Заңды жауапкершіліктің түрлері
Заңды жауапкершіліктің түрлері жасалған құқық бұзушылықтың сипатына қарай тәртіртілік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке бөлінеді. Әрбір заңды жауапкершіліктің өздеріне тән арнайы жазалау деңгейлері және оларды қолданудың ерекше тәртіптері бар. Тәртіптілік жауапкершілік кінәлі адамға, тәртіптік жаза басқарушының билігімен беріледі. Негізгі тәртіптілік шараға сөгіс беру, ескерту жасау, жұмыстан босату, әскери бөлім жағдайында кезектен тыс қызмет жасату, әскери атағының дәрежесін азайту не лауазымдығынан айыру жатады. Әкімшілік жауапкершілік атқарушы билік органдарымен әкімшілік ықпалды кінәлі адамдарға жасау. Белгілі адам, өзінің қызметіндегіміндетін атқару процесінде жіберген құқықты бұзу әрекетінің нәтижесінде тигізген мүліктік зиянды өтеу, материалдық жауапкершіліктің негізін құрайды. Азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік және мүліктік емес азаматтардың құқығын бұзуға байланысты шығады. Оның болуының нәтижесінде, азаматтық құқықтың санкциясында көрсетілген нысандағы зиянды төлеу қажет. Ең қатаң мемлекеттік ықпал, қылмыстық жауапкершілікпен сипатталады, ол соттық тәртіппен қылмыс жасаған, кінәлі адамға қолданылады. Заңды жауапкершілік қазіргі қоғамда тәртіпті қорғауға, азаматтарды адамгершілікпен заңды сақтауға тәрбиелеу, олармен құқықытық тәртіптің пайдалы екенін түсіндіруге бағытталған. Мемлекетте заңдылық және құқықтық тәртіп, елеулі тәсіл сендірумен қамтамасыз етіледі, ол шын мәніндегі азаматтардың әлеуметтік қорғалуына, олардың негізгі міндеттерімен құқығының қамтылғанына негізделген.
Азақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар болғандықтан, конституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрылысының негізгі қағидаларын құқықтық нысанда бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің арасалмағын анықтайтындықтан конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді. Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. К.қ салалық құқық ғылымдарына кіреді. К. Қ ғылымы конституциялық құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын ерікті қоғамдық қаиынастардың даму заңдылықтары жағдайындағы ғы
лыми білімдер жүйесі. Оның ғылыми жүйесіне конституциялық құқықтың құқық саласы екендігі жайындағы білімдер; ҚР Конституциясының мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы білімдер; ҚР конституциялық құрылысының негіздері және олардың қоғамдағы үстем қатынастармен қарым қатынасы жайлы білімдер;ҚР республика азаматының құқықтары мен бостандықтары жайлы білімдер; ҚР республикасының ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аумақтық құрылымы туралы білімдер; ҚР республикасының билік органдары жүйесі, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы білімдер жатады. К.қ тұлғаның құқық мәртебесі мен ҚР мемлекеттік құрылысын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы, құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет арасындағы қаиынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға байланысты қоғамдық қатынастар конст. Құқықтың пәні. Конст.қ. қатынастар мынадаай әдістермен реттеледі: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат беру әдісі; мойындау әдісі. Сонымен к.қ ҚР конст. құрылысының , адам мен азаматтың, мемлекет құоылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан түратын құқықтың бір саласы.