пайда болды.
В) Елді мекен атаулары жаппай орысша атала бастады.
Г) Жауаптардың барлығы дұрыс.
8. ХХ ғ. Басында (1905 жазда) Қазақ зиялылары патша өкіметіне Қазақ халқының мұң мұқтажын жеткізген өтініш (петиция) хаты қалай аталады? Қарқаралы петициясы
9. 1905 жылғы ақпанда патшаның бейбіт демонстрацияға қару қолдануы Қазақ өлкесіне қалай әсер етті? Түркістан, Перовск, Жусалы, Шалқар елді мекендерінде еңбекшілердің наразылықтары ұйымдастырылды
Төмендегі жауаптардың бұрысын табыңыз
Петербург демонстрациясын пайдаланған Қазақ зиялылары тез арада тәуелсіздік алуды ұйымдастырды
10. ХХ ғ. Басында Ұлттық интеллигенция көш басшысы болып танылған лидер? Әлихан Бөкейханов
11. Бүкіл империяны қамтыған наразылықтарды тоқтату үшін патша үкіметінің жасаған қадамы? Бірқатар жеңілдіктер; «азаматтық бостандықтардың негіздерін енгізу» мәнифесі және Мемлекеттік Дума сайлау
12. Саяси бостандықты «манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсеткен Қазақ зиялысы? Ж.Ақбаев
13. Қарқаралы оқиғасын ұйымдастырушыларға қарсы патша үкіметінің іс әрекеті не болды? Ұйымдастырушы жетекшілерінің бірі Ж.Ақбаевтың Якутияға жер аударылуы.
14. І. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен қанша депутат сайланды және қаншауы Қазақ ұлтынан? 9 депутат, 4 қазақ 5 орыс
15. І. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен сайланған Қазақ зиялылары кімдер?А.Бірімжанов, Ә.Бөкейханов, А.Қалменов, Б,Құлманов
16. ІІ. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен қанша депутат сайланды және қаншауы Қазақ ұлтынан? 14 депутат, 6 қазақ
17. ІІ. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен сайланған Қазақ зиялылары кімдер?Ш.Қосшығұлов, Т.Нұрекенов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, М.Тынышпаев, Т.Алдабергенов
18. ІІ. Мемлекеттік Думаға сайланған Қазақтар қай фракцияға кірді? Мұсылман фракциясы мен думадағы кадеттерге
19. 1907 жылы ІІ. Мемлекеттік Дума депутаты Шәймерден Қосшығұловтың шығарған газеті? Серке
20. 1911 – 1913 жж. Орал қаласында 16 саны ғана жарық көрген газет? Қазақстан газеті
21. 1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы Қазақстандағы саяси ой-пікірдің қай бағытына басымдық танытты? Аграрлық демократиялық идея
22. 1911 жылы басылған А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдер жинағының негізгі идеясы? Оқуға, өнер-білімге шақыру, еңбек етуге үндеу
23. 1912 – 1918 жж. шыққан «Қазақ» газетінде Қазақ халқының ұлттық қозғалысы жетекшілерінің қарастырған басты мәселелері? Білім мен мәдениет. Жастарды өнерге білімге шақыру
24. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде жалпы ұлттық идеялар мен Қазақ халқының мүдделерін көрсете білді ме? Иә
25. ХХ ғ. Басында қандай басылым ағарту мен білім идеяларын насихаттады? Айқап
26. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсері? Әскери салық 3 сом 84 тиын; өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дағдарысы
27. «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ, Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық болар» деп өз ойын ашық білдірген зиялы? Ә.Бөкейханов
28. Н.Төреқұловпен Т.Жаманмұрыновтың бастамасымен тыл жұмысына алынған Қазақтардың құрған саяси ұйымы? Еркін дала
29. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріс кезеңінде патша өкіметінің Қазақ халқына жүргізген саясаты?
Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс емес? Дұрыс емес: Соғыс жағдайында болған патшалық Ресей, Қазақтардың Ұлттық мемлекет құру идеясына келісті.
Ж. Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі факторлары? Отарлық езгінің күшеюі, ұлттық езгінің күшеюі, Салықтың өсуі, әлеуметтк теңсіздік, шаруашылықтың күйзелісі, қазақ болыстарынң сатқындық әсері
Төмендегі жауаптардың дұрыс бұрыстығын анықтаңыз
31. ІІ. Николай патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы «Реквизициялау» туралы жарлығы?
Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс емес? 19 жаспен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына
32. 1916 ж. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып Ұлт-азаттық көтеріліске айналды, себебі не? Көтеріліс бүкіл Орта Азия халықтарын қамтыды, Тыл жұмыстарына қазақтармен бірге қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тб алынатын болды, сондықтан халық үкімет саясатына ашық наразылыған білдірді; көтерісшілер үкіметке саяси талаптар қойды; қазақ жеріндегі көтеріліс ошақтарында хандықтар құрылды.1. Көтеріліс қазақ жерінде ғана емес бүкіл орта Азия халықтарын да қамтыды. Тыл жұмыстарына қазақтармен бірге қырғыздар, өзбектер.... т.б. алынатын болған еді. 2. Көтерілісшілер үкіметке саяси талаптар қойды. Бұл талаптар патша өкіметі жойылсын, соғыс тоқтатылсын....
Төмендегі жауаптардың дұрыс бұрыстығын анықтаңыз?
33. Верный уезінің Жайылмыш болысындағы көтерілісті басқарған кім?Бекболат Әшекеұлы
34. Ұзынағаш маңында Жайылмыш болысының көтерілісшілері мен жазалаушы отряд арасындағы соғыс нәтижесі? Тамыз айында 5 мыңнан астам жасағы бар көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алды
35. Мерке учаскесінде (Құрғаты болысында) көтерілісшілер отрядына басшылық еткен кім?Ақкөз Қосанұлы
36. 1916 ж. Жетісу жеріндегі көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін 300 мыңнан астам Қазақтар мен қырғыздар қайда қоныс аударуға мәжбүр болды? Батыс Қытайға
37. «Бұратана» халықтардың мағынасы және не үшін қолданылған? Мәдени даму жағынан артта қалған деген мағынаны білдіреді. Патша үкіметі бұл халықтарды кемсіту үшін қолданған. Оларға қазақтар, орта азия және сібір халықтары жатқызылған.
38. Тосын, Майқарау, Сарықопа және Наурызым болыстарын қамтыған көтерілісшілердің басшысы кім? Шолақ Оспанов
39. Нияз бидің немересі Ә.Жанбосынов қай уездің ханы болып сайланды? Торғай уезінің
40. Торғай уезінде көтерілісшілердің «сардарбегі» болып тағайындалған кім? Амангелді Иманов
41. Торғай уезінде көтерілісшілердің «рухани көсемі» болған кім?Әліби Жангелдин
42. Кейкі Көшкінбаев бастаған арнаулы мергендер тобы қай көтерілсте орын алды? Торғай уезінде
43. 1916 көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Халық бұхарасы
44. 1917 ж. 27 ақпанда Петроградта болған оқиға? Буржуазиялық демократиялық революция
45. 1917 ж. «Ресейдегі барша халыққа Ағайындық, Теңдік, Бостандық күні туды» деп үндеу тастағандар? Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов
46. Ұлт зиялылары Ақпан революциясын құптап Уақытша үкіметпен оның комиссарларын не үшін қолдады? Болашақта ұлттық автономияға қол жеткізуді ойлады.
47. 1917 ж. Ұлт зиялыларының мұрындық болуымен облыстық, уездік және болыстық Қазақ комитеттерінің құрылу мақсаты? Төменде көрсетілген жауаптардың бұрысын табыңыз?Уақытша үкіметтің билік орындарында қазақ халқының мүддесін қорғайтын осы Қазақ комитеттері.
48. 1917 ж. жазға қарай Қазақстан жерінде қалыптасқан үкіметтерді атаңыз? Уақытша үкімет, буржуазия
49. Шура-исламилықтар (Ислами кеңес) құрылып жатқан үкіметтердің қайсысын қолдады? Уақытша үкіметтің саясатын
50. Шура-исламилықтар (Ислами кеңес) Түркістанның қандай жолмен дамығанын қуаттады? Демократиялық жолмен
51. Серәлі Лапиннің жетекшілігімен 1917 жылы құрылған партия? Шура-Улема
52. 1917 ж. 26-29 қарашада Қоқанда өткен ІҮ Төтенше өлкелік мұсылмандар съезінде құрылған Автономия? Түркістан авт.
53. Түркістан (Қоқан) Автономиясы үкіметінің төрағасы? Мұстафа Шоқай
54. 1917 ж. 15 шілдеде Қазақ жұмысшыларының қатысқан Ташкент мұсылмандары Кеңесі Атқару комитеті басшысы? Асфендияров
55. 1918 ж. 6-9 қаңтарда Түркістанда өткен Сырдария облыстық съезінде қабылданған қаулы? Сырдария облысының қазақтары Алаш автономиясының құрамына қосылсын деген қаулы қабылдайды
56. 1918 ж. Түркістан өлкесі Кеңестерінің Ү. съезі нәтижесінде құрылған Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына енген Қазақ жерлері? Жетісу және Сырдария облысттары, Закаспий бір бөлігі
57. Өздерін Ресейдегі төңкерісшіл партиямен тізе қоса әрекет жасайтындығын білдірген Қазақстандық ұйым? «Жас қазақ» (4-том 98 бет)
58. Ақмоладағы «Жас Қазақ» ұйымының жетекшісі? С.Сейфуллин
59. Әулиеата уезінің Мерке ауылындағы «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» ұйымының жетекшісі? Т.Рысқұлов
60. Қазақ зиялыларының шұғыл түрде «Жалпықазақ құрылтайын» өткізу шешіміне итермелеген мәселе не? Кадеттер басқарып отырған уақытша үкіметтің шын мәнінде Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жалғастыруы Уақытша үкімет, өз жолын анықтау немесе басқа да езілген ұлттардың тағдыры сияқты Қазақ халқының мүддесімен санаспауы Ресейдегі «екінші үкімет»- Петроград Кеңесінің де Қазақтардың автономия алуына қарсы шығуы
61. І. Бүкіл Қазақ съезі қай жылы, қайда өтті? 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда
62. І. Бүкіл Қазақ съезінде алға тартылған ұстанымдарды атаңыз? Біріншісі, А.Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «Тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі, Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың «аймақтық ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы.
63. І. Бүкіл Қазақ съезінде көпшіліктің қолдауымен алынған шешім не? «Ресей Федеративтік демократиялық, парламенттік республикасында» қазақ ұлттық-аумақтық автаномиясын құру. Ұлттық демократиялық мазмұнда шешім
64. І. Бүкіл Қазақ съезінде қабылданған қаулы? Тұңғыш ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру
Төмендегі жауаптардың бұрысын табыңыз?
65. «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының бұқара жұртшылық мойындаған көсемі? Ә.Бөкейханов
66. І. Бүкіл Қазақ съезі қай қалада өтті. Орынборда
67. 1917 ж. 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған хабарлама?188 бет
68. 1917 ж. 5 – 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен құрылтай? 2 Жалпықазақ съезі